Поль С. Брэгг 4 страница

Бел ауруы – адамзат қасіреті

Арқасы аурмайтын адам аз. Байқасаңыз, орта жастағы адамдар шалқайып түрекелген кезде, бет әлпеті ауырсынғаннан өзгеріп кетеді. Күнделікті естуге болады: «Ой, белім!». Улы қышқылдардың қиыршықтары белге келіп тұрақтап тұрып қалмайды, онан әрі иық, шынтақ, мойын, тіпті білек пен саусақ буындарын да жаулайды. Кейбір адамдардың уланғаны соншалық, өзінің жұдырығын да түйе алмайды. Бәрінің айтатыны: «Буындарым ауратын себебі, мен қартайып барамын». Бұған сенбеңіз. Басты себеп – улы қышқылдардың қиыршығы. Американдықтар буын ауруын жеңілдету үшін миллиардтаған дәрі құтықшаларын қолданады. Мыңдаған адамдар ыстық минералды сулардан, ванналардан т.б. әдістерден пана іздейді. Мен өзім буыннан зардап шекпеймін. Менің ұсынысымды буынды емдейтін кезекті дәрі ретінде қабылдануын қаламаймын. Бірақ, осы шырғалаңнан шығатын жол бар екеніне мен сенімдімін.

Тазалану үшін ашығу

Сіз, 24 не 36 сағат немесе 3 – 10 тәулік ашыққан уақытыңызда, ағзаңызда денсаулық күші жұмыс істей бастайды. Мен тағы қайталаймын, осы күштер сіздің ағзаңызды жаңалайды. Осы қуат әрқашан да сізбенен. Сіз таза сумен толық ашыққан уақытыңызда – шайнауға, жұтуға, қортуға, сіңіруге, шығаруға жұмсалған өмірлік күшіңіз, енді ағзаны тазалауға кіріседі. Сондықтан да, ашығу – терең ішкі тазалау, өмір күшін қалпына келтіретін физиологиялық демалыс.

Сіз 60 келген адамсыз деп есептейік, құрсағыңыз ашпаса да күніне үш мерзім тамақтану әдетке айланып кеткен, нәтижесінде улы қышқыл қиыршықтары буындарыңызға сіңе береді.Табиғатқа, сіздің ағзаңыздағы ішкі күштер - ашығу арқылы, жылдар бойы жиналған осы қиыршықтарды талқандауға мүмкіншілік береді.

Өзін өмірге қайта қайтарған мүгедек

Эванс мырзаның маған осыдан он жылдай бұрын келгені әлі есімде. Кабинетіме қатты ақсаңдап кірді. Калифорниядағы белгілі дәрігер физиотерапиямен емделуді тағайындапты. Мен де физиотерапевпін, Калифорния штатының дәрігерлік комиссиясының рұқсаты бар.

Бұл адамның тарихы да, Құрама Штаттарда тұратын миллиондағандардікіне ұқсас. Өзінің ғажайып ағзасын қалай күтуді ешуақытта үйретпеген, есесіне күніне үш мезгіл не болса соны ішіп жеуді қалт жібермеген, өзі осыған өкінеді. Мен осы кітапта бірнеше рет қайталадым: ТӘН АҚЫМАҚ. Сіз ояу жүрген кезіңізде, қай уақытта болмасын, асқазаныңызды не болса сонымен толтырып алуыңызға болады. Сіз ұйқыдан тұрғаннан кейін, қуырылған ет, жұмыртқа, картошкаға ыңқия тойып, осының бәрін бес кесе кофемен ары итересіз, есіңізде болсын, бұраудың да сұрауы бар.

Ең алдымен, сіз жейтін наныңызды маңдай теріңізбен табуыңыз керек, бұл дегеніміз, ішкен тамағыңыз сіздің қимыл – қозғалысыңызға сәйкес болуы керек. Бірақта Эванс мырза, орта жасқа келгенше тамақты бұрын жас күнінде, фермада ауыр жұмыс істеп жүрген кезде қалай ішті, қазір де солай.Оның буындары біртіндеп улы қиыршықтарға толып, жүйкесі жұқарып, ауруы жанын жегідей жеді. Ол осы бейнеттен құтылатын жеңіл жол іздеді, бірақ мен ашығын айттым, жылдар бойы дұрыс тамақтанбаудың және зиянды әрекеттердің нәтижесі қазіргі ауруына әкелгенін, оған қазір ашығу, сілтілік тағамдар мәзірін ұстау арқылы ауруын азайтуға болатынын айттым. Ол мәдениетті адам болды, менің айтқандарымды, ұсынысымды бірден қабылдады. Біз таза сумен үш күндік ашығуды бастадық. Ашығудан шыққан кезде, таңғы асқа көкеністерді, түскі тамаққа салат және жемістерден пісірілген тамақ жеді. Кешкі асқа ұнтақталған сәбіз бен капуста және қайнатылған көкеністер. Етті, балықты, жұмыртқаны және сүттен дайындалған тағамдарды, тұзды, ұннан жасалған тамақты, бұршақ тұқымдастардан дайындалатын тамақтарды мүлдем қолданбадық, тағам құрамынан алып тастадық. Мен оған күн сайын 10 минут, Цельсия бойынша 40 градус ыстық ванна тағайындадым. Бастапқыда үш көше, үш күн өткенде тағы үш көше, соңында күніне 5 шақырым жаяу серуендеуді үйреттім.

Ашығумен, дене шынықтыру және диета сақтаумен жеткен жеңіс

Ол аптасына 36 сағат, кейіннен бір жеті, бір он күндік ашығуды өткізді. Бір жыл өткеннен кейін сіз осы адамды әзер танушы едіңіз. Оның жанұясы мен достары бұл өзгеріске қатты таңырқады. Оның буындары - қозғалыс, икімділік қалпына келіп, Хиристиан жастар одағы клубына мүше болып, аптасына 2 – 3 қабат үзбей суға шомылды. Бұрын велосипедке отырмайтын, қазір талай шақырымдарды артқа тастады. Әйелі екеуі бимен шұғылданып, келесі жылында би бәсекесінің жеңімпазы атанды. Буындарының қатуы жоғалып, күй сандық сатып алып, кәдімгідей ойнайтын болды. Аурулардың бәрінен құтылды. Осының бәріне өзі жетті, мен тек өзіне - өзі көмектесуіне жол нұсқадым. Мен тек физиотерапевт ретінде салауатты өмір сүру бағдарламасын құрап бердім. Ол бүгін аптасына үзбей 24 – 36 сағат ашығады. Жылына 4 қабат, көктемде, жазда, күзде, қыста он күннен ашығады. Оның қимылы 20 жастағы жігіттің қимылындай дәл әрі шапшаң. Әрине, осы жетістікке бір күнде, бір айда жеткен жоқ. Улы қышқыл қалдықтарын ағзадан шығару үшін талай уақыт кетті.

Эванс мырза жасаған істі бәрі де жасай алады. Ағза өзі емделеді, өзі қалпына келеді. Бізден талап етілетіні табиғаттың заңымен өмір сүру, сонда ғана табиғат бізге өмір қуанышын силайды.

Ашығу – біздің буындарға бөгет жасайтын улы қышқылдар қиыршықтарынан құтылудың негізгі бағдарламасы. Кейінге қалдырмай 24 сағаттық ашығудан бастаңыз. Буындарыңызға қалай әсер ететініне көзіңіз жетеді. Басыңызды екі жаққа айландырып көріңіз, сықырлағанын сезесіз. Бұл улы қышқыл қалдықтарының, омыртқаның жоғарғы бөлігіне шоғырланғанының дәлелі. 24 сағаттық, не 7 күндік ашығу ағзаны тазалай бастайды, бірақ толықтай емес. Аптасында бір күннен ашыққанда, жылына 52 тәулік. Осы мерзімде ағзада толыққан өмір күштерінің шамасы, буындарыңыздағы қышқыл қалдықтарын жоюға әлі жетеді.

Әрбір келесі ашыққан сәтіңізде, буындарыңыздың босай бастағанын байқайсыз. Икемсіздіктің орнына жастық пен жеңілдікті сезесіз.

ТАРАУ

Ашығу ілімі кеңінен түсіндіріледі

Ашығу адам мен хайуанға ықлым заманнан таныс. Алғашқы адамдардың емделуінің бірден – бір ғана жолы болды. Бірнеше жүздеген жылдар адам аурса, не жараланса ашықты, себебі өзін өзі сақтау болмысы осыны айтты. Ашығумен қоса емдік шөптерді қолданды.

Елу жылдан астам уақытта ашығудың ғажайып жасайтынын көрдім. Бұл сырқатпен ең күресудің көне ғана емес, жанама әсері де жоқ табиғи тазалану әдісі. Ағза жараланғанда аштық ұстау барша тірі жанға тән қасиет. Өзін - өзі сақтау болмысы аштықтан да басым, сондықтан да жараланған және аурған хайуандар тамақтан бас тартады. Осы сәтте, қалыпты жағдайда тамақ қортуға жұмсалатын өмірлік қуат, аурған орынға шоғырланып, зиянды заттарды шығарып, ағзаны тазалауға кіріседі. Ашығу болмысының күштілігі сондай, қазіргі адамдарға да билігін жүргізеді.

Ашығу да әлем сияқты көне

Көне тарихтан білеміз, алғашқы дәуір мен шығыс дінінің жолындағылар да ашығуды қолдаған. Ашығуды тек ден саулығын түзеу мен жасару үшін ғана емес, рухани ілім алу үшін де пайдаланған. Ұлы Пифагор өзінің даналық сүю (философия) ілімін үйренем деген шәкірттерінен, алдымен 40 күн ашығуын талап еткен. Оның пайымдауынша, тек қана 40 күн ашыққанда ғана, шәкірттің санасы тазаланып, нұрланып терең білімді және өмір құпиясын игеру қабілетіне ие бола алады. Қазір де бұрынғыдай, ашығу тәнді тазалап, денсаулықты түзеп қана қоймайды, сондай – ақ адамның рухани өміріне де қатты әсер етеді.

Ашығу сананы оятады

Саналы түрде табанды ашыққан маған және менің шәкірттеріме, рухани жетілудің есігі айқара ашылды. Егер мен бүгін кітап оқысам, оның мазмұны миымда, кітапты қолыма алып оқып тұрғандай сақталып қалады. Менде, фотографиялық еске сақтау қабілеті. 3 күн ашықаннан кейін өзіңіз байқайсыз, санаңыздан перде сыпырылып түскендей болады. Сіз кеңінен ойлап, дұрыс шешім қабылдай аласыз. Бұрын шешілмейтіндей көрінетін шырғалаң анық та қарапайым болады. Ашықаннан кейін ештеңеден де қорықпайсың, бұрынғы мазалап жүрген мәселелерді нұрлы санамен жеңіл жеңесің.

Мен өзімнің ашығу бағдарламамның нәтижесінде, санамның ішкі үйлесімінің арқасында, өзімді қамсыз, сабырлы және өзіммен де, әлеммен де келісімді екенімді сезіндім. Сіз өз тәніңізді және жаныңызды тазалап, асқақтап барып, данышпан ойлы тұлғаға айланасыз. Есте сақтау қабілетіңіз ұстараның жүзіндей өткір болады. Сіз, талай жыл бұрын болған оқиғаларды, адамның есімдерін, жерді бәрін еске түсіресіз. Сіздің өз бетіңізше білім үйренуге деген қабілетіңіз арта түседі. Білім дегеніміз - өмірге дайындық емес, өмірдің нақ өзі. Ақылың мен рухыңды жетілдіру, адамдар ғана алдына қоя алатын – аса ұлы мақсат. Ашығу бізге үш бағытта әсер етеді. Сіз тәніңізді, ақылыңызды, жаныңызды, рухыңызды тазалайсыз. Нәтижесінде, аса зор денсаулық пен буырқанған өмір сүргіштіктен ләззат аласыз. Сіздің миыңыз жаңа білім мен ілімді сіңіріп алатын сорғышқа айланады. Ең маңыздысы – ішкі келісімшілік пен жаныңның жай табуы сізді өмір рахатына бөлейді. Ашығудың көмегімен, қазіргі заманда табылмайтын, ұлы да, өте сирек ұшырасатын даналыққа ие боласыз.

Пайғамбарлар да ашыққан

Біз білеміз, діндерді халыққа уағыздаған кезеңде, пайғамбарлар жиі ашыққан. Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар 40 тәуліктен ашыққан. Өмірдің ұлы шындығын уағыздаудың алдында пайғамбарлар 40 күннен ораза тұтқан. Біз інжілден оқимыз, Иса пайғамбар алдын ала өзінің сақабаларын жібергенде былай айтқан: «Ауруларды емдеңдер, алапесті тазалаңдар, өлгендерді тірілтіңдер: не берсең соны аласың». Адамдарға шындықты жеткізгендерді, қандай қатер күтіп тұрғанын Иса пайғамар білген. Сондықтан өзінің сақабаларын мынадай сөздермен шығарып салған: «Қараңдар! Мен сіздерді алдыға, үйірлі қасқырдың ортасына қойды жібергендей жұмсап отырмын – сондықтан, сіздер жылан сияқты дана, көкаршын сияқты тыныш болыңдар!».

Сол кездегі сияқты қазір де, ашыққан адамның айналасына қорқыныш пен үрей туғызатындар табылады. Мен естідім, ашығудың ғылымға жат екенін дәлелдегендерді. Мен олардан, бұрын ашығып көріп пе едіңдер деп сұрасам, жауаптары: «Ешқашанда!». Осы надандар күшті сақтау үшін жеу керек деген аңызды ұстанады, әйтпесе қайтсең де аурасың. Ақиқатқа қалай жанаспайды! Ашығу кезінде болатын кейбір мазасыздықтың себебі – біз әдеттің құлымыз. Егер бастапқы 3 күнге шыдасаң, кейіннен қанағатқа бөленесің. Ашқарақтығың жоғалады, тамақ туралы ойламайсың, мол мөлшерде қуат құйылады. Әрине, сіз улы заттармен толып тұрсаңыз, ашығу осыларды ағзадан шығара бастағанда, кейбір жайсыздықтар болуы мүмкін. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды, мазасыздануға себеп жоқ. Бұл ашығудың сізге жұмыс істеп жатқанын білдіреді. Ашығу, ағзаңызды жиналған улы қалдықтардан тазалап жатқанын сіз білесіз. Кейбір ыңғайсыз жайттарды сезгенде өзіңізге айтуыңыз керек: «Бұл уақытша. Барлық ескі улар ағзамнан шыққан кезде жоғалады». Есесіне, аздаған жайсыздықтың орнына, қандай ғажайыппен марапатталасыз! Барлық сезім мүшелеріңіз жетіліп, жанарыңыз жалт – жұлт ететін болады! Ашығудан кейін, сіз тамақты басқаша қабылдайсыз, жеміс – жидектер керемет дәмді болады, себебі дәм сезіуіңіз жаңаланады. Сіздің тәніңіз шаршауды білмейді, ұйқыңыз бала күніңіздегідей болады. Осы артықшылықтарды тек ашыққан адам ғана нақтылы бағалай алады, себебі өзіне де осы қасиеттер дариды.

Қарынның құлы болмаңыз

Адамдардың көпшілігі өз қарындарының құлы. Олар тәуліктің белгілі бір уақытында таңғы, түскі, кешкі ас ішулері керек, құрсағы ашсын, ашпасын тамақты соға береді, оның сорлы тәні нашар тағамдарға лықа толы. Сондықтан да, денсаулық шырғалаңының көптігіне таң қаларлық түгі жоқ. Тамақтану жөнінің білгір маманы, профессор Арнольд Эрет айтқан: «Өмір тамақтану зардабы». Көне пікір қалай дәл айтылған: «Адам пышақ пен шанышқыны қолданып өзіне көр қазады.» Көпшілік өзінің асқазанына ешуақытта демалыс бермейді. Олар өздерінің ас қорту мен шығару жүйесіне де ешуақытта демалыс бермейді, артық тамақпен артық жұмысқа шегеді. Артық жұмыс осы мүшелерді істен шығарады, нәтижесінде бүкіл ағза жапа шегеді.

Ашықаннан кейін, бұрынғы мөлшердегідей тамақ тілемейсіз. Ашығу асқазан көлемін кішірейтеді, өзіңізді жақсы сезінесіз, бұрынғыдан аз жесеңіз де сымбаттана, жасара түсесіз.

Менің дене қозғалысым тыным таппайтын адаммын. Күніне екі мезгіл жеңіл тамақтансам да, өз ағзама жоғары талап қоямын. Тамақтану арасында аузыма нәр салмаймын, осыған әдеттенгенмін. Ұзақ жылдар бойы, апта сайын 24 сағат, жылына төрт қабат 7 – 10 күннен ашығамын. Ашығудан кейін жанарыңыз жалтылдап, теріңіздің құлпырғанын көресіз. Сіз жаңа өмір қуатына ие боласыз, себебі қаныңыздағы және ішкі мүшелеріңіздегі ауыр жүктен құтыласыз.

Өзіңіздің ашығу бағдарламаңызды бүгін жоспарлаңыз

Егер осының бәріне қол жеткізгіңіз келсе, берік те табанды болыңыз, өзіңізге ашығу бағдарламасын жасап алыңыз да, ауытқымай қатаң сақтаңыз. Осыны бәріне бірдей айта бермеңіз, себебі тыңдаушы бұл жөнінен түкте білмейді, надан, сіздің бағдарламаңызды дұрыс бағалауға қабілеті жетпейді. Мен өзім ашығу бағдарламамды бөтен адамдармен бөліспеймін, олар ашығу әкелетін ғажайып өзгерістерді сезбейді, хабары жоқ. Неге мен олармен бөлісуге тиіспін? Олардың пайымдауынша, бірнеше рет мезгілімен тамақ ішпесе көтерем болып қалады. Сондықтан да, не істегелі жүргеніңді жанұяңа да айтпа, себебі көптеген пайдасыз ақыл тыңдайсыз. Апталап ашыққан уақытымда, күнделікті тіршілігім жалғаса береді. Мен лекциялар оқыған кезде, аш екенімді мүлдем сезбедім. Ашығу әркімнің жеке ісі, бұл сіздің достарыңыз бен туыстарыңыздікі емес, тек сіздікі ғана. Егер өзіңіздің дұрыстығына сенімді болсаңыз, сізге керегі де осы. Табиғаттың тазалайтын, жаңалайтын, жасартатын сынақтан өткен даналығына сеніңіз.

Егер ашығуыңыз табысты болсын десеңіз, санаңыз тәніңізді билеуі керек

Есіңізде ме, мен сіздерге айтқанмын: ТӘН АҚЫМАҚ. Онда сана мен жігер жоқ. Осы кітапты оқып шықаннан кейін, ашығу бағдарламасы сіздің өміріңізге жаңа леп алып келетініне сенімді болсаңыз, онда санаңыз тәніңізді билеуі керек. Сіздің санаңыз тәннің қалауынан жоғары тұруы керек, себебі тәніңіз белгілі бір уақытта тамақ ішуге дағдыланған.

Адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді. Асқазанның қалауына сана бағынады, асқазан билеуші болады. Шартты рефлекс бойынша асқазан әрқашан да таңғы тамақты күтеді. Мен үшін таңғы тамақтың қажеті жоқ, себебі ағзам түні бойы демалды, қуат жұмсаған жоқ. Адам неге ұзақ демалыстан кейін асқазанын таңғы аспен толтырып алуы тиіс? Сондықтан тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды тынымсыз дене қимылын жасап барып ішуіңіз керек. Таңғы астың қажеті жоқ деуімнің себебі, таңғы асты жегенде, түні бойы жиналған қуат бекер рәсуә болады. Таңертең сіздің тәніңіздің, ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты өте жоғары деңгейде болуы керек. Тек осылар ғана, сіздің шабыттық және тәндік жұмыстар атқаруыңызды іске асырады.

Мен оқушылар мен студенттерге, таңертең ерте тұрып, аш қарынға оқудың пайдасын ылғи да түсіндіремін. Студенттердің көпшілігі кешке тойып алып сабаққа дайындалмақшы болады. Не болады? Оларға сабақты меңгеру үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Тамақ ішкеннен кейін мидың қабілеті төмендейді. Осы студенттерді түні бойы демалдырып, таңғы тамақты оянғаннан кейін 2 – 3 сағаттан кейін берсеңіз, олар ғұлама сияқты көрінеді. Мен осыны мыңдаған студент суретшілерге, сәулетшілерге, сазгерлерге, жазушыларға айттым.

Енді түсінікті болар, неге таңертең тоя тамақ ішуге қарсы екенім. Ауыр тамақ қортылу үшін көп қуат шығындайды. Жүйке қуаты басқа мақсаттарға жұмсалғандықтан, миға жетпей қалады, адамдар осы себепті милау, таяз ойлы болып қалады. Енді осыны басқа қырынан қарайық. Ұзақ жылдар бойы адамдар санасына сіңіріліп келген қағида, «таңғы ас ең маңыздысы, ол тәннің және ойдың ауыр жұмыстар атқаруына қуат береді». Осының бәрі ғылми негізделмеген, мүлдем кереғар қате пікір. Таңертең тоя тамақ ішкеннен кейін, сіз тоқтық пен жайбарақаттықты сезесіз, бірақ күш қосылмайды. Осы тамақтың ас қорту жүйесіне сіңірілуі және ағзаға қуат беруі үшін біршама уақыт керек. Ас қорту өте күрделі ағым. Таңғы астың әрбір қоспасы өңделіп, клетка сіңіре алатын, өте кішкентай химиялық бөлшектерге айналуы керек.

Өз тамағыңызды дене қимылына қарай ішіңіз

Өзіңіз байқағандай, тамақтану - әдет пен ғұрып. Мен 50 жылдан астам уақыт болды таңертең тамақ ішпеймін, таң бозынан тұрамын, егер голивудтағы үйімде болсам, көлігіме отырып алып таудағы Гриффит – Паркіне барамын. Маунт – Холивудтың шыңына бірнеше сағатта шығып, етекке қарай жүгіріп түсемін. Егер Санто – Мониканың жағалауында болсам жүгіремін. Жыл бойы теңізге шомыламын. Басқа жерлерде велосипедпен не жаяу қыдырамын. Бірнеше сағат жаттығулардан кейін, журналдарға мақалалар, оқитын лекциямның жоспарын, кітап жазамын. Сағат 11 – ге таман аздап қана жемістер жеймін, 12 – ге таман бірінші рет тамақтанамын. Мен алдымен капуста мен сәбізден дайындалған көк салаттан бастаймын, осыған памидор, редис, сельдерей, бұршақ және авакадоның жартысын, сәбізді бүтіндей, көк жеміс – шпинат немесе жапырақты капуста, протейіні бар т.б. жемістерді, жаңғақтың барлық түрлерін, күнбағыстың, асқабақтың т.б. дәндерді қосамын.

Менің денем осы табиғи тамақтардан мол қуат алу үшін, ас қорту сөлін бөліп, тамақтарды қортуға әзір. Мен тамақты, денемді қатты қимылдатып барып іштім. Табиғи тамақ қандай дәмді, тіліңді үйіреді! Ас қорту сөлі керемет жұмыс істеп, ішектің тазалануы ішкен тамағыңа сәйкес. Осы бағдарлама бойынша, аптасына 12 рет тамақтанам (аптасына бір күн ашығамын), қуатым азаймай, ағзам жеңіл жүреді. Осы бағдарламаның арқасында, мен өз ішегімді қалтқысыз, дәл жұмыс істеуге үйреттім. Үлкен дәрет түскі және кешкі тамақтанудан кейін бір сағаттың ішінде келеді. Кей кездері тамақ аралығында, алма немесе бірнеше тілім ананас жеймін. Ыстық күндері қауын – қарбызбен шөлімді басамын.

Адамдардың көпшілігі созылмылы аурумен тұрақты аурады. Менің көзқарасымша, осының себебі – мөлшерсіз жеген тамақтан.

Америкада тамақ жеу спорт!

АҚШ тұрғындарының 65 – 70 пайызының салмақтары артық. Америкада тамақ жеу спортқа айналды. Адамдар үзбей тамақ ішеді – таңғы ас, онан кейін кофе, сонан соң түскі ас, онан кейін тағы кофе. Олар теледидардың алдына отырып алып, алдыңғы тамақ қортылмай жатып, тағы тоя тамақтанады. Олардың ылғи шаршап жүрміз деп қыңқылдайтындарына таң қалуға болмайды. Тіпті ең саумын деп жүрген адамдардың өздері, қомағайлана жей берумен өздерінің өмірлік қуаттарын кемітіп, ағзаларынан артық заттарды шығаруға шамалары жетпей қалады!

Өз ағзаңызды тазалықта ұстаңыз

Ауру мен мезгілсіз қартаюда ешқандай құпия жоқ. Сізді жаман әдеттеріңіз үшін жазалайды, анығырық айтсақ осылардың көмегімен. Егер сіз толып тұрған ас қорту жолына тамақ шоғырландыруға әдеттенсеңіз, ол қортып үлгермейді, тек қана миллиардтаған клеткаларыңызды улайды.

Ағзаңызды тазалықта ұстауға үйренбегендіктен, сіз аурусыз және мезгілсіз қартайып шөгіп кеткен әлсізсіз. Денсаулық пен ұзақ өір сүрудің құпиясын мына үш сөзбен айтуға болады. «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Осы даналық сөздерді ми қыртысына қашап жазып алыңыз. Тағы, тағы қайталаңыз. Біржола есте қалдыру үшін: «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Ашығу ағзаны тазалаудың, жасартудың табиғат тағайындаған бірден бір жолы. Сіз үшін мұны ешкім де істемейді. Бұл сіздің, тек қана ерік жігеріңізді талап ететін жеке ісіңіз. Есіңізде болсын, өмір дегеніміз бейімделгендердің аман қалуы, ал ашығу – аман қалудың, өзіңді өзің сақтаудың құралы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: