Тапсырма №1. Тақырып: Ермек саздан ыдыс жапсырмалау(1 сағат)

Тақырып: Ермек саздан ыдыс жапсырмалау(1 сағат).

Ыдыс – аяқ жиынтығын сервиз деп атайды. Шай ішетін сервиздер бар. Шай сервиздері 2 – 6 нәрседен тұруы мүмкін.

Демек сервиздер пайдаланылатын орнына қарай әр түрлі болады. Біз де сервиз жапсырмалағанда осыны есте ұстаймыз. Сервиз ыдыстарының сыртқы беттерін өрнектеу онша күрделі емес. Өрнектер өсімдік дәндерімен бейнеленген бедерлі суретпен және қалемшемен өңдеу арқылы жасалады. Бояумен жазуға да болады. Екінші сыныпта бедерлі суреттерді қалай жазып, бейнелегенімізді естеріңе түсіріңдер.

Пішіннің ұнамдылығының үлкен мәні бар. Кофе қайнатқыштың пішініне қарап, оның негізіне пластмасса шөлмекті, ал шайнек үшін пластмасса стақанды алуға болатынын білу қиын емес. Осындай стақанға ермексазды жапсырмалап, шайнектің пішініне келтіреміз. Пішінді өңдеп, бояу ғана қалады.

Тексеру сұрақтары.

  1. Ермек саз бұйымын оқушыға орындату үшін оқу материалында өзгеріс енгзілді ме?
  2. Кандай сабақтың түрі мен типі қолданды?
  3. Сабақта оқушының қандай қасиетін бақыладың?
  4. Қандай оқытудың формасы қолданылды?
  5. Оқушының машықтану қасиетін дамытуға өзің қандай тәсілдер ұсындың?
  6. Объектіні басқа қандай материалдан жасауға және безендіруге болар еді?
  7. Машықтану қасиетін қандай критериямен бағалайсың?

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.
  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 - сынып). -Алматы, 2003 ж.
  7. Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 г.

Лабораториялық жұмыс №8

Тақырыбы: оқушыларды қолөнер бұйымын жасауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.

Предметі: оқушылардың жұмсақ материалдан (былғары) игерген білімі мен іскерлігін жаңа жағдайда қолдана алудың оқыту мазмұнын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушының былғарыдан көркем бұйымдарды шығармашылықпен орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: былғары бұйымның үлгілері; былғары материалы, сызба құралдары; техникалық аспаптар; тігін материалдары мен аспаптары және т.б..

Жұмысты орындауға нұсқау.

4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес белгіленген шығармашылық жұмыстың мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Шығармашылық жұмыстың мазмұны арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушының орындайтын жұмыс мазмұнын теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптық шығармашылық жұмыстың көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты объектілерді алдын- ала дайындайды. Таңдалған объект оқушының қызығушылығына, қабілетіне сәйкес келмесе, онда жұмыстың тақырыбын өзі таңдауға мүмкіндігі бар. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды. Орындалып үлгермеген шығармашылық жұмысты үй тапсырмасына беругеде болады.

Келесі кезеңде оқушының жасаған бұйымын бақылау формасы мен әдістерін анықтауда, студент шығармашылық жұмыстарды бағалаудың қосымша критерияларын анықтау керек. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: