Досы азбен сырлас

91. Дос таппай көңіл тыным таппас.

92. Жаңа дос келгенде,ескі достың көзінен жас шығады.

93. Дос тұтқанды қадірле.

94. Шешеннің сөзі-мерген,

Шебердің ісі-мерген.

95. Сөз сүйектен өтеді.

96. Тіл қылыштан да өткір.

97. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.

98. Көппен көрген ұлы той.

99. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені.

100. Әлін білмеген әлек.

101. Жері байдың елі бай.

102. Өмір-үлкен мектеп.

103. Мектеп-кеме, білім-теңіз.

104. Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

105. Ойлай білсең, дана боларсың,

Ойнай берсең дана боларсың.

106. Иттің бәрі тазы болмас,

Еттің бәрі қазы болмас.

107. Жек көре білмеген адам сүйе де білмейді.

108. Таза болсаң, судай бол,

Бәрін жуып кетірген.

Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

109. Жақсы жолдас – жанға серік,

Жаман жолдас- малға серік.

110. Қайғың болса, досыңа бар.

111. Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

112. Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі.

113. Жер гүлсіз болмайды,ел ерсіз болмайды.

114. Жауын жауса-жердің құты.

115. Ер туса-елдің құты.

116. Еңбек-адамның екінші анасы.

117. Өнер-ердің қанаты.

Өнерліге өлім жоқ.

118. Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім.

119. Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық.

Адамды заман билейді.

121. Ер- елінде, гүл- жерінде.

122. Ел бірлігі-ел теңдігі.

123. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.

124. Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

125. Теңге- тиыннан,

Ынтымақ-ұйымнан.

126. Ынтымақ болмай, іс оңбас.

127. Шашу-оңай, жинау-қиын.

128. Ағаштың тамыры- өскен жерінде.

Адамның жаны-туған елінде.

129. Қыс азығын жаз жина.

130. Мезгілі жетсе, мұз ерір.

131. Қыстың көзі-қырау.

132. Қыстың қамын жаз ойла.

133. Ат-адамның қанаты,

Ас-адамның қуаты.

134.Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

135.Есепсіз дүние жоқ.

136.Ел болам десең достас.

Қор болам десең, қастас.

137.Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.

138.Жүйелі сөз-жүйесін табар,

Жүйесіз сөз-иесін табар.

139.Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.

140.Дерексіз сөз- нанымсыз.

141.Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

142.Кітап-алтын қазына.

143.Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

144.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

145.Ақыл-Алланың бергені,

Білім-адамның тергені.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: