Поль С. Брэгг 6 страница

Ашығу кезінде өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін, себебі улар әлі шыққан жоқ. Бірақ өмір күші осы уларды бүйрек арқылы біртіндеп шығара бастағанда, өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз. Дүркін, дүркін ашығу арқылы ағзаңызда көп жыл бұрын көміліп қалған ескі дәрілерден құтыласыз. Рұқсат етсеңіз, алғашқы ашыққан кезімдегі бір оқиғаны айтып берейін. Менің ағзамның қышқылдануы сонша, бала күнімде балалар ауратын аурулардың бәрімен аурдым. Осы кезеңдерде, құрамында сынап бар «каломель» деген дәріні көп іштім.

Швейцарлық дәрігер – менің құтқарушым

Лозанна қаласындағы атақты дәрігер Август Ролльенің демалыс емханасында, денсаулығымды түзеп алып, дүркін, дүркін ашығу бағдарламамды жүзеге асыруға кірістім. Осылайша 5 жыл өтті. Бір кезде 10 күн ашыққанымда ғажап жағдай болды. Мен өзімнің ескі, ата бабамнан мұраға қалған Вирджинидегі фермамда болдым, ашығуымның 7 күні күн сәулесі мен таза ауада рахаттанып жеңіл қайықпен суда сырғанап жүргенмін. Кенеттен, өмірі болмаған ауру, асқазаным жан шыдатпай бұрай бастады, жағаға сүйретіліп әзер шықтым да, ішімді босаттым, үлкен дәреттің орнына, кесенің үштен бір бөлігіндей, «каломель» дәрісінің құрамында болған, бала күнімде ішкен сынап шықты. Осы күннен бастап, керемет денсаулықтың не екенін білдім, денсаулығым күрт жақсарды. Менің өмірлік күшім, ашығу бағдарламасын ұстанып, табиғи тамақ, таза ауа, күн шуағы, дене шынықтырулардың арқасында көп ұлғайды. Мен осы жылдары бала күнімде ішкен талай дәрілердің қалдықтарынан, улардан құтылғаныма сенімдімін.

Өзіңіздің рухани күшіңізді жоғары деңгейде ұстаңыз

Тіпті бір тәулік ашықанның өзінде де, сіз ағзаңыздың тазаланғанын білуіңізді қалаймын. Қартаймайтын, аурмайтын, шаршамайтын дене құрып жатырмын деген ойдың өзі, ашығу кезеңінде жігеріңізге – жігер қосып, рухани күшіңізді еселей түседі. Өзіңді өзің мүсіркеу, т.б. керітартпа ойларды басыңнан қу. Күнделікті ашыққан әр күні қайталаңыз:

1. Бұл күні мен өз тәнімді табиғаттың қолына тапсырдым. Мен, Жаратушыдан ішкі тазалығымды тазалауын және жаңартуын сұраймын.

2. Мен, ашыққан кездегі әр минутымда, өз ағзамнан қауіпті уларды қуамын. Әрбір ашыққан сағатымда, бақытқа кенеле беремін.

3. Сағаттан сағат өткен сайын, менің ағзам өзін өзі тазалайды.

4. Мен, ашыққан уақытымда, адамзат ұстаздары ғасырлар бойы қолданған тәнді, рухты, сананы тазалау әдісін қолданамын.

5. Мен, ашығу кезеңінде өз жағдайымды толықтай бақылаймын. Ешқандай өтірік қарын ашу сезімі, менің ашығуымды тоқтата алмайды. Мен өз ашығуымды сәтті аяқтаймын, себебі табиғат күшіне сенемін.

Осы сөздерді қайталай отырып, сіз өз ағзаңыздың әр клеткасын басқарасыз. Басқару сана арқылы іс жүзіне асады. Міне сондықтан да, жеке ашығу бағдарламаңызды достарыңызбен, таныс – туыстарыңызбен талқыға салмауыңызға шақырамын! Ашығу әркімнің жеке ісі. Ағзаңыздан улар шыққан кезде аздап қиналасыз. Бірақ сіз қайталап айтыңыз: «Бұл қайтсе де кетеді!». Алған бетіңізден қайтпаңыз, бірбеткейлік танытып, тазаланып болғаннан кейін ағзаңызда болатын ғажайып өзгерістер жайлы ойлаңыз. Осыған қуаныңыз.

24 сағат ашығып болғаннан соң, сіздің бірінші тамағыңыз ұсақталып туралған көкөніс, яғни сәбіз және капуста болуы керек, (осыларға қоспа ретінде лимон не апельсиннің шырынын араластыруға болады). Осы салат ішектің ішін сыпыртқы сияқты сыпырады. Асқазан, ішек жүйесіндегі бұлшық еттерді жұмыс істетеді. Салаттан кейін қайнатылған көкөніс – памидор. Егер бұқтырылған памидорды, ақ нансыз жесе қышқылдық әрекет бермейді.

Есіңізде болсын, ашығуды мынадай тағамдармен үзуге болмайды: ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ және дәндермен. Сіздің бірінші ауыз ашар тамағыңыз көк салат немесе бұқтырылған, пісірілген капуста, памидор, сәбіз, қызылша т.б. көкеністер. Келесі тамағыңыз еттен бола берсін.

Үш күндік, жеті күндік, он күндік ашығуды қалай өткізу керек

Үш тәуліктік ашығуға кіргенде барлық жағдай жасалуы керек. Егер ағзаңыздан удың кетіп жатқанын сезсеңіз, қай уақытта болмасын, тынығатын орныңыз дайын болуы керек. Осы кезеңде сіз өзіңізді жайсыз, нашар сезінсеңіз, жатып демалатын мүмкіншілік жасаңыз. Ағзадан улар шығып болғанша, жатқанда өзіңізді сабырлы және бос ұстаңыз. Кітап оқымаңыз, теледидар көрмеңіз, радио тыңдамаңыз және ешбір пендемен әңгімелесіп сөйлеспеңіз. Жатқан жеріңізде толық тыныштық, мамыражай қалып болуы керек. Алғашқы жайсыздық, ағзадан улар шығып болған кезде жоғалады.

Тағы да қайталаймын, ұзақ ашыққан кезде немен шұғылданып жүргеніңді елге жая бермеңіз, басқалардың жанының жаман толқыны (аурасы) сізге кері әсер етіп, сіздің ағзаңыздағы ашығу кезеңінде болатын ғажап құбылыстар туралы ойыңызды, ынтаңызды, мақсатыңыздың быт – шытын шығаруы мүмкін.

Ашығу тек қана менің жеке ісім болғандықтан, мен бұрынырақта Калифорнияның Санта – Моника тауындағы Топанга шатқалының жанынан лашық тұрғызып алдым. Осы жерде өз еркіммен қудалануда ашығуымды жиі өткіздім. Егер сізде осындай жағдай бар болса таза ауада, жападан жалғыз ашықсаңыз керемет нәтижеге жетесіз.

Біздің елде тамаша жағдай жасалған бірнеше демалыс үйлері бар. Тұрақты түрде ашығатын менің көптеген шәкірттерім, өздерінің демалыстарында тыныш жерлерге кетіп қалып пәтер жалдайды. Ашығу үшін үйіңнен безіп кет деп айта алмаймын, үйіңіз – қамалыңыз, бәрібір өз үйің, өлең төсегің. Менің жанұям түгел ашығады, егер біреуміз ашықсақ, қалғанымыз қолдан келгенше қолпаштап, жігерлендіріп отырамыз. Ашығу барысында бір біріміздің көңілімізді сұрамауға келіскенбіз.

Ашығу әркімнің жеке ісі екендігі соншалық, сізге бөтен ешкім де жәрдем бере алмайды. Сондықтан да, жанашырларыңыздың арасында талқыға салмаңыз. 3 – 10 тәулік немесе одан да көп ашыққанда сіз табиғаттың операция столындасыз. Табиғат сізді артықтарыңыздан - әсіресе маңқадан, улардан т.б. ағзаңыздағы бөгде заттардан арылтады.

Өмірлік күшіңіз, ішкі тазалау мен уларды шығара бастағанда, төсекте жатып тынығудың сіз үшін маңызы өте зор. Сіздің таза ауада, күн шуағына шомылғыңыз келсе, әліңіз болса ғана шығыңыз. Күн көзіне көп шықпаңыз, себебі жүйкеңізді жұқартып, өзіңізді шаршатады. Қуатыңыз шығындалатын жұмыс жасамаңыз! 3 – 10 тәуліктік ашығуды төсекте жатып өткізу жақсы нәтиже беретінін шәкірттеріме ұзақ жылдар бойы айтып келемін. Ашыққан адамның көп ұйықтағаны жақсы. Егер ұйықтай алмасаңыз, денеңізді жәй мамыражай қалыпқа келтіріңіз. Осы кезеңде барлық жұмысты ысырып тастаңыз. Еш нәрсе ойламаңыз, мазасыз ойдан құтылуға тырысыңыз.

Ашығу кезінде ішектің жұмысына алаңдамаңыз

3 – 10 тәулік ашыққан адамдарды, көбінесе ішегінің жұмыс істеуі алаңдатады. Шегелеп айтайын: бұл жөнінен мазасызданбауыңызға болады. Ашығу аяқталғаннан кейін ішек өзінің қалыпты жұмысын жалғастыра береді. Мен өзім ашығу кезеңінде қойылатын клизмаға, іш босатуға сенбеймін. Клизма – табиғатқа қарама қайшы, табиғатты зорлаудың қандай түріне болмасын мен сенбеймін, қарсымын. Осының іш өткізетін дәрілерге де қатысы бар. Ішектің өзінің санитарлық және залалсыздандыратын құралы бар, ішекте қалған тамақ, ашығу аяқталғанша бейтараптандырылады. Табиғаттың табиғи жұмыс жасауына бөгет жасамасақ, оның шығару жүйесінде мін жоқ.

Ашығуды аяқтағаннан кейін, қоймалжаңдығы мен ылғалдылығының көлемі теңестірілген тамақ ішесіз, тамағыңыздың тең жартысы табиғи салат, көкеністерден болғандықтан, сіздің ішегіңіз бұрынғыдан да табиғи қалыпта жұмыс жасай бастайды. Ет пен балықты аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Белоктың қажеттілігін жаңғақ, дән, жемістер қанағаттандырады. Жейтін наныңызды, крахмал тез сіңетін қантқа айланғанша кептіріп жеңіз. Ашығудан кейін бидай тұқымын бөртіріп, өсіріп жеңіз, өте пайдалы.

ТАРАУ

Мен жылына төрт қабат 7 – 10 тәуліктен ашығамын

Мен өзімнің ашығу бағдарламама сенемін. Осының пайдалы әсерін, мен, менің жан ұям, достарым және дүние жүзіндегі шәкірттерім көрді. Менің бағдарламама апта сайынғы және жылына ұзақ мерзімге ұстайтын 4 қабат ашығу кіреді. Әр жылдың басында, өзімнің ашығуыма ыңғайлы 7 – 10 күн ашығатын күндерімді белгілеп аламын. Неге 7 – 10 күн деп айтамын? Менің 7 тәулік ашығуымның себебі, осы уақыт өзімнің ағзамның толық тазаруына жеткілікті екенін сеземін.

Мен ашығумен шұғылданып жүргеніме сонша болды, оның маған тиігізетін әсеріне өте сезімталмын. Қай мезетте ашығуды тоқтату керектігін, ішкі сезім даусы өзі айтады. Әдетте ашығуды қаңтардың басынан бастаймын. Кей кезде 7 – 8 не 9 – 10 тәулік ұстаймын. Келесі ашығуымды ерте көктемге белгілеймін. Менің көктемгі ашығуым 10 күн, себебі қыстан шыққан «өз үйімді толықтай тазалап алуым керек». Мен қапырық бөлмелерде жиі лекциялар оқуға мәжбүрмін. Өкінішке орай, көпшілігі салқынға үйренбегендіктен отырған орындарын желдетуден қашқақтайды. Сондықтан маған қазіргі заманның балалары үйренген, қапырық залдарда болуыма тура келеді.

Жаратушы жаратқандарына ауа мен су және жарық берді. Адамдар сонда да, қапырық үңгірлерге тығылып өздерін өздері өлтіруде. ОЛИВЕР УЭНДЕЛЛ ХОЛМС

Ашығудың адам ағзасын тазалайтыны соншалық, барлық жүйенің жұмыс жасауы күшейіп, ағзаның жылу реттеу жүйесі керемет болады. Мысалы, мен қаңтар айында Калифрниядағы Палм Спрингс маңындағы күндіз +27, түнде -16 градус Цельсия бойынша болатын үйімнен шығып, ұшақпен Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласына, немесе Канададағы Торонто қаласына, күннің суықтығы -25 – 35 градус Цельсиядан төмен болатын барамын. Үзбей ашығудың және дұрыс тамақтануымның арқасында менің ағзам, шыңылтыр аязға тез бейімделеді. Мен осы жердің тұрғындарымен салыстырғанда, ауа райының қолайсыздығына шыдамдымын.

Ауа райына бейімделушілік, ашығу кезінде ағзадан уларды шығарып, өмірлік күшті қалпына келтірген кезде болатын ғажайыптардың біреуі ғана. Өзім айтқандай, ауа райы суық қалаларға келгенімде, олардың бөлмелері мен залдары ыстық, желдетілмеген. Ондағы ауа адамдардың дем алу нәтижесінде көмір қышқыл газымен қанықтырылған, міне осыған байланысты көктемгі ашығудың мен үшін маңызы зор. 10 тәуліктің ішінде, мен өз ағзамды қыс бойы жиналған улы, зиянды заттар қалдықтарынан тазалаймын.

Үшінші ашығу уақыты жаз айлары шілде мен тамызда өтеді. Бұл ашығу жеңіл өтеді, себебі жазда атыздан тікелей жаңа үзіп алыңған жемістер мен көкеністерді қалауымша жей аламын. Осы ашығудан, басқа ашығулармен салыстырғанда ләзатті көп аламын. Осы мезетте де бұрынғыдай тынымсызбын, рухани жігерлімін.

Менің күзгі ашығуым қазан айының аяғы, қараша айының басына келеді. Ашығудың пайдалы әсері жинақтала беретінін айтқанмын. Көз алдыңызға елестетіңізші, жалпы жиыны 75 тәулік тамақ ішпей, ас қорту жүйеме қандай физиологиялық демалыс беретінімді. Бауырым, өтім, гормондық жүйем толық демалады. Инсулин бөлетін бездерім дем алып, асқазанымның тамақты жақсы қортатын сөлі мол мөлшерде бөлінеді. Аузымдағы сілекей көбейеді. Аузыңызда тәтті дәм болып, демалысыңыз тазара түседі. Көп ашыққан сайын, сізден жаман истің шығуы азаяды.

Дәм мен иіс туралы

Осыдан бірнеше жыл бұрын, мен Нью – Йорктан Калифорнияға келген адамның ашығу бағдарламасын бақыладым. Ол өзінің денесінен, аяғынан, қолынан тіпті алақанынан мүңкіп шығып тұратын сасық иістен зардап шекті. Бұл жүректі айнытатын, шіріген сасық иіс еді. Ол тәулігіне 3 – 4 қабат ваннада жуынды. Иісмайдың неше түрін қолданс да, сасық иістен құтыла алмай қойды. Оның жүйкесі жұқарып, өзін қоғамнан аластатылған адам ретінде сезінді. Ол аздай галитоздан зардап шекті, оның аузынан шыққан сасық иіс, өгізді де өлтіретін. Ол қанша аузын шайып, тәтті сағыздар, дәрілер шайнаса да көмек болмады.

Ашығудың алдында осы адаммен әңгімелескенде байқағаным, ол ауыр жұмыстан қажып, жан ұясынан береке кетіп, ақша жайы да жанын қинап жүр екен. Адам қажығанда, өзінің жүйке қуатын және өмірлік күшін сарқып азайтқанда, шығару – бөлу жүйесі өзінің міндетін дұрыс атқармайды.

Менің оған айтқаным, өзін осындай жағдайға алып келу үшін талай жылдар жұмсағанын және қайта қалыпқа келтіру үшін ашығу бағдарламасын, дұрыс тамақтануды ұстануға да уақыт керек деп нұсқадым. Ол дұрыс ойлайтын зиялы адам болды, менен ашығу бағдарламасын бақылауымды өтінді. Біз 36 сағаттық ашығудан бастадық, ашығу арасында ет пен өлі көміртектерінен тұратын тамағына көкеніс пен жемістерді біртіндеп қоса бердім. Дұрыс тамақтанбау мен табиғи тамаққа көшу аралығында өтпелі кезең болу керек деп өзім есептеймін. Адам ағзасын бірден бұрынғы әдетін тастауға зорлық қылуға болмайды. Бұндай өзгерістер біртіндеп жасалуы керек. Етті күніне 3 қабат жеудің орнына, бір рет, ақ нанның орнына кептірілген қара нан т.б.

Біраз уақыт өткеннен кейін, мен оған 7 тәуліктік ашығуды тағайындадым. Бастапқы 3 тәулік ауыр өтті, себебі ағзасынан улы заттар бұрқырап шығып жатты. 4 –ші күні жүрегі қатты айныды, 5 – ші күні денесі түгелдей бөртіп кетті. Денесі мен демінен шыққан сасық иіске төзу мүмкін емес еді. Оның жанында тұру үшін кей кезде противогаз киіп алуды да ойладым. Күнделікті таңертең кіші дәретінен құйып алып, сыртына жазып, құтықшаның аузын бекітіп салқын жерге сақтап қойдым. Бірнеше аптадан кейін осы қою қара сұйық, адамнан шықты десе сенбейтіндей. Осы ашығудан кейін, табиғи емес тағамдардың басым бөлігін көкөніске, жаңадан үзіп алынған жемістерге алмастырдым да, бірнеше аптадан кейін он күндік ашығуға кіргіздім. Осы жолғы ашығу бұрынғыдан жеңіл өткенмен де, улы заттар шығарыла берді. Бұлар клеткада шоғырланған латентті улар болатын. Адамды қатерге алып келетін өлі уларды орнынан қозғау үшін, ашығудың үлкен бағдарламасы мен сілтілік тамақтар қажет.

Мысалы менің лекцияларымда көп адамдар айтады: «Брэгг мырза, сіздің теорияңызды силағанмен де менің денсаулығым өте жақсы, не қаласам соны жеймін, кофені қанша болсын ішемін, барлық қалыпты жандар жандар сияқты тамақтанамын». Олар өздерінің мықты, күшті екендерін маған дәлелдемекші. Бірақ мен олардан көп білемін. Олардың денелерінде улардың шоғырланып жинала беретінін мен білемін, бірақта бір күні бақылаудан шығып кеткенде, адам қатты аурады.

Сөз жоқ, көпшілік адамдар ата бабасынан жалғасқан тамаша денсаулықпен тұқым қуалайды. Олар табиғат заңдылықтарына көбінесе күле қарайды, осы заңдылықтың оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Бірақ есеп айырысу қайтсе де болады. Табиғат өзінің тазалау жұмысын, яғни ағзадан зиянды қалдықтарды шығара бастағанда, осы есеп айырысу күні басталады. Олар бір – ақ күнде бұралып ауруханадан шығып жатты. Маған сеніңіз, осы тумысынан, табиғатынан дені сау, алдында тұрғанын талғамай ішіп жейтін, темекі шегіп, тәулігіне 18 сағат жұмыс істегенде былқ етпейтін адамдардың талайын көрдім және олардың ауруханада азап шегіп қиналғандарын көргенде, жаным ашып көзіме жас алдым. Ащы ақиқатты айту қиын, бірақта осы денсаулығы зор болған адамдарды мезгілсіз ажал күтіп тұр.

Осылардың бәрін түсінгендіктен, мен Нью – Йорктік науқасыма ерекше сақтықпен жақындадым. Ол өзінің бағдарламасынан ауытқымай, табанды түрде жалғасырғанына мен разы блдым. Ол өзінің жауларын жеңу үшін, ашығу мен табиғи тамақтану бағдарламасымен жылға таяу уақыт шұғылданды. Қазір осы адамның демі түзеліп, денесінен шығатын сасық исі жоғалып, мүлдем басқа адамға айналды. Ол өз ағзасының ішіндегі жауларды жеңіп қана қоймай, 20 жылға жасарды. Қазір ол әдемі, әрі денсаулығы мықты, салмақты - мамыражай қалыпқа түскен жас, тартымды адам. Адамдардың басым бөлігі басына бәле келгенде ғана қимылдай бастайды, бірақта сақтансаң сақтаймын деген ғой.

Осы кітапты оқып отырған өзіңіз, табиғат өзінің улану ағымымен ұрып жыққанын күтуге тиіс емессіз. Ең дұрысы, ағзаңызға саналы түрде физиологиялық демалыс бере отырып, өзін өзі тазалауға мүмкіншілік беру. Жиналып шоғырланған улардан ағзаңыздың арылуына мүмкіндік беріңіз. Қазіргі күрделі өркенниетті даму, бізге улы заттарды үзбей лақылдатып төгуде.

ТАРАУ

Жеті күндік ашығуды қалай аяқтау керек

Жеті күндік ашығу кезеңінде сіздің асқазаныңыз бен барлық ішек жолдары жиырылады, ал ашығу мерзімі аяқталған кезде былай істеуіңіз керек. Ашығудың 7 – ші күні, мөлшермен кешкі 5 – те, 4 – 5 памидордың қабығын аршып тураңыз да, қайнап жатқан суға салып жіберіп, бірден шығарып алыңыз. Тәбетіңіз келген кезде суытып барып жеңіз. 8 – ші күні таңертең ұсақталып туралған сәбіз бен капустаға апельсиннің жартысын сығып, шырынын қосып жеңіз. Осыдан кейін кішкене табақшамен бұқтырылған көкөніс, жеміс жеуге болады. Осы тамақпен кептірілген қара нанның 2 тілімін жеңіз. Осыларды таңертең жеу қажет. Күні бойы суды қанша ішем десеңіз еркіңіз.

Түскі тамаққа майдаланып ұсатылған сәбіз, апельсиннің шырыны қосылған туралған капуста не сельдерей. Салаттан кейін екі жеміс көжесін – сәбізден, капустадан, асқабақтан немесе көк бұршақтан дайындалған, осыған екі тілім қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта май болмайды.

Тоғызыншы күні таңертең, қандай болмасын жаңадан үзіліп алынған жеміс (банан, апельсин, грейфрут, алма) жеуге болады. Осыған 2 кішкене қасық бөрткен бидайды 1 кішкене қасық балға араластырып қосыңыз. Күндіз ұсақталған сәбіз, капуста, сельдерейден жасалған салат, бір жеміс көжесі, бір тілім нан. Кешке салаттан, памидор т.б. көкеністерден пісірілген көже ішіңіз. Оныншы күннен бастап, кітаптың соңығы жағында келтірілген тағамдардың тізімі бойынша тамақтана беріңіз.

Диета заттарының әсері – ұзақ та, дәрі – дәрмектің әсері – лездік. ГИППОКРАТ

Он күндік ашығуды қалай аяқтау керек

Жеті мен онкүндік ашығудың арасында айырмашылық азғантай ғана. 10 – шы күннің кешкі 5 мөлшерінде памидор жеп, жоғарыда айтылған ережені басшылыққа алыңыз. Өзің жейтіндей ғана жеңіз, артық жемеңіз. Есіңізде болсын, сіз тамақсыз 7 – 10 күн өмір сүрдіңіз, осы уақытта тәбетіңіз жоғалды. Сіз тамақ іше бастағанда қуат бірден құйылмайды, ол үшін уақыт керек және ағзаңыз уды тазалаудан, тамаққа қанығу бағдарламасына көшу үшін де белгілі мерзім қажет.

Тағы да ішегіңіздің шығару жұмысына алаңдамаңыз

Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға 1 – 2 тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмейтіндігіңізге мен сенімдімін. Табиғат ішекті өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз.

Сауығудың бір шарты – сауыққысы келу. СЕНЕКА

Тамақ қортудың мінсіз бағдарламасы

Барлық керегі бар тамақтанумен, мен төменгі реттілікті ұсынамын. Бірінші үлкен дәретім, таңертең ояна салысымен келеді. Денемді бірнеше айландыру қозғалысы, ішегімнің толық тазалануына көмектеседі. Әдетте мен таңертең тамақтанбаймын, себебі осы тәртіп денсаулыққа өте пайдалы. Оянғаннан соң, бірнеше сағат өткеннен соң, аздап мөлшермен жаңа үзіп алынған жеміс – ананас, банан, апельсин, өріктің сарысын не қарасын жеймін. Бірер сағат өткеннен соң, бірінші тамағым көкеністерден дайындалған сәбіз, капуста т.б. салаттар, осыларға асқазаным жақсы жұмыс істеу үшін авакадо қосамын.

Бірінші салатты жеуді ережеме айландырдым. Себебі, біз ағзамызды тек табиғи тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды көже ішу мен нан жеуден бастайды, менің пікірімше, бұлай тамақтану мүлдем қате, себебі шикі көкөністер тамақ алдында ас қорту сөлінің бөлінуіне көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл мол, бұл ас қортуға ең қажет зат. Сондықтан да, мен тамақты көкөніс салаттарынан бастауларыңызды талап етемін, осылай бірнеше жыл әдеттенсеңіз, сіздің ағзаңыз тамақ алдында басқа нәрсені қабылдамайды. Осының нәтижесінде, сіздің тағамыздың құрамында, көкөніс мөлшері 60 пайызға жетеді. Шикі көкөністер мен жемістерде өмірлік күш мол, бұл табиғаттың күн қуатын шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: