Ходжкин емес лимфомалар 6 страница

Ісік жиі-жиі суланатын жара сияқты болады, бірақ өсуі ішке қарай бағытталады, ол эндофитті түрі. Жара бұл түрінде тереңдеп, оның түбі іріңді қабықтанады. Жара біртіндеп өседі де теріге, ауыз қуысына және   сүйекке қарай бағытталады, ол жайылмалы жара түрі.

Рак еріннің жарығынан да пайда болады. Жарылған жердің ракқа ауысуында мынандай белгілер пайда болады:

· айналасы қатайып, көлемі ұлғаяды,

· бетінде өсінділер көрінеді,

· айналасы түлеп, қанағыш келеді.

Ерін рагын  басқа аурулардан ажырату мүмкіншіліктері

Экзофитті ракты - сүйелдерден, түйінді дискератоздардан және тағы басқа аурулардан ажырату керек.

 Рактың негізгі белгілері:

· түйіннің қатты болуы,

· жаралануы,

· біртіндеп өсуі,

· жара шекарасының анық білінбеуі.

Еріндегі кез келген жарық не жара біртіндеп өсіп, қатайса, шекарасы білінбей, ернеуі буылтықтанса, түбі адыр-бұдыр болып, іріңдесе, ешқандай ауыру сезімі болмаса, онда ракқа күдік бар - деп есептеу керек.

Сақтандыру шаралары:

· ыстықта, ашық далада -  күн көзінен сақтану мақсатында басқа қалпақ немесе орамал тартып, ерінге  жиі-жиі май жағу,

· күн көзіне өте сезімтал адамдар, күн сәулесі тікелей түспейтін жабық жерде (экрандалған) қызмет атқарғаны абзал,

· жағымсыз әдептерден (темекі, шарап) бас тарту,

· әр адамға санитарлы-гигиеналық керекті шара - ауыз қуысын таза ұстау,

· ауызға салып шайнайтын (бетель), насыбай ататын адамдармен үнемі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу,

· ерінің  ісік алды ауруларын  дер кезінде тіс дәрігерлері емдеп, диспансерлік бақылауда болуы..

Төменгі ерін рагының д иагностикасы

Сырт орналасқандықтан төменгі ерін рагы 80-90% алғашқы (1-П) сатысында, ал 10,6% Ш-1У сатысында анықталынады. Науқастың дәрігерге кеш көрінуі мен  жалпы дәрігерлердің клиникалық белгілерді білмегендігінен, оның  асқынған сатылары орын алады

Клиникалық тексеру төменгі ерін рагына күдік туғанда қиын емес, ең алғаш  өкпені рентгенге түсіріп, түйін жатқан жерге биопсия жасау керек. Бірақ алдын ала мына нәрселер жүргізілгені дұрыс:

Аурудың даму тарихын зерттеу. Ауру адам мына нәрселерге шағымданады:

· жазылмайтын жара не ісікті түйіннің барына.

· жақ астындағы бездердің шошып, ұлғайғандығына,

· жара бетіндегі қабықты алғанда қанауына.

·  ісікті өспенің аурмайтынына,

    Осы шағымдар– диагнозды дәл қоюға ерекше көмек береді.

Төменгі еріндегі өзгерістерді – көру және сипау арқылы анықтауға болады. Ауыз қуысын қарап, аймақтық лимфа бездерін сипап, еріндегі жараның бет-әлпетін толық анықтау үшін, үлкейткіш шыны линзамен (лупа) қарау тиімді (хейлоскопия).

Морфологиялық зерттеуде, ең алдымен жара бетінен жақпа алып, цитологиялық тексеру керек, бүл зертеу нәтижесіз болса, онда ісіктен инемен тесіп шығынды алып, қайта тексеру керек, ал енді бүл жолы да, нәтиже болмаса, онда ісіктен кесінді алып (биопсия) гистологиялық зерттеу жүргізу шарт болып есептеледі. Бұл тәсілдердің  еш зияны жоқ.

Төменгі ерін рагын емдеу жолдары

Төменгі ерін рагынның   алғашқы ошағын рентген сәулесі, немесе криогендік тәсіл арқылы емдеп, аймақтық бездері хирургиялық жолмен сылынып тасталады (Ванох операциясы).

Р ентген сәулесін аптасына 5 рет, күніне 3-5 Гр.беріп, жалпы жергілікті дозасын 60 Гр.-ге жеткізеді. Егер ісіктің көлемі үлкен болса, онда гамма сәулесімен емдейді  (күніне 2-3 Гр., барлығы 40 Гр.).

Криогендік емге –сұйық азотпен, төменгі температураның әсерінен ісік ұлпасы өліп, түсіп қалады. Ем 10-25 минутқа созылады. Емнен кейін ісіну 6-8 күндерден соң кетіп, 3-5 аптада күйдірген  жер толық қалпына келеді.

Фотодинамикалық ем егер ісіктің көлемі 1,0 см-ден аспаса өте тиімді.   Хирургиялық тәсіл, бүгінгі кезде тек рентгенге төзімді ісіктерде қолданылады. Операция кезінде ерін төртбұрыштәрізді, ісіктің шекарасынан 1,0 - 1,5см қашықтықта кесіліп, жергілікті жерге жамау салу арқылы, ерінді қалпына келтіреді.   Мұндай операциядан кейін,  бетте көзге көрінетін тыртықтар пайда болып, косметикалық өзгерістерге  әкеледі.

Лимфа бездеріндегі бөгелме ісіктерді П- этапта ғана. еріндегі алғашқы ісік ошағы толық жазылғанда, сәуле әдісінен кейін 2-3 апта өткен соң,  операция жасалынады. Сылынуға иек, жақ асты лимфа және сілекей бездері жатады (Ванах операциясы). Ал бөгелме ісік көп болса және үлкен болса, онда алдын ала гамма сәулесі беріліп, содан кейін екі жақтан тереңде жатқан мойын бездері сылынады (Крайль операциясы).

Емдердің нәтижесі. Төменгі ерін рагы І-ІІ сатысында  рентген сәулесімен толық емделіп шығады. Лимфа бездерінде бөгелме ісік  болмаса -  10 жылдық өмір сүру көрсеткіші 85-90% құрайды.

Еңбекке жарамдылық пен  диспансерлік бақылау

Емдеу кезінде және сәуледен кейінгі рентгенэпителииттер пайда болғанда  науқас  еңбекке жарамсыздық қағазы беріліп, жұмыстан босатылады. Науқастың  жұмысы  қолайсыз жағдайларда жүргізілсе (химиялық зат және күрделі метрологиялық өндірістерінде); онда  олар ауру адамға қызмет істеуге болмайды. Лимфа бездерінде бөгелме ісіктері  бар науқасқа  үшінші топтық мүгедектікті, бір жылға беріледі. Арнайы реабилитациялық көмек көрсетілмейді. Жалпы диспансерлік қадағалау ережесі ешқандай өзгермейді.

Дәріс қорытындысы:

1. Кейінгі 20 жыл ішінде төменгі ерін рагымен аурған адам саны біртіндеп, ерлер арасында үш есе, әйелдерде екі есе төмендеуде.

2. Еркектер арасында әйелдерге қарағанда 4 есе жиі байқалады, әсіресе қарт, егде жастағы адамдарда.

3. Төменгі ерінге ультракүлгін сәулесінің және темекі мен шараптың тітіркендіргіш әсері бары анықталған,

4. Нақты ісік алды өзгерістерге: Боуэн ауруы, сүйел, еріннің жарылуы, құрғақтануы (Мангонотти ауруы), еріннің түлеуі, әртүрлі дискератоздар  жатады.

5. Нақты емес ісік алды ауруларына:  шашақты өсінді (папиллома), тері мүйіздігі (кожный рог), кератоакантома, лейкоплакия жатады.

6. Төменгі ерін рагы қолға қатты сезілетін түйін мен ойық жара болып, айналасы буылтықтанып,  ісініп, шекарасы анық емес, тез қанайтын, еш уақытта ауру сезімі жоқ болып келеді.

7. Иек, жақ астындағы, асқынғанда мойын лимфа бездеріне  бөгелме ісік береді.

8. Ең тиімді анықтау тәсілі биопсия және өкпені рентгенге түсіру.

9. Төменгі ерін рагының негізгі емі – қысқа фокусты рентген сәулесі.

10. Хирургиялық тәсіл рентгенге төзімді ісіктерде қолданылады.

11. П- этапта  лимфа бездеріне:  Ванах не Крайль операциялары жасалынады.

12.  І және ІІ өсу дәрежесіндегі төменгі ерін рагы бар аурулар толық айығып шығады.

№4- дәріс

Тілдің рагы

    Кіріспе. Тілдің рагы а уыз қуысындағы қатерлі ісіктердің ішінде жиі кездесетін түрі. Көпшілігінде рак алды ауруларынан пайда болады.

Тілдің анатомиясы

         Тіл –ауыз қуысында, тіл асты сүйекке бекітілген, оның ұшы, денесі және түбірі, екі қыры мен астыңғы беті бар. Қан тамырға бай, лимфа жүйесі жақ асты мен мойын лимфа бездерімен жалғасып жатады. Сілекей бөлуге және дәмді анықтауға қатынасады, асқорытуға жәрдемдеседі.

    Қатерсіз ісіктері –эпителиальды және эпителиалсыз болып бөлінеді.

    1. Эпителиальды ісіктер:

· папиллома, тығыздығы жұмсақ, көлемі 0,2 ден 2 см. –ге дейін, беті шырышты қабықпен жабылған, қыртысты, табиғи түсті, көбінде жалғыз болып кездеседі. Баяу өсіп, көлемі ұлғая келе, жарақаттанудың (тіс жегісі) әсерінен, оның беті зақымданып ойылып, емделмесе қатерлі ісікке айналады.  

2. Эпителиялды емес ісіктер:

· фиброма,

· миома,

· липома,

· нейробифрома,

· гемангиома,

· лимфангиома.

· әр түрлі жылауықтар.

Бұлар  өте жәй өсіп, науқасты мазаламайды, Олардың негізгі емі операция, ал тек гемангиомада, түріне қарай – дәрімен беріштеуші (хинин-уретанмен), электр тогымен не криогендік тәсіл мен күйдіру.

Тіл рагының эпидемиологиясы

Тілдің рагы– жалпы қатерлі ісіктің 2,0%, ал ауыз қуысының ішінде 60,0% құрайды. Еркектерде, өте жиі кездеседі, әсіресе 40 пен 70 жас арасында. Өте жиі тіркелетін жер - Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде. ТМД елдерінде – Орта Азия республикалары мен Қазақстанда, Ресейге қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі.

Тілдегі рактың дамуына бірінші ретте рак алдындағы аурулар орын алады:

· лейкоплякиялар,

· лейкокератоздар,

· созылмалы ойық жаралар,

· шырышты қабығының жарылулар.

Бұлардың пайда болу механизміне жүйкелік-нәрленудің патологиялық өзгерістері және олардың солай өзгеруіне мына төмендегі қолайсыз факторлар ықпал етеді:

· шектен тыс темекі тарту,

· тістің кетіктерімен және тіс протездердің механикалық жарақаттануы,

· химиялық заттар мен спиртке күйгендер,

· ащы және ыстық тағамдардың әсерлері.

Осы аталған рак алды ауруларды дер кезінде анықтап, оны мезгілінде емдеу, тіл рагының болдырмауының шарты мен алдын алу жолдарының негізі болып табылады.

Тіл рагының патанатомиясы

Рак тілдің қыр жағын  жиі зақымдайды (65,0%), ал екінші орынды оның түбірі (20,0%) алады.

Тілдің рагы үш түрде кездеседі:

1. Шашақты (папиллярлы),

2. Ойық жаралы,

3. Эндофитті (жайылмалы).

Шашақты рак түрінде – ісік шырышты қабығынан шығып тұратын өспе, ол алғашында қалыпты шырышты қабатпен қапталып, өсе келе ол ойылады да ойық жараға айналады.

Ойық жара түрі өте жиі кездеседі, бұл түрінде жара тығыз, айнала қыры білеуленген, жүре келе өсіп, тілдің төменгі қабатына өтпейді.

Жайылмалы рак кезінде, сипап көргенде, ісік тілдің ішінде тығыз орналасып, шеттері білінбейді де, өсе келе тіл еттерінің тіндеріне өтеді, бірақ ойылуы кейін пайда болады. Бұл түрі ең қатерлі ағымымен сипатталады.

Гистологиясы.. Тіл рагының көпшілігі түлейтін жайылма клеткалы рагы, ал түлемейтін түрі сирек, тілдің артқы бөлігінде кездеседі.

Тіл рагының өсу сатысына қарай жіктелуі:

І- сатысы –  ісік, шырышты не оның астындағы қабатында орналасқан, көлемі 1см-ге дейін, бөгелме ісігі жоқ.

ІІ- сатысы:

а). ісік не ойық жара көлемі 2 см- ге дейін, тілдің ортаңғы сызығына жетпеген, бөгелме ісігі жоқ

б). ісік не ойық жара көлемі жоғарғыдай, не онан кем, аймағында бір қозғалатын бөгелме ісігі бар.

ІІІ- сатысы:

а). ісік не ойық жара көлемі 3 см.-ге дейін, тілдің ортаңғы сызығынан асып, немесе ауыз қуысының түбіне өткен, бөгелме ісігі жоқ

б). ісік не ойық жара көлемі жоғарғыдай, не онан кем, иек пен жақ астында қозғалысы шамалы шектелген бір топ бөгелмелі ісіктер, немесе бір қозғалмайтын бөгелме ісігі бар.

IV- сатысы:

а). іріп-шіріген ісік, тілдің басым бөлігін алып, айналасындағы тіндер мен сүйекке өтіп, одан да асып, қозғалысы шамалы шектелген бір топ бөгелмелі ісіктер, немесе бір қозғалмайтын бөгелме ісігі бар.

б). ісік үлкен көлемді емес, қозғалмайтын аймақтық, немесе алыстағы ағзаларда бөгелме ісіктері баржағдай.

Тіл рагының TNM жүйесі бойынша жіктелуі

Т -алғашқы ісік.

TIS -   эпителий ішіндегі рак (in Situ),

To – алғашқы ісік анықталмаған,

Т1 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см., не одан да кем, тек қана беткей орналасқан, немесе экзофитті түрі.

Т2 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см., не одан  кем, азғана тереңдікке жайылған түрі,

Т3 – ең ұзын жағы бойынша, ісіктің  көлемі 2 см.ден асқан, немесе ісік көлеміне қарамай, төменгі қабатына жайылған түрі,

Т4 – ісік тілді қозғалтқызбайтын, немесе қарсы бөлігінің жартысынан асқан түрі.

N - аймақтық лимфа бездері.

N0 - аймақтық лимфа бездері сипағанда білінбейді,

N1- ісік жағында, ығысатын  лимфа бездерінің  болуы,

N1а- лимфа бездері,бөгелме ісік пен зақымдалмаған,

N1в- лимфа бездері,бөгелме ісік пен зақымдалған,

N2 - ісік жағын сипағанда білініп, ығысатын, не екі жағындағы лимфа бездері бар,

N2а- лимфа бездері,бөгелме ісік пен зақымдалмаған,

N2в- лимфа бездері,бөгелме ісік пен зақымдалған,

N3- сипағанда ығыспайтын лимфа бездері бар.

М - алыстағы бөгелме ісіктері.

М0- алысқы бөгелме ісік жоқ

М1- алысқы бөгелме ісік бар

Ісіктің дәлелдену жолы бойынша жіктелу (рTNM). Әр рT, рN, рM, TNM категорияларына толық сәйкес келеді.

Тіл рагының клиникалық белгілері

· алғашқы сатысында ешбір белгі болмайды,

· тіл ішінде ауырмайтын тығыздалған өзгеріс,

· сүйел тәрізді өсінді,

· папиллома,

· аса терең емес ойық жара,

· аймағы біртіндеп өсе бастайды,

· ойық жараның көлемі ұлғаяды,

· ойық жараның түбі алғаш қызыл-боз түсті болады,

· өлі еттенеді,

· ісіктің ыдырауынан, аузынан жағымсыз иіс шығады.

· жұқпа еніп қабынады,

· ауырсыну сезімі басталады,

· ауырсынуы ас ішкенде, саусақпен көргенде үдейді,

· ауырсынудан және тілдің етіне ісік жайылғандықтан, тілдің қозғалуы шектеледі,

· науқас ас ішуден бас тартады,

· соның себебінен азады.

· көп ұзамай мойында ауырмайтын лимфа бездері шошып, үлкейеді,

· бөгелме ісіктер пайда бола бастайды.

· бөгелме ісіктер шар тәрізді, өте тығызболып, ауырмайды,

· асқынғанда лимфа бездер қозғалмайтын түйдекке айналып, содан соң жара пайда болады.

Тіл рагын анықтау жолдары

· тіл ісігіне диагноз қою өте қиын емес,

· диагнозын жоғарыда көрсетілген белгілерге сүйене отырып анықтайды,

· тілдіж және аймақтық лимфа бездерін сипаудан бастайды,

· ісік бетінен цитологиялық тексеруге жақпа алынады,

· міндетті түрде биопсия жасау керек,

· ұлғайған лимфа бездерін инемен тесіп, шығынды алып, цитологиялық зерттеу жасайды.

Тіл рагының емдеу жолдары

1. Тіл рагын емдеу екі этаппен жүргізіліп, міндетті түрде қоспалы ем қолданылады.

2. Алғаш дистанциялы гамматерапия жасайды.

3. 2-3 аптадан соң, тілге электро хирургиялық резекция жасайды.

4. Операция көлемі ісіктің даму сатысына байланысты:

· 1-П- сатысында – тілге жартылай резекция жасалынады,

· Ш- сатысында кеңейтілген операция жасалынады,

5. Екінші этапта:

· екі жағындағы мойын тіндері мен лимфа бездерін шандырлы-қынапты тәсілмен сылу,

· бір жағынан Крайль операциясын жасау.

6  Радикалды бағдарламалы сәулемен емдеу, рак тілдің түбірінде орналасса қолданылады.

7 Егер ісік сәуле емінен кейін қайтпаса, онда кеңейтілген операция жасалынады.

    Болжамы. Ісіктің 1-П сатысында, экзофитті түрінде 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 50-70%. Кәсіптік мамандығына қарай еңбекке жарамсыздығы 1- не 2- топтағы мүгедектік берілуі мүмкін. Операциядан кейін логопедтің кеңесі керек.

Дәріс қорытындысы:

1- Тілдің қатерсіз ісіктері –эпителиальды және эпителиалды емес болып бөлінеді.

2- Тілдің рагы– жалпы қатерлі ісіктің 2,0%, ал ауыз қуысының ішінде 60,0% құрайды.

3- Еркектерде, өте жиі кездеседі, әсіресе 40 пен 70 жас арасында.

4- Өте жиі тіркелетін жер - Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде.

5- ТМД елдерінде – Орта Азия республикалары мен Қазақстанда, Ресейге қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі.

6- Тілдегі рактың дамуына бірінші ретте рак алдындағы аурулар орын алады: лейкоплакиялар, лейкокератоздар,  созылмалы ойық жаралар, шырышты қабығының жарылулары.

7- Рак тілдің қырын жиі зақымдайды (65,0%), ал екінші орынды оның түбірі (20,0%) алады.

8- Тіл рагының алғашқы сатысында ешбір белгі болмайды.

9- Тіл рагын емдеу екі этаппен жүргізіліп, қоспалы ем қолданылады.

10- Алғаш дистанциялы гамматерапиядан соң, 2-3 аптадан кейін, тілге электро хирургиялық резекция жасайды.

11- Екінші этапта: екі жағындағы мойын тіндері мен лимфа бездерін шандырлы-қынапты тәсілмен сылу, бір жағынан Крайль операциясын жасау.

12- Радикалды бағдарламалы сәулемен емдеу, рак тілдің түбірінде орналасса қолданылады.

13- Ісіктің 1-П сатысында, экзофитті түрінде бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 50-70%.

14- Кәсіптік мамандығына қарай еңбекке жарамсыздықтың 1- не 2- топтағы мүгедектіктік берілуі мүмкін.

15- Операциядан кейін логопедтің кеңесі керек.

№5- дәріс

Жоғарғы және төменгі жақ рагы

Жоғарғы жақтың қатерлі ісігі.

    Кіріспе. Жоғарғы жақ рагының пайда болуына негіз болатындарға, оның созылмалы қабынулары жатады. Осылардың әсерінен, жоғарғы жақ қойнауының жыпылықтайтын цилиндр тәрізді эпителий метаплазиялық өзгеріс арқылы жайылмалы түріне айналған соң, гиперплазиялық өзгеріс болып, ракка айналады. Бұл жерде жайылма клеткалы рак жиі кездеседі. Бұл мүшедегі орналасқан рак пен саркоманың клиникалық жалпы белгілері бір-біріне ұқсас болғандықтан, олардың белгілері бірге қосып айтылады және жазылады. Жоғарғы жақ қойнауының рагы біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілігі - жоғарғы жақ қойнауының шырышты қабатының эпителийінен пайда болса, екіншілігі – ауыз қуысы, мурын және терінің рагының жайылып өтуінен туындайды. Бұлар бір-бірінен клиникалық белгісі, ағымы және емнің нәтижесіне қарай ажыратылады.

    Жоғарғы жақ қойнауының рагы өте озбырлы келеді, айналасындағы сүйектерді, тіндерді талқандап, жанындағы қойнауларға және сыртқа қарай жайылады.

Жоғарғы жақ рагының эпидемиологиясы

    Жоғарғы жақтың қатерлі ісігі, барлық қатерлі ісіктің 0,5-2,0% құрайды. Көпшілігінде рак 40-70 жас аралығындағы адамдарда, 60 тан асқандар арасында, ал саркома – 30 жасқа дейінгілер де және еркектерде жиі кездеседі. Саркоманың негізгі себептерінің ішінде жарақат 5,0% құрайды.

Жоғарғы жақ рагының патанатомиясы

         Жоғарғы жақ қойнауының рагының 70,0% жайылма клеткалы, 20,0%-на дейін безді, ал 10,0% негізгі клеткалы және пісіп-жетілмеген рак. Оның ішіндегі цилиндрома өте жиі қайталанғыш келеді.

    Саркома жоғарғы жақтың құрамындағы басқа тіндерден, көбінде, сүйектерінен пайда болады да, гистологиялық түрлері әр түрлі болып, оның ішінде фибробластысы басым болып кездеседі.

Қатерсіз ісігіне:

· адамантиномма,

· остеобластокластома (гигантома), жатады.

Жоғарғы жақтың қойнауының сегменттері:

· алдыңғы - төменгісі,

· артқы - жоғарғысы,

· ішкісі (медиальдісі),

· сыртқысы (латералдысы).

Жоғарғы жақ рагының клиникалық белгілері

· рак пен саркоманы ажырататын өздеріне тән белгілері жоқ.

· олардың белгілері, жоғарғы жақтың басқа ауруларының белгісіне ұқсас.

· Ісіктің белгілері, оның орналасқан жеріне байланысты.

· Негізгі белгілері жоғарғы жақтың қойнауының сегменттеріне тікелей байланысты.

· Бастапқы кезде ауру белгісі сезілмейді,

Сыртқы және ішкі сегменттердің белгісі ұқсас келеді:

· алғашында ынғайсыз сезімі,

· тістің ауырсынуы,

· ауыз қуысының шырышты қабатының ісінуі,

· таңдайдың күмбезіне өткенде, ісіктің беті тегістелінеді.

· тіс өсіндісі жұмсарады,

· оны сипағанда, ол жұмсақ былқылдайды,

· тіс орнынан (лункасы) ажырап, қозғалып тұрады,

· ісік ыдырағанда мұрнынан сасық, сулы ірің мен қан шығады,

· бұл көріністі қабыну үрдісімен шатастырып, көптеген дәрігерлер жылу мен және де басқа емдеу шараларын жүргізеді,

· іріңдікті кесіп, тісті жұлады.

· жұлынған тістің орны бітпейді, одан түйіршік өспе (грануляция) шығып тұрады, цитологиялық тексергенде рак екендігі анықталынады.

· Науқастың беті домбығады, ол ауырмайды, тығыздау болады,

· домбығу ауыз қуысына қарай жарылып, сасық иісті ойық жара пайда болады,

· мурын қуысына өткенде, дем алуы қиындап, бозғыл қызыл түсті ісіктен қан ағып тұрады.

· сыртқы сегмент зақымданғанда – ұрты мен артқы тістердің қызыл жиегі ісініп, шайнағыш етіне өткенде - жақтың қарысу байқалады,

Жоғарғы жақтың артқы жоғарғы сегментінде орналасқанда:

· алғашқыда, қойнаудың қабыну (синусит) белгісі,

· баста ауырмалық сезінуі болады, бірақ,

· дене қызуы жоқ, бір жақ мұрнының бітуі сезіледі,

Жоғарғы жақтың ішкі артқы  сегментінде орналасқанда:

· жоғарғы жақ қойнауының мурын қуысынан бөлетін жұқа қабатына өтуі,

· торша иірімге өтуі,

· осы себепті бір жақ мұрынмен демалу нашарлайды,

· түймешік (полип) тәрізді өсіндінің шығуы.

· оны көбінде гистологиялық тексерусіз алып тастауы,

· сондықтан бүл түймешік-өсінді қайталап шыға беруі,

· осы әрекеттерден, ісіктің өсуі үдейді,

· өлі еттену негізделінеді,

· ол пайда болғандықтан – сірнелі, ірің аралас сірнелі немесе қанды шығынды, шірік иісті боп шығуы,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: