Емтихан билеті № 23

1.Абырой дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Абырой –бұл кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері.Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға мінез-құлық пен абырой мазмұны, соның ішінде: мейірімділік абыройы, орнын толтыру абыройы, әріпшілдік абыройы, басу абыройы, қашықтық абыройы, өсиетшілдік абыройы және тәкаппарлықабыройыәсер етеді. Әрбір түрі басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асырукезінде тиімді қолдану облысына ие.

2. Қашықтық абыройы қай жағдайда тиімді? Қашықтық абыройы басшы мен оның шешімдерін орындаушылары арасындағы ақпаратта және байланыстарда кедергілерді жасанды жасау есебінен құрылады. Басшының немесе ақпараттың қол жетпестік әсері бағыныштыны ынталы шешімдерге жандандырады. Қашықтық абыройы сонымен қатар басшы өз шешімін қалай орындайтынын білмегенде және орындаушыларға үміттенген жағдайда тиімді.

3.Қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың қай түрін қолдану қажет? Орнын толтыру абыройы тапсырманы орындау үшін күшті түрткі болатын себептерді (өтемдерді) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бағыныштыны орындалатын тапсырмаға емес, оны орындау үшін өтемдер мүмкіндігі қызығушылығы итермелейді. Өтем ақшалай түде, қосымша демалыс беруде, зейнеткерлікке шығу үшін қысқартылған өтілінде көрінуі мүмкін. Өте қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың бұл түрі жақсы нәтижелерге алып келуі мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: