Он екінші апта

Лексикалық тақырып: Елордасы – Астана

Грамматикалық тақырып: Етіс

Сөздік

Әкімшілік-саяси – административно-

политический

озық – передовой

уақыт талабы – требование времени

ортағасырлық –средневековый

қалпына келтірілді – восстановлен

торап – узел

өркендеген – развивающий

бой түзеу – выстраевается

соның куәсі – свидетель тому

мән берілуде – придается значение

лайықты орын – достойное место

ЕТІС

Етістер – выражают различные отношения между субъектом и объектом действия, изменяются по временам и лицам.

1 Өздік (Возвратный) -ын, -ін, -н жу ын ки ін, тара н

2 Ырықсыз (Страдательный)-ыл, -іл, -л жу ыл ды, ки іл ді, тара л ды

ын, -ін, -н сал ын ды, әкел ін ді, тара н ды

3 Ортақ етіс (Совместный) -ыс, -іс, -с сал ыс ты, әкел іс ті, ойла с ты, сөйле с ті,

4 Өзгелік (Побудительный) -дыр, -дір, -тыр, -тір жуғыз дыр, енгіз дір, сат тыр ды, кеп тір ді

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т бар ғыз дым, кір гіз дім, айт қыз ды, кес кіз дік, боса т, жүгір т

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Саяси-әкімшілік орталық, озық технология, қала маңында, атауы, Президент Жарлығы, өнеркәсіп, торап, мәдениет пен өнер, оқу орындары, көрікті жерлер, спорт, мұражай, орталықтар, әлемдік өркениет.

2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліндегі баламасымен жұптастырыңыз.

мәртебе комплекс

ғажайып опора

кешен стрела

ауыспалы темп

сүйеніш соответствующий

жебе чудесный

құбылыс переносный

қарқын статус

лайықты явление

қадам красивый

әдемі гармоничный

жарасымды шаг

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Совсем недавно на политической карте мира появился город Астана – новая столица Казахстана. До этого столицами Казахстана были Орынбор, Кызылорда, Алматы.

Сегодня Астана – это огромная стройка. Над городом возвышаются высокие краны, тут и там поднимаются красивые многоэтажные здания, реставрируются старые дома, покрываюся асфальтом широкие площади, проспекты, и нарядные улицы.

Архитектура Астаны выполняется в евроазиатском стиле. Предполагается, что именно Астана будущем станет символом единения двух континентов.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.

Біз ұзақ әңгімеле...тік. Қошта...арда көзімізге жас ал...тық.Бұрын хат жаз...ып тұрғанбыз. Көр...пегелі көп болған.

5-тапсырма. Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің астаналарын білесіз? Бір минут ішінде шетелдік астаналардың атауларын жазыңыз.

6-тапсырма. Қазақстанның ең ірі 5 қаласын атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз. Досыңызға Қазақстанның әр түрлі қалаларына саяхаттауды ұсыныңыз.Өз бағыттарыңызды айтып беріңіз.

Сөйлеу үлгісі: алдымен..., баруға болады; жолшыбай... қалалар бар;... керемет екен;... араладым;... таң қалдым;... бірге қыдырайық; саяхатымыздың соңында.... араладым;... бұрын көрмеппін;... көргім келеді.

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Еуразия кіндігі, 1998 жылғы 10 маусым, соңғы 10 жылда, Есілдің сол жағалауы, Бурабайдан шамамен 200 шақырым, халықаралық форумдар, спорт жарыстары.

8-тапсырма. Жағдаят бойынша жауап жазыңыз.

Сіз курстастарыңыз арасында Астана қаласы,оның тарихы, экономикасы, жер байлығы сияқты тақырыптарға баяндама дайындасаңыз, қандай мәселелерге басты назар аударар едіңіз?

Екінші сабақ

Бүгінгі Астана – ұлттық идеяның темірқазығы,

ұлттың рухани, әлеуметтік түлеуінің қозғаушы күші

Н.Назарбаев


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: