Гепатит D

• Парентеральді механизммен берілетін вирусты гепатит С, ауыр ағыммен және қолайсыз соңымен аяқалумен сипатталады. Вирусты генотип D қоздырғышы - (ВГО) – иесінің ағзасында өз бетімен репликацияланбайды. Вирусты компоненттердің синтезі ВГВ ның міндетті түрде қатысуын талап етеді. Осыған байланысты вирусты гепатит А-ны вирус-паразитом деп атайды. Вирус жоғары температураға және мұздатуға тұрақты, қышқылдармен және протеазалармен инактивирленеді.

• Ауырудың негізгі көзі болып ВГВ –ның созылмалы түрімен ауратын адамдар болып және сау HBs Ag бар тасымалдаушылар. табылады.

• ВГД-ның берілуі вируса гепатита В сияқты: парентеральді жолмен, көбінесе қанмен. Өте үлкен қауіпті топқа қанмен жұмыс істейтін адамдар жатады.

• Жұқтыру көбінесе стоматология, хирургия бөлімдерінде, гемодиализ орталықтарында жүреді. Транстплацентарлы вирустың берілуі де мүмкін, жүкті адамнан ұрыққа..

• Существуют две формы инфекции, обусловленные вирусом гепатита D: ко-инфекции и суперинфекция. Ко-инфекция представляет собой одновременное заражение человека вирусами В и D. В этом случае болезнь носит острый характер и как правило протекает неблагоприятно. Суперинфекция развивается у ранее инфицированных вирусом В, т.е. у больных хроническим гепатитом В или носителей HBs Ag при заражении вирусом D. Суперинфекция протекает клинически тяжело, нередкс имеет тяжелое прогрессирующее течение, вплоть дс возникновения массивного некроза печени ил1-развития цирроза.

• Алдын алу шаралары ВГВдағы сияқты. Әсіресе ВГД-ның қосылмауын,HBs—антигенін тасымалдаушылардан сақтау қажет. ВГВ дағы вакцина ВГД да қолданылады.

• Парентеральді жолмен берілетін инфекциялық ауырулардың алдын алуының жетістігі медициналық қызметкерлердің дайындығына байланысты.

4. Көрнекті материал: (№ 2 презентацияны қара)

5. Қолданылған әдебиет:

•. М.М. Пожарицкая, Т.Г. Симакова «Пропедевтическая стоматология», М.: Медицина, 2004 г.

• 2. Ю.М. Максимовский «Фантомный курс терапевтической стоматологии» Атлас. Москва., Медицина 2005 г.

• 3. Е.В. Б оровский «Терапевтическая стоматология». М., Медицина 2002 г.

• 4. М.М. Царицинский «Терапевтическая стоматология» Москва- Ростов –на – Дону., 2004

• 5. Материалы с Интернета – сайта

• 6. Н.Н. Полушкина «Справочник медсестры стоматологического кабинета» Феникс. Ростов-на- Дону., 2010 г.

6. Бақылау сұрақтар: ( кері қарым-қатынас)

1. Бір дәрігерге арналған стоматологиялық кабинетінің көлемін айтыныз

2. Әр қосымша кресло үшін арналған орын көлемі?

3. Тіс жегі қуысын өңдеуге арналған стоматологиялық құралдарды атаныздар

4. Ауыз қуысын қарауға арналған құралдарды атаныз

5. Дезинфекция дегеніміз не?

\

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1. №4 Дәріс: Беттің жақтың, тістердің қалыптасуы мен дамуы. Кезендері

2. Мақсаты: Беттің, жақтардың және тістердің қалыптасу кезеңдері мен даму кезеңдерін оқыту.

Жоспар:

1. Ауыз қуысының дамуы, анықтамасы;

2. Ауыз қуысының құрылысы (ауыз қуысының кіреберісі, өзіндік ауыз қуысы);

3. Ауыз қуысы шырышты қабығының құрылысы;

4. Ауыз қуысының қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы;

5. Ауыз қуысы шырышты қабығының қызметі;

6. Тістердің дамуы, кезеңдері, тістердің шығу мерзімі.

Беттің дамуы

• Беттің қалыптасуы және тіндердің бітісуі ұрпақтан-ұрпаққа бағытталған сызықтар бойынша эмбриональдық дамудың 7-ші аптасында қалыптасады. Бұл үрдістің бұзылуы беттің туа пайда болған даму ақауына әкеледі.

• Сайып келгенде, (маңдай, көз шарасы аймақтары және мұрын) тұлғаның барлық жоғарғы бөлiгi маңдай өсiндiден қалыптасады, беттің ортаңғы бөлігі (бүйiрлеу бөлiмдер, жоғарғы жақ, жоғарғы ерiннiң бөлiктерi philtrum, екiншiлік таңдай, альвеолалық өсiндi, жақаралық сүйектен басқа) үстiңгi жақ төмпешiгiнен, беттің төменгі бөлігі — төменгі жақ төмпешігінен дамиды.

Ауыз қуысының дамуы

12 күндік эмбрионда ауыз қуысы немесе шұңқыры деп аталатын ауыз қуысының дамуының бастамасы ретінде ми көпіршігі мен жүрек төмпегі аралығында ұрықтық жапырақтың ептеген томпайуы пайда болады. Біртіндеп тереңдей ауыз қуысы алдыңғы ішектің соқыр бөлігіне дейін жетеді. 3-ші аптада ауызжұтқыншақ мембранасы тесіліп, алдыңғы ішек ауыз қуысы арқылы сыртқы ортамен байланыса бастайды

Жатыр ішілік дамудың 1-ші айының соңында (4 апта) желбезектік доғаның элементтерінен ауыз қуысын щектеп тұратын 5 төмпек (өсінді) пайда болады. Олардың бірі – жұпсыз (маңдайлық) – ауыз қуысынан жоғары орналасқан, екі жұп жоғарғы жақ сүйектік – оның бүйір жақтарынан және екі жұп төменгі жақты— алдыңғыларынан төмен орналасқан. Бұл өсінділер бірінші желбезектік доғаның туындылары болып табылады

Таңдай

• 2-ші айдың басында таңдайдың (екіншілік таңдайдың) қалыптасуы басталады. Ол ортаңғы сызық бойынша бір-біріне қарсы бағытталған таңдай өсіндісінің пластиналық өсіндісінен пайда болады. Мұрын қалқанымен байланысатын таңдай өсіндісінің дистальді орналасқан өсінділері қосылып, жұмсақ таңдай мен тілшені құрайды.

• Таңдайдың түбірлі қалыптасуы кезінде оған біріншілік таңдайдың бөлігі таңдайлық емізікшемен қосылады.

Альвеолярлы өсінді

• Таңдай еріннен және ұрттан жіңішке доға тәрізді біріншілік еріндік жүлгемен бөлінеді.

• Осындай жүлге төменгі жақта да бар. Екі жүлгеден де тереңге эпителиальді пластинка өседі, ол өзі екіге бөлінеді: сыртқы - вестибулярлы және ішкі – тістік. Олардың арасынан келешекте альвеолярлық өсінді түзетін мезенхима өседі. Осылай жоғарғы еріннің және жоғарғы альвеолярлы өсіндінің ортаңғы бөлігі біріншілік таңдайдан дамыйды.

¨ Төменгі жақтың денесінің альвеоларлы бөлігінің қалыптасуы жатыр ішілік дамудың 3-ші айында дамиды, ал жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісі 4-ші айда. Альвеолярлы бөліктің төменгі жақпен бітісуі омыраулық кезеңнің 1-ші айында байқалады, ал жоғарғы жақпен 3-ші айда.

Тіл

• Тіл желбезек доғасының бірінші үш жұбынан қалыптасады. 4—5 айлық эмбрионда жұп латеральді жуандаулар – мезенхима клеткаларынан пайда болатын латреальді тілдік төмпешіктер байқалады. Бұл эмбриональдық бастамалардан тілдің алдыңғы үштен екі бөлігі дамиды. Кейінірек екінші және үшінші желбезек доғаларының қалыңдауынан тіл түбірі мен көмей дамыйды. Тілдің ұшы түбірлі пренатальді кезеңде қалыптасады және бала дүниеге келген кезде аяқталады.

Эндокринды жүйе

¨ Қалқанша безі анатомотопографиялық ауыз қуысы мен тілдің дамуымен байланысты.

¨ Қалқанша безі жатырішілік дамудың 4—5-ші аптасында қалыптаса бастайды. Ұрықта ол жұтқыншақ қалтасының ілгері шығарумен көрінеді. Қалқанша безі төмен қарай ұзарып, қалқанша без тіл өзек түзіп, қос жарнақты құрылымға ие болады.

Жақтар

¨ Жақтардың дамуы беттің қалыптасуының ерте кезеңінде басталады. Бет сүйегінің сүйектенуге ұшырайтын алғашқы сүйектерінің бірі – жоғарғы жақ.

Жоғарғы жақ

• Дамудың 2-ші айының соңында беттің ортаңғы бөлігін құрайтын жоғарғы жақтың және маңдай өсінділерінің бітіскен кезінде, олардың тереңінде оссификацияның 6 ядросы пайда болады; кейін алдымен таңдай өсінділерінің және жоғарғы жақтың бүйір бөліктерінің сүйектенуі, кешірек оның ортаңғы бөлігі —кейіннен жоғарғы жақ сүйектерімен бітісетін мұрын тарамы (резцовая кость) пайда болады.

Төменгі жақ

• Төменгі жақтың дамуы меккель шеміршегіне жапсырылып жатқан клетчаткада орналасқан бірнеше сүйектену нүктелерінен сүйек тінінің пайда болуынан дамиды. Біртіндеп бұл шеміршекті қоршайтын жапқыш сүйек қалыптасады; шеміршек төменгi жақтың дамып келе жатқан денесiне жол бере ықшамдалады. Жақтың артқы бөліктері, тармақтары меккель шеміршегіне байланыссыз сүйектену нүктелерінен дами береді. Төменгі жақтың екі бөлігінің сүйектенуі бітісумен аяқталады, яғни бала өмірінің 1-ші жылының соңында жұпсыз сүйекке айналады.

Тістердің дамуы

¨ Тістің дамуын үш кезеңге бөледі

1. Ең алғашқы кезең— тістің ұрығының қалыптасуы мен дамуы.

2. Содан соң тіс ұрығының дифференцировкасы болады.

3. Ең ұзақ үшінші кезең— тіс тіндерінің гистогенез кезеңі.

¨ 6-7-ші аптада эмбрионда алғашқы ауыз саңылауының жоғарғы және төменгi шеттерін бойлай көп қабатты жазық эпителидің жуандауы көрiнеді. Бұл эпителии астында жатқан мезенхимаға өсіп, тіс пластинкасын құрайды. Оның шеті бойынша колпачок тәрізді пішінді эмаль ағзалары деп аталатын эпителидің колба сияқты жайылып өсуі көрінеді. Әрбір жақта осындай 10 өсінділер пайда болады, яғни болашақ сүт тістердің санына сәйкес.

¨ Эмбриональді дамудың 10-шы аптасында әрбір эмальді мүшелерге мезенхима өсе бастайды, осының арқасында ол қоңырауға немесе тостағаншаға ұқсай бастайды. Эмальді мүшелерінің түбінде өскен мезенхима тіс емізікшелеріне бастама береді. Өсу үрдісінде эмальді мүше тiс пластинкасынан бiртiндеп жекеленедi және 3-ші айдың соңында онымен жұқа эпителиальдік байламымен – эмальді ағза мойыны арқылы қосылады.

¨ Тіс тіңдерінің гистогенезі. Тіс ұрығының дифференцировка кезеңі эмбриональді дамудың 4-ші айында гистогенез кезеңімен ауысады, бұл кезде маңызды тіс тіндері— дентин және эмаль, сонымен қоса тіс пульпасы пайда болады. Цементтің пайда болуы түбірлердің дамуы кезінде және сүт тістердің шыға бастаған кезінде постэмбриональді кезеңнің 4—5-ші айында, жүреді. Сайып келгенде, эмбриональді даму кезінде тек қана сүт тiстерiнiң қораптарының қалыптасуы мен дамуы жүреді.

Дентиннің дамуы

¨ Сүт тісінің қорабының дамуы кезінде ертерек дентин пайда болады. Дентиннің қалыптасуына одонтобласттар қатысады.

¨ Одонтобластар дентиннің әктенуінде демаңызды рөл атқарады. Өзінің протоплазматикалық өсінділерінің көмегімен қаннан минералды тұздардың дентиннің дамып келе жатқан негізгі затына әсер етеді.

¨ Одонтобласттар өздері құраған дентиннің негізгі затына кірмейді, тіс емізікшесінің сыртқы бөліктерінде қалады, ал үлкен адамдарда пульпанын сыртқы бөлігінде. Бұл дентиннің дамуы мен құрылысының тән ерекшелiгiн құрайды.

Тіс түбірінің және цементінің дамуы

¨ Тіс түбірі тіс шығар кезінде дамиды, яғни постэмбриональді даму кезінде. Бұл кезде тіс қорапшалары негізінен қалыптасып қойған.

Сүт тістердің пульпасының дамуы

¨ Пульпа тiс емiзігінің мезенхимасынан дамиды.

¨ Алғашқы қылдай тал жiптер тiс емiзікшелеріне ұрық өмiрінің 9—10-шы аптасының соңында кіреді. Дентиннің қалыптасуының бас кезінде тіс емізікшесінің ұшына одонтобласттардың жiгiне де кiретiн нәзiк жүйке талшықтарының үлкен саны өседi.

Қораптың дамуы

¨ Қорап эмбриональді дамудың 5-ші айында пайда болады, алдымен ол медиальді кейін дистальді орналасқан тіс ұрықтарында пайда болады. 7-ші айда тістің қатты тіндері ожаулардың пішініндей азу тiстерде де болады.

¨ Тістің дамуында шартты бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады.

¨ Сүт тістері үшін: 1) жатыр ішілік және жақ ішілік даму; 2) тістің шығуы;

¨ 3) түбірдің қалыптасуы мен дамуы

¨ 4) түбірлердің резорбциясы

¨ Тұрақты тістер үшін: 1) жатыр ішілік және жақ ішілік даму; 2) тістің шығуы; 3) түбірдің қалыптасуы мен периодонттың дамуы

4. Көрнекті материал: (№ 4 презентацияны қара)

5. Қолданылған әдебиет:

•. М.М. Пожарицкая, Т.Г. Симакова «Пропедевтическая стоматология», М.: Медицина, 2004 г.

• 2. Ю.М. Максимовский «Фантомный курс терапевтической стоматологии» Атлас. Москва., Медицина 2005 г.

• 3. Е.В. Б оровский «Терапевтическая стоматология». М., Медицина 2002 г.

• 4. М.М. Царицинский «Терапевтическая стоматология» Москва- Ростов –на – Дону., 2004

• 5. Материалы с Интернета – сайта

• 6. Н.Н. Полушкина «Справочник медсестры стоматологического кабинета» Феникс. Ростов-на- Дону., 2010 г.

6. Бақылау сұрақтар: ( кері қарым-қатынас)

1. Ауыз қуысы құрамына кіретін мүшелер мен тіндер кешенін атаңыз.

2. Тұрақты тістер дамуы сүт тістер дамуынан айырмашылығы.

3. Таңдай өсінділерінің өзара өспеуінен болатын анормалияны атаңыз

4. Медиальді мұрын өсінділерінің өзара өспеуінен болатын аномалия.

ӘРІСТІК КЕШЕН:

1. № 5 Дәріс: Тістедің анатомиясы, тістің қатты тінінің, пульпа мен периодонттың гистологиясы. Тістердің рентгенанатомиясы. Тiстердiң тиiстiлiгiнiң белгiлерi.

2. Мақсаты:

Тістердің, пульпаның және периодонттың анатомо-гистологиялық ерекшеліктерін оқыту.

Жоспар:

1. Тістердің анатомиясы

2. Уақытша және тұрақты тiстесу және олардың шығуы

3. Тістердің пішіні мен қызметі

4. Тістедің формуласы

5. Тістердің гистологиясы

6. Тістің рентгенологиясы

Тістер қатты тамақтарды тістеу, шайнау, ұсақтау үшін арналған мүше. Тісте қалыңдаған, ауыз қуысына шығып тұратын бөлігі – сауыт, жақтың альвеоласының ішінде орналасқан түбірін, сауыттың түбірге өтетін жері – мойынды ажыратады. Бұл жерде сауыттың эмалі аяқталып, түбірдің цементі басталады. Талшықтары сүйектің альвеоласына және қызыл иекее өрмелейтін және сонымен қатар көрші тістердің мойнына бағытталатын мойын аймағында дөңгелек байлам бекиді.
Тістің ішінде сауыттық және түбірлі каналдарға бөлінетін тіс қуысы бар, бас жағында төбелік(апикальді) саңылаумен бітеді. Сауыттық бөліктің каналға ауысатын жері түбірлі өзектің сағасы деп аталады.. Тістің қуысында тіс пульпасы орналасқан.

Тістердің сауытының 5 беті бар:
1. Вестибулярлы беті ауыз қуысының кіреберісінде жатады. Фронтальді тістерде ол еріндік, бүйір тістерде ұрттық деп аталады.
2. Ауыз қуысына қараған бет оральді деп аталады. Төменгі жақтың тістерінде тілдік, жоғарғы жақтың тістерінде таңдайлық деп аталады.

3. Тіспен жанасатын беттер түйіскен немесе апроксимальді деп аталады. Осындағы орталық сызыққа қараған баттер медиальді, ал артқысы дистальді немесе латеральді деп аталады.
4. Шайнайтын тістерде қарама қарсы тістерге қараған қабысқан бет шайнайтын бет, күрек тістерде кескіш бет, азу тісте жұлғыш төмпек болып табылады.

Уақытша, ауыспалы және тұрақты тістемдерді ажыратады.
Уақытша тістесу 20 сүт тістен тұрады. Ауыспалы тістемде бір уақытта сүт тіс және тұрақты тіс те бар.
Тұрақты тістесу 32 тұрақты тістен тұрады.

Пішініне және атқаратын қызметіне байланысты тістердің 4 тобын ажыратады:
1. Алдыңғы ит тістер, әрбір жақта төртеуден. Олар тағамды тістеу қызметін атқарады.
2. Күрек тістер, әрбір жақты екеуден, тағамды жұлып жеу қызметін атқарады. 3. Кіші азу тістер тұрақты тістесуде әрбір жақта төртеуден, сұт тістерде олар жоқ. Кесек тағамдарды бөлу, езу қызметін атқарады.
4. Үлкен азу тіс тұрақты тістесуде әрбір жақта алтаудан және сүт тісте төртеуден. Азықты ұсақтау және уқалауы үшiн арналған.
1955 жылы Парижда VI халықаралық анатомдар конгресінде Халықаралық анатомиялық номенклатура латын тілінде қабылданды, келесі халықаралық конгрестерде толықтырылып, дамытылып отырылды. «Спланхнология» бөлімінде (ішкі ағзалар туралы оқу) тістерді белгілеу үшін арнайы терминология қабылданды. (табл. 6).
Тiстердiң орналасу ретi тiс формуласымен көрсетiледi.

Тұрақты тістесу тiстердің формуласын клиникада араб цифрларымен көрсетіледi:

Көлденең сызық тістің жоғарғы немесе төменгі жаққа жататынын, ал тік сызық оң немесе сол жаққа жататынын көрсетеді.

   
   

Ауыспалы тістердің клиникалық формуласы да солай жазылады, бірақ рим сандарымен:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) тістерді тіркеу формуласының басқаша формасы ұсынылған. Сонымен қоса әрбір тіс сандық белгіге ие, сандармен жоғарғы немесе төменгі жақтары белгіленеді. Бұлай жазған кезде жақтың қай жартысы екенін белгілейтін белгі қойылмайды, тек сан ғана қойылады. Бұл компьютерде немесе баспа машинкада жұмыс істеу үшін қолайлы.

V IV III II I I II III IV V
V IV III II I I II III IV V

ДДҰ бойынша тұрақты тістесу тістерінің формуласы :

18 17 16 15 14 13 12 11 21 22 23 24 25 26 27 28
48 47 46 45 44 43 42 41 31 32 33 34 35 36 37 38

ДДҰ ұйымы бойынша сүт тістердің тістесу формуласы:

Ауыру тарихын толтырған кезде бір немесе бірнеше тістерді сипаттаған кезде барлық формуланы жазып керегі жоқ. Әрбір тісті қай жақ сүйекте және қай жақта орналасқанын көрсетсе ғана болғаны.

55 54 53 52 51 61 62 63 64 65
85 84 83 82 81 71 72 73 74 75

Мысалы. Жоғарғы жақ сүйектің шеткі ит тісі оң жақтан көрсетіледі:

Тістердің тиістілігінің белгілері тістің жоғарғы немесе төменгі жақ сүйегіне жататынын және қай жақта орналасатынын көрсетеді (оң, сол). Негізгі үш белгілер бар:
1. Сауыттың бұрыштық белгісі. Медиальді беттен және жанасатын беттен жасалған тістің сауытының бұрышы, дистальді беттен және жанасатын беттен жасалған бұрыштан кіші. Вестибулярлы жақтан қараған кезде белгі анықталады.
2. Сауыттың қисықтығының белгісі. Вестибулярлы бетте сауыттың медиальді бөлігі латеральдіге қарағанда дөңес. Белгі жанасқан жақтан қараған кезде анықталады.
3. Түбiрдiң ауытқуының белгiсi. Тістің түбірі тiстiң ұзына бойына өсiне қарағанда дисталдiк жаққа сәл шалқайған. Белгі тісті вестибулярлы немесе оральді жақтан қараған кезде анықталады.

  Клиникалық ДДҰ формуласы
Тұрақты тістесу    
Временный прикус II  

Ит тістер (dentes incisivi). Жоғарғы жақтың ит тістері барлық ит тістердің ішінде ең үлкені. Жақында шыққан ит тістердің беттері кейіннен кетіп қалатын 3 төмпектен тұрады. Вестибулярлы беті аздап дөңес, онда екі анық емес жүлге бар. Түбірі сауыт тәрізді, бұрыш пен қисықтық белгілері анық байқалады.; түбір белгісі анық емес, бірақ жалпы түбір артқы жаны бағытында қисайған, 100% жағдайда бір ғана канал бар.
Жоғарғы жақтың шеткі ит тістер орталықтағыға қарағанда кіші. Вестибулярлы беті дөнес, орталық беткей кескіш бет жаққа ауысқан жерінде тұйықталған бұрыш құрайды. Латеральді бұрыш недәуір мөлшерде дөңгеленген. Түбір шет жақтарынан қысылған және көлденең кесіндісінде сопақ пішінді. Бұрыштың және қисықтық белгісі анық көрсетілген және түбір белгісі аздап көрсетілген, 100% жағдайда бір канал бар.

Төменгі жақтың орталық ит тістері жоғарғы жақтың ит тістеріне қарағанда кіші. Сауыттары тік бағытта созылған, еріндіу беті аздап дөңес, тілдік беті ішке кірген. Екі күрек тісте де түбірлері шет жағынан қысылған. Орталық күрек тістерде барлық белгілер әлсіз білінеді. Каналдары тар, 70% жағдайда біреу және 30% жағдайда — екі канал болады.
Төменгі жақтың шеткі ит тістері. Сауыттың бұрыштық және қисықтық белгілері әлсіз байқалады. Канал біреу ғана, тар. 56% жағдайда біреу және 44% жағдайда — екі канал бар.

Күрек тістер. (dentes canini). Жоғарғы жақтың күрек тістері. Еріндік беті дөңес және әлсіз байқалатын белдiкшемен. Тістің мойнында белдікше жақсы көрінетін анық төмпекке ауысады. Жанасатын беттердің үшбұрышты пішіні бар. Түбір жақсы жетілген, сауыт тәрізді, сәл шеттерінен қысылған. Түбірдің ұшы көбінде иілген. Бұрыштық және қисықтық белгілер анық көрінеді. 100% жағдайда бір канал бар.
Төменгі жақтың күрек тістері жоғарғы жақтың күрек тістерімен салыстырғанда кіші; пішіндері жағынан көп айырмашылық жоқ. Еріндік беті дөңес, белдікше әлсіз байқалады.

Кіші азу тістер немесе премолярлар (dentes premolares). Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінің сауыты тікбұрышты пішінге сәйкес келеді. Ұрттық беті дөңес, сауыттың қисықтық белгісі анық байқалады. Шайнағыш беті екі төмпекпен құралған. Төмпектердің арасында фиссура орналасқан. Түбір алдыңғы және артқы бетінде қысылған. Тістің түбірінің ұшында екі бөлек түбірге бөлінетін ыдырау белгісі бар –ұрттық және тілдік.
Жоғарғы жақтың екінші кіші азу тісі пішіні бойынша біріншіден көп ерекшеленбейді, бірақ мөлшері кішілеу. Вестибулярлы беті дөңес, әлсіз байқалатын көлденең белдемшесі бар. Шайнайтын бетінде бірдей көлемді екі төмпек бар. Түбір біреу, конус тәрізді, аздап қалындаған пішінде.
Төменгі жақтың бірінші кіші азу тісі жоғарғы жақтың премолярларына қарағанда кіші. Шайнайтын бетінде сауыт дөнгелек пішінді екі төмпегі бар, олардың ішінде ұрттық төмпек тілді төмпекке қарағанда үлкенірек. Төмпекті тілді төмпекке жақын орналасқан сәл ғана байқалатын жүлге бөліп тұрады Түбір сопақ пішінді. Түбірлік белгі анық байқалады. 74% жағдайда біреу және 26% — екі канал бар.
Төменгі жақтың екінші кіші азу тісі көлемі бойынша осы жақтың бірінші кіші азу тісінен үлкен. Шайнайтын бет екі бірдей жақсы дамыған төмпектен тұрады. Төмпектердің арасында терең жүлге жатыр. Түбір конус тәрізді және бірінші тіспен салыстырғанда жақсы дамыған.

Үлкен азу тістер немесе молярлар. Жоғарғы жақтың бірінші үлкен азу тісінің шайнайтын бетінде бір-бірінен жүлгемен бөлінген төрт төмпегі бар. Ұрттық төмпектер конус пішінді, тілдік төмпектер дөңгеленген. Алдыңғы төмпектер артқыға қарағанда әрқашан үлкенірек. Ұрттық ьеті дөңес, жүлгемен бөлінген, сауыттың қисықтық белгілері анық байқалады. Алдыңғы тілдік төмпеуте аномальді төмпек бар (қосымша) төмпек. Тістің анық көрінген үш түбірі бар: біреуі — таңдайлық, конус тәрізді пішінді және екі ұрттық — алдыңғы және артқы (соңғысы алдыңғысынан кіші). Екі түбір де алдыңғы және артқы бетінде қысылған. 57% жағдайда үшеу, ал 4% — төрт каналы бар.
Жоғарғы жақтың екінші үлкен азу тісінің сауытының пішіні әртүрлі. Тісте алдыңғымен салыстырғанда кішірек үш түбірі бар. 70% жағдайда үшеу және 30% жағдайда — төрт каналы бар.
Жоғарғы жақтың үшінші үлкен азу тісінің пішіні мен көлемі әртүрлі. Сауыт көбіндеүш төмпектен тұрады.
Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тісі төменгі жақтың үлкен азу тістеінің ішіндегі ең үлкені. Оның шайнайтын бетінде екі жүлгесі бар — көлденең және ұзына бойы. Ұрттық беті дөңес. Түбірлері аздап артқа қисайған. 65% жағдайда үшеу, ал 29% — жағдайда төртеу және 6% жағдайда — екі каналы бар.
Төменгі жақтың екінші үлкен азу тісі біріншімен салыстырғанда кіші, бірақ сондай пішінде. Оның айырықша белгісі шайнайтын бетінде төрт бірдей төмпегі бар. Түбірлік белгілер анық байқалады.
Астыңғы жақтың үшінші үлкен азу тісі әртүрлі пішінде болуы мүмкін. Жиі шайнайтын беті төрт төмпектен тұрады. Түбірі жиі екеу..

Гистологиялық тұрғыдан қараған кезде тіс тіндердің бірнеше түрінен тұрады. Тістің негізгі бөлігі дентиннен тұрады. Тістің сауыты эмальмен жабылған, ал тістің түбірі – цементпен.

Дентин – бұл минералды тұздарға, негізінен фосфорлы қышқылды әкпен жақсы толған коллаген. Бұл дентинге сыну кезінде мықтылық береді. Дентин жіңішке көп каналшаларды өткізеді–беткейіне санағанда50 мың шаршы миллиметр. Оларда арнайы клеткалар – одонтобластар жақсы жұмыс істеп, дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, дентин – тірі тін. Онда жеткілікті мөлшерде зат алмасу жүреді.

Эмаль мықтылығы бойынша гауһар тасқа сәйкес келеді. Эмаль көбінесе бейорганикалық заттардан тұрады. Ол мықтылығына жауап беретін эмальді призмалармен көрінеді. Зақымданбаған эмаль эмальді қабықпен жаблыған.

Пульпа қан тамырларымен, лимфа тамырларымен, нервтермен, сонымен қоса– одонтобластармен көрінеді. Одонтобластар тіс қуысының бетінде ерекше қабат түзеді және өзінің көптеген өсінділерімен зат алмасу жүретін дентиннің барлық каналдарына өтеді. Пульпа трофикалық, қорғаныш, регенеративті және реттеуші қызмет атқарады. Осындай жабық қуыста тамырлар мен нервтрдің көп болуы қабыну болған кезде қатты ауырсыну синдромына әкеледі.

Цемент тістің түбірлік бөлігін жабады және байлаушы аппараттың тіске жабысуын қамтамасыз етеді. Цементтің құрамы сүйектік тіннің құрамына сәйкес келеді.

Интраоральді контактілі рентгенограммадағы жоғарғы жақтың фронтальді бөлігінің анатомиялық бөлшектерінің кескіні.

1 — төменгі мұрын раковина.

2 — төменгі мұрын жолдары.

3 — мұрын қуысының түбінің компакті пластинкасы

4 — алдыңғы мұрындық ость.

5 – мұрын қалқаны.

6 — ит тістік саңылау.

7 — жақаралық тігіс.

8 — тіс аралық сүйектік қалқан.

9 — тiстiң қуысын аяқтаушы тығыз пластинка.

10 — периодонтальді саңылау.

11 — тістің мойыны (эмальді-цементті шекара) тіс аралық сүйектік қалқанның ұшынан 1,5 мм-ге төмен.

12 — тіс қуысы.

13 — түбір каналы.

14 — тіс аралық сүйектік қалқанның ұшы эмаль-цементті шекарадан 1,5 мм-ге жоғары

15 — апикальді саңылау.

12–14 тістің Интраоральді контактілі рентгенограммасы.

компактілі пластинкалар көрінеді:

1 — мұрын қуысының түбі;

2 —жоғарғы жақтың қойнауының төменгі қабырғасы.

13–15 тістердің интраоральді контактілі рентгенограммасы.

14 тісте — үш түбір және үш канал (стрелкалар ).

Анатомиялық құрылымның нұсқасы.

13–16 тістердің интраоральді контактілі рентгенограммасы

Альвеолярная бухта верхнечелюстного синуса проецируется на межзубные костные перегородки (стрелки).

13–15 (а) және 13–16(б) тістердің интраоральді контактілі рентгенограммасының кескіні:

— мұрын қуысы түбінің компактілі пластинкасы.

2 — жоғарғы жақтың қойнаудың төменгі қабырғасының компактілі пластинкасы.

3 — жоғарғы жақты қойнау.

4 — сүйек аралық сүйектік ұшы

5 — сүйек аралық сүйектік ұшы күрек тіс пен ит тістің арасында үшкірленген пирамида тәрізді.6 — жоғарғы жақтың қойнауының төмен орналасқан альвеолярлы бухтасы (проекция).

Тістің анатомиялық пішінінің жасқа байланысты өзгеруі

· Вертикальная форма стираемости.

· Горизонтальная форма стираемости.

· Смешанная форма стираемости

4. Көрнекті материал: (№ 5 презентацияны қара)

5. Қолданылған әдебиет:

1. М.М. Пожарицкая, Т.Г. Симакова «Пропедевтическая стоматология», М.: Медицина, 2004 г.

2. Ю.М. Максимовский «Фантомный курс терапевтической стоматологии» Атлас. Москва., Медицина 2005 г.

3. Е.В. Б оровский «Терапевтическая стоматология». М., Медицина 2002 г.

4. М.М. Царицинский «Терапевтическая стоматология» Москва- Ростов –на – Дону., 2004

5. Материалы с Интернета – сайта

6. Н.Н. Полушкина «Справочник медсестры стоматологического кабинета» Феникс. Ростов-на- Дону., 2010 г

6.Бақылау сұрақтары:(кері байланыс)

1. Тістің тиістілігінің белгілерін атаңыз.

2.1.1,2.1 тістерде қандай белгілер басым.

3. Жоғарғы жақ үлкен азу тістерінің тиістілік белгілерін атаңыз.

4. Төменгі жақ үлкен азу тістерінің тиістілік белгілерін атаңыз.

ДӘРІСТІК КЕШЕН

1.Тақырып №6: Тақырыбы:«Ауырсыну физиологиясы.Жансыздандыр, әдістері, анестетиктер.
Премедикация, науқастарды психологилық дайындау».

2. Мақсаты: Халықты стоматологиялық көмекпен қамтамасыз ету барысы арқашан ауырсыну сезімімен қатар жүреді.Сондықтан көптеген науқастар емделуден бас тартады.Бұл жағдай «ауырсыну және қорқынышты жеңу» деп аталады. Мақсатымыз жаңа деңгейде ауырсыну механизмін жарыққа шығару.

3. Дәрістердің тезистері Тіндер бұзылысы немесе ауырсыну стимулдарына жауап реакциясы ретіндегі феномен. Ауырсыну түсінігі білдіреді:

· а) тіннің бұзылысы туралы хабар беретін ауырсыну туғызушы стимул;

· б) Қауіпті фактор туралы жеке дара сезім;

· в) ағзаны қауіпті факторлардан қорғайтын жауаптар кешені

o Ауырсыну физиологиялық реакция сияқты бірнеше сатыдан өтеді.

· а) ауырсынуды қабылдау;

· б) ауырсыну импульсінің өту жолы;

· в) ауырсынуды сезу.

Ауырсынуды қабылдау

Ауырсыну тек арнайы рецепторлар арқылы ғана емес сонымен қоса басқа да рецепторлармен (температуралық, барорецепторлық)сезіледі. Бірақ сонда да тітіркендірукші фактор белгілі бір көлемге жету керек.

Ал тістің сезімталдығы тек ауырсыну рецепторларен жүзеге асады.Яғни пульпа мен дентинға әсер ететін барлық тітіркендіргіштер (термиялық, химиялық) ауырсыну сезімін тудырады.

Ауырсыну импульсінің өту жолы

o Сезімтал нерв талшықтары арқылы жүзеге асады.

o дельта А талшығы– оғары өтімділігі бар аз диаметрлі миелинді талшық (2 ден 10 м/с дейін). Олар жедел пайда болатын жергілікті ауырсыну сезімін береді(эпикритикалық).

o С талшығы – миелинсіз диаметрі кіші және баяу өткізгіштігімен сипатталады (0,6дан 2,0 м/с дейін). Олар кеш дамитын диффузды ауырсыну сезімін тудырады (протопатикалық).

Ауырсынудың пайда болуы

Пульпада ауырсыну пульпа тінінің перифериялық қабатының бүтіндігінің бұзылуынан, пульпаішілік қысымның бұзылуынан, және биологиялық активті (гистамин, простогландин, циклдік аденозинмонофосфат) заттардың босауынан пайда болады. Сосын әсер етушә фактор электрлік импульске ауысып үш нейронды жол арқылы бас ми қыртысына беріледі.:

1 жол –гассер түйіні арқылы;

2 жол – үшкіл нервтің каудальды ядросы арқылы;

3 жол – таламустың артқы ядролық орталығы арқылы және артқы орталық жүлге арқылы

Ауырсынуды анықтау және алдын алу кезіндегі дәрігердің рөлі

o Ескерту?!

o Жансыздандыру.

o Ауырсынуды ескерту бағытталады:

o Негативті-эмоциональды іс-әрекетті басуға

o Ауырсынуды сезу табалдырығын көтеру.

Жансыздандыру заманауи стоматологияда әртүрлі манипуляциялар кезінде пайда болған ауырсыну сезімін басуға не төмендетуге бағытталған психопрофилактикалық және медикаментозды әрекеттер кешенімен жүзеге асады.

Жансыздандырудың екі түрі бар:

o Жергілікті

o жалпы

Жергілікті жансыздандыру бөлінеді

o Физикалық

o химиялық

Физикалық әдіс

• электроанестезия,

• электрофорез-анальгезия,

• салқындату,

• Ультрадыбыстық әсер,

• акупунктура.

Химиялық әдіс

• аппликационды жансыздандыру,

• инфильтрационды анестезия,

• өткізгіш анестезия,

• сүйекішілік анестезия.

Жергілікті анестезияны жүргізудің жалпы ережелері:

· Дәрігер-стоматолог анестетикті салатын жердің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін жете білу керек.

· Анестетикті дұрыс таңдау керек.

· Анестетиктерді минимальды дозада және концентрацияда қолдану керек

· Анестетикті енгізген кезде күйдіру және ауырсыну реакциясы болмау керек.

· Ешқашан инъекцияны науқасты ескертпей бастауға болмайды

· Алдын ала аллергоанамнез жасау керек

Енгізу тереңдігіне байланысты инфильтрациялық анестезия бөлінеді:

1.Шырышасты.

2.Сүйекүсті.

3.сүйекасты.

4.Спонгиозды.

5.Интралигаментарлы.

6.Пульпаішілік


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: