Summary 5 страница

Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе. Оқушылар өз құрбыларынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Ойын элементтері араласқан сабақта оқушының өзі ізденіп ойланады,нәтижесінде:

-сынып оқушылары түгел қатысады; дидактикалық материал жүйеленеді; сөздікпен жұмыс жүреді; ағылшын тілінде сөздерді есте сақтауға үйренеді.Мәтіндерді тақырып бойынша оқушылардың қабілетіне қарай тапсырамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін,аукцион,саяхат,конференция, т.бсабақтардың түрлерін қолдану үлкен маңызға ие. Бұл өз ретінде оқыту сапасын жоғарылатады, оқушының сабақта болып жатқан жағдайға жеке қатысуына мүмкіндік туғызып, кітаппен жұмыс істеуіне үйретеді.Оқушыларға өз бетімен компьютерлік технология көмегімен орындауға арналған ағылшын тіліндегі тілдік әрекеттерді (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау) дамытатын тапсырмалар мен өзін-өзі бақылау және бағалауға арналған бағдарламалық құралдар пайдаланылды. Айта кетерлік бір жағдай, ағылшын тілі сабағында ғана емес, жалпы оқу үдерісінде ақпараттық технология құралдарының мүмкіндігін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушылармен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылармен де жұмыс жүргізу олардың белсенділіктерін оятуға мүмкіндік береді. Сыныпта оқушылардың қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру әдісін жиі қолданамын.

Мысалы: «Ұлыбританияның Денсаулық Сақтау орталығы».

І тапсырма. (Ассоциациялық жағдай тудыру). ІІІ топ «Денсаулық» тақырыбына қатысты сөздер айтады. ІІ топ осы сөздерден сөз тіркестерін жасайды.І топ сөйлем құрайды.

ІІ тапсырма мәтінмен жұмыс.ІІІ топ мәтінді оқиды. ІІ топ аударады. І топ сұраққа жауап береді.

ІІІ тапсырма. Префикстердің қолданылуы. (Грамматика)

ІІ топ префикстен жасалған сөзді мәтіннен тауып береді.ІІ топ аударма жасайды.

І топ сол сөздерге сұрақ қояды.

Демеуліктерді қайталау сабағында «Фигуралар» ойыны оң нәтижесін берді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі.Біреуінде геометриялық фигуралардан жасалған әріптер бар. Екіншісінде тек ғана фигуралар берілген. Алғашқы топ демеуліктерді пайдаланып, өзінде көрсетілген әріпті қалай құру керектігін айтады.
Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану –бос әрекет»-дегендей білім ғана биікке жеткізеді.Ал білім саласын дамыту үшін жаңа ұғым,жаңа үлгі,жаңа тәсілдер қажет, яғни жаңаша көзқарас керек-ақ. Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз білім сапасы жөнінде болса, оны арттырудың тиімді жолы – оқытуда жаңаша инновацияларды қолдану аясын кеңейту деп ойлаймын.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да, еліміздегі “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасын жүзеге асыруға ұстаз ретінде әр қайсымыз шығармашылықпен қарап өз үлесімізді қосуға зиялы қауым ретінде міндеттіміз деп ойлаймын.. Әрине әр ұстаздың өз ұстанымы бар.Мен үшін оқушыларымның ағылшын тілі сабағында алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе сол мақсатыма жеткенім. Сөзіме дәлел ретінде ағылшын тілінен сыныптас тыс 8-11 сыныптар арлығында «Ұлт болашағы білімдінің қолында»атты интеллектуалдық шоу өткіздім.

Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекшілік роль атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады. Өзімнің баяндамамды түйіндей келе төмендегі нәтижелерге жетуге болады.

-оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады

— оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды

-оқушылардың білім сапасы көтеріледі

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып,ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Қолданылған әдебиеттер:

1 «Ағылшын тілі мектепте, коледжде және ЖОО-да оқыту әдістемелігі» журналы

2 «Мектептегі шет тілі»журналы

3 «Мұғалім KZ» журналы

4 «Қазақстан мектебі»журналы

5. «ШҚО Педагогика жаршысы»ғылыми-әдістемелік журнал

Ақпаратпен бөлісу:

Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары

· Күлшат

· 26 наурыз 2013

· 8845

· 0

· 0

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».

Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.

Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Ұстаз шеберлігінің өзегі – тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс.
3. Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. Т. б

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер.

Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни «5»бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.

Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
2. Қазақстан мектебі 2002жыл №3 және№10
3. Ағылшын тілі мектепте 2010жыл №1 және 2009жыл №1
4. Хабаршы 2009 жыл №1

Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Исаева Меруерт Сейдуллақызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №49 орта мектебінің
ағылшын тілі пән мұғалімі

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.

Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.

Линвистикалық негізгі обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс – әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның, логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді.
Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сол сөйлеу іс – әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндеу алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды.
Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір – біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір – бірінің іс – әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та, лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық құралға арнайы таңбаланған лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті құралдардың барлығы – оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.

Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым – қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді.
Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет.
Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің 3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және полилогты.
Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі бір қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.

Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.

Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.

Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: