Емтихан билеті № 20

1. Адам ойының ерекшеліктерін сипатап беріңіз.

Басқарушылық шешімдер бойынша әдебиетте үш синоним қолданылады: «адам факторы», «жеке тұлғалық сипаттар» және «жеке тұлғалық мінездер». Адам факторының рөлі басқару шешімдеріндайындау процесіне, басқару шешімдерінбағалау мен оны орындау нәтижелерін бағалау процесіне ықпал етуінде көрінеді. Жеке тұлғалық мінездерге: иланушылық, ерік, денсаулық, тәжірибе, ойлау ерекшеліктері, жауапкершілік, кәсіпқойлық, реакция, тәуекелдік, темперамент, сезімдік деңгейі, назар түрі жатады. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру тарапынан адам ойының ерекшеліктері: тереңдік, кеңдік, жылдамдық және икемділік қызығушылық тудырады.

Тереңдік – адам ойының аналитикалық мінезін, талданып жатқан жағдайдың ішінде себеп-салдар байланыстарын іздеуді сипаттайды. Адам бұл кезде қоршаған элементтерден абстракциялануы мүмкін. Мұндай адамдарға басқару шешімдердідайындаудың аналитикалық әдісі тиімді болады.

Кеңдік – ойдың синтездік мінезін сипаттайды, мұнда адам талданып жатқан жағдайдың рөлін қызметтің жалпы сценарийінде бағалай алады. Ойдың кеңдігі сценарийлер әдісін және «шешімдер ағашы» әдісін тиімді қолдануға көмектеседі.

Жылдамдық – берілген компанияда қабылданған орта деңгейне қатысты тапсырманы орындау уақытымен анықталады. Қызметкер басқалардан гөрі жағдайды тезірек түсіне немесе тиімді шешімді тезірек әзірлей алады. Ойдың жылдамдығы көптеген нұсқаларды қарастыруға көмектеседі, бұл басқару шешімдердідайындау мен жүзеге асырудың эвристикалық әдістерінде қажет.

Икемділік – басқару шешімдердіәзірлеу мен жүзеге асырудың жаңа әдістеріне негізделген және уақытында өтумен сипатталады. Икемділік және келісімге дайындық басқару шешімдердідайындау мен жүзеге асырудың матрицалық әдістері кезінде қажет.

3. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыруға басшының қандай сипаттары ықпал етеді?

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға қиялға берілу (романтизм) мен практицизм, оптимизм мен пессимизм сияқты басшының сипаттары үлкен әсер етеді. Басшының қиялға берілуі (романтизмі) басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру сұрақтарындағы өз мүмкіндіктерін, сонымен қатар ол үшін қажетті ресурстарды алу мүмкіндігін жоғары интуитивті бағалаумен байланысты. Қиялға берілу (романтизм) өз қызметінің бастапқы кезеңінде барлық басшыларға тән. Қиялға берілу (романтизм) – бұл компанияның даму көздерінің бірі. Бірақ ол басшының да, персоналдың да түңілуіне жиі алып келеді. Әдетте компанияға персоналды жаңартумен байланысты жаңа қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшері қосылады, сондықтан басшы өзі үшін мұндай қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшерін анықтау және қиялшыл-бағыныштының қызметін бақылауды жүзеге асыруы керек.

Басшының немесе маманның практицизмі жұмыстың үлкен тәжірибесімен және басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде еліктеме тәсілдерді қолданумен байланысты. Мысалы, жабдықтаушылардың уәдесіне тұрмауын ескере отырып, мұндай практик өз компания үшін қажетті ресурстарды жеткізуге қосымша келісімдер жасайды, өнімді сатып алуға компания мүмкіндіктеріне қарағанда көбірек ұсыныстар жібереді. Осылайша компания біреудің тапсырысын орындай алмай, қиын жағдайда болуы мүмкін. Сондықтан басшы ұқсас шешімдердің мөлшерін және мұндай практик-қызметкерлердің болуын анықтау керек.

Басшының оптимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін жоғары есепті бағалауына негізделеді. Кез келген экономикалық, қаржылық, ұйымдық есептеулер мен бағалауда мүмкін бастапқы мәліметтер мен мүмкін нәтижелердің мөлшері әрқашан бар. Қызметкерге берілген мөлшерде жақсы нұсқаны таңдау мен бұл шешім үшін жауап беру құқығы беріледі. Оптимизм басқарушылық қызметте жоғары кәсіпқойлықпен және компанияның технологиялық мүмкіндіктерімен қуаттануы керек. Оптимист-басшылар компания үшін пайдалы. Олар басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру тәуекелдігін жағымды жаққа да, жағымсыз жаққа да арттырады. Мұнда жеңістердің, жеңілістердің және тұрақтылықтың арақатынасын қалай белгілеуді шешу қажет. Компанияның басшысы сонымен қатар оптимизм шамасын немесе мұндай басшылардың басқалар ішіндегі арақатынасын анықтау керек.

Басшының пессимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін төмен есепті бағалауына негізделеді. Басшы төмендетілген нұсқа міндетті түрде іске асырылады және компанияға үлкен емес, бірақ тұрақты табыс алып келеді деп есептейді. Мұндай тәсіл дәстүрлі аз өзгеретін өндірістерде тиімді болуы мүмкін. Компания басшысы үшін басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тәсілдердің теңгерімділігін және ойланған шешімдерді қамтамасыз етуге пессимистер де қажет.

3. Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?

Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге – иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге – ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.

Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: