Мінездеме

Нүсіпбеков Мақсат Ахметұлы 1983 жылы 15- қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.

1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы № 37 орта мектепте оқыды. Орта білімді үздік аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультетіне мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті. Қазір «Мұнайгаз ісі» мамандығының 3 курс студенті.

М.Нүсіпбеков университет қабырғасында өзін қабілетті, талапты, табанды студент ретінде таныта білді. Нақты ғылымдар бойынша университетішілік олимпиадаларға, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға бірнеше рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Қазақстан Республикасы мұнайгаз секторындағы экологиялық мәселелер» тақырыбы бойынша студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде Спортқа деген ынтасы зор. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Оқу процесіне қажетті компьютерлік бағдарламалармен еркін жұмыс істей алады.

Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттілігін ескере отырып, М.Нүсіпбековты Астана қаласында өтетін халықаралық студенттік конференцияға қатысушы ретінде ұсынуға болады.

Энергетика және мұнайгаз индустриясы

факультетінің деканы, т.х.д., профессор: Усупов С.А

Айы, күні жылы

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

мінездеме

ұлт

лауазым,қызмет

азамат

білім

жоғары білім

орта білім

жыл

қазір

тәжірибелі

білікті, өз ісін жетік

білетін

маман

жетік білу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: