Кіріспе 4 страница

Психологиялық бағдар ұғымы Трансакциялық талдау негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Т.Д. белгілі насихаттаушысы психиатр Харрис (Harris Т. А.) өзінің «Мен о'кей — сен о'кей» кітабының арқасында болды. Кітаптың атауы адамның Т.а. үдерісінде ие болатын бағдарды айқындайды. Харрис 4, ал Инглиш (English F.) — 5 негізгі бағдарларды жіктейді.

Бірінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл бағдар толық қанағаттық пен басқаларды қабылдау үйлесімділік немесе симбиотикалық болып анықталады және өзін және өзінің айналасын қанағаттық етіп (о'кей) санайтын ананың құрсағындағы эмбрионның жағдайына сәйкес. Бағдар сәби мен ана арасында бола алады, бірақ егер бала өзін өмірдегі ең маңызды адам ретінде ойлап, онда тұрып қалатын болса, уақыт өте келе түңілу және теріс күйзелістер пайда болады.

Екінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Егер бала өмірінің алдында ілтипат, жылылық, қамқорлықпен қоршалған болса, содан кейін өмірлік жағдайлардың арқасында оған деген қарым-қатынас түбімен өзгеретін болса, ол өзін қанағатсыздық болып сезіне бастайды (о'кей емес). Өмір жағымды аспектілерін жоя бастайды. Осындай жағдайдың сақталып қалуы жай-күйдің бұзылуына әсер етіп, осындай ойға келтіреді: «Өмірдің құны жоқ».

Үшінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Тез арада бала кішкентай, қорғансыз, үлкендерге тәуелді екендігіне күйзеледі, ол өзін айналадағы үлкендерге қарағанда құнсыз сезінеді. Бұл жағдай баланың өзін-өзі бағалауы артқан жағдайда ғана өзгереді. Егер ондай болмаса, мұндай қалып белгіленеді, соңында сценарийдің жүзеге асуына әкеледі. Ондағы басты рөльді депрессия, резигнация және құнсыздық сезімі ойнайды: «Менің өмірім құнсыз».

Төртінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей емес». Егер баланы мақтамаса, оған жаман қараса, ол келесі шешімге келеді: «Тек мен ғана өз-өзімді қорғай аламын, мен ғана жақсымын, ал басқалары – жаман». Осы бағдардағы өмірлік сценарийдің жүзеге асуы криминальдық жағдайға әкелуі мүмкін: «Сіздің өміріңіздің құны аз».

Бесінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл реалистік бағдар. Ол ертедегі бала шешімдеріне негізделмейді, саналы түрде таңдалады. Оған адам өмірлік тәжірибе арқылы, құндылықтарды қайта бағалау, мораль және философияның арқасында келеді. Бұл бағдарда ешкім ұтылмайды, әрқайсысы өз бетінше өз жеңісіне жетеді: «Өмір өмір сүру үшін құнды».

Психологиялық бағдарлар өзіне және басқаларға қатысты ғана емес, басқа да жынысқа қатысты пайда болады. Психологиялық бағдарды қабылдап, жеке тұлға өзін-өзі бағлауды тұрақтандыру мен өзінің қоршаған ортаны қабылдауын сақтау үшін оны күшейтуге тырысады. Психологиялық бағдар өмірлік бағдар бола бастайды, одан ойын ойналады да өмірлік сценарий құрылады. Мәселен, бала кезінде маскүнем әкесі қинаған әйел адам 2 бағдарды қабылдайды: «Мен құнсызбын» (мен о'кей емес) және «Ер адамдар — мені ренжітетін хайуандар» (ерлер о'кей емес). Осыдан, ол өзінің өмірлік сценарийіне сәйкес белгілі рөльдерді ойнайтын адамдарды таңдайды. Осылай, ол сол «хайуанға», сол «ішкішке» тұрмысқа шығады. Осыған қосымша ол адамдардың көзінше «Зорлаушы» ойынын ойнайды: ер адамды әңгімемен аулап, оны еліктіруге тырысады; ол көнбесе, тағы да «ер адамдар — мені ренжітетін хайуандар» («сүйікті сезімдерді» жинақтау) екендігіне көзі жетіп, оны ашуланып қабылдамайды.

Сценарий — бұл жеке тұлға ойнайтын спектакльді еске салатын өмірлік жоспар. Ол бала кезде қабылданған бағдарларға байланысты және ата-ана мен баланың арасында болатын трансакциялар арқылы балалық МЕН-жағдайға жазылады. Адамдар ойнайтын ойындар сценарийдің бір бөлігі болып табылады. Жеке тұлға өз ойындары мен бағдарын сезіне отыра, өз өмірлік сценарийін түсіне алады. Оның талдауы Трансакциялық талдаудың негізгі мақсаты болып табылады. Берн бойынша адамзаттық іс-әрекеттің барлығы ерте балалықта басталатын өмірлік сценариймен бағдарламаланған. Бастапқыда сценарий ауызша емес түрде жазылады (бала кезде қабылданған бағдарлар — «мен о'кей», «мен о'кей емес», — ауызша емес жазылады), содан кейін балалар ата-аналарынан жалпы өмірлік жоспарға қатысты ғана емес, («сен әйгілі боласың», «сенің жолың болмайды, сен еш уақытта еш нәрсеге қол жеткізбейсің») адам өмірінің әр қырына қатысты болуы мүмкін ауызша сценарийлі хабарлар алады: балаға кәсіби сценарий жазылып беріледі («сен нағыз әртіс»), өзнің жынысы және тұрмыс құру-үйленуге қатысты сценарий («сен қандай нәзіксің, сен ешқашан нағыз еркек бола алмайсың», «осындай түріңмен күйеуге шығам деп ойлама»), білім беру, дін, спорт, қызығушылыққа қатысты және т.б. Сонымен қатар ата-ана сценарийлік хабарлар құрылымдық, бұзылған (тым болмағанда — өзін-өзі өлтіруге апаратын), нәтижесіз болуы мүмкін. Берн бойынша әр баланың ішінде «ханзада» немесе «ханшайым» жасырынады, бірақ өмірінің ең басында кейбір балалар оларға маңызды адамдардан кез келген нысандағы ескермеушілігі бар хабарлар алады, және бұл балаларды өз шынайы қабілеттерінен төмен әрекет етуге мұқтаж етеді. Олар «ханзада» болудың орнына, «бақа» болады («ханзада» және «бақа» — Берн «Царевна-лягушка» туралы ертегісінен алған ұқсастықтар).

Трансакциялық талдау — бұл топтық түрде өткізілетін интеракциондық психотерапия. Науқастарды Трансакциялық талдаудың негізгі ұғымдарына, мінез-құлық және олардың бұзылу механизмдерінің түсінігіне оқытады Психотерапевт және науқастар осында тақта және бормен пайдаланады. Жұмыстың мақсаты топтың мүшелері қандай Мен-жағдайының шегінде олардың жұмыс жасайтынын (құрылымдық талдау) сезіну болып табылады. Бұл сезінуді дамыта отыра, науқастар ата-аналарынан алған ертедегі бағдарламалауды, жолдауды (хабарламаларды) және өз абыройы («мен о'кей», «мен о'кей емес») мен өмірлік бағдарына қатысты өзінің ертедегі шешімерін зерттейді. Р. Гулдинг (Goulding R. L.) пен М. Гулдинг (Goulding M.) бойынша басты мақсаты ертедегі шешімдерді қайта қарау болып табылады.

Бұл авторлар Берннің біз белсенді түрде емес сценарий артынан ереміз және ертедегі негіздеменің құрбаны болып табыламыз деген түсінігін жоққа шығарады және шешімдер бізбен өмірдегі шынайы және бейнеленетін ата-ана жолдамаларына жауап ретінде қабылданады деп ойлайды, сонымен біз өзіміз бастапқыдан өз сценарийімізді құрамыз. Егер шешім ерте қабылданатын болса, онда әр түрлі психотерапевтикалық тәсілдер арқылы топ мүшелері қайтадан ертедегі балалық оқиғаларына еніп, өзіне және өз өміріне қатысты белгілі жеңілгендікті шешімін қабылдаған жағдаятты тірілте алады, ақыр соңында интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жаңа шешім қабылдай алады. Авторлар Т.а.-ның өзінің принциптері мен тәсілдері гештальт-терапия, психодрама және мінез-құлық модификациясымен үйлесетін модификацияланған нұсқасын дамытты.

Трансактілік топтың интеракциондық болуына қарамастан және ондағы жұмыстың интеллектуальдық және эмоциональдық көрегендікке әкелу керек болғандықтан, көп көңіл рационалдық көзқараска аударылады. Топтың басшысы көбінесе мұғалім ретінде болады, науқастарға көрегендікті сезінуге көмектесіп, өз өмірін бақылау үшін жиі дидактикалық тәсілдер қолданылады. Соңғы мақсаты жеке тұлғаның автономиясына жету болып табылады, бұл өзіндік тағдырды анықтауға, өз әрекеттері мен сезімдері үшін жауапкершілікті қабылдауға көмектеседі.

Трансакциялық талдау тәжірибесі негізінде контракт жатыр, онда емдеу шарттары атап өтіледі. Психотерапевтикалық контракт науқастың алдына қойған мақсаттар мен сол мақсаттардың жету жолдары кіреді, мұнда психотерапевттің емдеу бойынша ұсыныстары және науқас орындауға міндеттенетін талаптар тізімі енгізіледі. Науқас белгіленген мақсаттарға жету үшін, өзінде мінез-құлықтың қандай эмоция пікірлері мен стереотиптерін өзгерту керектігін шешеді. Ертедегі шешімдерді қайта қарастырған соң, науқастар ойлана бастайды, автономияны қабылдауға тырысып, өзін басқаша сезіне бастайды

Трансакциялық талдау жас ерекшелік кең өрісінде жүйке төзуын емдеу кезінде қолданыла алады. Оның психотикалық ауруларды, сонымен қатар ауыр жүйке төзуының сөзылмалы түрлерін емдеу үшін қолдану тиімсіз. Т.Д. ұтымды жағы науқаспен жалпыға бірдей тілдің орнатылуы болып табылады, бұл психотерапевтикалық қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді.(Лычагина Л. И., 1983).

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Трансакция сөзінің мағынасы.

2.Трансакциялық талдаудың түрлері.

3.Трансакциялық талдаудың басты мақсаты.

4.Трансакциялық талдаудың маңызы.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.5-57.

8 Тақырып. Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ).

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. «НЛБ» ұғымының мәні.

4. НЛБ алғышарттары мен принциптері.

НЛБ – 70-жж. басында пайда болған бүгінгі күні психотерапия кеңінен танымал бағыттарының бірі. Оның негізін салушылар Ричард Бэндлер және Джон Гриндер болып саналады. Олар өз кезегінде жұмыстарының басталу нүктесі Федерика Перлз, Вирджиния Сатир және Милтон Эриксон тәжірибелерінің жалпылануы деп есептейді.

НЛБ сәйкес, әр адамда ақпаратты қабылдаудың басымдық танытатын каналы бар: модальдылық. Яғни, әйтсе де әр дұрыс адам әлемді бар сезім органдарымен қабылдайды: естумен, көрумен, сезумен, бұлшық-қимылмен де (кинестетикалық) және т.б., бірақ бір адамда жетекші модальдылық болып көріп қабылдауы, ал екіншісінде естіп қабылдауы (ал басқалары – оны толтырады) болып табылады.

НЛБ келесілерге негізделеді:

1) Эриксон (Erickson M.H.), Сатир (Satir V.), Перлс (Perls F.S.)тәжірибесін үйрену және талдау;

2) сыңар ассиметриялары туралы заманауи деректерде — оң және сол жақ сыңармен ақпаратты өңдеудегі айырмашылық; жаттықтырудың белгілі жағдайларында дельфиндер тәртібінің стандартты емес «шығармашылық» стереотиптері қалыптасуының на зоопсихологиялық деректерге нұсқаумен «сана экологиясына» арналған Бейтсон (Bateson G.) жұмыстары;

3) тілдің терең құрылымын, хабарламаны ұйымдастыру мен өзгеру ережелерін жіктейтін Хомскийдің (Chomsky N.) ауысу грамматикасында;

4) 1950-1960-х жж кибернетика зерттеулерінде және жасанды және табиғидың арасындағы шекті жоятын интеллек; Расселдің (Rassel В.) логикалық түрлері теориясында:

5) Расселдің (Rassel В.) логикалық түрлері теориясы.

Осылай, НЛБ необихевиористік бағдардың пән аралық интегративтік тұжырымдамасы болып табылады.

Әлем «картасы» мен тәжірибе байланысын қайта қалпына келтіру үшін Дж. Гриндер және Р. Бендлер метаүлгіні ұсынды [«мета» сөзі ежелгі грек сөзінен шыққан және өзначает «жоғары» немесе «үсті», кейде — «басқа логикалық деңгейде».]— қайта қалпына келтіруге және адамзаттық қарым-қатынас мәнінің айқындалуына бағытталған лингвистикалық құралдар жинағы.

Кесте

Метаүлгінің бұзылуы мен нақтылайтын және сұрақтар мысалдары

Метаүлгінің бұзылу түрлері Сөйлеу бұзылуының мысалдары Нақтылайтын және сұрақтар мысалдары
Өзгеше емес зат есім Балалармен машақат көп. Олардың қайсысы?
Өзгеше емес етістік Күйзелемін, сеземін. Сіз оны қалай сезінесіз? Не қобалжытады?
Жойылған преформатив (стандартты көрсетусіз бағалау немесе пікір) Мен оны жеткілікті түрде жақсы жасаған жоқпын. Немен салыстырғанда? Кім бұл пікірді айтты және оны жасағанда неге сүйенді?
Номиналдану (зат есім үдерісінің белгіленуі) Мені жаман зейінім азаптайды. Депрессия мені жындандырады. Зат есімді етістікке айналдыру: дәл не болады, ол нақ немен айқындалады?
Мүмкіндіктің модалды операторы Мен... жасай алмаймын... Неге? Сіз оны жасасаңыз, не болады? Сізге не бөгет?
Қажеттіліктің модалды операторы Мен... тиіспін... Мен....тиіс емеспін... Неге? Сіз мұны жасамасаңыз, не болады? (бәрібір жасайсыз)?
Әмбебап квантификаторлар (шамадан тыс жалпылаулар) Әрқашан... ешқашан Шын әрқашан ба? Шынымен ешқашан ба? Қашан уақыт болушы еді, қай уақытта...?
Кешенді эквиваленттілігі Егер ол... онда.... Қалайша бір нәрсе басқа нәрсемен байланысты болады?
Пресуппөзициялар Ол маған қамқор болмайды... Сізді солай ойлауға итермелейтін не?
Себеп-салдарлық байланыстардың бұзылуы Мен онымен ажырасушы едім, бірақ ол менсіз өледі... Бірі бірін қалай тудыратынын нақтылаңыз. Қалай сондай салдардын құтылуға болады?
«Ойды оқу» («мүмкін...бұл...» орнына «жағдай осындай» пікірі түрінде Ол маған көңіл аудармайды... Сіз оны қалай анықтадыңыз?

Одан басқа, адам қоршаған ортаны өз сезім мүшелерімен қабылдап бейнелесе, НЛБ-да ақпараттың модалдылығына үлкен мән беріледі. Негізінен модальдылықтың келесі түрі жіктеледі:

1) визуалды (көру);

2) аудиалды (есту);

3) кинестетикалық (дене сезімі);

4) сезік-дәм сезу.

Адамда модальдылықтың біреуі басым болады, қалғандары қосымша. Егер адам сыртқы әлемді әр түрлі басым болатын модальдылықта қабылдаса, шамамен дәл солай ол өз ішкі әлемін бейнелейді.

Кесте

Модальдылық тілдің екі жақты аудару

Белгісіз модальдылық Көзге көрінетін модальдылық Аудиалды модальдылық Кинестетикалық модальдылық
Орнату Болашақ, көзқарас Түсініктеме, пікір Бағыттылық
Ойлану Бейнелеу Талқылау Сезіктену
Табандылық таныту Бақылау Тыңдау Жету, қайтпау, ұсталу
Көрсетілім жасау Көрсету Түсіндіру Алу, талқылау
Жоқ болу Бос, таза болу Құлақ бітелу, үнсіз Ұю, қалшиып қалу
Жай, қалыпты Күңгірт Бір дыбысты, сәл құлақ бітелу Енжар, босаң, дәмсіз
Көрнекті, тартымды, көңіл Ашық, көрме, түрлі-түсті, көзге түсетін Қатты, құлақ тұндыратын Жабысқақ, қажырлы, керемет
Мұқият болу Үңіле қарау, қадала қарау Құлақ салу Тынышсыздану, сабырсыздану
Елемеушілік Көзден жоғалту Тыңдай алмау Сезбеу, өткізіп жіберу
Тартымды, көңіл аударарлықтай етіп жасау Анықтау Жариялау Ұсыну
Байқау Қарау Құлақ салу Сезіну
Жасау, қайталау Шолу жасау, қарастыру Талқылау Өту
Баяндау Көрсету Айту Өткізу
Ойлап табу Көз алдыеа елестету Дыбысталуын еске алу Қамту
Бір нәрсені еске алу Таныс болып көріну Бірдемеге келісу, үндес болу Үйлесу, қатынасу
Көз аударту Көрсету Меңзеу Жанасу
Түйсінуден айырылған Зағип Керең Сезімсіз
Ойластырайық Қарастырайық Талқылайық Талдау жасайық

Ақпаратты өңдеу үдерісіндегі «рұқсат кілттерінің» тиімдісі көзқөзғаушы паттерндер болып табылады. Бұл күрделі анатомиялық-физиологиялық үдерістер нәтижесінде қалыптасқан көз қарашықтарының нистагмоидтық қөзғалыстары. Осы паттерндердің мәнін түсініп, психотерапевт ішкі психикалық үдерістеріне рұқсат ала алады, ал осы паттерндерді «бейнесін көрсету» және клиентті көзді керек бағытта жылжытуға («жүргізу») күштеу – бағыттау және ішкі күйзелістерді реттеу.

Кесте

Рұқсаттың көз белгілері

Оң   Сол
Шолып құрастырылған бейнелер Зейінді естеліктер, эйдикалық жадыда жинақтау Шолып еске алынатын бейнелер
Аудиалды құрылған дыбыстар Ішкі немесе сыртқы объектілерге көңіл аудару Аудиалды құрылған дыбыстар
Кинестетикалық сезімдер Ішкі күйзелістерге көңілді аудару Аудиалды дискреттік (ішкі) сұхбат

Психотерапевттің модалдық жүйелер мен арнайы сұрақтар арқылы ақпаратты өңдеу стратегияларын анықтау және көзқөзғаушы серпілістерді бақылау үдерісі калибр жасау деп аталады.

Әр модальдылықта, өз кезегінде, әлемді қабылдауда неғұрлым нәзік реңкті енгізетін субмодальдылық болады. Субмодальдылық саны шексіз, бірақ күнделікті өмірде олардың кейбіреулері ғана қолданылады. Субмодальдылықтың психотерапевтикалық тәжірибеде неғұрлым көп тараған негізгі тізбесін келтірейік:


Көзге көрінетін субмодальдылық:

1) түрлі түсті немесе ақ-қара бейнелеу сипаты;

2) шектің бары немесе жоқ болуы;

3) тереңдіктің бары немесе жоқ болуы (бейнелеудің екі немесе үш мөлшерлі сипаты);

4) орналасу жері (оң немесе сол жақтан, үстінен немесе төменнен);

5) субъектіден бейнеге дейінгі қашықтық;

6) анықтық;

7) қарама-қарсылық;

8) кенеттілік;

9) қөзғалыстың бары немесе жоқтығы (фильм немесе фотосурет, сурет);

10) қөзғалыстың барында — оның жылдамдығы (қалыпты жылдамдықтан жылдам немесе баяу);

11) саны (жеке сахна немесе бейнелер көптігі);

12) өлшем.

Аудиалды субмодальдылықтар:

1) стерео немесе жалғыз дыбыс;

2) сөйлеу немесе басқа дыбыстар;

3) дауыс қаттылығы;

4) егер сөйлеу болса, оның үні (жұмсақ немесе құлақ тұндыратын);

5) тембр (дыбыс қанықтығы);

6) дыбыс көзінің орналасу жері;

7) дыбыс көзіне дейінгі қашықтық;

8) дыбыс естілу ұзақтығы;

9) дыбыс естілудің үздіксіздігі мен дискреттілігі;

10) дыбыс шығару жылдамдығы (қалыптыдан жылдам немесе баяу).

Кинестетикалық субмодальдылықтар:

1) оқшаулау;

2) қарқындылық;

3) қысым (қатты немесе әлсіз);

4) деңгей;

5) текстура;

6) салмақ;

7) температура;

8) әсер ету ұзақтығы;

9) түрі.


НЛБ ең басты жұмыс терминдерінің бірі «зәкір» болып саналады. Ол ерекше сезіну (мысалы, иықты, қолды, зені басу), клиенттің тиісті жағдайды күйзелуі болып танылады. Арнайы сол күйді күтіп не шақырып, психотерапевт ылғи зәкірмен бекітеді (яғни бұлшық немесе басқа белгіленген сезінумен). Осындай қайталануларда зәкір мен керекті күй арасында шартт-рефлекторлық байланыс орнатылады, әрі қарай жалғыз зәкірдің қоданылуы сол күйді шақыртып отырады.

Бүгінгі күні НЛБ тәжірибесінде нақты құрылған мақсаттарға байланысты көптеген нұсқалар қолданылады. Сонымен бірге олардың барлығы қалай болсын келтірілген кестеге орнығады деп айтуға болады.

Субмодальдылықтармен жұмыс жасау техникасы психотерапевт клиенттің эмоциональдық өзгерісімен өзара байланысын бақылай отыра, біртіндеп қабылдау көрсеткіштерінің бірін ауыстыруында болып табылады (өлшем, қашықтық, ашықтық, түс, нақтылық және т.б.). Осылай, мысалы, фобияның іске қосу механизмі ретінде жұмыс жасайтын шамаланатын сәттіліктің елестетін суреті түрлі түсті/ақ-қара, жақын/алыс, нақты/бұлдыр қылып жасау туралы терапевттің өтінішіне байланысты болжанатын жағдаят бойынша клиент күйзелісін сапалы және сандық түрде өзгерте алады.

Модальдылық спектрін кеңейту үшін қондыру техникасы қолданылады. Қондыру бастапқы репрезентативтік жүйеден басталады. Тиісті вербальды предикаттарды пайдалана отыра, психотерапевт бір жақын субмодальдылықты біртіндеп қондыру жолымен күннің жарығынан терек басындағы желдің шуына, қолдағы алманың ауырлығына, ауыз қуыратын дәмге ауыса алады және т.б.

Субмодальдылықпен жұмыс жасау маңызды шешімдер қабалдау алдында жүретін күмән мен сенімсіздікпен жұмыс жасауға бағытталған шешімдер қабылдау техникасында қолданылады.

Басында терапевт клиентті шешім қабылдауға бөгет болатын күмән туралы ойлауды өтінеді. Одан кейін клиент осы жағдаят оған толығымен түсінікті жәе ешқандай күмән мен қиындықтар тудырмайтынын анықтау қажет. Одан кейін терапевт және клиент күмән түсінуден қандай субмодальдылықтармен ажыратылатынын салыстырады? Картина өлшемімен? Ашықтық? Қарама-қарсылықпен? Жойылумен? Қөзғалмалылығымен? Кемінде екі айырмашылық табылса, клиент күмән картинасын түсіну картинасына ұқсастырып өзгертуге көреді. Егер олай жасалмаса, клиент ижәне терапевт қосымша айырмашылықтарды іздейді, одан кейін үдеріс қайталанады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: