бап. Эвтаназия

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

117-бап. Анатомиялық сый

1. Анатомиялық сый - іс-әрекетке қабілетті адам тиісінше ресімдеген өсиеті арқылы жүзеге асыратын, өз денесінің бөліктерін, органдарын және тіндерін тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де жазбаша өкім жасау арқылы өз еркімен құрбандыққа беруі.
2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
3. Өсиет етілген органдар мен тіндерден басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
4. Анатомиялық сый биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.
5. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына жасау мен берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

5-бөлім. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

21-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қызмет

118-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кіретін бірыңғай жүйе болып табылады.
1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, оның тиісті аумақтардағы, көліктегі және көліктегі аумақтық бөлімшелері;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері жатады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кіретін ұйымдар:
1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция;
2) Мемлекеттік шекарада, аумақтарда, көлікте, сондай-ақ мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми іс-шаралар өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
4) обаға қарсы мемлекеттік мекемелер болып табылады.

119-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау

1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау: нормативтік құқықтық актілердің негіздемесі бойынша бірыңғай
талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды;
нормативтік құқықтық актілерді зерделеуді, қолдану практикасын қорытындылауды, қолданылуын бақылауды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай деректер банкін түзу мен жүргізуді;
санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Санитарлық ережелер - оларды сақтамау адамның өмірі немесе денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қатер төндіретін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде тіршілік ету факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығының өлшемдері) белгілейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
5. Гигиеналық норматив - адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, зерттеулерде белгіленген белгілі бір тіршілік ету ортасын сипаттайтын көрсеткіштің жол берілетін ең жоғары немесе ең төменгі сапалық және (немесе) сапалық шамасы.
6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті.
7. Мемлекеттік органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты өздерінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен бекіту кезінде оларды халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісуге міндетті.
8. Нормативтік-техникалық сипаттағы санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

120-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер:
1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп ұстау мен пайдалануға;
2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;
3) объектілерді ұстауға, пайдалануға, жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;
4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;
5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;
6) тамақ өнімдеріне, оларды өндіруге, тасымалдауға, сақтауға және сатуға, кәдеге жарату және жоюға;
7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімдерге;
8) халықтың арнаулы, емдік-профилактикалық, балалар тағамын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрі-дәрмек заттары мен материалдарын қолдануға;
10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарында) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына;
11) қалалық және селолық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың ауасына;
12) топырақ пен оның қауіпсіздігіне, қалалық және селолық елді мекендердің, өнеркәсіп алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;
13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;
15) биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;
16) адамға әсер етудің физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;
17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту және өндірістік практика жағдайларына;
18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, ион сәулелерінің көздеріне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрі-дәрмек заттарына, орайтын және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық, полиграфиялық өнім мен кеңінен тұтынылатын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, техникалық шарттарға, рецептілерге);
21) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық құралдарды, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, сатуды, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін ұстау мен пайдалануды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау;
22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;
23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;
24) тамақ өнімдерін йод, темір мен микроэлементтер қосылыстарымен байытатын тұзды йодтауға;
25) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың жол берілетін шекті шоғырлануына;
26) оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды жүзеге асыру жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, шектеу іс-шараларын енгізу, оның ішінде жұқпалы және паразитарлық аурулармен науқастарға қатысты карантиндік іс-шараларды енгізу, медициналық қарауды жүргізу, халықты профилактикалық егу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
27) шикізатты сақтау және қайта өңдеуге;
28) объектілерді кәріздеуге, жарықтандыруға, вентиляциялауға және сумен қамтамасыз етуге:
29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтауға;
30) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарына;
31) объектілерді жоюға, консервациялауға, бейінін қайта өзгертуге;
32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

121-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг

1. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың
денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйін бақылаудың, оларға
талдау жасаудың, бағалау мен болжам жасаудың, сондай-ақ халықтың
денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторлары әсері
арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың мемлекеттік
жүйесі болып табылады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

122-бап. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың
улануының алдын алу

1. Жұқпалы, паразиттік аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуді, өндірістік бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулерді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
2. Санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамыту және өзге де өңірлік бағдарламаларға енгізілуге тиіс.
3. Жұқпалы, паразиттік аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиіс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделеді.
4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы жұқпалы, паразиттік аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуі тиіс.

123-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық
қорғау

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитарлық-карантиндік пункттерде) санитарлық- карантиндік бақылауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелінуіне тыйым салынатын қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

124-бап. Жұқпалы аурулар эпидемиясы пайда болу қаупі төнген
жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің
шарттары

1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі болған жағдайда осы Кодекске сәйкес уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге шаруашылық қызметтің және халық тіршілігінің айрықша жағдайларымен карантин енгізеді.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру жөніндегі жедел басшылық жасау індетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледі.
3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу іс-шараларын, соның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болуы мен таралу қаупі болған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілетін жұқпалы аурулар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

125-бап. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улану
оқиғаларын тіркеу және тексеру

1. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тіркеуге алуға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары мемлекеттік есепке алу мен есептілік жүргізуге тиіс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттік есебін жүргізу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп беруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргізуге тиіс.

126-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық
іс-шаралар

1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуының,
таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер, жеке және заңды
тұлғалар өз қаражаты есебінен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен
Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қызметі лауазымды адамдарының ұйғарымдары, қаулылары бойынша өз
қаражаты есебінен жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын
жоюға (дезинфекциялық), жәндіктерді, басқа буын аяқтыларды жоюға
(дезинсекциялық) және кеміргіштерді жоюға (дератизациялық)
бағытталған іс-шаралар жүргізуге міндетті.
2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы
органдарының шешімімен бюджет қаражаты есебінен кезектен тыс
міндетті дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-
шаралар жүргізіледі.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі ұйымдары жүргізеді.

22-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

127-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

1. Профилактиканың мақсаты аурулардың туындауы немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
2. Профилактика бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.
Бастапқы профилактика (жаппай және жеке) аурулардың туындауының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Қайталама профилактика аурулардың алдыңғы кезеңдерде өршуінің және олардың салдарларының алдын алуға бағытталған.
Жалғаспалы профилактика өршіген асқынуды, органдар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.

128-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау салауатты өмір салтын қалыптастыруды, ақпараттық қамтамасыз ету жолымен ұтымды тамақтану және аурулардың профилактикасын, тұрмыс салтымен байланысты денсаулық сақтау әрі аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеуді қамтиды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз етеді.

129-бап. Медициналық қарау

1. Медициналық қарауды өткізудің басты мақсаты денсаулықты қалыптастыруға әрі нығайтуға, аурулардың алдын алуға, анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіби аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған уақтылы медициналық тексерулерді жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қандай да бір ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Медициналық қарау міндетті және профилактикалық болып табылады.
3. Міндетті медициналық қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
Міндетті алдын ала медициналық қараулар кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік, аурулардың алдын алу және жұқпалы әрі паразитарлық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында жұмысқа кіру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.
Мерзімдік міндетті медициналық қараулар жұмыс істеушілер денсаулығы жай-күйін динамикалық бақылауды, аурулардың бастапқы нышандарын уақтылы анықтау, жалпы, кәсіби аурулардың алдын алу және жұқпалы әрі паразитарлық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Міндетті медициналық қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарауларды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қараулардан өтуге тиіс қызметкерлердің мерзімдік міндетті медициналық қараулардан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.
4. Профилактикалық медициналық қараулар жаппай және іріктелген болып бөлінеді.
Жаппай медициналық қараулар ауруларды ертерек анықтау және аурулардың өршуінің, олардың туындауына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру әрі нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен жүргізіледі.
Іріктеп медициналық қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына жататын азаматтардың ауруларын емдеу әрі оларды қалыпқа келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын динамикалық бақылау мақсатында жүргізіледі.
Профилактикалық медициналық қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді.
Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне сәйкес осы қараудан өтуге тиіс адамдардың профилактикалық медициналық қараудан өтуі үшін жағдай жасайды.
Өндірістік және шаруашылық қызметтегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық қараулардан өтпеген немесе денсаулығының жай-күйі бойынша жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермейді.
5. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізудің тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
6. Міндетті және профилактикалық медициналық қараудың уақтылы өткізілуі мен олардан етуді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық қызмет көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инспекторлары бақылайды.

130-бап. Профилактикалық егулерді жүргізу

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егу алуға міндетті.
2. Профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуі тиіс халық топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Профилактикалық препараттарды (иммунологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) сақтау, тасымалдау және пайдалану денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

131-бап. Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде кәсіби
аурулардың және травматизмнің профилактикасы

1. Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде кәсіби аурулардың профилактикасы мыналарды қамтиды:
1) мыналар:
салауатты өмір салтын насихаттау;
бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-көпшілік басылымдар, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқытатын бағдарламалар арқылы халықты хабардар ету;
созылмалы жұқпалы емес аурулардан зардап шегетін адамдарды қажетті өзіне көмек көрсету әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру арқылы;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының, сондай-ақ жұмыс істеушілердің кәсіби ауруларының - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салуаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының өздеріне бекітілген халықтың ауыруы қатеріне мониторингі;
олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдардың, сондай-ак меншік нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай- ақ жеке кәсіпкерлердің ауру қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайту;
4) созылмалы инфекциялық, оның ішінде кәсіби аурулары бар адамдарды халыққа медициналық қарау жүргізу, олардың ертерек дәрігерге қаралуына уәждеу арқылы анықтау;
5) жекелеген санаттарды амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына келтіру емі мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы аурулары бар адамдарды, оның ішінде кәсіби аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау және уақтылы сауықтыру;
6) созылмалы аурулардан, оның ішінде кәсіби аурулардан зардап шегетін адамдарды, сондай ауруы бар екеніне немесе олардың өршуіне күмән болған кезде оларды медициналық ұйымның қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық көрсетім бойынша басқа жұмысқа уақытша немесе тұрақты түрде ауыстыру арқылы ауыру қатерінің мінез-құлықтық факторларының профилактикасы және халықтың медициналық сауаттылығын арттыру.
2. Травматизмнің профилактикасын сектораралық деңгейде олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар жүзеге асырады.

132-бап. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы

1. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы (алкогоь, есірткілер, психотроптық заттар, психостимуляторлар, галлюциногендер, ұшпалы ерітінділер, темекі) мыналарды қамтиды:
1) психоактивті заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды қолданудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттау;
2) психоактивті заттар айналымы саласындағы жарнамаға тыйым салу, психоактивті заттарды әзірлеу тәсілдері, әдістері мен пайдалануды, психоактивті заттарды сатып алу орындарында насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар жарнамасын шектеу;
3) психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық және мінез-құқықтық ауытқуы бар қатер топтарындағы адамдарды профилактикалық бақылау және есепке алу;
4) тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде жасырын емдеу;
5) нашақорларды ерікті түрде медициналық-санитарлық оңалту.
2. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар олардың құқықтары шегінде жүзеге асырады.

133-бап. Темекі тартудың профилактикасы және оны шегуді шектеу

1. Темекі тартудың профилактикасы және оны шегуді шектеу
халықтың денсаулығын сақтауға, темекі бұйымдарын сатып алуға құқылы
адамдарға жас мөлшерін шектеу, кәмелетке толмағандар арасында темекі
шегуді болдырмау, темекі тартудың зиянды зардаптары, темекі тартудан
туындаған аурушаңдық пен өлімділік туралы ақпаратты тарату, темекі
тартуға денсаулық пен өмірге қатердің артуы факторына халықтың
көзқарасын қалыптастыру, темекі тарту таралуының алдын алу жөнінде
келіскен іс-шаралар жүргізу.
2. Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында темекі бұйымдарының жарнамасы жарнама туралы заңнамада көзделген шектеулермен жүзеге асырылады.
3. Мынадай жағдайларда:
1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға;
2) ашық қораптан немесе бір данадан сатуға;
3) сатушысыз, сауда автоматтары, өзге де электронды немесе механикалық құрылғылар арқылы;
4) денсаулық сақтау, білім беру, физкультуралық-сауықтыру ұйымдарының ғимараттарында, спорт және спорт-техникалық ғимараттарда, стадиондарда сатуға;
5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
6) акциздік маркамен немесе есептік-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;
7) егер темекі қорабында жиырма сигареттен аз болса;
8) қорапқа құрамында шайырлы заттар мен никотиннің деңгейі туралы деректер енгізілмесе;
9) қорапқа темекі тартудың зияны туралы ескерту енгізілмесе, темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
4. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда, кассалық аппаратта немесе олардың жанында көрнекі орында мынадай мазмұндағы жазба: "Он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады.", сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен темекінің зияны туралы ескерту болуы тиіс.
5. Олардың түрі он сегізден жас болып көрінетін азаматтарға темекі сату кезінде темекі бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын адамдар:
1) сатып алушының жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуын талап етуге;
2) егер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбаса темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.
6. Мынадай жерлерде:
1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандар дем алатын ұйымдарда;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;
4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, байқау және көрме залдарында, спорт ареналарында және жаппай демалысқа арналған басқа да жабық ғимараттарда;
5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
6) жергілікті және алыс қатынастағы поездардағы әуе, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустарда, маршруттық таксилерде және қалалық электр көлігіндегі белгіленбеген орындарда;
7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда темекі тартуға тыйым салынады.
7. Егер темекі тарту үшін арнайы жабдықталған орындар болса, осы баптың 6-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында белгіленген нормалар қолданылмайды.
8. Жұмыс берушілер темекі тарту үшін арнайы жабдықталған орындар бөлуге, осы мақсатқа арналмаған туалеттік бөлмелер мен үй-жайларда темекі тартуға тыйым салады.
9. Темекі тартуға арнайы бөлінген орындар тиісті санитарлық ережелерге сәйкес жабдықталуы тиіс.

134-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

1. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларында қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілік;
2) құрамында темір бар препараттармен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық қамтамасыз ету;
3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
4) ұнды және өзге де тамақ өнімдердің құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байытылуға (фортификация) тиіс.
Тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

135-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс- шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілік;
2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерінде жүзеге асырылады.
2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының ппрофилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6-бөлім. Донорлық және транспланттау

23-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

136-бап. Донорлық, қан мен оның компоненттерін және
препараттарын дайындау

1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі -
донорлық) деп қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар
үшін тапсыру (донация) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға
донорлардың ерікті түрде қатысуы болып табылады.
2. Қан мен оның компоненттерін дайындау - донордан қан алуды оны консервациялауды және компоненттерге бөлуді қамтитын іс-шаралар кешенін қамтиды.
3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесін мыналарды қамтиды:
1) қан донациясы - донор тапсыратын қанның біржолғы алынуы;
2) плазма донациясы - плазмаферез әдісімен қан плазмасының біржолғы алынуы.
Алынатын плазманың иммундық сипаттамасына қарай:
қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) құрамында бар изоиммундық плазма;
құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар және ауру қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне өзара емдік іс-әрекетті нысаналы түрде жасауға қасиеті бір иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін қолданылады.
3) клеткалар донациясы - цитаферез әдісімен донордың қанының клеткаларын біржолғы алу.
4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:
1) қан компоненттерін - одан клеткалар және клеткасыз орта түрінде алынатын қанның құрамдас бөліктері;
2) қан препараттары - қан компоненттетрін қайта өңдеу кезінде алынатын дәрілік заттар.
5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарды сақтау, қан құю ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

137-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары және донорлық, қанды, оның
компоненттері мен препараттарды дайындау саласындағы қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар

1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
3. Қан мен оның компоненттерін және препараттарды дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
4. Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын құюды (реципиент ағзасына енгізу) жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары реципиенттің денсаулығы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
5. Қан құю қызметі саласындағы ұйымдар шығаратын қан мен оның компоненттері, қан препараттары, консервациялау құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті бақылауға жатады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше немесе соғыс жағдайы жарияланған кезде донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының төтенше немесе соғыс жағдайы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

138-бап. Донорлық қанның, оның компоненттерінің қауіпсіздігі
мен сапасын қамтамасыз ету

1. Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі карантиндеу, вирусинактивация, радиациялық сәуле және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қан мен оның компоненттері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен сапасы бақылануға жатады.
3. Донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарды тиісінше таңбаланғанға дейін пайдалануға немесе өткізуге тыйым салынады.
4. Қанды, оның компоненттерін, препараттарды құюды жүзеге асыратын ұйымдар мен медициналық қызметкерлер оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

139-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

1. Тиісті медициналық тексеруден өткен және қан тапсыру үшін денсаулығының жарамсыз көрсеткіштері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жастан алпыс жасқа дейінгі жеке тұлға донор болуға құқылы.
2. Донор:
1) қан мен оның компоненттерін ақысыз немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшердегі ақшалай өтемақы үшін тапсыруға;
2) медициналық тексеру нәтижелерімен танысуға құқылы.
3. Донор зардап шегетін және бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті.
Донорлық функцияны орындау кезінде өз денсаулығының жай-күйі туралы өзіне белгілі мәліметтерді қасақана жасырып қалған немесе бұрмалаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

140-бап. Донорды медициналық тексеру

1. Донор қан мен оның компоненттерін тапсырғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тегін медициналық тексеруден өтеді.
2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жай-күйі туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

141-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

1. Медициналық тексеру және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері донор болып табылатын қызметкерді жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады.
2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері жұмысқа шықса, оған орташа айлық жалақысын сақтай отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
3. Қызметкерді қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері түнгі уақыттағы, мерзімнен тыс жұмыстарға, ауыр, зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары бар жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері нарядтар, вахталар және қызметтің басқа да нысандарын өткеруден босатылады.
5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.
6. Донорларды ынталандыру жүйесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Донорға қан мен оның компоненттерін тапсыруының жиынтық санын ескере отырып, берілетін қосымша ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
7. Донорлық функцияны тегін жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан кейінгі өз қанының көлемін және ағзасының энергетикалық шығындарын толықтыру үшін өз таңдауы бойынша тегін тамақтанады не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақшалай баламасын алады.
8. Ақылы негізде донорлық функцияны атқарған донорға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде қан мен оның компоненттерін дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ақы төлейді.

142-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты
дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі
міндеттері

Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшылары:
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;
2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды
өтеусіз беруге және жағдай жасауға;
3) донор болып табылатын қызметкерді тексеру және қан мен оның компоненттерін тапсыру күні жұмыстан кедергісіз босатуға;
4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті.
2. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшылары донорларды қосымша ынталандыруға құқылы.

24-тарау. Органдар мен тіндерді транспланттау

143-бап. Органдар мен тіндерді транспланттау және оларды алу
шарттары

1. Транспланттау деп тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру түсініледі.
2. Тіндер және (немесе) органдар (органдардың бөліктері) алынатын адам, адамның мәйіті, жануар донор болып табылады.
3. Адамның тіндерін және (немесе) органдарын (органдардың бөліктерін) ықтиярсыз алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады.
4. Адамның органдары мен тіндерін сатып алуға-сатуға тыйым салынады.
5. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін - олардың басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіннің имунологиялық қасиеттері бар адам тірі донор болуы мүмкін.
6. Тірі донор жан-жақты медициналық тексеруден өтуі және оның тіндерін және (немесе) органдарын (органдарының бөліктерін) алуға болатындығы туралы маман дәрігерлер консилиумының қорытындысын алуы тиіс.
7. Осы бапта аталғандармен қатар бір мезгілде мына талаптарды сақтағанда ғана:
1) осы Кодекстің 68-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің келісімі;
2) тиісті келісім беруге қабілетті басқа үйлесетін донордың болмауы;
3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы болып табылғанда;
4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналса;
5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмесе, кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың органдарын және (немесе) тіндерін алу мүмкін болады.
8. Кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарылып алынуы мүмкін.
9. Тірі донордан органдарды және (немесе) тіндерді алу оның нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
10. Транспланттау үшін жұп органның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын органның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.
11. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау мақсатымен алу биологиялық өлім расталған кезде немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) дәрігер-мамандардың консилиумы тіркеген жағдайда ғана, органдарды және (немесе) тіндерді алатын сәтте осы адамның тірі кезіндегі немесе оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің мұндай алуға жазбаша келіспеушілігі болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.
Кісі қолынан өлген немесе кісі қолынан өлуіне күдік болған жағдайда транспланттау мақсаты үшін тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу қылмыстық процесті жүргізуші органның ресми келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
12. Биологиялық өлім - өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауы болып табылады.
13. Бас миының біржола семуі - үлкен ми сыңарын, діңін, көпіршесін, орта ми мен мишықты қоса алғанда, мидың бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жүйке клеткаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы болып табылады.
14. Кейіннен транспланттау үшін органдар мен тіндерді алуды қамтамасыз етуге қатысқан адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.

144-бап. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың
бөліктерін) транспланттау тәртібі

1. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлер консилиумы береді.
2. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің не сот іс-әрекет жасауға қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
3. Реципиент алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.
4. Ауру жұқтырған тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады.
5. Мәйіттерден тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) консервациялау мен транспланттауды тек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүргізуге жол беріледі.
6. Органдарды (органдардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттаудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Осы баптың күші ұрпақ жаңғырту тіндерін (жыныстық клеткаларды) қамтитын, адамның дүниеге келу процесіне қатысы бар органдарға, олардың бөліктері мен тіндеріне, сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.

145-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

1. Донор осы кодекстің 138-бабында көрсетілгендерден басқа, мыналарға құқылы:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) донор тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде емделуге, оның ішінде медикаменттік ем алуға құқылы.
2. Реципиент:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде емделуге, оның ішінде медикаменттік ем алуға құқылы.
3. Денсаулық сақтау ұйымының медициналық және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

25-тарау. Адамның тіндері мен органдарын, қан мен оның
компоненттерін әкелу, әкету

146-бап. Адамның тіндері мен органдарын әкелу, әкету үшін
негіздер

1. Қазақстан Республикасының аумағына тіндер және (немесе) мен органдарды (органдар бөліктерін) әкелу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тиісті мемлекеттік лицензиясы бар, "трансплантология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында трансплантация қажет болған жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағына тіндер және (немесе) мен органдарды (органдар бөліктерін) әкету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) одан тысқары жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі Қазақстан Республикасы азаматының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
3) Қазақстан Республикасының аумағында


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: