Шартты if операторы

Шартты if операторының құрылымын келесідей түрде көрсетуге болады:

if (өрнек) орындау_блогы;

Мұндағы өрнек кез келген РНР өрнегі (яғни, мәні барлардың барлығы) болып табылады. Скрипті өңдеу барысында өрнек логикалық типке түрлендірі­леді. Егер түрлендіру нәтижесінде өрнек мәні ақиқат (true) болса, онда орындау блогы атқарылады. Кері жағдайда орындау блогы атқарылмайды. Егер орындау блогы бірнеше командалардан тұрса, онда ол жүйелі жақшаның {} ішіне алынуы тиіс.

Мысал. if шартты операторы

<?$names = array("Иван","Петр","Семен");

if ($names[0]=="Иван") {

echo "Привет, Ваня!";

$num = 1;

$account = 2000;}

if ($num) echo "<br>Иван первый в списке!";

$bax = 30;

if ($account > 100*$bax+3)

echo "Эта строчка не появится на экране, так как условие не выполнено";

?><?$names = array("Азат","Бекзат","Айым");

if ($names[0]=="Азат") {

echo "Сәлем, Азат!";

$num = 1;

$account = 2000;}

if ($num) echo "<br> Азат тізімде бірінші!";

$bax = 30;

if ($account > 100*$bax+3)

echo "Бұл жол тізімде болмайды, өйткені шарт орындалмады";

?>

Осы скрипт жұмысының нәтижесі:

Сәлем, Азат!
Азат тізімде бірінші!

Кеңейтілген, яғни толық іf операторы құрылымы else операторы көмегімен келесі түрде жазылады:

if (өрнек) 1_орындау_блогы;

else 2_орындау_блогы;

Егер шарт орындалса (яғни өрнек=true), онда 1_орындау_блогы, кері жағдайда – 2_орындау_блогы атқарылады. Мұндағы else операто­ры­ның міндетті түрде болуы қажет емес екендігі түсінікті шығар.

Жоғарыда көрсетілген мысалды өзгертіп, шарт орындалмаған жағдайда да әре­кет­тердің орындалуын қарастырайық.

Мысал. if.. else шартты операторы

<?php

$names = array("Азат","Бекзат","Айым");

if ($names[0]=="Азат") {

echo "Сәлем, Азат!<br>";

$num = 1;

$account = 2000;}

else {

echo "Сәлем, $names[0]. Біз Азатты күтіп едік:("; }

if ($num) echo "Азат тізімде бірінші!<br>";

else echo " Азат тізімде бірінші емес?!";

$bax = 30;

if ($account > 100*$bax+3)

echo "Бұл жол тізімде болмайды, өйткені шарт орындалмады ";

else echo "Бірақ мына жол шығады!";

?>

Осы скрипт жұмысының нәтижесі мынадай болады:

Сәлем, Азат!
Азат тізімде бірінші!
Бірақ мына жол шығады!


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: