Болжамды диагнозды негіздеу

Апластикалық анемия.

Апластикалық анемия – айқын көрінетін жалпы әлсіздік, бас ауруы, аз ғана физикалық жүктемеде ентігудің білінуіне және 2006жылғы гемограммада анықталған үшеселенген цитопенияға және 26.07.2006 жылғы трепанобиопсия нәтижесі бойынша сүйек кемігінің қан жасайтын тіндерінің май тіндерімен ауысуы байқалуына негізделе отырып «апластикалық анемия» диагнозы қойылған.

Ажыратпалы диагноздың І этапы

Науқаста көрінген клиникалық белгілер: науқастың жағдайының ауырлығы, үлкен мәндегі анемия, ауыр геморрагиялық синдромдар апластикалық анемиямен қатар жедел лейкозға да күман туғызады. Бірақ жедел лейкозда мындай ерекшеліктер болады:

- Тірек қимыл жүйесінде, сүйектерде қатты ауырсыну болады.

Ал менің науқасымда ауырсынулар анықталған жоқ.

- Шеткері лимфа түйіндері үлкейеді, ал апластикалық анемияда жаралы некроздық стоматит салдарынан кейбір науқаста жақасты лимфа түйіндерінің үлкеюі болады, көп жағдайда апластикалық анемияда үлкеймейді.

Менің науқасымда шектері лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

- Жүйке жүйесінің бұзылысы: нейролейкемия түрінде болады.

Менің науқасымда нейролейкемияда болатын қыли көздік немесе жүйке жүйесінің бұзылысында болатын басқа да көріністер байқалмайды,есі анық және көзінің көруі мен құлақ естуі қалыпты.

- Көкбауырдың үлкеюі жедел лейкозда жиі анықталады.

Менің науқасымда көкбауырының өлшемі қалыпты. Салыстырылатын науқастар бір – бірінен тері жамылғыларының, склераның, сілемей қабаттарының түсімен ерекшеленеді:пернициозды немияда сарғыш болса, апластикалық анемияда боп-боз болады. Қорыта келгенде, апластикалық анемияның ажыратпалы диагностикасын жүргізу барысында науқастың жасына және жүдеудің болмауына назар аудартудың қажеті жоқ.Бұл науқастардың зерттеу бағдарламасаны қан анализінен басқа, міндетті түрде ас қорыту жолы, кеуде мен жамбас қуысы мүшелерінің рентгендік зерттеулерін, бауыр қызметін анықтайтын сынамаларын, аминотрансфераза белсенділігін, тимол сынамасын, бауыр мен көкбауырдың УДЗ-сын, мүмкіндік болса бауыр биопсиясын, гинеколог кеңесін және басқа да зерттеулерді жүргізген жөн.

Лабораторлы-аспаптық зерттеу әдістерінің жоспары:

Негізгі диагностикалық зерттеулер:

1. Жалпы қан анализі

2. Жалпы зәр анализі

3. Қанды резус-тиістілік пен қан тобын анықтауға зерттеу

4. Коагулограмма

5. Қанның биохимиялық анализы: (Жалпы ақуыз, АлАТ,АсАТ, жалпы билирубин, тура билирубин, холестерин, сілтілі фосфотаза, несепнәр,креатинин)

6. ЭКГ

Жүргізілген зерттеу қорытындысы:

Қанды резус-тиістілік пен қан тобын анықтауға зерттеу: В (III) Rh (+)

ЖАЛПЫ ҚАН АНАЛИЗІ 22.01.2015 ж

Компоненттер, Элементтер Физиологиялық зерттеулер шегі СИ мөлшер бірліктері Нәтижелер
Гемоглобин Е Ә 130,0-160,0 120,0-140,0 г/л  
Эритроциттер Е Ә 4,0-5,0 3,9-4,7 1,6
Түсті көрсеткіш 0,85-1,05   0,79
Ретикулоциттер 2-10 %  
Тромбоциттер 180,0-320,0  
Лейкоциттер 4,0-9,0 1,1
Нейтрофилдер Таяқша- ядролы 1-4 (0,04-0,30) * ( /л)  
Сегмент- ядролы 47-72 (2,00-5,50) * ( /л)  
Эозинофилдер 0,5-5 (0,02-0,3) * ( /л)  
Базофилдер 0-1 (0,00-0,065) * ( /л)  
Моноциттер 2-9 (0,09-0,60) * ( /л)  
Лимфоциттер 18-40 (1,20-3,00) *( /л)  
ЭШЖ (СОЭ) Е Ә 2-10 2-15 мм/сағ  

Қорытынды: Гемоглобин деңгейі төмендеген. Эритроцит, лейкоцит, тромбоцит мөлшері өте төмен. Түстік көрсеткіш – гипохромды.

ЖҚА 23.01.2015: Нв - 56 г/л; Эритроцит - 2,4 г/л

24.01.2015: Нв – 70 г/л; Эритроцит - 2,6 г/л

27.01.2015: Нв – 62г /л; Эритроцит - 2,6 г/л

28.01.2015: Нв – 74 г/л; Эр – 3,1 г/л; ТК – 0,7; Тр – 36,0*( /л; Лейк – 1,85; таяқша я/лы – 3; сегмент я/лы – 37; Эозин – 2; Моноцит – 4; Лимф – 54; ЭТЖ – 5,9мм/сағ.

29.01.2015: Нв – 78 г/л; Эр – 2,9 г/л; ТК – 0,81; Тр – 36,0 *( /л; Лейк – 1,1; ЭТЖ – 5,4мм/сағ.

ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ

22.01.2015ж

1. Физикалық-химиялық қасиеттері  
Көлемі 100,0  
Түсі Сары  
Тұнықтығы Тұнық  
Салыстырмалы тығыздығы    
Реакциясы Қышқыл(нормада төмен қышқылды немесе нейтрал.)  
Белок -  
Глюкоза -  
Эритроцит 1-2 (нормада 0-1)
2.Микроскопиялық зерттеу  
Жалпақ эпителий 0 көру алаңында  
Лейкоциттер 0-1-3 көру алаңында  

Қорытынды: қалыптыға жақын.

ЖЗА. 28.01.2015ж: көлемі – 100, түсі – сары,тұнық, салыстырмалы тығыздығы – 1010,реакция – қышқыл,Белок – жоқ,глюкоза – жоқ,Жалпақ эпителий – 3-4, Лейкоцит – 2-3, Эритроцит - 3-4;

ҚАННЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ

22.01.2015ж

Компонент Нәтижелер Қалыпты көрсеткіштер СИ бірліктері
Жалпы ақуыз   66-87 г/л
Несепнәр 4,16 2,5-8,3 ммоль/л
Креатинин 0,055 0,044-0,115 ммоль/л
Холестерин 2,73 4,1-5,2 ммоль/л
Нартий      
Калий      
АлаТ     ммоль/л
АсаТ     ммоль/л
Билирубин жалпы 12,4 22,2 дейін мкмоль/л
Тура билирубин 3,0 5,1 дейін мкмоль/л

Қорытынды: холестерин төмендеген,дегенмен қалыптыға жақын.

ҚБА 28.01.2015ж: Жалпы белок – 78г/л; Креатинин – 0,065ммоль/л; АлТ – 473нмоль/л; Жалпы билирубин – 13,8мкмоль/л; Тура билирубин – 3,1мкмоль/л;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: