Кіріспе

Қауіпсіз еңбек жағдаймен қалыптастыра отырып, еңбек өнімділігі мен өндіріс мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етуші факторлардың бірі-жағымды жарықтық климат.

Қазіргі күнде адам қоғамының жарықсыз өмірсүруі мүмкін емес. Жарық қондырғылары адамның сыртқы ортадан алатын жалпы ақпаратының 90%-ін беретін көру сезімімен қамтамасыз ететін жарықтық жағдай тудырады. Жарық жұмыс пен оқу үшін қалыпты жағдай тудырып, біздің жұмысымызды жақсартады. Қазіргі кездегі жарықтық-техникалық жетістіктердің көмегімен жарықты тиімді пайдалану-еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттырудың, зақымдану жарамсыз өнімнің шығуын төмендетудің маңызды қоры болып табылады.

Еңбек процесстері әртүрлі бөшектер мен заттарды қарап, айырумен жиі байланысты болады. Соңғы уақыттарда өндірістік процесстер сипатының өзгеруіне, құрал-жабдықтардың көлемдерінің кішірейуіне және шығарылатын өнімдерге қойылатын талаптардың жоғарылауына байланысты көру органдарына айтарлықтай ауыртпашылық түсіретін жұмыстар түрі көбейе түсуде, сондықтан өндірістік жайлар мен жұмыс орындарын жарықтандыру жағдайларының гигиеналық және экономикалық маңыз да күрт жоғарылады.

Қазіргі таңда, тәуліктің қай мезгілінде болмасын жұмыс атқару үшін электр жарығын жан-жақты қолдану маңызды орын алады. Жарықтандыруды тиімді ұйымдастырудың гигиеналық және әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Жеткіліксіз жарықтандыру салдарынан көру органдарының патологияларының дамуы, зақымданулардың көбеюі, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі жарамсыз өнімдердің көбеюі мүмкін.

Қазіргі кездегі жарықтық техникалардың масштабын келесі сандарға жүгене бағалауға болады.

ТМО мекемелерінде, қазіргі уақытта, тек өнеркәсіп саласы мен ауылшаруашылығында, қоғамдық және тұрғын жайларда, қалалар көшелерінде жалпы қуаттылығы 800 млн, квт, болатын 1 млд-тан астам жарық нүстелері орналастырылған. Қазақстанда электростанциялардың қуаттылығы 18 млн. квт құрайды, жыл сайын жарықтандыруғаөндірілетін электр энергиясының 10%-ке жуығы жұмсалады. Жақын уақытта Қазақстанда; Балхаш маңында АЭС-ның құрылысы жоспарлануда, бұл тұрғын аймақтық, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының және басқа да мекемелердің жарықтануының жақсаруына елеулі үлес қосатын болады.

1923 жылдарда жасанды жарықтануды нормалаудың негізгін қалаушы процессор П.М. Тиходеев болды. Осы кездерде, электр энергиясының тапшылық кезінде, жарықтандырудың барынша жоғарғы деңгейі ретінде 100 лк ұсынылды.

1941 жылдары әртүрлі объектілерді жасанды жарықтандырудың басты көзі ретінде қыздыру (вольфрам спиральін 1700-1800оС-ға дейін қыздыру арқасында) лампалары қолданылады. Бұл лампалардың жарықтығы өте жоғары болып, көру қабілеттілігіне әсерін тигізетіндіктен жарықтандыру арматуралары ойластырылып шығарылды.

1945 жылы қазіргі күндерде де лампалар ішінде басты орын алатын люминисцентті лампалар шығарыла бастады.

Қазіргі кездегі жарық техникаларының басты тапсырмасы адамдардың еңбегімен денсаулығы үшін жайлы жарық ортасын қамтамасыз ету сонымен қатар электр энергиясын тиімді пайдалану негізінде жарықты техникалық процесстерде қолданудың тиімділігі мен масштабын арттыру болып табылады.

Өндірістік жарықтандыруды барынша толық және квалификациялы қолдануға әрекет жасау нақтылы әдістемелік нұсқаудың мақсаты.

1. НЕГІЗГІ ЖАРЫҚТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР МЕН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Жарық өз тұрғысынан физикалық құбылыс. Ол сыртқы қоршаған заттарды көруге, яғни тікелей көру сезімталдығын тудыруға мүмкіндік жасайды.

Табиғаты бойынша бұл ұзындығы 360 нм-ден 780 нм-ге дейінгі көрінетін жарықтық сәулелену деп аталатын электромагниттік толқындар. Адам көзінің сезімталдығы сары, жасыл сәулелерге, яғни ұзындығы 556 нм толқындарға барынша жоғары.

1. Жарықтану сезімталдығымен бағаланатын сәулелі энергияның қуаттылығы (Ф) жарық ағымы деп аталады. Өлшем бірлігі люмен (лм), ол кандельдің стерадианға қатынасының көлеміне тең, яғни бұл стерадиандағы тұлғалық бұрыштағы жарық күші 1 кандел нүктеліккөзден шыққан жарық ағымы.

2. Жарық күші (І) – жарық ағымының тұлғалық бұрышқа қатынасы, өлшем бірлігі канделл. Жарық күші СИ жүйесіндегі ең негізгі шама болып табылады.

I =;

dW

3. Тұлғалық бұрыш (W) – конустық жазықтықтың ішіндегі орналасқан кеңістік бөлігі. Өлшем бірлігі стерадиан.

S

W =;

Ч2

4. Жарықтану (Е) – жарық ағымының (Ф) жарық таралатын ауданға қатынасы. Өлшем бірлігі люкс (лк). Өндірісте және басқа да объектілерде көрумен қабылдау тұрғысынан беткейге түсетін жарық ағымына қарағанда, жарық түскен беткейден көз бағытында шағылысқан жарық бөлігінің маңызы зор. Осы себептен жарықтық деген түсінік енгізілген.

Е =;

dS

5. Жарықтық (L) – жарықтанған немесе жылтыр беттерден көзге бағытталған жарық ағымының көлемі. Өлшем бірлігі нит (нт) және стильб (сб). 1 нит – бетінен перпендикуляр бағытта жарық 1 шырақ күшпен 1 м2 ауданға таралатын жалпақ жылтыр беткейдің жарықтығы. Стильб – 10000 нит-ке тең.

Жарықтық көру сезімталдығын анықтайды, көзге бағытталған арық күші неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым көру сезімталдығы жоғары болады. Аса жоғары жарықтану, яғни жылтылдақтық құбылыс көру қабілеттілігін қиындатады. Жылтылдақтылық – көздің қажуына және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне себеп болады.

dI

L =;

ds х cos

6. Жарқыраулық (М) – жарық ағымының жарық шығатын бет ауданына қатынасы. Өлшем бірлігі лм (люмен) /м2

M =;

dS

Денеге түскен жарық ағымының бір бөлігі шағылыады, бір бөлігі жұтылады, ал белгілі бір бөлігі денеден өтеді.

Сандық шағылысу, жұтылу немесе өткізілу сәйкес коэфициенттермен белгіленеді.

7. шағылысу коэффициенті (Р) – шағылысқан жарық ағымының (Фр) түскен жарыққа (Фт) қатынасының пайыздық көрсеткіші.

Мысалы: ашық түсті ағаш беткейдің шағылысу коэффициент 35-40%-ке тең, ал таза әктелген төбенікі 75-80% және т.б.

Фp

P =;

Ф

8. Жұтылу коэффициенті (альфа) – денеге жұтылған жарық ағымының түскен жарық ағымына қатынасы.

Ф2

альфа =;

Фп

9. Өткізу коэфициенті (г) –орта арқылы өткен жарық ағымының түскен жарық ағымына қатынасы

Фч

Ч =;

Ф

10. Жарық климаты (световой климат) – көп жылдар бойындағы бақылау негізінде анықталған сыртқы табиғи жарықтанудың орташа жағдайы.

2. КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Көз, адамның көру анализаторының перифериялықбөлігі. Қаралатын беткейден шағылысып көзге бағытталған жарық энергиясының ағыны, мүйізді қабықтан, қарашықтан, көз бұршағынан өтіп 3 қабатты нейроннан тұратын торша қабыққа жетеді. Торша қабықтың ортасында құтыша (бочка), ал шеттерінде (периферияда) таяқшалар басым болады.

Құрамындағы родопсиннің жоғары сезімталдығы таяқшалардың төмен жарықтықта қызымет атқаруын, яғни жалпы кеңістікте көруді бағдарлауын (ориентация) іске асырады. Аз сезімталдық, құтыша құрамындағы родопсинге байланысты және оның қызметі жоғарғы деңгейдегі жарықта білінеді. Бұл жағдайда көз түстерді және ұсақ бөлшектерді анықтайды. Барлық осы фотохимиялық, рецепторлық және электрлік құбылыстар импульс түрінде қабылданып, бас ми қыртысына жеткізіліп, онда көру сезімталдықтығын құрап, жауап қайтару реакциясын тудырады.

Адам тіршілігінде маңызды орын алатын көру анализаторларының қызметтеріне келесілер жатады:

1. Жарыққа сезімталдық- көздің жарықты қабылдау қабілеттілігі.

2. Көруге бейімделу - көру анализаторының жарыққа сезімталдықты іске асыруы.

Қараңғыға бейімделу 1-2сағ., жарыққа бейімделу 5-10 минутқа созылады.

3. Түс айыру (контрастық) сезімталдылығы – көру анализаторының жарықтықты, яғни бөлшектер арасындағы түс айырмашылығын немесе бөлшек пен рең арасындағы түстерді айыра алу қабілеттілігі

4. Көру - өткірлігі – қаралатын бөлшектердің формасын танып, ұсақ бөлшектерді ажырата алу қабілеттілігі.

Көру өткірлігі объектінің жарықталуына байланысты.

5. Жыпылдақтылықпен соқырлану. Бірінші жылтыр беттердің тым жарқырауына байланысты көру дискомфортының туумен анықталады. Екіншісі осыған байланысты дамитын субъективті сезім мен объективті өзгерісті білдіреді.

6. Көрудің қажуы – көру анализаторларының функциональдық күйінің төмендеуіне байланысты көру қабілеттілігінің төмендеуі. Бұл жағдайда контрастық сезімталдылық, ажырату өткірлігі мен көріп қабылдау жылдамдылығының төмендеуі болады. Жасанды жарықтандыру кезінде көрудің қажу себебіне жұмысшы беткейдің жеткіліксіз немесе біркелкісіз жарықтануы жатады. Жарықтану төмен болғанда жұмыскер затты жақсы көруүшін көзге жақындатуға мәжбүр болады. Затты жақындатып көру үшін оны көзге жақындатуға мәжбүр болады. Затты жақындатып көру көз бұлшық еттерінің көз алмасына қысым түсіріп, оның деформацияланып сопақша форма қаблдауына мәжбүр етеді. Бұл өз алдына көрудің нашарлауына әкеп соқтырады.

7. Көру жұмыс қабілеттілігі (ҚЖҚ) – көздің көру қызметін жоғарғы дәрежеде ұстап тұру және көру жұмысын атқаруымен сипатталады.

Көру жұмыс қабілеттілігінбағалау үшін келесі әдістер қолданылады:

1. Көру өткірлігін анықтау

2. Анық көру тұрақтылығы, яғни ұсақ заттардың контурын ұзақ уақытта ажырату.

3. Жұмыс объектісін ажыратуға қажетті, минимальді уақыт аралығы ретінде анықталатын, көру анализаторларының жылдамдығы.

4. Түс ажырату сезімталдығы, яғни жарықты ажырату қабілеттілігі.

5. Көру анализаторлары жұмысының тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін жарық жыпылықтарының қосылуының шектік жиілігін анықтау.

6. Көріп-қабылдау жылдамдығы көздің қарап үлгеруіне жұмсалатын уақыт.

3. ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Жоғары психикалық қызметтер мен организмдегі физиологиялық процесстер күйіне әсерін тигізе отырып жарық адам өмірінде маңызды орын алады.

Орынды жарықтандыру көңіл-күй мен жоғары нерв жүйесінің басты процесстерінің жүруін жақсартады.

Спектрлің құрамына байланысты жарық қоздырғыш әсерін тигізіп, жылулық сезімді арттырады (спектрдіңқызыл-түсті бөлігі) немесе керісінше жайбырақаттанжырады (сары-жасыл түстер), тежеу процесстерін күшейтіп (көк-көгілдір бөлігіндегі суық түстер). Бұл цехтарды эстетикалық өңдеу және жабдықтар мен қабырғаларды бояу сәттерінде ескеріледі; суық түстер-ауа температурасы жоғары және жылу бөлу көздері болған жағдайларда, алжылы түстер-төмен температура жағдайында қолданылады. Барынша кеңінен қолданылатын жасыл түс – жалпы психологиялық жайлы әсер тигізеді.

Физиологиялық тұрғыдан алмасу процесстерін күшейтіп, жеке жүйелердің, әсіресе тыныс алу жүйелерінің қызметтерін арттырады. Бұл, оттегіне тұтынушылықтың артуы мен көміртегінің көптеп бөлінуімен жұреді.

Жарықтандыру көру қабілеттілігіне әсерін тигізе отырып, еңбек өнімділігінің сандық және сапалық жақтарына ықпал етеді, әсіресе белгілі бір уақыттағы өнімділік пен жарамсыз өнімдер санына. Тиімді жарықтандыру қажудың алдын алып, жұмыс алқабының жабдықтар мен аспаптардың көрінуін жақсартып, өндірістік жарақаттанудың алдын алуда маңызды орын алады.

Көру органдары қызметтерінің күйі көру өткірлігі көріп-қабылдау жылдамдығы сияқты қасиеттерімен бағаланады.

3.1. ӨНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Өндірістік жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар жарықтың қабылдануы мен әсер етуінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Оған алдымен күн жарығына барынша жақын жарықтың спектрлік құрамы жатады. Кейбір жасанды жарық көздерінің (мысалы: люминисцентті шамдар) спектрінде, табиғи түстік гаммаларын бұзып, нақтылы түстерді өзгертетін (мысалы: адамдардың беттеріне бозғылт-сұр түс беретін) суық тондар болады. Түстерді ажырату қажеттілігі бар кейбір өндірістерде, нақтылы түсті қабылдаудың бұзылуы өндірістік талаптар бойынша рұқсат етілмейді. Екіншіден, көру жұмыстарының дәлділігін және т.б. жағдайларын ескерсек жарық деңгейі жеткілікті және гигиеналық нормаға сай болу керек. Мысалы: рең сипаты мен түс айырмашылық (контраст) деңгейі: рең неғұрлым қараңғы ал түс айырмашылығы аз болса, соғұрлым қажетті жарық деңге і жоғары болу керек. Үшіншіден өндірістік жайлардың жарықтануы неғұрлым тұрақты және біркелікті болу керек, ол жиі қайта бейімделудің орын алмауына, көрудің қажуының алдын алуға себепкер болады. Бұл, жарық көздерін тиімді орналастыру және кернеуліктің тербелісін болдырмау (2,5% жоғары) арқасында жарық ағымы шамасының пульсациясына жолбермеу арқасында іске асырылады. Төртіншіден, жұмыс аймағындғы жарық көздерімен құрал-жабдықтар бетінің жарқылдағына қарсы күрес жүргізілу керек.

4. ӨНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ

Өндірістік мекемелерді жарықтандыру жасанды және табиғи жарықпен жүзеге асырылады. Табиғи күн сәулеі жағымды спектрлі және адам көзіне үйреншікті болып келеді. Табиғи жарықтандыру психологиялық жағымды әсер етеді. Күн спектрінің құрамында адам денсаулығына маңызды ультракүлгін сәулелер бар, бірақ олар қарапайым шынылардан (әйнектен) өтпей ұсталып қалатындар үшін күн спектрінде ультракүлгін сәулесінің болуы өте пайдалы.

Табиғи жарықтандыру мен жасанды жарықтандырудың қоса қолданылуы бірлескен жарықтандыру деп атайды. Бірлескен жарықтандыруды нормалау табиғи жарық коэфициенті (ТЖҚ) бойынша жүзеге асырылады.

Жасанды жарықтандыру қабырғадағы терезелер (бүйірден), шыныланған жарық фонарлары (жоғарыдан) жарықтандыру, немесе екі тәсілді бір мезгілде қолдану арқылы (қиыстырылған) жүзеге асырылады.

Табиғи жарықтандыру деңгейі күні бойы өзгеріп отырады және атмосфера жағдайына тәуелді болады. Жасанды жарықтандырудың бұндай кемшіліктері болмағанымен, оның спектрлік сипаты табиғи жарықтыкінен нашар және энергия шығындылығымен, байланысты электр қауіптілігімен және т.б. кемшіліктермен (жарық ағымының импульсациясы, артық шу) сипатталады.

Жасанды жарықтандыру түрлері:

1. Жалпы-жарық көздеріменғимаратты жарықтандыруда қиыстырылған-жалпы жарықтандыру мен бірге қарқынды көру жұмыстары атқарылатын жұмыс орындарында жоғары деңгейдегі жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті жарықтатқыштарды орнатады. Қиыстырылған жарықтандыру жүйесі өндірісте кең қолданылады және экономикалық тұрғыдан ұтымды болып саналады.

4.1. ТАБИҒИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Төбеден және қиыстырылып (төбеден және бүйірден) ұйымдастырылған табиғи өндірістік жарықтандырудың, жоғары біркелкілікті қамтамасыз ететіндіктен тек бүйірден жарықтандыруға қарағанда тиімділігі жоғары.

Табиғи жарық тек бүйірден берілген жағдайда ғимараттың терезеге жақын жерлерінде жарық деңгейі жоғары, ал тереңінде төмен болады.

Жасанды жарқтанды бағалауда табиғи жарықтандыру коэффициентін (ТЖК) қолданады. Ол жұмыс орнындағы жарықтандыру шамасының сыртқы жарықтандыру шамасына қатынасның процентпен белгілеуі.

бұндағы: Е-процентпен белгіленген ТЖК шамасы Еі және Ес бір мезетте өлшенген ішкі және сыртқы жарықтандыру деңгейі.

МҚН 2.04.05.-96 (Жасанды және табиғи жарықтандыру! Мемлекет аралық құрылыс нормаларында берілген гигиеналқ нормаларда жасанды және табиғи жарықтандырудың жұмыстың дәлділігі мен жарықтандыру түріне қажетті ТЖК шамасын анықтайды.

Дәлділік дәрежесі бойынша жұмыс сипатын анықтау негізіне объектінің мөлшері (размері) алынады: тігін жібінің қалындығы, сызық қалыңдығы т.б.

Төбеден және қиыстырылған (төбеден және бүйірден) жарықтандыру үшін норма бойынша ТЖК ең жоғары шамасы қарастырылады, себебі жарықтандырудың бұл түрлерінде жарық ағымының біркелкі таралуы маңызды орын алады. Бүйірден жарықтандыруда ТЖК ең төменгі мөлшері нормаланады, яғни терезеден алшақ және нашар жарықтанған аймақтарда, оның шамасы айтарлықтай аз.

Цехтардағы табиғи жарықтандыру деңгейінің әйнектердің ластануына байланысты өткізу коэффициенттерінің төмендеуіне, қабырғалар мен төбелердің кірлеп, шағылыстыру коэффициенттерінің төмендеуіне байланысты барынша азаюымүмкін. Төбе мен қабырғалардағы әйнектер ауданы тым үлкен жайлардағы жұмыс орындарына күн сәулесінің тікелей және шағылысып, жылтылдап түсуіне байланысты көру қабілеттілігі қиындап соқырлану жағдайы орын алады. Сондықтан бұл құбылыстармен күресу үшін күннен қорғайтын қалқаншалар, экрандар, жалюздер мен перделер т.б. қолданады.

Өндірістік жайларда табиғи жарықтандыру құрамындағы маңызды ультракүлгін сәулесі жеткіліксіз болған жағдайда, жұмысшылар үнемі болатын жұмыс орындарында, әсіресе шахталар менкеніштерде жасанды ультракүлгін құрылымдары орнатылу керек. Осы мақсатпен, жалпы эритемді сәулелені құрылымдары, ультракүлгін сәулелендіру фотарилері қолданылады.

4.2. ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Жарық көздері мен жарықтатқыштарды таңдауда бағалау

Өндірістік ғимараттарда жасанды жарықтандыру үшін газразрядталған және қыздыру шамдары қолданылады.

Газразрядталған шамдардың құтышасының (колба) ішкі беті арнайы құраммен-люминафоромен қапталып, құтыша сынап буымен және инертті газбен (аргон, ксенон және т.б.) толтырылады. Электр зарядын шам арқылы жібергенде пайда болатын ультракүлгін сәулелер люминафорға түсіп көрінетін жарыққа айналады.

Газоразрядталған шамдардың түрлері:

- төменгі қысымды газоразрядталған шамдар (люминесцентті), ДСЛ (доғалы сынапты люминицентті шамдар), ДРЛ т.б.

Қыздыру шамдарында жарықтану қылдардың жоғары температураға дейін қызуы салдарынан болады. Бұл шамдардың жарық беруі аз болғандықтан (негізгі энергия бөлігі жылуға айналып кетеді) және спектрлік құрамында түстердің қабылдануын қиындататын (искажающих цветов) сәулелердің басым болуына байланысты өндірістерде газоразрядтты шамдармен ығыстырылуы.

Қазіргі кезде өнеркәсіптерді негізінен газразрядты жарық көздерін пайдалана отырып жобалайды.

Қыздыру шамдарынгазразрядты шамдарды пайдалану мүмкіндігі болмаған немесе техникалық тұрғыдан тиімсіз жағдайларда қолданады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: