| «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. |
| Адам-биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні бар. |
| Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. |
| Адамның мәнi-адам туралы философиялық ілімнің өзегi |
| Адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі |
| Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді. |
| Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. |
13.2 АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ҮШ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ:
| Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. |
| Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. |
| Антропологияның үш маңызды бағыты бар. |
| Антропогенез – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Адамдардың қоғамдық – еңбек қызметі антропогенездің қозғаушы күші болды, бұл қызмет ерекше қоғамдық байланыстарды, мәдениетті жасады. |
13.3 ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ
| Адамның табиғаты мен мәні |
| Философиялық антропологияның зерттеу саласы |
| Антропогенез, антропосоциогенез |
| Адам санасының қалыптасуы мен мәні |
| Адамның өмір сүру мәселелері |
| Адам эволюциясының болашағы |
| Бостандық пен жауапкершілік мәселесі |
13.4 ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӘСЕРІНЕН ҚАЛЫПТАСАТЫН АДАМДАҒЫ ҮШЖАҚТЫЛЫҚ:
| ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӘСЕРІНЕН ҚАЛЫПТАСАТЫН АДАМДАҒЫ ҮШЖАҚТЫ МАҒЫНА: |
| Тұлға - белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. |
| Даралық - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. |
| Индивид – жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек. |