Жиренше кім?/ шешен

35. Мұзафар Әлімбаев кім?/ халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері

36. «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» әндерінің авторы кім?/М.Әлімбаев

37. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез - кімнің сөзі?/ Абай

38. Дала өлкесінің мұражайы қашан ашылған?/ 1971ж

39. Ескерткіштердің түрлері/ археологиялық, тарихи, сәулет өнері, монументтік өнер

40. Жұмат Шанинге Республикалық халық әртісі аиағы қашан берілді?/ 1931ж

41. Кәукен Кенжетаев кім?/опера әншісі, әртіс, кинорежиссер

42. Айман Мұсаходжаева кім?/ скрипкашы

43. Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйі төріне көрік беріп тұрған гобелен көлемі қандай?/ ұзындығы 17 метр,ені 2 метр

44. Авторы кім?/ Б.Зәуірбекова

45. Абай атындағы опера және балет театрының іргетасын қалаушылардың бірі кім?/ Кәукен Кенжетаев

46. Білім беруші мектеп сатылары: бастауыш-1-4 сыныптар, толық емес орта мектеп-5-9 сыныптар, толық орта -10-11 сыныптар

47. Алғашқы мектеп қай жылы ашылды?/ 1841 ж Орда мектебі, 1864 жылы Ырғыз мектебі-14 оқушысы бар

48. «Білім туралы» Заң қай жылы қабылданды?/ 1999ж. 7.06

49. Оқулықтарды жазуға қатысқан қазақ зиялылары/А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,Қ.Сәтбаев

50.Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық университет қай жылы ашылды?/ 1928 жылы Ұлттық педагогикалық университет

51. Оқу орнының бірінші ректоры кім?/ С.Ж. Аспандияров

52. Бұған Абай есімі қашан берілді?/ 1935 жылы

53. Қазақ Ұлттық консерваториясы кімнің атында?/ Құрманғазы

54. Астана қашан көшірілді?/ 1997 жылы

55. Ұлттық университет қашан ашылды?/ 1934 жылы 15.01

56. «АзиЯ» шығармасының авторы кім?/О.Сүлейменов

57. Тәуке хан тұсында Ұлы жүз биі- Төле би

Орта жүз биі-Қазыбек би

Кіші жүз биі- Әйтеке би болған.

58. Қалибек Қуанышбаев кім?/әртіс

59. «Хикметтер» кітабының авторы кім?/Қожа Ахмет Яссауи

60. Әлемге әйгілі классикалық күрес шебері кім?/Д.Тұрлыханов

61.Күләш Байсейітова Халық әртісі атағын неше жасында алды?/24 жасында

62.Алматы қай жылы астана болды?/1929 жылы

Мақал – мәтелдер

1. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

2. Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3. Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.

4. Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

5. Басыңа іс түссе,

Жақсы көмектеседі,

Жаман күліп кетеді.

6. Жаман дос көлеңке:

Басыңа күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

7. Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

8. Адам досымен мықты,

Ағаш жапырағымен мықты.

9. Отанды сүю отбасынан басталады.

10. Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

11. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

12. Жері байдың – елі бай.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: