Есеп №14

Тапсырма:

1. Экономист Муратоваға еңбекақы есептеңіз.

2. Еңбекақысынан табыс салығы мен зейнетақы жарнасын ұстаңыз.

3. Қолына алатын соманы есептеңіз

Экономист Васильева Д.В айдағы 22 - жұмыс күнінің 18 күнін ғана атқарды. Экономистің қызметтік еңбекақысы 49000тг құрайды. Жұмыс сапасы үшін кәсіпорын жарлығы бойынша 20% мөлшерінде оған сыйақы тағайындалды.Экологиялық төлем 1,5 АЕК.

Есеп №15.

Жүргізуші М.Асановтың еңбекақысын есептеңіз:

Айдағы 23 жұмыс күнінің 19 күнін ғана атқарды.Еңбекақыдан зейнетақы аударымын, табыс салығын және алимент (екі бала-иждивенец) ұстау керек. Қолына алатын соманы анықтаңыз:

Еңбекақысы 50 000 тг. Сыйақы мөлшері -20 000тг құрайды. Экологиялық төлем -1,5 АЕК.

Есеп №16. Ғимаратты салу бойынша шаруашылық операцияларды шотарда бейнелеңіз.

Реттік № Операция құрамы Сомасы Дебет Кредит
1. Жобалау ұйымына қызметтері үшін есептелді 20 000    
2. Құрылыс материалдары есептен шығарылды 65 000    
3. Басқа да материалдар есептен шығарылды 50 000    
4. Құрылыс жүргізуге алынған несиеге пайыздар есептелді 100 000    
5. Құрылысшыларға жалақы есептелді 300 000    
6. Жалақыдан әлеуметтік салық есептелді      
7. Мердігерлерге жұмысты орындағаны үшін есептелді 356 000    
8. Амортизация есептелді а) құрылыста пайдаланылған құрал жабдықтар бойынша б) басқа да негізгі құралдар бойынша   14 000 6 000    
9. Құрылыста қолданылған есеп берудегі сомалар есептен шығарылды 13 000    
10. Құрылысқа қатысы бар болашақ кезеңнің басқа да шығыстары есептен шығарылды. 10 000    
11. Құрылыс аяқталып объект қолданысқа енгізілді      

Есеп №17. Кірістер мен шығындарды есепке алу бойынша шаруашылық операцияларды есепте бейнелеңіз.

реттік № Операция құрамы Сомасы Дебет Кредит
1. 6 бөлім шоттарын жабыңыз а) 6010 б) 6210 в) 6280   1 000000 200 000 100 000    
2. 7 бөлім шоттарын жабыңыз а) 7010 б) 7110 в) 7210 г) 7410 д) 7710   700 000 150 000 50 000 120 000 80 000    
3. 5610 шотты жабыңыз      
4. Өткен мерзімнің шығысы жабылды      
5. Есепті жылдың кірісі бөлінді: а) резервті капиталға 15 пайызы бағытталды б) жай акциялар бойынша дивиденттер есептелді 85 %      
6. Дивиденттерден салық ұсталды (п.5б қараңыз)      
7. Кассадан акционерлерге дивиденттер берілді (п.5б, п6 қараңыз)      

Есеп №18. Шаруашылық операцияларды шоттарда бейнелеңіз, №13 журнал ордерге жазбалар жасаңыз.

реттік № Операция құрамы Сомасы Дебет Кредит
1. Жарғылық капиталдан жазылу сомасында құрастырылды а)қарапайым акциялар б)артықшылығы бар акциялар   1 200 000 200 000    
2. Акционерлерден акциялар үшін келіп түсті: а) кассаға б)есеп айырысу шотына в)тауарлар түрінде   300 000 700 000 150 000    
3. Ағымдық құнды жеткіге бағалау жүргізілді: а) ғимараттың б)құрал-жабдықтың   100 000 120 000    
4. Қайта бағалау нәтижесі бойынша тозу бойынша түзетулер а) ғимараттың б) құрал-жабдықтың   70 000 20 000    
5. Есепті жыл кірісі есебінен резервті капитал құралды 100 000    

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: