Summary 7 страница

Around the world

Board Race

Order Race

Question race

Bingo

Go fish

ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобадада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.

1.What’s in the bag? Сумкада не бар? ойыны.

Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.

2.Board race Тақта сайысы ойыны

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады.Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:

P-1 P-2

Red Red

Ten Тen

Stone Stone

Winter Winter

Book Book

Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады.

3.Question Race Сұрақтар сайысы

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.

1.How many seasons are there in a year?

2.What are they?

3.How many months are there in a year?

4.What are they?

5.What season is it now?

6.What month is it now?

7.How many days are there in a week?

8.What are they?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып,сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы арттырудың өту барысының жоспарын жасау.

Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.

І. Алфавитті дұрыс меңгеру үшін барлық әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әдіптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бұл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.

ІІ. Орфографияны дұрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «Сөздіктен сөзді тап» сөзжұмбақтары шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрысғ керекті әрңптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.

ІІІ. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты-сөздің бірінші әрпін тауып жазу.

ІҮ. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі-оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай-ақ бұл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-өрістерін дамиды. Сонымен қатар дұрыс оқуға дағды алған оқушы мәтіннің ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүмкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қойылады: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құрылады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау мақсатында жоспар құрылады.

Ү. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы-грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а)сөйлем, ә)жіктеу, б)жаттығу орындау, в)суреттеу, г)осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме құру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасау үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырып отырады және оқушылар оған белсене атсалысады. Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығуын арттыру мақсатында жұмыс әнмен түрлерін пайдалану. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б Әнмен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. тыңдау алдындағы тапсырма, 2. тыңдау кезіндегі тапсырма, 3. тыңдағаннан кейінгі тапсырма.

Мысалы, «Битлз» тобының танымал Уesterday әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдай отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындайды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.

Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген шын ықыласын қамтамасыз етуіміз керек.

Қорыта айтқанда сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді.

Мысалы, қазіргі білім беру үрдісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз.

Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізеді. Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен, әр ұстаз қандай технологияны таңдағанына қарамастан ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс.

Оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:

1. Оқушы мұғалімнің қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім оқушылармен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

2. Ана тілі мен ағылшын тілін араластырып сөйлемеу керек. Қажет болса грамматикалық ережелерді түсіндіруде ана тілін қолдануға болады.

3. Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оны сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Оқушылар сабақты толық меңгеру үшін төмендегі тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет:

1. Үйге берілген тапсырманы үнемі орындау;

2. Көрнекілік, техникалық құралдарды қолдана білу;

3. Сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау әрекеттеріне арналған өзіндік жұмыстарға көңіл бөлу;

4. Белсенді талдау кезінде топтасып шулауды тоқтатпау;

Қазаргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету.

«Тарбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен іліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

Авторлар: Батима Кожатай, КуралайШукенова

Session: Адами даму

Категория: Білім және ғылым

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Ағылшын тілін оқытуда білім алушының қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын, әуестігін арттыру керек.

Білім алушының шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта білім алушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

«Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде білім алушының сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал-лексика деп есептейді.Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзінеқажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек. Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынастың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі:

пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).

Оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу. Білім алушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы;
2. Білім алушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атау(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - білім алушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана меңгеріліп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.

Тілдің негізін құрайтын сөз белгілі бір мағына беріп, ақпарат жеткізіп қана қоймай, ұлттық сананың қалыптасуына әсер ететіні белгілі.Қоғамдағы барлық салада тілдің бұқаралық қарым-қатынас аясындағы қызметі артуда. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту және т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты, қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі кезде өзекті мәселелер қатарына жатады.

Білім алушының сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен білім алушымен диалогта болады. Білім алушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - білім алушыны қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдері былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесу іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс- негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Білім алушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады

Дәстүрлі оқытудан кейін ілесе пайда болған «Коммуникативті оқыту»тәсілі ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуда маңызды орын алады. Үйренушілерге тиімділігі жөнінен бұл тәсіл барлық сөйлеу әрекеті түрлерінде қатынас дағдыларын игеру туралы мақсатты көздейді. Бұл жүйе білімді, ептілік пен дағдыны анықтауды, қалыптастыру әдістерін, бақылау мен бағалауды қамтиды. Шет тілдерін оқытудағы бұл жетілген жүйе бұрын да педагогикалық қоғамдастықпен қабылданған болатын және қазір де оның бір бөлігі болып саналады.

Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті-бағдарлы оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабарламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкелді.Осы жолдардың бірі бойынша, тіл үйренушілер қарым-қатынас жүргізуде белгілі коммуникативті міндеттерді орындау арқылы аталған тәсіл аясында оқытылады. Бұған қоса оқытушының түсіндіруі немесе әдеттегі практикалық жаттығулар барынша ықшамдалған.

Екінші ұсыным бойынша, үйренушілер оқытушы түсіндірмесімен жүргізілетін әдеттегі жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Оқыту процесінде қажетті тәсілді таңдау көбіне үйренушілердің оқу сатысы және үйрену деңгейі арқылы анықталатыны мәлім.

Коммуникативтік бағыт шеңберінде келесі терминдер сәтті болып көрінеді, оқыту тәжірибесінде жаттығудың үш түрі барды белгілейді: нақты коммуникативтік, шартты коммуникативтік және коммуникативтік емес.

Жаттығулардың үшінші түріне тілдік аналитикалық жаттығулар және дайындық жаттықтыру жаттығулар тілдік материалды автоматтандыруға сөйлеу іс-әрекетінен тыс кіреді.

Көптеген әдістемелік басылымдарда жаттығу бірінші және екінші түрлері бөлінбейді, ал типологияға тек қана екі категория жатады: дайындық (коммуникативтік емес) және коммуникативтік жаттығулар.

Дайындық және коммуникативтік жаттығулар соңғы екі онжылдықта шетел тілін оқыту тәжірибесінде кеңінен таратылды.

Дайындық жаттығуларға келесі жаттығулар жатады, дрилл, логикалық қайтадан топтау, дұрыс-дұрыс емес, мақұлдаулар, ранжирование, қалдыруларды топтау, оқулық перифраз, ұлғайтуға арналған жаттығулар, толықтыруға арналған жаттығулар, сезіп қоюға арналған жаттығулар, «мозаика» түрі бойынша жаттығулар, тіл бірліктерінің ара қатынасының жаттығулары және бір қатар басқа жаттығулар.

Коммуникативтік жаттығуларға келесі жаттығулар жатады, «ми шабуылы», ауызша сөз сөйлеу, семантикалық картаны құрастыру, дискусияның әр түрлі (бағытталған, еркін, сценарий, рөлдік ойын, интервью, стимуляция, жоба.

Компьютерлік бағдарламалар арқылы лексиканы үйрету, олар: көрсету, бекіту және бақылау. “Weather” тақырыбына жасалған презентациямен жұмыс жасау. Бірінші кезеңде – тақырып бойынша лексиканы ендіру. Компьютерді пайдалану арқылы сөздер тізбегі көрсетіліп, білім алушылар 1 минуттың ішінде берілген тақырыппен танысып, қарап шығады. Екінші кезеңде дыбысталуды өңдеу және лексиканы бекіту жұмыстары жүргізіледі. Білім алушылар жеке дара немесе жұппен бірінші және екінші слайдтарға қайта оралып, сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты шамамен 5-10 минут, ол үйретілетін сөздердің көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Ал, үшінші кезеңде меңгерілген лексиканы бақылау жұмысы жүргізіледі. Білім алушыларға өтілген тақырыпқа сәйкес танымдық жаттығулар, тапсырмалар беріледі.

Лексиканы үйретудегі презентация арқылы сабақ беру тәсілінің тиімділігі:

  • жаңа лексикалық, грамматикалық (мүмкін фонетикалық)

материалдарды презентация көмегімен әсерлі және көрнекі етіп түсіндіру;

  • әрбір слайдты көрнекілік не таратпалы материал (кестелер,

схемалар, диаграммалар, т.б.) ретінде пайдалану мүмкіндігі;

  • анимациялық кескіндердің көмегімен оқушылардың назарына бақылау жасау;
  • танымдық әрекетті ұйымдастырудың әр түрлі формаларын (топтық, жеке, жұптық) қолдану мүмкіндігі;
  • оқу уақытын үнемдеуі;
  • алуан түрлі мәтіндік, аудио-бейне көрнекіліктердің үйлесімділігі;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін көтеру, тұрақты оқу

мотивациясын қалыптастыру және жаңа оқу материалын қабылдау және ұзақ уақыт есте сақтау мүмкіндігі болып табылады.

Шетел тілін оқытуда ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, өз ойларын айтады, дəлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар, бірі монолог түрінде сөйлеу, екіншісі диалог түрінде сөйлеу. Білім алушыны монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы өте зор. Шетел тілін оқыту əдістемелерінде (тірек) ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.

ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫ

Д.А. Мусаханов аға оқытушы, О. Құрманұлы ф-м ғ.к., доцент


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: