В-Спутнигі

В-Спутнигі бұл А-Спутнигі сияқтыұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және еркін газдың шығымын автоматты өлшеуге арналған.

Ұңғылар өнімі В-Спутнигінің көмегі арқылы келесі түрде өлшенеді:

Ұңғыдан шыққан мұнайгаз қоспасы таратқыш батареяға-1 келіп түседі, бұдан штуцер-3 арқылы үш жүрісті клапанға-4 барып, одан әрі мұнайгаз қоспасы айырғышта-10 мұнай мен газдың көлемін өлшеу үшін жеке ұңғылардың өнімін бағыттайтын құбырға бағытталады немесе барлық ұңғылардан келетін сусыз мұнайға арналған жалпы коллекторға-8 бағытталады.

ЖАБ

  5.2. Сурет. В-Спутнигінің жалпы сұлбасы 1- тарату батареясы; 2- резиналы шарларға арналған сыйымдылық; 3- штуцерлер; 4- үш жүрісті клапандар; 5- жеке ұңғылардың өнімін өлшеу үшін бағыттайтын құбыр (линия); 6- үш жүрісті кран; 7– суланған мұнайдың коллекторы; 8- сусыз мұнайдың коллекторы; 9- деңгейді реттейтін гамма-датчик; 10- айырғыш; 11-диафрагма; 12- тосқауыл жапқыш (заслонка); 13-сифон; 14- тарирленген сыйымдылық; 15-тарирленген серіппе.

Суланған және суланбаған ұңғылар жергілікті автоматика блогының (ЖАБ) және үш жүрісті клапандардың-4 көмегі арқылы белгілі бір уақыт ішінде өлшеуге автоматты түрде қосылады. Айырғышқа -10 келіп түскен сұйықтар мөлшерін тарирленген сыйымдылықтың -14 (көлемі 300л), жергілікті автоматика блогына (ЖАБ) сұйық деңгейінен мәлімет беретін гамма-датчиктердің және жазық тарирлі серіппенің-15 көмегі арқылы өлшейді.

Сұйықтар шығымы жоғарғы және төменгі деңгейден -9 мәлімет беретін гамма-датчиктер арасындағы көлемге жинақталған сұйықтардың массасын өлшеу және сұйықтардың осы көлемді толтыру уақытын тіркеу жолымен анықталады. Таза мұнайдың шығымы берілген көлемдегі сұйықтар массасын таза судың массасымен салыстыру арқылы анықталады, және ол мына көлемге ие болуы мүмкін:

Қоспаның салмағын - Gқос, мұнайдың салмағын - Gм және судың салмағын - Gсу, н (н=кг∙м/с2), деп белгілейміз,

сонда Gқос= Gм+ Gсу, (5.3)

бұдан Gсу= Gқос- Gм (5.4)

тарирлі сыйымдылықтағы сұйықтың көлемі V белгілі болған кезде

V=Vм+Vсу=Gм/ ρм g+ Gсусу g, (5.5)

мұнда Vм және Vсу- тарирлі сыйымдылықтың белгілікөлемінен - V мұнай мен судың сәйкесті алатын көлемдері, м3; ρм және ρсу - мұнайдың және судың тығыздықтары, кг/м3; g- еркін түсу үдеуі, м2/с.

Gсу орнына оның (5.4) теңдеуіндегі мәнін қоя отырып келесі теңдеуді аламыз:

V=Gм/ ρм g+ (Gқос- Gм)/ρсу g, (5.6)

немесе

ρмсуV=ρсу g Gм+ ρм g (Gқос- Gм)=ρсу g Gм+ ρм g Gқос- ρм g Gм. (5.7)

Егерде ρсу gV- ны Gсу арқылы белгілесек, онда (5.7) теңдеуін мына түрде жазуға болады:

Gм=( ρмGсу - ρмGқос)/(ρсу м)=K (Gсу-Gқос), (5.8)

мұнда K= ρм/(ρсу м).

В-Спутнигінің көмегімен сұйықтардың шығымын өлшеу барысында мұнай мен судың тығыздықтарын тұрақты деп есептейміз. Осылайша, Gсу шамасының мәні және тарирлі серіппенің (пружинаның) көмегімен өлшенген Gқос шамасы белгілі болған кезде (5.8) формуласы бойынша мұнайдың салмағын табу оңай.

Өлшеу нәтижелері сыйымдылықтың т/тәуліктегі толу уақытын ескере отырып қайта есептеледі және жергілікті автоматика блогында (ЖАБ-БМА) тіркеледі. Тарирлі сыйымдылықты сұйықпен толтырып және оның салмағын өлшегеннен соң, жергілікті автоматика блогы (ЖАБ-БМА) электро-гидравликалық жетекті іске қосады және газ желісіндегі (линиясындағы) тосқауыл жапқыш (заслонка) жабылады, осының нәтижесінде айырғыштағы-10 қысым ұлғайып және сұйықтар сыйымдылықтан-14 сифон-13 арқылы суланған мұнайдың коллекторына-7 қарай ығыстырылады. Газдың мөлшері диафрагма-11 көмегі арқылы мезгіл-мезгіл өлшеніп отырады.

Ұңғылардың шығару желілерінде (выкидная линияда) парафин жиналған жағдайда, оларды тазалау үшін ұңғы сағасынан бастап резиналы шарларға арналған сыйымдылыққа-2 дейін мұнай ағынымен ығыстырылатын резиналы шарларды қолдану қарастырылған.

В-Спутнигінің кемшілігі мынада, яғни парафинді мұнайларды өлшеу кезінде тарирлі сыйымдылыққа жиналған парафиндер оның анықтау дәлдігін едәуір төмендетуі мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: