PHP тілі операторлары

Операторлар айнымалылармен, константалармен және өрнектермен әр түрлі амалдар орындайды. Өрнек деп кез келген мәні бар шамаларды атай­ды. Айнымалылар мен константалар – өрнектердің негізгі және қара­пайым формалары. Көптеген операциялар және соларға сәйкес операторлар бар. Солардың бірсыпырасын қарастырып шығайық.

Арифметикалық операторлар

Операторлар мәліметтермен белгілі бір әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, меншіктеу операторлары мәліметтерді айнымалыларда сақтау үшін қызмет етеді, математикалық операторлар арифметикалық есептеулер жасау үшін, конкатенация операторлары екі қатарды біріктіру үшін қолданылады. PHP-дегі операторларды нақтырақ қарастырайық.

Математикалық операторлар

□ + – қосу. $z=$x+$y;

□ - – азайту. $z=$x-$y;

□ * – көбейту. $z=$x*$y;

□ / – бөлу. $z=$x/$y;

□ % – қалдық табу. $z=$x%$y;

□ ++ – инкремент операторы. Айнымалы мәнін 1-ге үлкейтеді.

$z++; // $z=$z+1;

□ -- – декремент операторы. Айнымалы мәнін 1-ге кемітеді.

$z--; // $z=$z-1; операторымен бірдей

Инкремент және декремент операторлары постфиксті және префиксті формада қолданылуы мүмкін

sz++; $z--; // Постфиксті формасы

++$z; --$z; // Префиксті формасы

Бұлардың айырмашылығы – постфиксті формада айнымалы мәні операцияға дейін қайтарылады, ал префиксті формада алдымен операция орындалады, содан кейін барып мәні қайтарылады. Мұны мысалда көрсетейік (5.16-мысал).

5.16-мысал. Постфиксті және префиксті формалардағы операторлар

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> 5.16- мысал </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<?php

$X=5;

$Z=$X++; // $Z=5, $X=6

echo "<B>Постфиксті форма (\$Z=\$X++;):</B><BR> ";

echo "\$Z = $Z <BR>\$X = $X <BR><BR>";

$X=5;

$Z=++$X; // $Z=6, $X=6

echo "<B> Префиксті форма (\$Z=++\$X;):</B><BR> \$Z = $Z <BR>\$X = $X";

?>

</BODY>

</HTML>

Соңында мынадай нәтиже аламыз:

Постфиксті форма ($Z=$X++;):

$Z = 5

$Х = 6

Префиксті форма ($Z=++$X;):

$Z = 6

$Х = 6

Меншіктеу операторлары

□ = – айнымалыға мән меншіктейді. $z = 5;

□ += – айнымалы мәнін көрсетілген шамаға үлкейтеді.

$z+=5; // $z=$z+5; операторымен бірдей

□ -= – айнымалы мәнін көрсетілген шамаға кемітеді.

$z-=5; / / $z=$z-5; операторымен бірдей

□ *= – айнымалы мәнін көрсетілген шамаға көбейтеді.

$z*=5; // $z=$z*5; операторымен бірдей

□ /= – айнымалы мәнін көрсетілген шамаға бөледі.

$z/=5; // $z=$z/5; операторымен бірдей

□ %= – айнымалы мәнін көрсетілген шамаға бөледі және қалдығын шығарады.

$z%=5; // $z=$z%5; операторымен бірдей

Екілік операторлар

□ - – екілік инверсия. $z=~$x;

□ & – екілік ЖӘНЕ. $z = $х & $y;

□ | – екілік НЕМЕСЕ. $z = $х | $y;

□ ^ – екілік арифметикалық НЕМЕСЕ. $z = $х ^ $y;

□ << – солға жылжыту – кіші разрядтарды нөлмен толтыратын бір немесе одан көп разрядтарды солға жылжыту;

□ >> –оңға жылжыту – үлкен разрядтарды өзінің құрамындағылармен толтыратын бір немесе одан көп разрядтарды оңға жылжыту.

$z = $х >> $y;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: