Тапсырма №1. Тапсырма: Мата немесе былғарыдан аппликация техникасында сәнді «Панно» дайындау(1 сағат)

Тапсырма: Мата немесе былғарыдан аппликация техникасында сәнді «Панно» дайындау(1 сағат).

Панно – қоғамдық мәдени орындарды, үй бөлмелерін әсемдеу және безендіру үшін жасалатын өнер туындысы. Оны оқушыларда жасай алады. Ол үшін қажетті заттар: сурет жақтаушы (рама), ирек таспа, түрлі түсті мата, жіп, ине,желім, бір түсті қалың қатты мата.

Оқушы өзінің таңдауы бойынша безендіру объектісінің нобайын қалам саппен қағазға орындайды. Қатты ағаштың ұнтағынан жасалған тақтайшаны кесіп(өлшеммен) немесе картонды алуға да болады. Оның бетіне «фон» ретінде бір өңді түсті матамен немесе былғарымен жапсырылады. Нобай бойынша бейне кесіннің пішіні мен түсіне орай мата немесе былғарыны қыиып, бір өңді жазық матаның немесе былғарының бетіне жапсырады. Дайын болған жұмыстың жиек бөліктерін ағаш немесе тығыз түсті картонмен безендіріп рамасын қондырады. Соңғы кезең «Панно» ілгекті жасап, жұмыстың теріс жағына қондырады.

Тексеру сұрақтары.

  1. Оқу материалында толықтыру, ықшамдау өзгерістері енгізілді ме?
  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
  3. Оқушыны жаңа оқу материалын басқа жағдайда қолдана алу мүмкіндігі қандай болды?
  4. Шығармашылық жұмысқа оқушының игерген білімі мен іскерлігі жеткілікті болды ма?
  5. Қандай технологиялық процесін материалды өңдеуде, оқушы жұмыс орындауда жиі қолданды?
  6. Мұғалімнің тарапынан қандай көмек көрсетілді?
  7. Оқушының шығармашылық жұмысы қандай критерияда бағаланды?

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.
  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005 ж.
  6. Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.
  7. Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.
  8. Әміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.
  9. Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.
  10. Маргулин А. Х. Казахская народная прикладная искусство. В 3 – х томах. -Алматы, 1986, 1988, 1994 ж.ж.
  11. Гукасова А. М. Рукоделие в начальных классах. -М., 1984 ж.

Лабораториялық жұмыс №9

Тақырыбы: оқушыларды техникалық құрастыруға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.

Жұмыстың объектісі: б астауыш мектептің оқу процесіндегі 1 – сынып еңбекке баулу пәнін оқытудың мазмұны.

Жұмыстың предметі: объектіні құрастыру жұмысындағы жаңа ұғымдарды игерудің сабақ жоспарын құрастыру.

Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың объектіні құрастыру жұмысындағы ұғымдарды игеру сабақ жоспарының жобасын жасау.

Міндеттері:

- жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

- көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

- орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.

Жұмыстың құралдары: б астауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: техникалық объектілердің үлгілері (картоннан, пластмассадан, ағаштан, металлдан жасалған), альбомдар, «Лего», техника моделін жасаудың техникалық сызбалары, схема, технологиялық карта; сызба құралдары; материал: қағаз, картон, желім және т.б..

Жұмысты орындауға нұсқау.

1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушы игеретін ұғым элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның жаңа ұғымды меңгеруге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының техникалық ұғымдарын нығайтатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Немесе дайын «Конструктор» жинайтын моделді ұсынуға да болады. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта құрастырып үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының жаңа техникалық ұғымды игеруін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.

- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

- оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

- жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: