Есеп 25

Есеп № 24.

Науқасқа өкпені жасанды демалдыруды қолдану арқылы операция жасалынуда. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,24 -төмен

рСО2 69 мм с.б. - жоғары

SB 18,5 ммоль/л - төмен

АВ 28,0 ммоль/л - төмен

ВЕ -8,0 ммоль/л - төмен

1. Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген).

Теңгерілмеген ацидоз.

2. ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз.

Теңгерілмеген аралас ацидоз. Жасанды демалдыру О2-ң аз түсуі гиперкапния газдық ацидоз гипоксия дистрофия зат алмасудың қышқыл өнімдері мет.ацидоз ОЖЖ-ғы ауыр өзгерістер

3. ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?

Оттегінің гор-ге аз түсуі. Содан көмірқышқыл газы жиналған.

4. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының теңгерілу тетіктерін түсіндіріңіз.

Өкпедегі ауа алмасуын қалыпқа келтіру. Алдыңғы есепте.

Есеп 25.

Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: дене қызымы - 37,2 °С, өкпеде тынысы везикулярлы, тамыр соғысы -80 рет минутына, АҚ - 120/80 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды, бетінде және арқасында сыздауықтар.

 

1. Аурудың болжам диагнозын қойыңыз.

Инсулинге тәуелді қантты диабет.

2. Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет?

Қанды – глюкозаға(4,6 – 6,0) – бүйрек межесінен асса, мочевинаға(3,3-6) – белоктардың амин тобы айналады, жалпы белокқа(65-80) – АҚ жасушаға енуі бұзылып, олар ыдырауы артады, кетон денелеріне зерттеу- майлардың тотығуының бұзылыстарынан.

3. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.

Инсулин жеткіліксіздігінен қанда глюкоза деңгейі артады. Гексокиназа ферм-ң жеткіліксіздігінен глюкоза тотығуы тежеліп, б.е.-де АТФ азайып, оларда әлсіздік, аралық өнімдерінің бауырға тасымалдануы бұзылуынан, олар сонда жиналып, ауыру сезімі болады. Глюкозаның қандағы деңгейі бүйрек межесінен(8,0) асса, ол несеп арқылы шығарыла бастайды, өзімен көп мөлшерде суды да ала шығады. Осыдан диурез артып, полиурия, болады, судың азаюынан шөлдеу сезімі мен ауызда құрғау болады. Глюкоза энергиясының орнына май эн-ы пай-ды, липолиз артады, адам азады. Ақуыздардың син-ң орнына ыдырауы артады, сондықтан иммунды жүйенің ақуыздары жеткіліксіздігінен(антиденелер, комплемент ж/е т.б.) микроорганизмдерге сезімталдығы артып, әртүрлі қабыну ошақтары пайда болады(сыздауық).

4. Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз.

Инсулин, физ.ер-і, гидрокарбонат н/е лактат сұйықтары енгізіледі. Орг-ң сусыздануын, гипергликемияны, ацидозды аластату шаралары қол/ды.

Есеп № 26.

Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.

1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия.

1. Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?

Инсулиннің артық дозасы гипогликемия нейрондарда глюкоза тапшылығы метаболизмдік гипоксия ОЖЖ-ң бұзылыстары(әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу, тахикардия, тырысу, естен тану, үстіртін тыныс, брадикардия, гипотермия, атония) мидың қайтымсыз бұзылыстарынан өлім болады.

2. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

Глюкоза азайғандықтан б.е. энергия тапшылығынан әлсіздік болады, шеткері қ.т. кеңейеді, терлеу, АҚ төмендейді, тахикардия, АТФ жеткіліксіздігінен Са2+ цитозольде жиналып қалады, б.е. тырысуы, ми зақымдалса естен танып, брадипноэ, брадикардия болады, жылу өндірілу азайғанда гипотермия болады. Глюкоза жеткіліксіздігінен ең бірінші зақымдалатын – нейрон.

3. Науқаста ми ісінуі қаупі бар ма?

Глюкоза осмогенді молекула бол-тан, қанда мөлшері азайса, қанның осмостық қысымы азаяды, нейрондардағы осмостық қысым салыстырмалы жоғары бол-тан оның ішіне су көптеп кіріп ісіну болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: