Мысал. PHP тіліндегі объектілер

<?php

// адамдарын класын құрамыз

class Person

{

// PHP тіліне үйрететін тәсіл

function know_php()

{ echo "Енді мен PHP тілін білемін!"; }

}

$bob = new Person; // адам класындағы объект құру

$bob -> know_php(); // оны PHP тіліне үйрету

?>

Нәтижесі:

Енді мен PHP тілін білемін!

Сұрақтар

1. PHP сөзінің толық мағынасы қандай?

2. PHP тілінің қысқаша даму тарихы. Оны кім және қай жылы шығарды?

3. РНР тілінің қандай артықшылықтары бар?

4. HTML тілі ортасынан шығып, PHP кодтары режиміне көшу тәсілдері.

5. Тілдің түсініктемелер беру жолдары және оларды пайдалану.

6. Айнымалыны жариялау, меншіктеу тәсілдері.

7. Логикалық тип және оны пайдалану.

8. РНР ортасындағы сандар типтері, оларды қолдану.

9. Сөз тіркестерін анықтау тәсілдері.

10. Тіркестердегі қостырнақша мен апострофтарды пайдалану өзгешеліктері.

11. РНР ортасында heredoc-синтаксисін қолдану ерекшеліктері.

12. Тұрақтылармен жұмыс істеу қалай атқарылады.

13. Айнымалылармен жұмыс істейтін функциялар.

14. Жиымдармен жұмыс істеу жолдары.

15. Тілдің resource (ресурстар) және object (объектілер) типтері

Тапсырмалар

1. Әр түрлі 5 айнымалысы бар 1-1.php файлын құрып, оларға типтері әр түрлі болып келген мән меншіктеңдер. Типті анықтайтын gettype() функциясы арқылы айнымалыларды зерттеңдер.

2. Мәндері берілген сандық типтегі 2 айнымалысы бар 1-2.php файлын құрып, олармен бірнеше арифметикалық амалдар орындаңдар да, нәтижелерін экранға шығарыңдар.

3. Сөз тіркестерінен тұратын 2 айнымалысы бар 1-3.php файлын ашып, айнымалыларға мән беріңдер, оларды конкатенация арқылы біріктіріп, нәтижесін табыңдар.

4. 10 кездейсоқ сандардан тұратын жиым құрып, оны инициалдайтын 1-4.php файлын ашыңдар. Кейбір жиым элементтерін өшіріп, жиымға жаңа элементтер енгізіңдер. Жиымның алғашқы нұсқасын және нәтижесін экранға шығарыңдар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: