Нені білдіреді? Басқарушылық шешім – бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық

Басқарушылық шешім – бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау.

«Басқарушылық шешім» термині екі негізгі мәнде қолданылады – процесс ретінде және құбылыс ретінде. Процесс ретінде басқарушылық шешім – бұл жеті негізгі процедураны орындау: ақпараттық дайындық, нұсқаларды әзірлеу, бір нұсқаны таңдау, бекіту, іске асыру, басқарушылық шешімдердің орындалуын бақылау және шешім инициаторын ақпараттандыру.

Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі жауапты болып табылады, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және әдістемелік жұмыстарын, сонымен қатар жинақталған және жүйелі практикалық тәжірибені қолдануды талап етеді. Басқарушылық шешім – бұл басқарылатын жүйенің қызмет етуінің субъективті заңдарын білу негізінде және оның қызмет етуі туралы ақпаратты талдау негізінде басқару субъектісінің шығармашылық, жігерлі әрекеті. Ол проблеманы шешу бойынша ұжым қызметінің мақсатын, бағдарламасы мен тәсілдерін таңдаудан және бар мақсатты өзгертуден тұрады. Басқарушылық шешім басқару процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын немесе ұйым шеңберінде басқарушы шешімдердің барлық типтерін қабылдайды. Сондықтан да басқарушылық шешімдердің инициаторынан технологиялық салаларда да жақсы білімдер талап етіледі

2. Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?

Басқарушылық шешім компанияның экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мүдделеріне әсер етеді. Сондықтан басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру басқарушыдан шешім құрамы мен мүмкін нәтижелерге кең көзқарасты талап етеді.

Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні– кез келген басқарушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру үшін қаржылық, материалдық және басқа ресурстар қажет етілуінен тұрады. Сондықтан әрбір басқарушылық шешім нақты өзіндік құнға ие. Ол басқарушылық қызметінің нәтижесі болып табылады және компанияға тура немесе жанама табыс әкелуі керек. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудан материалдық пайда мүмкіндігі мен шығындарды салыстыру арқылы бұл жұмысты өткізу орындылығын анықтауға болады.

3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?

Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні– берілген шараларды құқықтық өрісте жүзеге асыру мүмкіндігінде жатыр, яғни ҚР заң актілерін, халықаралық міндеттемелерді, компанияның жарғылық және басқа құжаттарын қатаң сақтау. Құқықтық өрісте басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру мүмкін еместігі шешімді жоюға алып келуі керек. Егер әзірленген шешім жойылатын болса, компания едәуір жоғалтуларға тап болуы мүмкін, ал шешімді заңсыз іске асыру жағдайында айыппұл есептелуі немесе басқарушылық шешім инициаторларының біреуіне қылмыстық қудалау болуы мүмкін. Заңдылықты білмеу заң бұзушылықты жауапкершіліктен босатпайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: