жер силкинисин багалау

Жер сілкінуінің магнитудасы - сілкіністің мөшерін (шамасын) анықтайтын салыстырмалық энергетикалық өлшем. Ол сілкініс ошағынан Бөлініп шыққан энергия мөлшеріне тікелей байланысты. Ч. Рихтердің бастапқы аныұтамасы бойынша магнитуда дегеніміз сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта стандартты сейсмографпен тіркелген сейсмикалық толқынның ең үлкен амплитуда шегінің (милиметрдің мыңнан бір бөлігі) сандық логорафимінетең: Мұнда А-стандартты Сейсмографпен белгілі бір қашықтықта тіркелген толқын амплитудасының шегі, - стандартты сейсмографпен сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта тіркелген амплитудасының шегі ( 0,001мм-ге тең).1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. 3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. 6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. 7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. 8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. 9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. 11 балл. Апат. 12 балл. Жер бедерінің озгеруі.14 Радиоэкологиялық биогеоценоздардың радиоактивті заттармен ластануы ағзалардың мекен ету ортасындағы жаңа абиотикалық фактор болып саналады. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. № 1 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек - цистамин. Малина түсті екі пенал. Сәулелену қаупі кезінде пайдалану керек

14.Халықты радиациялық қауіптен қорғау

Радиациялық қауіпті обьекті-ғылыми шаруашылық (өнеркәсіп) немесе қорғаныс обьектісі, авариялар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін. Сыртқы ортаның радиоактивті зақымдау көздеріне мыналарды жатқызуға болады:*уран өнеркәсібі*әртүрлі үлгідегі ядролық реактор*радиохимиялық өнеркәсіп*радиоактивті қалдықтарды өңдейтін және көметін жер*ядролық полигонАдам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалы деңгейі сәулелердің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.

15.Халықты химиялық қауіптен қорғауда жүргізілетін шаралар

Қауіпті өнеркәсіптегі улы аттар шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық обьектілері химиялық қауіпті обьектілер деп аталады. Олардың зақымдалуы немесе бөлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін тоқыма, қағаз мұнай өңдіу кәсіпорында, мұнай химиялық кәсібінде түсті және қара металлургия, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінда ҚӨУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үә коммуникалдық шаруашылығында жинақталған. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: -желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда жүгіріп шаңдатпау қажет; -жабық аулаларды шұңқырда тығыз құрылысты учаскіні айналып өту -теріде, киімде, аяқ киімде ҚӨУЗ тамшысын байқаған бойда қағаз ширатпасымен немесе бет орамалмен оны алу; -Муүмкіндігінше зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға немесе өз бетімен озғала алмайтындарға жәрдем көрсету; -ғимаратқа сүйкенбеу және аайналадағы затқа тиіспеу;

16. Зақымдану ошағындағы химиялық жағдайды бағалау

Химиялық жағдайды бағалауда төмендегілер ескеріледі: 1 химиялық зақымданудың көпемі және оның сипатын анықтау 2 химиялық заттың кәсіп орын объектілер қызметіне азаматыһтық қорғаныс күштеріне және жалпы халыққа әсер етуін талдау 3 адамдарды зақымдалуын болдырмайтын іс әрекеттерін аса қажетті нұсқаларын іріктеу Химиялық жағдайды бағалау үшін қажетті мағлұматтар төмендегідей 1 КӘУЗ түрі және саны немесе химиялық қаруды қолдану құралы және улы заттар түрі 2 улы заттардың таралу ауданы және уақыты 3 адамдардың қорғану деңгейі 4 жердің топографиялық жағдайы және ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыс сипаты 5 ауа райы (жер беті қабатындағы желдің бағыты және жылдамдығы ауа мен топырақ температурасы ауаның вертикальді тұрақтылық деңгейі(инверсия изотермия конвекция)) Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін. Химиялық зақымдау ошағындағы УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады: -химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс; -барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию; -ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі; -УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі; -химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі; -химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.

17.Химиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Химиялық жағдайды жүргізуде төмендегілер ескеріледі: -Химиялық зақымданудың көлемі және оның сипатын анықтау; -Химиялық заттың кәсіпорын обьектілерінің қызметіне, азаматтық қорғаныс күштеріне және жалпы халыққа әсер етуін талдау; -Адамдардың зақымдануын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқауларын іріктеу; Химиялық жағдайды бақылау үшін қажетті бастапқы мағлұматтар төмендегідей: 1.Күшті әсер етуші улы заттардың түрі және саны немесе химиялық қаруды қолдану құралы және улы заттардың түрі; 2.Улы заттардың таралу ауданы және уақыты; 3.Адамдардың қорғану деңгейі; 4.Жердің топографиялық жағдайы және ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстың сипаты 5. Ауа-райы (жер бетінің қабатындағы желдің бағыты және жылдамдығы, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалды тұрақтылық деңгейі инверсия, эндотермия, изотермия,конвекция);

18Химияляқ қаруды қолданудағы адамға әсері
Бұл улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады: 1) жүйке жансыздандыратын; 2) теріні іріңдеткіш;3) жалпы улы әсерлі;4)психохимиялық;5) тітіркендіргіш;Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды.Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

19. Апатқа алып келетін қарулардың түрлері

Химиялық қару, бактериялогиялық қару, геофизикалық қару, радиологикалық қару, Сәулелік қару, Радиожиліктік қару, инфродыбыстық қару.

Бактериялық қару микропты қоздырушы инфекцияны пайдалану. Геофизикалық қару әскери мақсатта жердің атмосфера гидросфера және метосфера қабатындағы физикалық құрамы және процестерін өзгерте отырып табиғатты қирауша күшін қолдану. Радиологикалық қару әсері радиоактивті заттарды қолдануға негізделген. Сәулелік қару ол дәл бағытталған электромагниттік энергияны қолдануға негізделген құрылғы. Радиожиліктік қару аса жоғары жиіліктегі 30 гц диапазонға дейн немесе өте төмен жиіліктегі 100 гц төмен электромагниттік сәулелерді қолдануға негізделген. Инфродыбыстық қару жиілігі 16 гц төмен күшті инфродыбыстық толқынның бағытталған сәулеленуін қолдануға негізделген.

20 сурақ Төтенше жағдайларды пайда ететін апаттардың түрлері.

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінісінің, ал қалған 25% — зілзаланың басқа түрлері.Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады. Жер сілкінісі Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын.
Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек Опырмалар Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады.
Тау тастарының құлауы. Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы.. Дауыл Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.

21. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын атаңыз.

Ядролық оқ-дәрінің жарылысы кезінде ядролық жарылыс түзіледі, оның мынандай зақымдағыш факторлары болады:-соққы толқыны-жарық сәулелену-өткіш радиация-радиоактивті улану-электромагнитті импульс-рентгенді сәулеленуЯдролық қарудың зақымдағыш факторларына шалдыққан адамдар, физикалық жарақаттан басқа, қирау мен жарылыстың қорқынышты көрінісінен кейін жаман психикалық әсер алады. Электромагнитті импульс тірі организмдерге зиян келтірмегенмен техниканың жұмыс істеуіне зиян келтіреді.

22. АҚ ИТЖ жобалау нормаларының талаптары

а ) Шаруашылық объектілерін орналастыруға Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш. Үкімет белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шетінде орналастырады. Категорияланған қалаларда т/ж сораптау және техникалық станцияларын ықтимал күшті қираулар аумағынан алыс жерге ор-наластырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады. Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаторилар, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланған объектілер, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері, байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына және сыртында орна- ластыруға тиіс.Магистральдық (транзиттік) автомобиль және теміржолдары қаладан аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырылуы тиіс. Ықтимал апатты субасу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қой-маларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді.Аталған аумақтарға тау-кен өндірісін салуға міндет етеді.
б ) Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу АҚ ИТЖ жобалау нормалары талаптарын ескере отырып қала-ларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқа мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.Қала аумағы әрқайсысы 250 га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасында- ғы өрттен қорғау бөліктері 100 м аспауға тиіс. Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуі тиіс. Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясымен өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс.Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3000 м3 көлемдегі су алабы болуға тиіс. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады.Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмай-тындай қашықтықта салынуы тиіс.в) Өндірістік ғимараттар мен құрыстарды жобалауға АҚ ИТЖ жаңа шаруашылық объектері және коммуналдық-энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті және тиімді.Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құр-ғыларын пайдалану ұсынылады.Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн. Азық-түлік және азық-түлік шикі заты қоймалар үшін тұрақ-жайды таңдау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс. Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радио-активті шаңнан, УЗ және бактериологиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуі тиіс.
г) Сумен жабдықтау бойынша - категорияланған қалалар мен объектілердің сумен жабдықтаужүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық сукөзі орна- ластырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жерасты) болуы тиіс;екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау ай-мағынан алысырақ жерде болған жөн;сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде суберу су қысымымұнараларына жетпей берілуге тиіс;таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен,қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икем-делгіштермен жабдықталуға тиіс;өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.
д) Газбен жабдықтау жүйесіне Қалалар мен шаруашылық объектеріне 2 және одан әрі дербес газқұбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату стан- циялары арқылы жүргізілуі тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әртүрлі жағынан болуы тиіс. Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат қон-дырғылары бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс. Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтимал күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуы тиіс.Жер үсті төсемі жағдайында газқұбырларын магистралдік жол-дарына ықтимал күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағы-нан тыс жерлерде төсеуге, терең (жерасты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі. Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы авто-матты тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс. е) Энергожабдықтау жүйесіне Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергия жабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ мынаны қарасытарды:Электрмен жабдықтау объектер жүйесінің тұрақтылығын бір-бірінен ықтимал қирау аумағынан екі радиустық қашықтықта орна-ласқан бірнеше көздерге қосу жолымен арттыру.Категорияланған қалаларда канализация жүйесінің объектерінде соғыс жағдайының өзінде тоқтауға жол берілмейтін болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажы- ратылмайтын негізгі желілері бойынша жүргізілуі тиіс.220 квт және одан да жоғары электржүйесі және біріктірілген энергияжүйесінің жүйе аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ықтимал қирау аумағынан тыс қосалқы станциялары өткізілуге және тұрғызылуы тиіс. Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықтау ықтимал қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте ор-наласқан қосалқы станциялардан жүргізілуі тиіс.

23.ХАЛЫҚТЫ бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.1Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. 1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20%-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

24.ТЖ-ларда эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу

Жалпы ережелерЭвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.Халықты эвакуациялау үшін көліктің барлық түрін пайдалану. Жұмысшылар мен қызметшілерге орналастыратын аймақты алдынала әзірлеу.Эвакуацияланған барлық халық маршрутта, орналастырылған пункттерде, бытыраңқы орналастырылған орындарда тіршілік қызметіне қамтамасыз етілуге тиіс. Өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған объектлер үзілсіз әрі түрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етілуге тиіс.Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарынын студенттері, колледждердің, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым – жартылай эвакуациялауға жатады.Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылды.Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.Жарым-жартылай эвакуациялау кезінде халықты орналастыру аудандарын (пунктерін) Республика Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.Жарым-жартылай эвакуация- осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте және қызмет ету саласындағы істемейтін халықты көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым-жартылай көшіреді.Эвакуацияланатын халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне аз уақытта (2-3 сағаттан көп емес) барып келуіне тасымалдауды ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді. Эвакуациялық шараларды жоспарлау Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының аса маңызды міндеті болып табылады.Эвакуациялық шараларды жоспарлау жоғары деңгейдегі бастықтарынан төменге қарай жүргізіледі: Республика – Облыс – Қала, аудан – қәсіпорын.Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбір қала мен облыстың әкімшілік орталығының қалалық ауданы үшін жүзеге асырылады. Көлікті, жолдарды, елді мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелері тиісті қызметтермен келісіледі.Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемі мен мерзімін, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлінетін көлікті және эвакуациялауды жүргізуге қажетті басқа да деректерді көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзінділер төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жеткізіледі. Азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзірлейді, оларды ұйымдарға жеткізеді және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келісіледі.Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.Категорияланған қалалар мен қауіпсіз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметін тоқтатпауға тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқару органдары белгілейді.Осы тізбенің үзінділері облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөніндегі басқармаларына жіберіледі.Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртібін және кезегін анықтау үшін қажетті шаралар күні бұрын жүзеге асырылады.

25 .Қазақстандағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар Сел, сырғыма, опырылма, қар көшкінінің пайда болу себептері неде?

Қауіпті табиғи құбылыстар -табиғаттан шыққан стихиялық құбылыстар, олар өздерінің интенсивтылығы, таралу аймағы және созылыңқылығының арқасында адам өміріне, экономикасына және табиғи аясына кері әсер етеді. Сел - өзен, көл, теңіз суларының жаңбырдың жиі жаууынан, қардың еруінен, қатты желдің суды айдап әкелуінен және басқа да себептермен су деігейін көтерілуінен аймақтың су астында қалуы, бұл құбылыс адам денсаулығына зиян келтіріп тіпті өлімге де әкеліп соғады және адамдарғ материалды зияны да көп. Өзен селінің болу себебі қар немесе мұздақтардың еруңнен оның бассейіні көлемінен су мөлшерінің көбеюі. Сонымен қатар өзен селдері өзен көздерінің мұзбен жабылып қалуынан пайда болады. Кейде сел қатта желдің теңіздерден көп мөлшерде су әкелуінен пайда болады. Мұндай селдер Ленинградтта жіне Нидерландыда көрініс тапқан. Селдің пайда болуының тағы бір себебі, плотиналар мен дамбылардың жарылуы. Қар көшуі бір қарағанда аяқ асты болатын құбылыс тәрізді. Ал шын мәнінде ол аяқ асты болмайды. Қардың жоғарғы қабатының температурасы -10° және -20° түскен кезде, жерге жақын қар қабатындағы температура 0° болып сақталады (шамамен -2°). Осылайша, қалыңдығы тіпті 40-50 см болатын қар қабатының аралығында температура айырмашылығы болады. Температураның әр түрлі болуының нәтижесінде қардың төменгі қабатында су буының қозғалыстары және қардың булануы басталады. Ақырындап қардың төменгі қабаты қопсый бастап өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды да, қауіпті, көшкінді қар қабатына айналады. Қар көшкінінің пайда болуы үшін бұл себептер аз. Қар көшкіні тек қардың шұғыл тау баурайында (15° тен бастап және жоғары) жинақталған кезінде ғана пайда болады. Әсіресе 30-35° шұғыл жатқан тау баурайларында өте қауіпті, мұнда қар айтарлықтай қауіптілікке жеткенше жиналады, содан барып қар көшкіні жерге қарай сырғиды. Қардыі құлауы жылы кезеңде қар жауғаннан кейін екі күннен кейін жүзеге асады. Қар көшкіні – жер шарының таулы аймақтарына тән табиғи сипат. Опырылмалардың анықтамасы – опырылмылыр деп шұғыл жар беткеәлерінде өзінің тұрақсыздығын жоғалту, байланысының әлсіздеуі салдарынан тау жыныстарының белгілі бір массасының тез бөлініп құлауы (жер, құм, тас, балшық). Тау жыныстарының опырылуы жер асты және жер үсті суларының, желдету процессі әсерінен болады.Тау жыныстарның опырылуына жер сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер қыртысының сәл ғана қозғалуы және жар шетіне салмақтың көп түсуі себепкер болады. Тіпті опырылманың болуы үшін адам салмағы да жеткілікті. Опырлманың пайда болына сынықтар, олардың қабатты болу сипаты себепкер болады, егер қатты және мақты блоктар арасында балшық болса, оған кішкене су немесе қар тигенде ол әлсіздене бастайды. Сол себепті опырмалар әсіресе жаңбырлы кездері, қар еріген кезде және жарылғыш заттармен жұмыс істеген кездерде жиі болады. Сырғымалар анықтамасы – сырғымалар деп ауырлық массасы нәтижесінде тау беткейімен төмен жылжитын тау жыныстарын айтамыз. Сырғымалардың пайда болу себептері. Сырғымалар көбіне белестерде, тауларда және жыра сайларда, өзендердің шұғыл жағаларында пайда болады. Сырғымалардың дамуына келесі факторлар ықпал етеді: - шынайы беткей бұрышына сай келмейтін шұғыл ылдилар; -жерсілкінісі;
- ылдилардың жауын-шашын салдарынан тым ылғалданып кетуі; - сумен жуып кету салдарынан ылдилар шұғылдығының жоғарылауы; - желдету салдарынан тау жыныстарының әлсізденуі; - қалың тау қабаттарында балшықтың, құмның мұздың болуы; - жыныстардың сынуы;

26. Энергетика объектілерінде болуы мүмкін апаттардың түрлері.

Термиялық әсері – бойынан ток жүретін тканының қызуына әкеліп соғады. Электролитикалық әсері-органикалық сұйықтардың соның ішінде қанның диссоциациалануы нәтижесінде оның физика-химиялық құрамының өзгеруі.Биологиялық әсері-адамның тірі денесінің тітіркенуі және қозуы, сондай-ақ тірі организмдегі биоэлектрлік процестердің бұзылуы, яғни бойдан жүретін ток биотоктарды жойып, соның салдарынан организмнің спицификалық (арнайы) жұмысын нашарлатуы мүмкін. Дененің бір бөлігінің электр зақымдануы – дене тканының электр тогы немесе электр доғасының сәсері нәтижесінде бір бөлігінің зақымдануы.Электр соққысы – бұлшық еттердің еріксіз дірілдеп тартылуы байқалатын организм тканының электр тогымен қозуы.Электр соққының нәтижесінде аздап қорқытудан бастап клиникалық өлуге дейін әкеліп соғады.Электр соққысына түскендердің 85%-ы өледі.Терінің металдануы – теріге металдың кішкене бөлшектерінің кіруі. Бұл құбылыс әдетте, электр доғасының әсерімен балқыған сұйық металдың шашырауы салдарынан болады. Адам зақымданған терісінің ауырғанын және ұйығанын сезеді.Уақыт өте зақымданған тері қалпына келеді.

27. Халықты қорғаудың негізгі әдістері және принциптері.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді. 1.Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2.Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4 Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

28. Қорғаныс ғимараттардың түрлері.

Панаханалар – жан-жақты қамтылған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатынарнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған баспахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. Панаханалар ссу баспайтын учаскілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынығ төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Жылдам тұрғызылған панаханалар(ЖТП) дер кезінде салынаған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панаханалардың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) 50-200кісілік болады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды.Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардасн жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар да пайдалануға болады.Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

29. Панаханалардың түрлері, оларға қойылатын талаптар.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Панаханалардағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі. РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс. Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады. Олар халықты ядролық жарылыстан соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

30. ТЖ-да құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

.Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандылықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін.Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери жіе ш


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: