Коммуникативтік минимум

Қарату формалары (формы обрщения):

ханым, мырза

төраға, төрайым

Етістік минимумы: өтінемін/ сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, бөлу, тұру, босату, ауысу, пайдалану, тіркеу
Тұрақты клише үлгілері: Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс

Негізгі сөздік

заявление - өтініш

прошу - сұраймын

проживающий - тұратын

прилагается - тіркелген

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:

- жұмысқа қабылдау;

- жұмыстан босату;

- басқа жұмысқа ауыстыру;

- кезекті еңбек демалысын сұрау;

- кезектен тыс демалыс сұрау;

- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау;

- жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

Өтініш үлгілері:

  «Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы Молдахметов Назар мырзаға Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 үй 41 пәтер тұрғыны Марат Әшімовтен

Ө Т І Н І Ш

Мені 2009 жылдың 15 – қаңтарынан бастап бухгалтерия бөліміне бас бухгалтер қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

10-қаңтар, 2009 жыл

  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақтың техникалық университетінің ректоры, профессор Досым Сүлеев мырзаға Тау-кен факультетінің 2-курс студенті Жақсылықов Сәрсеннен

Ө Т І Н І Ш

Маған отбасы жағдайыма байланысты 2009-2010 оқу жылы университеттің №5 жатаханасынан 1 орын бөлуіңізді сұраймын.

Қажетті құжаттар қосымша тіркелді.

25 тамыз, 2009 жыл

5. Арыз (шағым)

Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады.

Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

Арыздың мазмұндық құрылымдық жүйесі:

- құжат адресациясы: (кімге: мекеменің толық атауы, басшының қызметі, атағы, аты-жөні; кімнен: өтініш берушінің мекен-жайы немесе қызметі, аты-жөні);

- құжат атауы;

- негізгі мәтін;

- қосымша болса, оған сілтеме;

- жазылу мерзімі;

- арыз иесінің қолы (арыз мазмұнымен келісушілер қолы).

Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек.

Мысалы,

Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С.Пірімбетов мырзаға,

Көшірмесі: Петропавл қаласының СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

Құжат атауы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады.

Мысалы, АРЫЗ

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менің Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында қүнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын", "Нұсқау беруіңізді сұраймын" т.б.

Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парақтың сол жақ бөлігінде орналасады.

Мысалы, 24 наурыз 2000 жыл.

Қолы. Арыз жазушының қолы қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады.

Егер арызға қол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.

Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.

2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.

3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.

Арыздың үлгілері

  Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №3 Сүт зауытының директоры А.Н.Нұрышев мырзаға Көшірмесі: Алматы қаласының СЭС меңгерушісі Ж.Е. Ержанов мырзаға №3 Сүт зауытының бас технологы Марат Мекебаевтан

А Р Ы З

Сізге арыз беру себебім, қазіргі кездегі зауыттың санитарлық жағдайының нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылған өнім сапасының белгіленген стандартқа сәйкес келмей отырғандығын хабарлағым келеді. Бұл тапсырыс беруші мекемелер санының қысқаруына әкеп соғады. Айтылғандарды ескере отырып, жедел түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Анықтама қағаздар қосымша тіркелді.

24 қыркүйек, 2008 жыл

  Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №3 Сүт зауытының директоры А.Н.Нұрышев мырзаға Көшірмесі: Алматы қаласының СЭС меңгерушісі Ж.Е. Ержанов мырзаға №3 Сүт зауытының бас технологы Марат Мекебаевтан

А Р Ы З

Сізге арыз беру себебім, қазіргі кездегі зауыттың санитарлық жағдайының нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылған өнім сапасының белгіленген стандартқа сәйкес келмей отырғандығын хабарлағым келеді. Бұл тапсырыс беруші мекемелер санының қысқаруына әкеп соғады. Айтылғандарды ескере отырып, жедел түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Анықтама қағаздар қосымша тіркелді.

24 қыркүйек, 2008 жыл

6. Мінездеме, оның түрлері

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі. Ол басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек.

Қызметтік мінездеме -мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуга лайық" немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзарту үшін"т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логотипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.

Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың атауы;

- негізгі мәтін:

а) аты-жөні, туған жері, туған жылы, айы, күні, ұлты, азаматтығы;

ә) білімі, бітірген оқу орындары;

б) қызмет істеген жылдары, орны;

в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);

г) жеке басының адамгершілік қасиеттері;

- қорытынды;

- мінездемені талап етуші ұйымның атауы;

- мінездеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы;

- мінездеме берілген күн, ай, жыл;

- мекеменің мөрі.

Құжаттың атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі еңбек өтілі (- жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.).

Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып жүрген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып Н.С.Нұртазаевты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның атауы толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.

Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

2) білімі туралы құжат көшірмесі;

3) бұрынғы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;

4) анықтамалар жіберіледі.

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің жалпы құрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысқан күнін де жазады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

# Үлгімен танысыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: