Жоспары

1.Селекцияның міндеттері

2.Селекция үшін қажетті бастапқы материал.Тұқым,сорт және штамма

3.Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлері

4.Комбинативтік өзгергіштіктің селекция үшін маңызы

5.Мутациялық өзгергіштіктің селекциядағы маңызы

Дәрістің мақсаты: Селекцияның генетикалық жетістіктерімен танысу.

Селекцияның міндеттері

Селекция жануардың жаңа тұқымдарын,өсімдіктің сорттарын жақсартудың теориясы мен әдістерін қалыптастырады.Селекцияның міндеті жануарлардың мол өнім тұқымдарын,өсімдіктердің сондай сорттарын,микроорганизмдердің штаммдарын шығару жіне үй жануарлары мен өсімдіктер эволюциясының заңдылықтарын зертттеу.

Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша селекция мынадай негізгі бөлімдерден тұрады

1.Селекциялық жұмыстың обьектілері болып есепьелінетін өсімдіктердің,жануарлардың және микроорганизмдердің тұқымдық,сорттық,түрлік құрамын зерттеу.

2.Гибридизация және мутациялық процесс жағдайында пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштің заңдылықтарына талдау жасау.

3.Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің белгілері мен қасиетттерінің дамуындағы сыртқы ортаның рөлін зерттеу.

4.Организмдердің бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттердің бекіп дамуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін құру.

Селекция үшін бастапқы материал.Тұқым сорт және штамм

Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей,олардың шығу тегі мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің казіргі бар формаларын жаңарту, жақсарту мүмкін емес.

Өсімдіктердің дүние жүзілік ресурстарын зерттей отырып Н.И.Вавилов басты басты екпе өсімдіктердің шығу орталықтарын ошаққа бөлді,индиялық ошақ күріштің,қант қамысының,цитрустардыңотаны,ортаазиялық ошақ бидайдың,бұршақтың және басқа дақылдардың отаны.Қытай дәнді дақылдар тары қарамық,сояның,алдыңғы азиядан бидайдың және қарабидайдың көптеген формалары және жеміс жидектердің біраз түрлері шыққан.Одан басқа жерорта теңізі,абиссина,Оңтүстік Мексика.Оңтүстік Америка ошақтары бар.Ол мәдени өсімдіктертер шығуының сегіз орталықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

Үй жануарларында осы сиякты ошақтардан таратуға болады.Тұқым,сорт,штамма деп адам қолымен жасалған және белгілі бір тұқым қуалаушылық ерекшеліктері болатын организмдердің популяциясын айтады.Бір тұқымның,сорттың немесе штаммның ішіндегі дарақтардың тұқым қуалаушылық жағынан бекіген,ұқсас,ортақ қасиеттері болады. Олар беретін өнімі,физиологиялық және морфологиялық қасиеттерінің белгілі бір жиынтығы және сыртқы орта факторларына бір типті жауап беруі.Мысалы леггорн тұқымына жататын тауықтардың салмағы төмен,бірақ жұмыртқалағыштығы жоғары келеді.Азықтандыру және күтім жағдайларын жақсартқанда олардың жұмыртқалағыштығы артқанымен,салмағы онша өзгермейді.Ал лангшан тұқымына жататын тауықтардың керісінше салмағы жоғары да,жұмыртқалағыштығы төмен.Күтім жағдайын жақсартқанда олардың салмағы артады да,жұмыртқалағыштығында өзгеріс онша болмайды.Сонда әр тұқымның өзіне тән тұқым қуалайтын қасиеттері бар.

Қандайда болмасын тұқым,сорт,штамм одан белгілі өнім алу мақсатында шығарылады.Қазіргі кезде жануарлардың,өсімдіктердің және микроогрганизмдердің мол өнімді формаларн алуда селекция едәуір жетістіктерге жетті.Голштинофриз тұқымының бір сиырынан 365 күнде майлылығы орта есеппен 5 Л % 16702 кг сүт сауылған.Селекционер академик В.С Пустовойт шығарған күнбағардың майлылығы 50% пайызға дейін жетеді.

Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлері

Жекеленген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалайтын заңдылықтарын ескере отырып,селекционер оларды будандастыру жолымен өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды келесі ұрпақтарда бір біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы бидай дәнінің сапасын оның сабанына,жүгері сабағының ұзындығын собығының мөлшеріне т.б белгілеріне сәйкестендіруге болады.Мұндай белгілердің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүреді.Осы заңдылықтарды терең білгенде ған селекционер әртүрлі будандастыру әдістерін қолдана отырып,организмнің бойындағы қажетті қаситеттерді дамытып,қажетсіздерді алып тастай алады.

Құндыз,түлкі сияқты бағалы аң терілері түстерінің тұқым қуалайтындығы жақсы зерттелген.Кейбір гендерді комбинациялау арқылы бірнеше түрлі түсті терілер алуға болады.

Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын селекцияда қолданудың тағы бір мысалы ретінде автоексті тұқымдарын айту керек.Олардың балапандарының жынысын жұмыртқадан шығысымен ажыратуға болады.Сөйтіп әтештерді бірден іріктеп алып,Тауықтарда жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын қауырсынның жолақ болуын анықтайтын доминанты ген (В) болады.Тек жалғыз ғана Х хромосомасы бар ұрғашы болатындарда В генінің дозасы аз,ал еркек балапандарда екі ХХ хромосома болғандықтан екі ВВ гені,яғни екі есе артық дозасы бар.Сондықтан олардың қауырсынының жолағы анық бөлінеді.

Комбинативтік өзгергіштіктің селекция үшін маңызы

Селекцияда өсімдіктерді әртүрлі сорттарына немесе жануралардың тұқымдарына тән генетикалық ерекшеліктерді бір-біріне ұластыру үшін комбинативтік өзгергіштік қолданылады.Тұқымдар мен сорттар өздерінің жабайы тегінен тұқым қуалайтын ерекшеліктерімен айырылады.Мысалы,селекционер П.П.Лукьяненко өзінің атақты безостая 1сортты бидайын шығарарда бастапқы материал ретінде аргентиналық клейн 33 тен сабағының қысқалығын,тез пісіп жетілетіндігін және дақ ауруына төзімділігін,ал лютесценстен күздік белгісін тұқым қуалап алған.

Мутациялық өзгергіштік селекциядағы маңызы

Өсімдіктер,жануарлар мен микроорганизмдер селекциясында мутациялық өзгергіштік кеңінен қолданылады.Мутация – тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бастапқы қайнар көзі.Кез келген өсімдікте,жануарда немесе микроорганизмде өздігінен әртүрлі мутация пайда болып жатады.Табиғи жағдайда мутацияға табиғи сұрыптау әсер етеді.Ал қолдан сұрыптауда мутацияны селекционер өзі жасайды.

Тұқымдар мен сорттар өздерінің тұқым қуалайтын ерекшкліктері жағынан жабайы ата тектерінен өзгеше болады.Жабайы формаларға қаншама қолайлы жағдай туғызып,қолдан өсірседе,өздерінің қолға үйретілген туыстарындай өнім бере алмайды.

Егер жабайы формаларды үй жағдайында ұстап оларға қолайлы жағдай туғызса,олар ұрпағында мәдени туыстарының өнімділігі мен қасиеттерін өндіріп бере алмайды.Мысалы,жабайы банкив тауықтарын қанша азықтандырап,күткенмен жылына 300-350 жұмыртқа тумайды.Өсімдіктердің екпе,жануарлардың қолға үйретілген формаларын адам тек секірмелі түрде өздігінен болатын мутацияны қолдан сұрыптаудың негізінде бірнеше буын бойы қалыптастыру арқылы алған.Сонымен бірге қазіргі кезде селекцияда экспериментальды немесе индукциялық мутагенезді қолдану кең етек алып отыр.

Бақылау сұрақтары:

1.Селекция немен шұғылданады?

2.Селекцияның генетика ғылымымен қандай байланысы бар?

3.Комбинативтік өзгергіштіктің селекциядағы маңызы?

4.И.И.Вавилов бойынша селекция қандай бөліктерден тұрады?

5. И.И.Вавилов бойынша екпе өсімдіктердің шығу орталықтарын атаңыз?

. 6.Селекция үшін өзгергіштіктің қандай түрлері қолданылады?

Пайданылған әдебиеттер:

1.Инге Вечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции,М.Высшая школа, 1989.

2.Лобашев М.Е.Ватти К.Е.Тихомирова М.М.Генетика сосновами селекции, М.Просвещение,1979.

3.Ватти К.В.Тихомирова М.М.Руководства к практическим занятям по генетике.М.Просвещение, 1979.1972.

4.Лобашев М.Е.Генетика.Изд-во ЛГУ.Генетические 1969.

5.Медведев Н.Н.Практическая генетика.М.Наука,1966.

6.Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А Өтешева Г.А.Гентикадан практикалық сабақтар.Алматы.Ғылым 2004.

7.Мұхамбетжанов К.Қ. Генетика.Алматы 2005.

27 Дәріс

Дәрістің тақырыбы: Селекцияда полиплоидтары пайдалану

Жоспары:

  1. Полиплоидтарың маңызы
  2. Селекцияда автополиплоидияны пайдалану
  3. Селекцияда аллополиплоидтарды пайдалану
  4. Анеуплоидтарды селекцияда пайдалану

Дәрістің мақсаты: Полиплоидияның маңызымен танысу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: