Тапсырма №2. Тақырып: Түрпімен тегістеу(1 сағат)

Тақырып: Түрпімен тегістеу(1 сағат).

Түрпі – ағаш сапты, төрт қырлы жалпақ егеу (56 беттегі 1 – 5 суреттер). Түрпінің бетінде бұдырлы сызықтарды болады. Бұл бұдырлар ағаш бетін тегістейді. Түрпіні ағаштың бетімен алға қарай жылжытады.

Жұмыс біткеннен кейін түрпіні щеткаман ағаш ұнтақтарынан міндетті түрде тазарту керек.

Зімпара – бетіне құм түйіршіктері желімделген қағаз немесе кенеп мата. Тегістегіш зімпараны үнемдеу керек екені есте болсын. Тегістегенде, бұйымның бетінен шыққан тозаң мен ағаш ұнтақтарын арнаулы сыпырғыш щеткамен тазартады.

Ағаштан жасалған бөлшектерді зімпарамен ағаш талшықтарының ұзына бойына қарай тазалайды.

Тегістеген кезде, тегістегіш қабықшаны қолға ұстамай, төрт қырлы ағашқа орап алып ұстаған ыңғайлы.

Ағаштың беті тегістелгеннен кейін, оны бояуға болады. Акварель бояумен, тушьпен бояған жақсы. Бояу жұмысын арнаулы щеткамен орындаймыз. Немесе жұмсақ мақта матадан домалақтап жасалған анжымен (тампонмен) бояймыз.

Анжы – матаға оралған бір шөкім мақта.

Бұйымның бетін алдымен ұзынынан, онан соң көлденеңінен бояйды.

Сүргілеу мен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Бұдырлары біркелкі және сабы орнықты түрпімен жұмыс істеу керек.
  2. Түрпінің ұшын саусақтарыңмен ұстамаңдар.
  3. Тегістегенде шыққан шаң мен үгінділерді үрлеуге, оны қолмен жинауға болмйды, оларды арнаулы сыпырғыш щеткамен тазалайды.
  4. Жұмыс аяғында қолды ұқыптап сабынмен жуу қажет.
  5. Бояғыш заттармен абайлап жұмыс істеңдер.

Оны киімге, қолға, денеге жұқтырмауға тырыс.

Ағаш өңдеу кәсіпорындарында мұндай жұмыстар арнаулы станоктарда атқарылады. Бұйымдарды әсемдеуші - әрлеушілер сәндейді. Машинаның көмегімен олар бұйымды бояп, арнаулы құрғатқыштарда кептіреді.

Тексеру сұрақтары.

  1. Оқу материалының мазмұны өзгерілді ма?
  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
  3. Неге қолданған әдістер анықталған сабақтың типінде тиімді?
  4. Оқыту құралдардың іріктелуі дұрыс орындалды ма?
  5. Ағаш материалын тазалауға, басқа қандай аспаптар қолдануға тиімді болар еді?
  6. Оқушы өңдеудің технологиялық процесін дұрыс, сапалы орындауға мүмкіндік тууына қандай қолайлы тәсілдер қолданылды?

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  1. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  2. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  3. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
  4. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005ж.
  5. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.

Лабораториялық жұмыс №6

Тақырыбы: о қушыларды матадан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.

Предметі: матамен жұмыс орындаудағы оқушылардың білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорытындылаудың оқыту мазмұнын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың матамен жұмыс орындау технологиясы сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді сабақтың формасы мен құралдарын негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспары, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: бұйым үлгілері, таблица, бұйымның технологиялық карта; сызба құралдары; маталардың түрлері, қағаз, қажетті техникалық матамен жұмыс істеуге қажетті аспаптар және т.б..

Жұмысты орындауға нұсқау.

4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын жүйелету және қорыту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана оқушының матамен жұмыс орындаудағы білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорыту оқу материалының элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімі мен практикалық іскерлігін қорытуға арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімі мен іскерлігінің жүйеленуіне студент практикалық жұмыс объектісін сабақта жасатуға да мүмкіндігі бар. Егер практикалық жұмыстың мазмұнымен оқушының білімін қорыту керек болса, онда объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігінің жүйеленуі, оны қорыту бақылау формасы мен әдістері анықталып,қажетті тапсырмалар дайындалады. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процестерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: