Сенімхат

2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы

Мен, жеке куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген Мәметов Серік Жәнібекұлы, Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:

- менің атымнан өтініш жазуға;

- анықтамалар мен құжаттар алуға;

- менің орныма қол қоюға;

- мұрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.

Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01.12.2003

С.Маметовтың қолын растаймын

КЕПІЛХАТ

25 қараша 2003 жыл, Алматы қаласы

Мен, жеке басымның куәлік № 010777888 ҚР ІІМ берген, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 үй, 5 пәтер тұрғыны Ержан Хайрош Бауыржанұлы, жеке басының куәлік №10356706 ҚР ІІМ берген, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын азамат Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан 150 000 (жүз елу мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға:

- келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;

- алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

- келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айыппұл төлеуге;

- мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған:

Бір данасы Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген,

екінші данасы - азамат Жұмаділова Әселге берілген,

үшінші данасы - азамат Ержан Хайрошта сақталған.

25.12.2003 Қолы

Ержан Хайроштың қолын растаймын.

КЕПІЛХАТ

Алматы қаласы № 1 нотариалдық кеңсе

Мен, жеке басымның куәлік № 0136197836 ҚР ІІМ берген, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 45 үй, 10 пәтер тұрғыны, Абиева Әнел Болатқызы, жеке басының куәлік № 010777888 ҚР ІІМ берген, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 89 үй, 14 пәтерде тұратын азамат Бахтеева Камилладан 100000(бір жүз мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға:

- келісімшартқа сәйкес пайыз төлеп тұруға;

- алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

- келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айыппұл төлеуге;

- мекен-жайым өзгерген жағдайда, үш күндік мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы Алматы қаласы № 1 кеңседе тіркелген, екінші данасы - Абиева Әнелде, үшінші данасы - Бахтеева Камиллада сақталады.

Тараптардың қолы

А.Абтиева

К.Бахтеева

8.

Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті жағдайларды алу мақсатында бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып, жазылатын іс қағазының бір түрі.

Тапсырыс – келісімшарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: