Вирусты гепатит

• Инфекциялық ауырулардың жалпы құрылымындағы алғашқы орындардың бірі вирусты гепатитке жатады. Қазіргі уақытта жеті нозологиялық формалары берілген: А, В, С, D, E, G.

• Бұл ауырулардың қоздырғыштары гепатотропты және клиникалық суретінде орталық көріністі бауырдың зақымдалуы алады.

• Вирусты гепатиттердің мәселелерінің күрделігі олардың кең тарауына юайланысты, әсіресе адамнан адамға парентеральді берілетін В және С гепатиттер. Более Жер шарының халқының 1/3-нен артық тұрғындары В гепатитпен инфицирленген, олардың 5% бұл вирустың тасымалдаушысы болып табылады. Әлемде 500 млн. артық адам С гепатитпен инфицирленген.

• Вирусты гепатиттер медициналық мәселелердің күрделісі болып табылады, қазіргі заманғы емдерге байланыссыз жыл сайын гепатиттен әлемде 2 млн. жуық адамдар қаза табады. Гепатоцеллюлярлы карцинома мен В гепатиттің арасында этиологиялық байланыс бар екені дәлелденген.
Вирусты гепатитердің алдын алу бұл ауыруларды бақылап отырудың жалғыз мүмкіндігі.

• Вирусты гепатит В (ВГ) — адамның вирусты антропонозды инфекциялық ауыруы. Жалпы қауіп-қатер тобына: қанның реципиенттері, гемофилиямен ауыратындар, нашақорлар, жиі жыныстық жолға әртүрлі адаммен түсуі.

• Вирус адамнан (жалғыз иесінен) адамға парентеральді беріледі. В гепатитті тудыру үшін вирустың жоғары концентрациясында қанның жағындысы да (0,0001 мл), жеткілікті. Бұны есептей отырып В гепатитті жұқтыруға қанмен жиі жұмыс істейтін қызметкерлер ұшыраған.

• В, С вирусты гепатиттердің берілу жолы: жыныстық, парентеральді, сонымен қатар перинатальді. В және С гепатиттерді жұқтыру қауіпіне бірінші орында медицина қызметкері тұрады. Бұл мамандықтағы топтағы адамдардың арасындағы гепатиттердің жиілігі халықтың орташа санына тиісті саннан көп. Ауырухана ішілік мекемелерде өте үлкен қауіпті топқа операциялық бөлмеде жұмыс істейтін адамдар жатады.

• В гепатитінің негізгі инфекция көзі ВГ –тің жедел түрімен ауыратын адамдар емес, дені сау тасымалдаушылар. Тасымалдаушылардың саны әлемде 300 млн. адам, ал Ресейдеолардың саны 5 млн.нан артық.

• Екінші инфекция көзі болып ВГ-тің созылмалы және жедел түрімен ауыратын адамдар жатады. Науқас адамдарда да, сау адамдарда да вирус әртүрлі биологиялық субстраттарда болады: қанда, зәрде,сілекейде, өтте,жаста, фекалиде, омырау сүтінде, қынап шырышында, цереброспинальді сұйықтықта. Бірақ қауіптісі қан, сперма, сілекей. Ал қалғандарда вирустың концентрациясы аз.

• ВГ-ті тұрмыстық жағдайда да жұқтыруға болады. Бұл кезде вирус зақымданған тері арқылы енеді.

• ВИЧ инфекциясындағы барлық алдын алу іс шараларды В гепатитте де қолдану керек.

• Қазіргі уақытта ВГВ-ға қарсы белсенді вакцинацияда «Энджерикс В» вакцинасы қолданылады. ВГВ-ге қарсы вакцинациялауға көрсеткіштер жұқтыру қауіпіне байланысты. Қауіп-қатер тобына денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері жатады. Жүктілік белсенді вакцинацияға көрсеткіш болып табылмайды. Бұл вакцина ВГД-дан да қорғайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: