Anamnesis morbi

Науқас өзін 2006 жылдан бері аурумын деп санайды. 2006 жылы клиникалық көрінісіндегі геморрагиялық синдромға,гемограммада анықталған үшеселенген цитопенияға және 26.07.2006 жылғы трепанобиопсия нәтижесі бойынша сүйек кемігінің қан жасайтын тіндерінің май тіндерімен ауысуы байқалуына негізделе отырып «апластикалық анемия» диагнозы қойылған.

Алдымен иммуносупрессивті ем қабылдаған.(сандиммун.2006жылдан). Дегенмен эффектінің жеткіліксіз болуынан препаратты қабылдауды тоқтатқан. Экоралды соңғы рет 2006 жылдың ақпан айында қолданған және одан соң тоқтатқан.

Қазіргі уақытта иммуносупрессивті терапия да қабылдамайды,сүйек кемігінің жеткіліксіздігі өршімеген.

Науқас жүйелі түрде гемотрансфузионды терапия қабылдайды,яғни эритроцитарлы масса және жаңадан мұздатылған плазма құяды. Гемостатикалық емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып отырған. Науқас үнемі гематологтың бақылауында,гематология бөлімшесінде стационарлы емделеді.

2010жылдың желтоқсан айында лейкоциттің 0,4-ке дейін төмендеуі анықталған.

1-2 айдың ішінде кемінде 1рет госпитализацияланады. Науқас гемотрансфузияға тәуелді. Цитопениялық синдром максимальды дәрежеде:лейкоциттер-0.4, тромбоциттер-24*0.9г/л, гемоглобин-45-43г/л-ге дейін төмендейді.

2012 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларындағы госпитализациялануында гемоглобин мөлшері 52г/л болған. Амбулаторлы бақылану кезеңі 2 айды құрайды.

2013 жылдың наурыз айында анемиялық синдромның қайталануына байланысты шұғыл түрде госпитализацияланады. Ол кезде гемоглобині-52г/л болған және қан жасау жүйесінің аплазиясы қосылған. Стационарлы емделу кезінде ишемиялық типті кардиолгияның көріністері болған және ол изокет спрейін қолдану арқылы басылған. Науқаста біраз уақыттан бері ЭКГ-да өзгерістер байқалған және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі анықталған(не выраженный).

Гемотрансфузиялық анамнез бойынша:ферритин деңгейінің 1673,40нг/мл-ге дейін көтерілуін негізге ала отырып,жүректегі жағдай спецификалық асқыныстармен екіншілік гемахроматоз ретінде бағаланды. Науқасқа хелоторлы терапия тағайындалды (которая на данном этапе не доступно). Негізгі ауруы бойынша ИСТ қабылдамайды,емнің нәтижесіздігінен алынып тасталған.

2013ж наурызда гемокомпонентті терапия (эритроцитарлы масса 693мл көлемінде) және кардиотропты терапия жүргізілген. Ем нәтижелі болған,анемиялық синдром коррекцияланған және гемоглобин мөлшері 92г/л-ге дейін көтерілген,СЖЖ көрінісі басылған. Науқастың жағдайы тұрақты жақсарып,стационарлы ем амбулаторлыға ауыстырылған.

2014ж қаңтар айында 5күн бойы стационарлы ем қаблдаған. Рентгенограммада пневмония белгілері анықталған; гемотрансфузия алған,антибактериальды терапия қабылдаған; отбасылық жағдайына байланысты,яғни жолдасының өмірден өтуіне байланысты ауруханадан шығарылған. Шығарыларда гемоглобині 90г/л болған.

Ал ақпан айында өкпеден 2жақты пневмония анықталғанына байланысты,пульмонология бөлімшесінде стационарлы ем қабылдаған.

Гематология бөлімшесінде соңғы рет 8.10.2014ж ем қабылдаған. Жағдайы тұрақтанған соң шығарылған. Дегенмен, 9.10.2014ж бүкіл денсінде,әсіресе аяқ-қолдарында геморрагиялық сипаттағы ұсақ нүктелі бөртпелер байқалған және олардың жиілеуіне байланысты 12.10.2014ж ОКБ-ның қабылдау бөліміне жеткізілген. Тағайындалған ем: Дицинон 250 мг 2таб; Торасемид 5мг,таңертең; Бритамир 5мг, 1рет//тәулігіне;

Айқын анемиялық синдромды және гемоглобиннің деңгейінің 42г/л-ге дейін төмендеуін негізге ала отырып,шұғыл түрде ОКБ-ның гематология бөлімшесіне госпитализацияланды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: