Сулы жер – нулы жер

Бұлақты жер – тұрақты жер.

14. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

15. Егін ексең - тыңға ек,

Одан өнер өнім бар.

16. Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

17. Қоян көлеңкесінен қорқады.

18. Батар күннің атар таңы бар.

19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

20. Құс жеткен жеріне қонады.

21. Өнерлі өрге жүзеді.

23. Өнерлінің өрісі кең.

24. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

25. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

26. Шебердің қолы көпке ортақ.

27. Ұста, ұстадан нұсқа.

28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.

Жеті рет пішіп,

Бір рет кес.

30. Ұста пышаққа жарымас,

Етікші етікке жарымас.

31. Ерлік білекте емес, жүректе.

32. Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

33. Көз- қорқақ, қол- батыр.

34. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Батыр туса- ел ырысы,

Жаңбыр жауса- жер ырысы.

36. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

37. Бейнетсіз рахат жоқ.

Ел іші - алтын бесік.

39. Бейнетсіз бірлік жоқ.

40. Ер қанаты – ат.

41. Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

44. Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.

45. Өнер алды- қызыл тіл.

46. Бес саусақ бірдей емес.

47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.

Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.

49. Уәде алтыннан да қымбат.

50. Теңге үнемді сүйеді.

51. Тиыннан теңге құралады.

52. Ырыс алды-ынтымақ.

53. Байлық- байлық емес, бірлік-байлық.

Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.

55. Жаманға жан жуымас.

56. Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.

57. Жақсы- көпке ортақ.

58. Жақсы сөз –жарым ырыс.

59. Жақсы –ісімен жақсы.

60. Су-тіршілік көзі.

61. Судың да сұрауы бар.

62. Ата өнері- балаға мұра.

63. Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

64. Өнерімнің өрісі кең.

65. Басқа пәле- тілден.

66. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

67. Ғылым-теңіз, білім- қайық.

68. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

69. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.

70. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

71. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

72. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.

Жеті атасын білмеген-жетесіз.

74. Әке- балаға сыншы.

75. Балалы үй-базар, баласыз үй- қу мазар.

76. Әке-асқар тау.

Ана- бауырындағы бұлақ.

Бала-жағасындағы құрақ.

77. Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

78. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келер.

79. Әркімнің өз жері-жұмақ.

80. Туған жердің ауасы да шипа.

81. Еңбексіз өмір- сөнген көмір.

82. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

83. Еңбек өмірді ажарландырады.

84. Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кетірер.

85. Еңбектің көзін ашқан

Байлықтың өзін табады.

86. Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс.

87. Жақсының сөзі- шамдай жарық,айдай анық.

88. Көп ішінде сөйлеген-көсемдіктің белгісі,

Көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі.

89. Досың көп болғанға шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан.

90. Досы көппен сыйлас,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: