А. Люминесцентті шамдар

Алғашқы люминесцентті шамдар біздің бұрынғы одақта 1939ж. Шыға бастады, авторлары академик С.И. Вавилов және проф. А.И. Фабрикант.

Қазіргі уақытта біздің өндірістерде түстілігі және қуаттылығымен ерекшеленетін люминесцентті шамдардың бірнеше түрі шығарылады.

1. Ақ түсті шамдар (АШ-АБ) жарықтығы сарғыш реңді, жарық беруі және көру жұмысқабілеттілігі өте жоғары, экономикалық тиімді барынша жылы жарықты.

2. Күндізгі жарық шамдары (КЖШ-ЛД) – жарықтығы көгілдір. Спектр күндікіне жақын.

3. Табиғи күн сәулесі спектріне жақын люминесцентті шамдар (ШТ-ЛЕ). КЖШ және ШТ шамдары түс анықтауға арнайы талаптар қойылатын жұмыс орындарында қолданылады.

4. Жылы – ақ жарық шамдары (ЖАШ-ЛТБ) қызғылт-ақшыл түсті жарық береді, дем алу бөлмелерінде қолданылады.

5. Сызықты спектрі бар шамдар. Жарық бергіштігі қыздыру шамдардыкінен 2,5-3 есе артық, 30-90 лм/вт құрайды.

Люменисцентті шамдардың гигиеналық артықшылығы

1. Күн сәулесіне жақын, жағымды.

2. Жарық бергіштігі жоғары (85 мм/вт және жоғары).

3. Жарық ағымы біркелікті.

4. Қыздыру шамдарына қарағанда жылулық эффектісінің болмауы (әсіресе жылу көп бөлінетін цехтарда).

5. Жарықтығы көп емес (қыздыру шамдарынікінен 10 есе аз).

6. пайдалану мерзімі ұзақ – 5000-нан 10000 сағатқа дейін, қыздыру шамдарыныкінен 10 есе көп.

7. Экономикалық тиімді, қыздыру шамдарымен салыстырғанда электроэнергиясы 3 есе аз.

Люмиесцентті шамдардың кемшіліктері

1. Нақтылы түстік берілуінің бұзылуы

2. Жарықтатқыштар құрылымының күрделіліг

3. Іске қосу тетіктерінің саны мен күрделілігі.

4. Жарық ағымының пульсациясы (страбоскопиялық эффект) ол 55%-ке жетеді, ал қыздыру лампаларында 5%.

5. Қуаттылығының аздығы

6. Инерттілігінің төмендігі

Доғалы сынапты шамдар (ДСШ)

1. Түсті ажырату мен түстік берілуін қажет етпейтін өндірістік жайларды (машина жасау, металлургияда, зарядтау цехтарында т.б.) жарықтануға қолданылады. 150-ден 1000 Вт-қа жететін қуаттылықпен шығарылады.

2. Иодид металлға қосылған жоғары қысымды доғалы сынапты шамдар (ДСИ-ДРН) (металгалогенді-МГШ). Жарық бергіштігі өте жоғары, 80лм/Вт және одан жоғары.

Қазіргі уақытта Na, In иодиттары қосылған шамдар шығарылуда, олардың қуаттылығы 250, 700Вт, 1000 және 2000 Вт. Қызмет ету мерзімі 5-тен 10000 сағ. дейін жетеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: