Array ()

Array ([3] => aa)

Array ([0] => aa[1] => bb)

Жиымдарға тағы бір мысал

<?

// шақырушының қолтаңбасы константа болсын делік

define("SIGN","Құрметпен, Есет");

// адамдар мен әрекеттер жиымын тағайындаймыз

$names = array("Азат", "Бекзат", "Айым");

$events=array("f" => " ашық есік күні",

"o" => "көрме ашылуы",

"p" => "бітірушілер балы ");

// шақыру мәтінін құрамыз

$str = "Құрметті, $names[0]";

$str.= "<br> Сізді". $events["f"]. " салтанатына шақырамыз";

$str.= "<br>". SIGN;

echo $str; // мәтінді экранға шығару

?>

Осы скрипттің жұмысының нәтижесі мынадай болады:

Құрметті, Азат
Сізді ашық есік күні салтанатына шақырамыз

Құрметпен, Есет

Жиымның нақты элементін өзгерту үшін оның кілтін көрсетіп, жаңа мән беру керек. Элементтің кілтін өзгертуге болмайды, тек элементті өшіріп тастауға (кілті / мәні екеуін де) немесе жиымға жаңа элемент қосуға болады.

Жиым элементін өшіру үшін unset () функциясын пайдалану қажет.

Мысалы:

<?php

$books = array ("php" => "PHP users guide", 12 => true);

$books[] = "Book about Perl";

// кілті (индексі) 13 болатын элемент қосу

// ол мынадай жолмен $books[13] = "Book about Perl"; бірдей

$books["lisp"] = 123456; /* Бұл жиымға кілті " lisp ", мәні 123456 болатын

жаңа элемент қосады */

unset($books[12]); // Бұл жиымнан кілті 12-ге теңэлементті өшіреді

unset ($books); // жиымды толық өшіреді

?>

10Nullтипі

NULL арнайы мәні айнымалының мәні жоқ екенін білдіреді.

Айнымалы мәні төмендегі жағдайларда NULL:

• оған NULL тұрақтысы меншіктелген болса, ($var = NULL);

• оған әлі ешқандай мән берілмесе;

• ол unset() функциясы арқылы өшірілсе, болып саналады.

NULL типінің бір-ақ мәні – регистрден тәуелсіз NULL түйінді сөзі болып табылады.

11. Тілдің resource (ресурстар) және object (объектілер) типтері

Ресурс – бұл сыртқы ресурсқа сілтемесі бар арнайы айнымалы (мысалы, мәліметтер базасымен байланысу). Ресурстар арнайы функциялар арқылы жасалады және пайдаланылады (мысалы, mysql_connect(), pdf_new() т.с.с.).

Объектілер – объектіге бағытталған программалаудан келген мәліметтер типі. Бұл принцип бойынша, класс – белгілі бір қасиеті мен онымен жұмыс істейтін тәсілдері бар объектілер жиыны, ал объект осы сәйкестік бойынша – класс экземпляры, яғни бір данасы. Мысалы, программалаушылар – программа жазатын адамдар класы (тобы), оған қоса, олардың да басқа адамдар сияқты, аты-жөні бар. Енді бір нақты программалаушы Азат Омаровты алатын болсақ, ол программалаушылар класының объектісі болып табылады, басқа программалаушылар тәрізді қасиеттері – аты-жөні бар, программа жазады, т.с.с.

PHP тілінде объект тәсілдеріне қол жеткізу үшін -> операторы пайда­ланылады. Объектіні инициалдау үшін new өрнегі қолданылады, ол с объект экземплярын бір айнымалыға меншіктейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: