Поль С. Брэгг 7 страница

Мен сіздердің тамағыңыз 100 пайыз тек қана көкөніс пен жеміс жидектерден ғана болсын деп айта алмаймын, себебі қазіргі өркенниетті адам, осыдан 5 – 6 мың жыл бұрын өмір сүрген ата бабалары сияқты өмір сүре алмайды. Міне мен сондықтан, тамақ құрамының мінсіз мәзірінің 60 пайызы шикі көкөністер мен жеміс – жидектерден, 20 пайызы белоктан құралуы керек деп есептеймін. Бұл белок ет, балық, жұмыртқа, табиғи ірімшік – сыр немесе өсімдіктен жаңғақ, дән түрінде болады. Сыра ашытқысы және бөрттірілген бидай да белок азығының маңыздысы.

Соңғы 20 пайызының өзі үшке жіктеледі. Бірінші бөлігі табиғи крахмал – наннан, күріштен, бұршақтардан алынады. Екінші бөлігі табиғи қант – балдан, шырындар мен кептірілген жемістерден алынады. Үшінші бөлігі табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, соя т.б. өсімдік майлары.

Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде шоғырланған тамақ, сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана қолданыңыз.

Ет жемейтіндер етті жеуге қарсы

Менің тамақтану жөнінде маман болғаныма 50 жылдан астам уақыт болды. Осы уақытта ет жемейтіндер мен ет жейтіндер арасында толассыз айтыс жүріп жатыр. Екі жақта өздерінің көзқарастарын ғылми түрде негіздеп дәлелдеуде. Мен сізді ана жақты, мына жақты қолда деп үгіттемеймін. Осы тақырыпта жүздеген кітаптар жазылған. Маған келсек, тамақ туралы әңгіме болғанда «ешқашанда» деген сөзді өмірімде қолданбаймын.

Ұзақ жылдар бойы ашығу бағдарламасымен шұғылданғандықтан және тамағымның басым бөлігі жаңа жұлынған көкөніс пен жемістер болғандықтан, менің ағзамның сезімталдығы сонша жетілген, не жеу керектігін, маған мүлт жібермей хабарлап отырады. Осы жылдарда мен ет, балық жеуді мүлдем ұмытқанмын, менің тамағым шикі және пісірілген көкөністер мен жеміс жидектер, жаңғақтар, дәндер, ашытқы мен бөрттірілген бидай тұқымы. Бірақта кей кездерде менің ағзам ет, балық, табиғи ірімшік, жұмыртқа же деп айтады. Басқаша айтқанда, менің ағзамда тамақ таңдау болмысы дамыған. Кей уақытта 4 – 5 жыл бойы ет, балықты аузыма да алмаймын, бірақ сонан кейін аздап ет пен балық же деп ағзам хабарлайды. Осы ішкі даусым маған керемет көмектеседі.

Өмір сүру салтым бойынша мен ет жемейтіндерденмін (вегетерианец). Мен жүздеген бас шошқа, ірі қара өсіретін фермада тәрбиелендім, оларды осы жерде соятын. Өлтіру мен үшін ең жеккөрінішті нәрсе. Мен ешуақытта да, аңшылықпен не балық аулаумен шұғылданып көрген емеспін, себебі кімнің болмасын да ажалына себепкер болғым келмейді. Мен адам аяғы сирек басатын елдерде болған 13 жорыққа қатыстым, сонда ет жемейтін сұлу да, сымбатты түземдіктерді көрдім. Екінші жағынан таңқаларлық денсаулықтары бар етпен ғана тамақтанатын түземдіктерді де көрдім. Енді бірде оңтүстік теңізде саяхаттағанымда, жеміс – жидекпен қоса балық, құс, ет жейтін керемет адам ұрпақтарының да өкілдерін көрдім. Сондықтан да ет жеу, жемеу көзқарасы жөніндегі дауда бейтарап бағытты ұстанамын. Өз ағзамды тазалай және жетілдіре отырып, оның тамақ таңдау қасиетінің дами түсетінін сеземін.

Менің сүйікті жеті ұстазым

Ағзаны тазалау және тамақтану жөнінен ең білгір маманның бірі, Денвердегі медицина докторы Джон Тилден. Осы ғұлама ғалым тарихқа ғажап дәрігер ретінде кірді. Оның емдеу әдісі ашығу мен көкөніс тамақтарын мол қолданудан тұрды. Ол 90 жылдан астам өмір сүріп, өле өлгенше адам емдеумен шұғылданды.

Енді бір шебер дәрігер, тамақтану ілімінің маманы, медицина докторы, даңқты Джон Харви Келлог, ол 60 жыл бойы Мичиган штатындағы белгілі демалыс үйі Ботлл Крикте мүдір болды. Доктор Келлог ет жемейтін мәзірмен шұғылданып, талай адамның жазылуына себепкер болды. Мен доктор Келлогтың қол астында оқып үйрену бақытына ие болдым, осыны өмірімнің ерекше оқиғасы болғанын мақтаныш тұтамын.

Ғасыр басында мен дене шынықтыру қозғалысының негізін қалаушы Бернару Макфэдденде көмекші болдым. Макфедден мырза, алғашында ет жемейтін мәзірді қолданып, соңынан ет пен балық аралас мәзірге көшті. Аралас мәзірді жақтаған осы адам 88 жыл өмір сүрді.

Адамдарды табиғи тамақпен қажырлы түрде емдеген көптеген мамандармен маған араласуға тура келді. Өткен ғасырдың 20 жылдары, алғашқылардың бірі болып шикі көкөністермен адамдарды емдеп жазған, доктор Сент – Луи Эстеспен тізе қосып жұмыс істедім.

Доктор Бенедикт Луст Америкада табиғи тамақтанудың негізін қалаушы. Ол Нью – Йоркте табиғи тамақтанудың үлкен мектебін ұйымдастырып, өзінің ілімін дүние жүзіне таратқан жүздеген шәкірттер тәрбиелеп өсірді.

Доктор Генри Линдлараны «дәрісіз дәрігер» деп атады, ол бірінші болып алдын алу мен емдеуді табиғи әдіске көшірді.

Профессор Арнольд Эрст, менің көзқарасымша тамақтану жөніндегі аса білгір маманның бірі болды. Ол етсіз тамақтану негізінде «маңқасыз мәзір» емдеу әдісін енгізді. Мен профессор Эреттің осы жүйесін қолданып 80 – 90 жас өмір сүрген көптеген шәкірттерін білемін. Мен бұлардан басқа, өзім бірге жұмыс істеген тамақтану мамандарын айта аламын. Олардың кейбіреуі аралас мәзірді, екіншілері таза ет жемейтінді, басқалары шикі көкөніс мәзірлерін ғана насихаттады. Бәріне ортақ, олар тамақ құрамына біздің дамыған қоғам жасаған өлі тағамдарды қоспауын қалайды. Енді тамаққа қосуға болмайтын өлі тағамдардың тізімін келтірейін.

Қатал мәзір, ағзаның сырттан келетін барлық келеңсіздіктеріне қарсы қоятын қаруы. Сондықтан да ол ыстыққа, суыққа, шаршауға оңай беріле қоймайды. Б. ФРАНКЛИН

Жеуге болмайтын тағамдардың тізімі

Рафинадталған қант және оның өнімдері: джем, мармелад, балмұздақ, шербет, мұз кәмпит, сағыз, тәтті сусын, пирог, печенье, пудинг, тәттіленген жеміс шырыны, консервленіп сироп қосылған жемістер.

- кетчуп, горчица, ащы томат соусы, маринад, көк маслина;

- тұздалған тағамдар: шытырлақ картофель, тұздалған жаңғақтар т.б.

- ақталған күріштен дайындалған тағамдар;

- өндірісте жасалған дайын тағамдар жүгері (кескіні), осыған ұқсас тағамдар

- қуырылған тағамдар;

- қанықтырылған және гидрогенизделген майлар (біздің жүрегіміздің жауы);

- мақта майы бар тағамдар; егер қораптың сыртында «өсімдік майы» деп жазулы тұрса, алдымен не екенін анықтап алыңыз, сонан кейін сізге керек пе, жоқ па біліңіз.

- маргарин (құрамында қанықтырылған және гидрогенделген май бар);

- арахис майы, құрамында гидрогенделген майы бары;

- кофе, шәй, мас қылатын спирттік ішімдіктер;

- темекі;

- шошқа еті және оның өнімдері;

- тұздалып кептірілген балықтың барлық түрі;

- кептіріліп тұздалып ысталған ет, шұжық, бекон;

- ыстық сосиска, нитратпен қанықтырылған басқа тағамдар;

- консервант ретінде қолданылатын, құрамында күкірт тотығы бар кептірілген жемістер;

- өсіргіш қолданған тауық еті;

- консервленген көже (этикеткасынан құрамындағы қант, ұн, крахмал т.б. оқыңыз);

- ұн өнімдері (ақ нан, бидай ұны қосылған қара бидай наны, печенье, пирожок, торт, вафли, макарон т.б.);

- бұзылған ескі жемістер, ескіріп кеткен салаттар, жылытып әкелген картофель;

- дәрілермен өзіңді емдеу, ешқандай да – аспирин, антигистамин, магнезин, ұйықтататын дәрі, транквилизатор, бромид, ауру басатын дәрі. Сіздің өзіңізге өзіңіз дәрі тағайындайтындай мамандығыңыз жоқ. Салдары қауіпті болуы мүмкін.

Ішімдік мыңдаған жігіттер мен қыздардың денсаулығын ұрлауда. Өз денсаулығыңды, өмір күшіңді арақты араластырып түзеймін деп ойлама. Араққа тәуелді болып, өзіңді еш уақытта жақсы сезінбейсің.

ТАРАУ

Мен ашығу кезеңінде клизмаға қарсымын

Мен ашығу жайында көптеген кітаптарды оқып шықтым, көпшілігінде ашығу барысында күнделікті клизма жасауға кеңес береді. Менде мүлдем басқа пікір. Мен клизмаға қарсымын, сондай бір ерекше жағдай болмаса. Ішек мүлдем жұмыс істемей қалғанда ғана қолдану керек, оның өзінде басқа амал жоқ болса ғана. Клизманы күшті іш өткізетін дәрімен салыстырсақ, өзіндік кемшіліктері болса да дәрі дұрыс. Дәріні жиі қолданса ол етті тітіркендіріп, ішекті қалыпты жұмыс істететін, ішектегі ас қорту жолының маңызды кілегей қабатын шайып кетеді. Ашығу кезінде біздің ағзамыз физиологиялық тыныштықта болады. Ағзаға тамақ түспегеннен кейін, ішектің жиырылуы тоқтайды. Осы кезеңде шығару жүйесі түгелдей демалады, сіз оған бөгет жасамаңыз. Ішектің ішінде, ағзаның санитарлық залалсыздандыру жұмысын атқаратын қызметкерлері бар, сондықтан ашығу кезінде адам уланбайды. Осы жайында мазасызданбай – ақ қойыңыз, клизма мен іш өткізетін дәріні қолданбаңыз. Ішектің дем алуына бөгет жасамаңыз, сіз осы мақсат үшін ашығудасыз. Жалпы идеяның мақсаты мен нәтижесі, қуатты шығару жүйесіне демалыс беру. Ашығу барысында анда санда үлкен дәретке отыруыңыз мүмкін. Егер бұлай болмаса, ол сіздің уланып жатқаныңыз емес. Ашығу аяқталып табиғи тамақпен тамақтана бастағанда, ішек бұрынғы қалпынан да жақсы жұмыс істей бастайды.

ТАРАУ

Тіліңіз еш уақытта алдамайды

Сіздің тіліңіз сиқырлы айна. Сіздің тіліңіз арқылы, ағзаңыз бен клеткаларыңызда қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге болады. Тіл асқазан мен бүкіл шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда өңешіңізден тік ішегіңізге дейін созылған он метірлік канал бар. Осы арада ылғал мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың барлығы осы канал арқылы өтеді. Өту үшін, әртүрлі тамаққа әртүрлі уақыт керек. Осы күні көптеген адамдар рафинадталған, ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. Олар мол мөлшерде ақ ұнды, рафинадталған қантты, қанықтырылған майды жейді. Ішектен тез өту үшін, осы өркенниетті деген тағамдарда қалыпты ылғалдық, түтілгіштік, тығыздық болмайды. Мен есептеймін, көптеген ауруды қоздырушы себепкер болып қалушы бар, ол тік ішектің бекітілуі (запор). Осыны әртүрлі себептермен түсіндіреді, менің көзқарасымша, ішкен тамақ пен шыққан дәрет арасында тепе теңдік болмаса, тік ішек бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың бастамасы.

Біздің кезімізде, адамдар қай уақытта болмасын қанша ішсем де, не жесем де зияны жоқ деп есептеуге әдеттенген. Бізді, қуатты болу үшін деп таңертең тоя ішуге, іле шала екінші таңғы тамақ, түскі ас, түстен кейін кофе, кешке лықа тою, сонан соң теледидар көріп, тура ұйықтардың алдында тамақ ішуге үйретті. Осыған майлы балмұздақ араластырылған тұздалған жаңғақты қосыңыз. Бұл дегеніңіз, тамақ қорту ағымы тәулігіне 6 қабаттан астам жүреді.

Егер таңертең күніне бір қабат қана үлкен дәретке отырса, шығару жүйесіне қауіп жоқ деп есептейді. Өздері тықпаштап жеген тамақ қалдықтарынан арылу үшін бұл жеткіліксіз. Нәтижесінде, тамақ қалдықтары ішекте қалады да ферменттік, бактериялық өзгерістерге ұшырап шіріп, ауыр ауруларға тап қылады.

Адам ағзасы өте сенімді, мықты, ол тамақпен келген артық зиянды заттардан құтыла алады. Бірақта адамдарды дұрыс тамақтанбайсың, күніне бір қабат үлкен дәретке отыру жеткіліксіз, тік ішегіңіз бекітілген, осының арты жамандыққа апарады деп сендіру қиын. Осыларды алдын ала ескертетін бір белгі бар, ол ішегімізде қанша улы заттардың божып жатқанын тура айтатын – тілің.

Егер 2 – 3 тәулік таза сумен ашықсаңыз «сиқырлы айна» - тілің – ағзаңызға қандай қатер төніп тұрғанын айтып береді. Тілді жаман иіс бөлетін, ақ қоймалжың улы зат басып алады. Ақтаңдақты сыпырып алып тастаңыз, бірнеше сағаттан кейін қайта пайда болады. Бұл ағзаңыздағы улы заттардың, қалдықтардың, маңқаның бүкіл ағзаның клеткаларына шоғырланып жиналған тура көрсеткіші, осылар ашыққан кезде асқазанның, ішектің т.б. мүшелердің ішкі бетінен бөлініп шығады.

Қалыпты кезде саумын деп жүрген адам, өзінің ішінде улы заттардың мол мөлшерде екенін білгенде сенгісі келмейді. Менің пікірімше, көптеген аурулардың себебі, ас жүретін ішектің бекітілуінде, тіпті дем алатын мүшенің қан тамырлары аурса да. Зиянды қалдықтар ішекпен сорылып алынып, ағзаның барлық жүйесін улайды.

Табиғат ағзада мол мөлшерде улы заттардың барын, ашыққан кезде тілдің бетін ақтаңдақ қоймалжыңмен жауып көрсетеді. Өмірлік маңызы бар бүйрек, бауыр бездерінің құрлысы сорғышты еске түсіреді. Тесіктері толып тұрған сорғышты көз алдыңызға елестетіңізші. Мен өз өмірімде ашығудың жүздеген жайын бақыладым. Америкалық қалыпты тамақты жеп, адамдардың қаншама улы заттарды ағзасына шоғырландырып жатқанын білемін. Адамға суық тиді делік. Ол тоқталып ойлануы керек, неге танауы мен тамағы арқылы көп маңқа мен сұйық бөлініп жатыр. Ал адамның ағзасы өкпедегі, бүйректегі, өттегі жиналған улардан тазалануға мәжбүр, өзіндік қиыншылықтан осылай құтылуда.

Егер өзіңіз жайлы кеңірек білгіңіз келсе, мұқият тіліңізді тексеруден бастаңыз. Тіл – дененің әр мүшесінің ауру не сау екенін көрсететін мүше. «Сиқырлы айна» сізді ғажап денсаулыққа жетелейтін жұлдызыңыз. Неғұрлым дұрыс ашығып, дұрыс тамақтансаңыз соғұрлым тіліңіз тазара береді. Таза тіл – сіздің аурмайтын, шаршамайтын, қартаймайтын өмірге бет бұрғандығыңыздың белгісі.

Адам кәріліктен өлмейді, неге десеңіз кәрілікке тән ауру болмайды. Көптеген аурулар жас, кәрі деп таңдап жатпайды. Осы аурулардың басым бөлігі ағзада улы заттардың мөлшерден тыс шоғырланып жиналуынан болады. Ашығумен және табиғи тамақтанумен өз ағзаңызды таза ұстаңыз. Сіздің тіліңіз бен кіші дәретіңіз ішкі тазалығыңыздың жолын көрсетеді. Ашығу барысында тіліңіз бен кіші дәретіңізді мұқият қадағалап отырыңыз.

Адам ағзасы физика, химия заңдарына сәйкестендіріліп жасалған. Олар ешуақытта өзгермейді. Бұл заңдар әрбір жүйкеге, әрбір талшыққа, әрбір мүшеге жазылған. Бұл заңдар клеткаларды, талшықтарды, мүшелерді басқарады және әрқайсысына міндеттерін бөліп берген. Бұл заңдар бүкіл ағзаны аралайтын жүйке жүйесі арқылы әрекет етеді, жүйке жиілігін тудыратын және санаға тікелей бағынбайтын талшық жүйке жүйесі арқылы да заңдарды іске асырады.

ХЕНРИ У. ВОЛЛМЕР, медицина докторы

ТАРАУ

Тістеніп алып күліңіз

«Менің ашыққым келеді, себебі ғажап өзгерістер болатынына сенемін, бірақта алғашқы үш күнде адамды қинайтын азабына шыдай алмағандықтан ашыға алмаймын». Осыны ашығудың кереметі жайында лекция оқығанымда талай рет естідім. Бұндай адамдарға берер кеңесім: «Тістеніп алыңыз да күліңіз». «Мен ашығып көрейін деп едім, әлсіреп өзімді нашар сезінгенім соншалық, қайта тамақ ішіп қойдым». Осындай пікірлерді жиі естимін. Мен осы кітапта, ашығу жеңіл өтеді деп бір де, бір рет айтқан жоқпын.

Тамақ біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалық, егер адамға тамақ бермей қойып ашықтырса, тәндік және жүйкелік ауыртпашылыққа ұшырайды. Ашығудың кең өріс алмауының басты себебі осында. Адамдар әдеттерінің құлы.

Мен анда санда Гавай аралдарындағы Рокфеллердің жаңа қонақ үйіне қону мүмкіншілігіне ие боламын. Бұл американдық жақсы қонақ үйі, жамбас ақысына тамағы қоса кіреді. Таңғы тамақ 7.30 – да, кешкі ас 19.00 – де. Осы сағаттарда асхананың қасынан қай уақытта өтпейін, қарындарын тойдыру үшін, есіктің ашылуын күтіп тұрған адамдарды көремін.

Болашақта дәрігерлер дәрі бермейді, бірақ науқасты жарамды ас мәзірімен қызықтырады. ТОМАС ЭДИСОН

Адамдар осы сағаттарда аш па еді? Неліктен бұлай болуы тиіс? Осында тұратындардың көпшілігі жағалауда жатып құмар ойнап, кітап өқып, құмға аунағаннан басқа түк те істеген жоқ. Олар сандалғаннан басқа тамақ ішетіндей жұмыс жасаған жоқ, бірақ олар тура осы сағатта тамақ ішу керек екендеріне сенімді. Осындай жағдай, мен үйіме Калифорнияға кемемен қайтып келе жатқанда болған. Онда да асхананың есігінің ашылуын тағатсыздана күткен тобыр тұратын.

Жеу үшін өмір сүрмеңіз, өмір сүру үшін жеңіз

Тамақ! Тамақ! Тамақ! Адамзат үшін алғыс та, қарғыс та болуы мүмкін. Артық жеген тамақ адам ағзасына көптеген зиян келтіреді. Бір күні ас қорту жүйесінің артық жұмыс істеуден бас тартатын күні туады. Бұның салдары өте қатерлі болуы мүмкін. Ас қорту жүйесінің ауруы – қазіргі заман адамының қасіреті. Ішектің бекітілуі осы аурулардың тізімін бастайды. Адам, ішегінің ішінде жиналған улы қалдықтарды тазалауға тырысып, тонналаған ұнтақ дәрілер т.б. сатып алуда. Өркениетті осы заманның адамы, қарнын қабақтай қылып толтырып алғандықтан, ас қортылмайды және уақтылы шығарылмайды. Бұл ескі автокөліктің жылдамдығын арттырам деумен тең. Ішектің бітелуі көптеген аурулардың басты себепкері екені дау тудырмасы анық. Осыған бір дәлел, кішкене тәжірибе жасап көріңіз. Түскі тамаққа жейтініңізді түгел дайындаңыз, бірақ жемеңіз, ыдысқа салып 38 градус жылылықтағы суға салып қойыңыз (ішектің ішіндегі жылулыққа сәйкес). Жылудың тұрақты болуын қадағалаңыз. Енді 8 сағат өткеннен кейін не болатынын байқаңыз. Бірінші байқайтыныңыз ауыр, жаман иіс. Сонан кейін тамақ божып, газ бөле бастайды. Газ қысымы адамға талай келеңсіздік әкеледі. Диафрагманны қысып, жүректің қысылуын т.б. жайсыздықтар жасайды. Ағзада осы божып жатқан быламықтан улар үзбей бөлініп, басты және басқа мүшелерді ауртады. Жәй бактерологияның анықтағанындай, бактерияның көбеюіне тік ішекте қортылмай қалған тамақтан жақсы орта жоқ. Сөйтіп, біз өз ағзамызда, өзімізге қасірет әкелетін, сан жетпес жауды өсіріп өрбітіп отырмыз.

Егер суық тиіп жиі аурсаңыз, осы аурудың қоздырғыштарын өсіретін, тіршілік ететін ортасына айланған - ішектің бітелуі. Зиянды тамақтарды көп жегенде пайда болатын улардан денеңіздегі ең маңызды мүше – бауыр зардап шегеді. Бауырдың ағза үшін маңыздылығын, әркім білуге тиіс. Бауыр көптеген қызметтер атқаратын химиялық лаборатория. Ол тек өт сөлін ғана бөлмейді, сондай – ақ ағзаның негізгі тазалағышы. Бауыр мен ішек, ас қорту ағымындағы әріптестер. Егер әріптесінің біреуі пәлеге ұшыраса, екіншісі көмекке келеді. Осы жиі қайталанса, ағза талқандалады. Бауыр мен ішек жолдарының қызметі бұзылса, адам ауыр халге ұшырайды. Міне неліктен, ішек бітелгенде бауыр аурып, басқа мүшелердің де сау болмайтыны сондықтан.

Ағзаңызды тазалау үшін ашығуға кіргеніңізде, тамақтан тартылу қолайсыз болатыны айтпаса да түсінікті. Сіз ашыққан кезде, ағзаның өмірлік күші шоғырланған зиянды қалдықтарды аластатып, зат алмасу ағымына қосады, соңынан залалсыздандырады. Осы улы заттар шыққан кезде, сіз өзіңіздің жеңілдеп, бұрынғыдан жақсарып қалғаныңызды сезесіз. Ашығу барысында жағдай күнделікті өзгеріп тұрады. Ағза өзінен көп мөлшерде уларды қуып жатқан уақытта өзіңізді жайсыз сезінесіз. 3 тәуліктік ашығуға қарағанда, 7 тәулік ашығудан кейін өзіңізді тіпті жақсы сезінетініңізді біліп алыңыз. Себебі, қанша бейнет әкелген улардан арылдыңыз. 10 тәуліктік ашығудың соңғы күндері өзіңізді бастапқыдан жақсы сезінесіз. Ағза тазарған сайын соншалықты өмірлік күш қосылады. Сондықтан да, ашығудың басында ағзаның тазалану барысында болатын барлық жайсыздықтарды тістеніп алып, күліп қарсы алыңыз, осыған шыдаңыз. Қалай тазаланасыз, солай өзіңізді күштірек сезінетініңізді білесіз.

Табиғатты кіналамаңыз, ол өз ісін біледі, өзіңізді кіналаңыз! (Жоғалған жұмақ)

МИЛЬТОН

ТАРАУ

Дұрыс ашығу маңқаға қарсы

Менің пікірімше, адам денсаулығының көптеген келеңсіздіктерінің түп тамыры, шығару жүйесіне толып алған қалдықтарда. Көптеген жағдайда ішектің бітелуіне себепкер маңқа. Сіз өзіңіз маңқадан тазасыз ба? Осы туралы ойланыңыз. Маңқа танау кеңсірігінде жинала ма? Мұрныңыз қалай? Қол шытыңызды неше қабат шығарасыз? Тамағыңызды неше қабат шайқайсыз? Күніне неше рет қақырынып сіңбіресіз?

Қалыпты тамақ ішетін қандай адамның болмасын, шығару жүйесі маңқаға толы. Бұл улы қоймалжың, туғаннан бастап қортылмаған және шығарылмаған табиғи емес тамақ қалдықтары. Бұл тек қана тамақты, танауды, өкпені ғана емес өңештен тік ішекке дейін созылған шығару жүйесін де тығындап тастайды. Адамдар кеңсірігіне толып алған маңқадан зардап шегеді, құлақта сұйық және құлық түрде болады. Өте көп мөлшерде өкпеде кездеседі.

Өкпенің қабынуы (пневмония) өте қатерлі аурулардың бірі. Қанды қанықтыратын оттегі, маңқа толы өкпеге бара алмағанда, ауру үдей түседі. Қалыпты тамақ ешуақытта толық қортылмайды, ал жиналып шоғырланған қалдықтар ешуақытта толық шығарылмайды. Осы жағдайда біздің шығару жүйеміз біртіндеп, амалсыз ластана береді. Көптеген аурудың себебі осында жатыр. Қалдықтар ағзада қалып, көбейіп жинақтала береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: