Емтихан билеті № 7

1. Шешімді әзірлеу және шешімді іске асыру дегеніміз не? Басқарушылық шешімдердіәзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдердіәзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да жүйеге қатысты белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек.Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек:1) нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу;2) басқарушылық шешімдер әзірлеушілерін басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру;3) Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау;5) басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару;6) қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;7) заңгер немесе референт жағынан әзірленіп жатқан басқарушылық шешімдер нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін бақылауын өткізу;8) басқарушылық шешімдер нұсқаларының техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау;9) экономикалық, экологиялық және басқа салалардағы басқарушылық шешімдерді болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу.

2. Басқарушылық шешімдер қайда қолданады? Стратегиялық жоспарлау ұйымныңмақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі.Басқарушылық қызметті басқарубасқаруаппаратының кәсіпқойлығын жетілдіру мақсатымен қабылданатын басқарушылық шешімдермен байланысты.Ішкі және сыртқы ортамен коммуникацияларбасқарушылық шешімдерге компания қызметі үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға бағыт береді. Бұл басқарушылық шешімдер жабдықтаушылармен және тұтынушылармен, клиенттермен, өз компанияның қызметкерлерімен және жақын жердегі халықпен қатынастарды қозғайды.Адам ресурстарын басқару бұл жағдайдабасқарушылық шешімдер ынталандыруды, белсендендіруді және жұмылдыруды көрсетеді.Басқарушылық кеңес беружағдайлық типтегібасқарушылық шешімдермен байланысты. Бұл шешімдер персоналдың немесе азаматтардың (жеке сұрақтар бойынша қабылдау), басқа ұйымдардың басшыларының, мемлекеттік, жергілікті немесе корпоративтік басқарудың бақылаушы органдарының жолығуларымен байланысты дайындалады және іске асырылады. Берілген қызмет шеңберінде басқарушылық шешімдер талаптарға, мүдделерге, сұрақтарға және т.б. жауаптарды көрсетеді.

3.Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқарудағы басқарушылық шешімдер. Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқарубасқарушылық шешімдердіұйымның пайдаланудағы жүйесін, оны қайта құрусыз, жетілдіруге бағытталған. Басқарушылық шешімдер бухгалтерия, кадр бөлімі, маркетинг бөлімі қызметтерін, өндірістік цехтарды басқаруды және т.б. жетілдірумен байланысты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: