Расписка

Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.

Номер удостоверения личности.

15 февраля, 2003 г. (подпись)

Қолхат

Мен, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, Қозыбаева Әйгерім Асылбекқызы, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, 3000 (үш мың) АҚШ долларын алдым.

2003 жылы 15 қыркүйекте жасалған келісімшартқа сәйкес 2003 жылгы 10- қыркүйектен 10 желтоқсанға дейін алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісімшартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитұлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

10.12.2003жыл қолы

Қолхат

Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір

жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.

24.03.03 қолы

Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус өкілі сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайы, аты-жөні);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайы, аты-жөні);

- алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сөздік:

Сенімхат - доверенность

жеке куәлік - удостоверение личности

жалақы- зарплата

мөр - печатъ

Қол -подпись

Сену -верить

сеніп тапсыру- доверять

беру - давать, выдавать

куәландыру - удостоверять

алу - получать

қою, басу- поставить

Сенімхат берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай.

Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: