Есеп №8

Есеп №4.

Бухгалтер Д.И. Жакуповаға қаңтар айына еңбекақы есептеңіз, есеп тізімдемесіне жазбалар жазып, шоттарда бейнелеңіз.

Оклады 51 000 теңге, 22 күннің 20 күнінде жұмыс істеді, қаңтарда кассадан 24000 теңге берілді; есептік сомалардың қалдығы 700 теңге ұсталды; кәсіподақ мүшесі, Сыйақы 20 %. Кәсіпорында экологиялық ақылар төленеді.

Есеп №5.

Операцияларды шоттарда бейнелеңіз:

1. Чек кітапшалары есебінен жабдықтаушыларға төлем жасалды – 30 540тг

2. Транспорттық қызметтер үшін кассаға ақша төленді – 60 420тг

3. Есеп айырысу шотынан аккредитивтік шотқа ақша аударылды – 105 000тг

4. Есеп айырысу шотына қысқа мерзімді банк несиесі аударылды – 500 000тг

5. Коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу шотынан аударылды – 40 650тг

6. Іс-сапар шығындарына кассадан аванс берілді – 28 600тг

7. Материалдық зиян шектірудің орнын толтыру үшін кассаға ақша қаражаты келіп түсті - 2 050тг

8. Есеп айырысу шотына аударылмаған түсім есепті тұлға арқылы почта бөлімшесіне өткізілді – 58 600тг

9. Жарғылық капиталдағы салымдар есебінен валюттік шотқа ақша қаржылары келіп түсті – 60 000тг

10. Сатып алушылардан кассаға төлемдер келіп түсті – 32 150тг.

.

Есеп №6.

Операцияларды шоттарда бейнелеңіз:

1. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша қаржылары келіп түсті -7 680тг

2. Қорларды жеткізу үшін есеп айырысу шотынан аванс берілді – 56 900тг

3. Әкімшілік персоналға еңбекақы есептелді – 76 580тг

4. Жабдықтаушылардан қосалқы бөлшектер келіп түсті - 35 670 тг, ҚҚС -12%

5. Есеп айырысу шотынан бюджетке ҚҚС аударылды – 28 560 тг

6. Іс-сапар шығындары үшін кассадан аванс берілді – 12 560 тг

7. Көлік құралдарына салық есептелді – 23 712 тг

8. Сатып алушылардың берешегін жабу кезінде бұрын алынған аванс есепке алынды -67 348тг

9. Сауда қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтерге тозу есептелді – 6 700тг

10. Алынған тауарлар үшін есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша аударылды – 78 965тг

Есеп №7

Берілгендердің негізінде шоттар корреспонденциясын көрсетіп, шахматтық тізімдеме мен айналым мәлімдеме тізімдемесін құрыңыз. Айналым мәлімдеме тізімдемесі:

Шот№ Шот атауы 1.07 қалдық Айналымт 1.08 қалдық
Дт Кт Дт Кт Дт Кт
  Касса            
  Есеп айырысу шоты            
  Материалдар            
  Негізгі құралдар            
  Банк несиесі            
  Еңбекақы бойынша есеп айырысу            
  Жарғылық капитал            
  Табыс            
  Жиынтық            

Тамыз айында орындалған шаруашылық операциялар

№ п/п Операция мазмұны Сома Корреспон -ция
дебет кредит
  Есеп айырысу шотынан еңбекақы аударылды      
  Табыс есебінен жарғылық капитал өсті      
  Негізгі құралдар арқылы банк несиесімен есептесті.      
  Материал сатылды, ақша кассаға келіп түсті      
  Табыс есебінен кассадан материалдық көмек берілді.      
  Банк несиесін жабу үшін кассадан ақша бөлінді. кредита      
  Банк несиесін жабу үшін есеп айырысу шотынан ақша бөлінді.      

Есеп №8.

Жұмысшының демалыс ақысын есептеп, жұмысқа шығу күнін анықтаңыз.

Жұмысшы 28 күнтізбелік күнге 05.05.2009 жылдан демалысқа шықты. Кәсіпорында алты күндік жұмыс аптасына. 04.05.08-04.05.09 аралығындағы есепті кезең толығымен өтелген. Осы кезеңдегі жұмысшыға есептелген еңбекақы 700 000 теңгені құрайды, соның ішінде 28000 теңге іс -сапар шығындары да бар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: