Есеп №19

Шаруашылық операцияларды шоттарда бейнелеңіз:

1. Қолма-қол есеп айырысу арқылы өнімді өткізуден түскен түсім кассаға келіп түсті – 125 630 тг, соның ішінде ҚҚС- 12%?

2. Орындалған жұмыс үшін кассадан аванс берілді – 54 200тг

3. Арнайы шоттардағы қаржылар есебінен ұйымдастырушылар қызметі төленді – 22 480 тг

4. Сауда жұмысшыларына кассадан еңбекақы берілді – 96 800 тг

5. Еншілес серіктестіктерден кассаға төлемдер келіп түсті -31 650тг

6. Қолма-қол есеп айырысу арқылы тауарлар сатып алынды-37 500тг, соның ішінде ҚҚС-12%?

7. Өнімдерді жарнамалау бойынша шығындар есеп айырысу шотынан төленді - 21 500 тг

8. Жарғылық капиталдағы салымдар есебінен ақша қаржылары есеп айырысу шотына келіп түсті – 150 000тг

9. Шетел валютасы бойынша оң бағамдық айырма бейнеленді-4 200 тг.

10.Еңбекақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды -10 638тг.

Есеп №20. Бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасын анықтаңыз, операцияларды шоттарда бейнелеңіз, пропорционалды әдіс қолданады.

Есепті мерзім бойынша:

1. 287 500 теңге сомасына тауарлар сатылды, соның ішінде 12 пайыз ҚҚС

2. 200 000 теңге сомасына ҚҚС салынбайтын тауарлар сатылды.

3. Жабдықтаушылардан 184 000 тенге сомасына қызметтер мен тауарлар келіп түсті, соның ішінде 12 пайыз ҚҚС.

4. Жабдықтаушылардан 580 000 тенге сомасына жеңіл автомобиль келіп түсті, соның ішінде 12 пайыз ҚҚС.

5. Есеп айырысу шотынан аударылған ағымдағы ҚҚС төлемдері – 5 000 теңге.

Есеп №21. Құрал – жабдық бойынша амортизация есептеңіз, бастапқы құны 500 000 теңге.

Қызмет мерзімі 5 жыл:

1.Бірқалыпты әдіс бойынша

2.Кумулятивті әдіс бойынша

3.Регрессивті әдіс бойынша

Операцияларды шоттарда бейнелеңіз.

Есеп №22. Сәуір айы бойынша материалдар шығынын анықтаңыздар.

1.ФИФО әдісі бойынша.

2.Орташа құн есептеу әдісі бойынша.

1.04 күнгі материалдар қалдығы – 2 000 кг. бағасы 50 теңге

Кірістеу:

1 жолы 2 500 кг. бағасы 55 теңгеден

2 жолы 3 000 кг. бағасы 45 теңгеден

3 жолы 1 000кг. бағасы 60 теңгеден.

Шығыс: 8 200 кг.

Есеп №23. Шоттарда бейнелеңіз, салық шоттары бойынша №5 журнал – ордерді құрастырыңыз.

реттік № Операция құрамы Сомасы Дебет Кредит
1. 1.03 қалдық соның ішінде. 3120 Жалақы бойынша жеке салық 3150 Әлеуметтік салық 3170 Көлік құралдары салығы 33 000 5 000 25 000 3 000    
2. Жалақыдан жеке салық ұсталды 6 000    
3. Жалақыдан әлеуметтік салық есептелді а) негізгі өндіріс жұмыскерлерінен б) қосымша өндіріс жұмыскерлерінен в) өнімді сатумен айналысатын жұмыскерлерден г) әкімшілік - басқарушы қызметкерлерден   10 000 7 000 3 000 12 000    
4. Дивидендтерден жеке салық ұсталды а) жай акциялар бойынша б) артықшылықты акциялар бойынша   8 000 4 000    
5. Жер салығы есептелді 5 000    
6. Есеп-айырысу шотынан салық аударылды а) жалақы бойынша жеке б) әлеуметтік салық в)дивидендтерден салық   5 000 25 000 12 000    
7. Кассадан көлік құралдарына салық төленді 3 000    

Есеп №24. Сатып алушылар және тапсырыс берушелермен есеп айырысулар есебі бойынша шаруашылық операцияларды шоттарда бейнелеңіз, №16 тізімдемені құрастырыңыз.

реттік № Операция құрамы Сомасы Дебет Кредит
1. 1.11 күнгі 1210 шот бойынша қалдық соның ішінде ЖШС «Гера» ЖШС «Виктория» 70 000 30 000 40 000    
2. Сатып алушыларға жөнелтілді а) «Надежда» ЖШС -на 2.11 күнгі №50 накладной бойынша тауар ҚҚС – 12 пайыз Жиынтық: б) «Адамас» ЖШС-на 6.11 күнгі №122 шот-фактура бойынша негізгі құралдар ҚҚС – 12 пайыз Жиынтық: в) «Келет» АҚ –на 20.11 күнгі №51 накладной бойынша дайын өнім ҚҚС – 12 пайыз Жиынтық: г) «Маржан» ЖШС-на дайын өнім ҚҚС – 12 пайыз Жиынтық:   100 000 100 000 200 000 80 000    
3. Есеп – айырысу шотына келіп түсті а) 2.11 күнгі №121 төлем тапсырмасы бойынша «Гера» ЖШС-нан б) 3.11 күнгі №124 төлем тапсырмасы бойынша «Виктория» ЖШС-нан   30 000 40 000    
4. «Надежда» ЖШС-нан 10.11 күнгі №205 кіріс кассалық ордері бойынша кассаға келіп түсті. 115 000    
5. «Адамас» ЖШС –нан алдын ала келіп түскен аванс 28.10 күнгі №130 кіріс кассалық ордері бойынша есепке алынды. 60 000    

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: