Туралау параметрлері

<Р> және <Н*> тәгтерінде қолданылады, олардың мәндері:

ALIGN=LEFT – сол жақ шетке жақындатып туралау;

ALIGN=RIGHT – оң жақ шетке жақындатып туралау;

ALIGN=CENTER – ортаға жылжытып туралау.

Туралау тәгтері

<LEFT>... </LEFT> – сол жақ шетке туралау;

<RIGHT>... </RIGHT> – оң жақ шетке туралау;

<CENTER>... </CENTER> – ортаға жылжытып туралау.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәгтері

<В>... </В> – мәтінді (сөздерді, әріптерді) қалыңдатылған қаріппен ерекшелейді.

<I>... </I> – мәтінді қисайтылған курсив қаріппен (Italic) ерекшелейді.

<U>... </U> – аралығындағы мәтіннің астын сызады.

<BLINK>... </BLINK> – аралығындағы мәтін жыпылықтап назар аудартып тұрады.

<FONT SIZE=+n>... </FONT>

<FONT SIZE=–n>... </FONT> – қаріп көлемін өзгертетін тәгтер.

<FONT COLOR="#OOOOFF>... </FONT> қаріп түсін өзгертетін тәгтер.

Сырғымалы жолдар тәгтері

< MARQUEE>...мәтін...< /MARQUEE > – сырғымалы жол жасайды. Оның параметрлері:

DIRECTION=left – мәтін оңнан солға қарай сырғи отырып жылжиды;

DIRECTION=right – мәтін солдан оңға қарай сырғиды;

BEHAVIOR= scrol – мәтін стандартты түрде оңнан солға қарай сырғиды;

BEHAVIOR=slide – мәтін стандартты түрде оңнан солға қарай бір-ақ рет сырғиды да тоқтайды;

BEHAVIOR= alternate – мәтін оңнан солға қарай, содан соң кері қарай, т.с.с. шексіз сырғи береді;

LOOP=n – сырғу саны LOOP атрибутының мәні n- мен шектеледі;

WIDHT=n – сырғымалы аймақтың ені n- мен шектеледі, ол пиксельмен (n) немесе терезе енінің пайызымен де (n%) көрсетіле береді;

SCROLLAMOUNT=n – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан;

SCROLLDELAY=n – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисе­кунд­пен көрсететін бүтін сан;

BGCOLOR=”#FFFFFFF” – сырғымалы жол аумағынбасқа түске бояу, түс ағылшынша атымен немесе он алтылық кодымен көрсетіледі;

HEIGHT=n – сырғымалы жол биіктігін пиксельмен (n) көрсету;

<FONT SIZE=n><MARQUEE>...мәтін... </MARQUEE></FONT> – сырғымалы жол мәтінінің қаріп мөлшерін, типін, түсін әдеттегідей өзгертуге болады.

Тізім жасайтын тәгтер

<OL>... </OL> – нөмірленген тізімнің басын, аяғын белгілейді;

<UL>... </UL> – белгіленген тізімнің басын, аяғын белгілейді;

<LI> – тізім элементтерін бастайды;

<DL>... </DL> ­ түсініктемелердің ( глоссарий) басын, аяғын белгілейді;

<DT> – сол жақ шетке жақын орналасқанглоссарий терминін сипаттайды;

< DD > – сол жақ шеттен оңға ығысып орналасқанглоссарий терминін сипаттайды.

Мәтіндік емес мәліметтерді орналастыру тәгтері

<IMG SRC ="file.gif '> немесе <IMG SRC ="file.jpg"> – графикалық бейнелерді енгізу командасы.

<IMG SRC ="file.wav"> – дыбыстық бөлікті енгізу командасы.

<IMG SRC ="file.avi"> – бейнелік бөлікті енгізу командасы.

Графикалық бейнелерді енгізу тәгтерінің параметрлері

WIDHT=n – суреттің пиксельмен берілген ені.

HEIGHT=n – суреттің пиксельмен берілген биіктігі.

ALIGN – суретті туралау (ALIGN=LEFT – сол жақ шетке туралау, ALIGN=RIGHT – оң жақ шетке туралау, ALIGN=TOP – жоғарғы жаққа мәтін жолын туралау, ALIGN=BOTTOM – төменгі жаққа мәтін жолын туралау, ALIGN=MIDDLE не CENTER – мәтін жолын ортаға туралау).

HSPACE=n – графикалық бейнеден көлденең (горизонталь) бағытта қалдырылатын бос кеңістік (пиксель)

VSPACE=n – графикалық бейнеден тік (вертикаль) бағытта қалдырыла­тын бос кеңістік (пиксель)

ALT=”мәтін” – сурет шығарылмағанда көрсетілетін балама мәтін.

Басқа HTML-құжаттармен және Интернет мәліметтерімен гипербайланыс (гиперсілтеме) жасау командалары

<А HREF="fail.htm">... </А> немесе

<А HREF="http://www. kbtu.edu.kz">... </А> – гиперсілтеме жасау.

<ADDRESS><A HREF=mailto: bb@kbtu.edu.kz> bb@kbtu.edu.kz </ADDRESS> – электрондық пошта адресімен гипербайланыс жасау

Кестелер

<TABLE>... </TABLE> – HTML-құжатқа кесте енгізу тәгі, оның параметрлері:

BGCOLOR=”GREEN” – фон түсі, ағылшынша сөзбен немесе он алты­лық кодпен беріледі;

BORDER=n – жақтау (бордюр) сызығы ені, пиксельмен беріледі;

WIDHT=n – кесте ені, пиксельмен немесе пайызбен беріледі.

Кесте жасау тәгтері

<CAPTION>... </CAPTION> – кесте тақырыбы, оның параметрі VALIGN=TOP – кесте алдындағы тақырып және VALIGN=BOTTOM – кесте соңындағы тақырып.

<TR>... </TR> – кесте жолы, яғни бір қатары. Мынадай параметрлері болуы мүмкін: BGCOLOR – жолдың ішкі фоны түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – жол мәтіндерін көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – жол мәтіндерін тік бағытта –вертикаль туралау.

<TD>... </TD> – кесте бағанасы. Оның параметрлері BGCOLOR – бағананың ішкі фоны түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – бағана ішіндегі мәтінді көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – бағана ішіндегі мәтінді тік бағытта туралау; COLSPAN – бірнеше бағананы біріктіру, ROWSPAN – бірнеше жолды біріктіру.

<ТН>... </ТН> – бағана тақырыптары. Оның параметрлері BGCOLOR – осы бағананың ішкі фон түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – вертикаль туралау; COLSPAN, ROWSPAN – бірнеше бағананы және жолдарды біріктіру; WIDHT – тақырып ені.

Фреймдер жасау тәгтері

Фреймдер немесе кадрлар терезені бірнеше бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысында жеке web-құжаттар орналастырады.

<FRAMESET>... </FRAMESET> – фрейм жасау тәгтері. Оның параметрлері:

COLS – экранды бірнеше бағаналық (вертикаль) фреймдерге бөледі.

ROWS – экранды бірнеше қатар түріндегі (горизонталь) фрейм жолдарына бөледі.

BORDCOLOR – фреймнің жақтау сызығы түсі

ВОRDER – жақтау сызығы (бордюр) ені

FRAMEBORDER – жақтау шекарасы сызығы (FRAMEBORDER=YES – шекара сызығы бар, FRAMEBORDER=NO – шекара сызығы жоқ, FRAMESPACING=n – шекара сызығы ені)

<FRAME> – фреймді сипаттау тәгі (<FRAME SRC='file.htm">). Оның параметрлері:

SCROLING – жылжыту жолағын реттеу параметрі:

SCROLING=YES – жылжыту жолағы көрсетіледі

SCROLING=NO – жылжыту жолағы көрсетілмейді

SCROLING=AUTO – жылжыту жолағы қажет болғанда ғана көрсетіледі

MARGINWIDHT және MARGINHEIGHT – фрейм ішіндегі суреттерді ығыстырып орналастыруға қажет параметрлер

NORESIZE – фрейм көлемінің өзгертілмейтінін көрсететін параметр.

<A HREF="file.htm" TARGET="frame2"> file.htm</A> – фреймдер арасында байланыс жасау

TARGET – фреймдер арасында байланыс жасау атрибуты, оның бірнеше мәндері бар:

_BLANK – сілтеме көрсетіп тұрған парақты жаңа бос терезеге жүктеу;

_SELF – сілтеме көрсетіп тұрған парақты сол сілтеме тұрған терезеге жүктеу;

_PARENT – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдерді ашып тұрған негізгі терезеге жүктеу;

_ТОР – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдер құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктеу.

Фреймдерді көрсету қабілеті жоқ броузерлер үшін:

<FRAMESET>

...Мұнда фреймдер орналасады...

</FRAMESEТ>

<NOFRAMES>

<BODY>

...Мұнда фреймсіз мәтін орналасады...

</BODY>

</NOFRAMES>

Фреймдерді көре алмайтын тұтынушылар үшін арнайы тәг ішіне түсініктеме мәтін беріледі.


2-қосымша

Құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері

Web-құжаттарын безендіру кезінде атрибуттар мәндері ретінде әр түрлі объектілердің көлемдері мөлшерлерін көрсету керек және де объектілер элементтерінің түстерін анықтау қажет болады. HTML ортасында түстер мен өлшем бірліктерін анықтаудың стандартты ережелері бар. Түстерден бастайық.

Түстерді екі түрлі тәсілмен беруге болады: код арқылы және ағылшын тіліндегі түс атауын жазу жолымен (black, yellow, т.с.с.). Көбінесе түс мәні он алтылық RGB-кодтарымен беріледі. Кез келген түсті негізгі үш түс арқылы – қызыл, жасыл, көк түстерді белгілі бір мөлшерде араластыра отырып алуға болатынын текемет басатын, кілем тоқитын әжелеріміз ертеден-ақ білген болатын. Осы үш түсті пропорция бойынша аралас­тыра отырып, компьютер экранында 16 миллионнан аса табиғи түстер­ді бейнелеуге болады екен. Мұндай көп түс түрлері негізгі түс мәндері­нің әрқайсысының мөлшерін 0-ден 255-ке дейінгі ондық сандар аралы­ғында (немесе 00-ден FF-ке дейінгі он алтылық сандар аралығында) өз­гер­ту жолымен алынады. Сонымен түстер # таңбасынан басталатын алты разрядты он алтылық сандармен өрнектеледі, оның алғашқы екі разряды – қызыл, келесі екі разряды – жасыл, соңғы екі разряды – көк түс мөлшерлерін бейнелей­ді. Мысалы, color="#FF0000" қызыл түсті көрсетеді, яғни олар “#RRGGBB” түрінде беріледі, мұндағы RR – қызыл түстің он алтылық мәні, GG – жасыл түстің, ал BB – көк түстің он алтылық мәні. Web-палитраға кіретін 216 негізгі түстер алдын ала анықталған алты кодтың өз деңгейлеріне байланысты комбинациялық араласуынан шығады: 00, 33, 66, 99, CC, FF. Төмендегі кестеде түстер палитрасын пайдалану кезінде қолданылатын негізгі 20 түстің RGB форматындағы кодтары берілген,

Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары

Түс 16-­лық коды Түс 16-­лық коды
Қара – Black #000000 Жасыл – Green #008000
Күміс түсті – Silver #С0С0С0 Ақ жасыл – Lime #00FF00
Сұр – Gray #808080 Олив түсті – Olive #808000
Ақ – White #FFFFFF Сары – Yellow #FFFF00
Қызылқоңыр – Maroon #800000 Қара көк – Navy #000080
Қызыл – Red #FF0000 Көкшіл – Blue #0000FF
Күлгін – Purple #800080 Көк жасыл – Teal #008080
Қызғыш – Fuchsia #FF00FF Толқын түсті – Aqua #00FFFF
Қоңыр– Brown #996633 Қызғыл тсары – Orange #FF8000
Көкжасыл – Azure #00FFFF Қызыл көк– Violet #8000FF

Енді ұзындықты өлшеу бірліктерін қарастырайық HTML тілінің ережелеріне сәйкес web-құжат объектілерінің көлемі екі тәсілмен көр­сеті­леді. Ұзындық нақты пиксель (экранның ең кіші нүктесі) мәнімен немесе негізгі аналық объект (терезенің) көлемінің пайызымен анықта­лады. Егер бір кесте жасап, оның енін 50% деп жазсақ, онда ол броузер терезесінің 50 пайызын алып тұрады. Ал егер кесте бағанасының ені пайыз­бен берілсе, ол осы бағана орналасқан кестенің жалпы енінің не­ше пайызын құрайтынын көрсетеді. Жалпы көрсетілген ұзындық тере­зе көлемі өзгертілген сәтте ішкі көлем сәйкестіктерін толық сақтап оты­­руы тиіс. Объект мөлшерін пиксельмен нақты көрсету кезінде алыс­тағы тұтынушы компьютерінің сипаттамаларының (экрандағы пиксельдер саны) әр түрлі болатынын есепке алып отыру қажет.

Белгілі бір элементтің көлемін пиксельмен беру кезінде оның мүмкін болатын ең кіші мәнін алған дұрыс. Егер бір объектінің ені отыз пиксель болатын болса, оны былайша жазып көрсету керек:

width="30"

Ал оның ені негізгі объекті енінің отыз пайызын құрайтын болса, онда былайша жазу қажет:

width="30%"

Бұл екі тәсілден бөлек тағы бір тәсіл қолданылуы мүмкін. Біз алдыңғы бір көрсетілген пиксельдер мәнін бірнеше есе үлкейтіп пайдалана аламыз. Мысалы, үш жолдан тұратын кесте тұрғыздық делік. Кестенің биіктігі әйтеуір бір тәсілмен тағайындалған болсын. Енді әрбір жолдың биіктігі отыз пиксельге еселеніп (30, 60, 90,...) берілуі қажет болса, онда әрбір жолды құратын тәгтер параметрлері ретінде мынадай мән жазуымыз керек:

height="3*"

Ұзындық мөлшерінің еселеніп өзгеру белгісі “жұлдызша” (*) символымен көрсетіледі. Жаңа мән есептелуі кезінде жұлдызшаның сол жағындағы сан онға (жиырмаға, отызға,...) көбейтіледі. Броузер осындай объектілерді барынша үлкейтіп бейнелеуге тырысады. Егер кестенің жалпы биіктігі 180 пиксель болатын болса, онда әрбір жол биіктігі 60 пиксель болып тағайындалады. Кесте биіктігі 200 пиксель болса да, осы мәндер алынып, 20 пиксель пайдаланыл­май қалады. Егер жолдар биіктігі бірдей болуы керек болса, онда height="*" болып жазылады. Егер атрибутта екі мән көрсетілетін кездерде, олардың біреуі “жұлдызша” таңбасымен жазылса, онда ол объектінің алғашқысынан қалған бөлігін алып тұрады деген ұғымға сәйкес келеді. Мысалы, фреймдердегі: cols=”30,*” деп жазылған атрибут екі бағана түріндегі фрейм ашылып, оның алғашқысының ені 30 пиксель, ал екіншісі терезенің қалған бөлігін алып тұратынын көрсетеді. Жалпы алдын ала келісім бойынша да, мән көрсетілмеген жағдайда осы тәсіл қабылданған.


Тест сұрақтарына мысалдар

1. Құжат фрагменттерін белгілеу үшін және оның экранда бейнелеуін басқаруға арналған HTML тілінің арнайы элементтері, яғни компоненттері:

А. тәгтер

Б. блоктар

В. тізімдер

Г. сілтемелер

Д. кестелер

2. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрс:

А. Тәгтер жазу кезінде бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналады

Б. HTML тілінің барлық тәгтері &quot&gt&quot символынан басталады

В. Блокнот арқылы гипермәтіндік құжатты жасауға болмайды

Г. HTML құжатына коментарийлер енгізуге болмайды

Д. HTML мәтіндік элементтері ішіне <,&gt, “, @ символдары жазылады

3. HTML элементтері мынадай екі топқа бөлінеді:

А. Блоктық және мәтіндік

Б. Мәтіндік және сандық

В. Символдық және цифрлық

Г. Жай және күрделі

Д. Қарапайым және құрамалы

4. <BODY> тәгінің мәтін түсін анықтайтын атрибуты:

А. TEXT

Б. BGCOLOR

В. COLOR

Г. LINK

Д. VLINK

5. <BODY>тәгінің курсор көрсетіп тұрған гиперсілтеме сөз түсін беретін атрибуты...

А. АLINK

Б. VLINK

В. TEXT

Г. COLOR

Д. LINK

6. HTML тілі мәтін бөліктерін форматтаудың қандай стильдерін жүзеге асыра алады?

А. логикалық және физикалық

Б. логикалық

В. физикалық

Г. мәтіндік

Д. математикалық

7. HTML тіліндегі <HR>тәгінің сызықтың қалыңдығын анықтайтын атрибуты:

А. SIZE

Б. ALIGN

В. WIDTH

Г. NOSHADE

Д. COLOR

8. HTML тіліндегі <HR>тәгінің сызықтың рельефтілігін анықтайтын атрибуты:

А. NOSHADE

Б. ALIGN

В. WIDTH

Г. SIZE

Д. COLOR

9. HTML тілінде <STRONG> </STRONG>тәгтерінің арасында мәтін қандай қаріппен жазылады:

А. Қарайтылған

Б. Курсив

В. Программа кодтарын жазуға арналған

Г. Асты сызылған

Д. Бел ортасынан сызылған

10. <IMG> тәгінің ALIGN атрибуты қандай қызмет атқарады:

А. Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді

Б. Суреттің URL адресін береді

В. Суреттің биіктігін береді

Г. Сурет көрсетілмейтін браузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі

Д. Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ мөлшерін пиксель­мен береді

11. <IMG>тәгінің VSPACE атрибуты қандай қызмет атқарады:

А. Суреттің жоғарғы және төменгі жақтарындағы бос аймақ мөлшерін

Б. тағайындайды

В. Суреттің URL адресін береді

Г. Суреттің биіктігін береді

Д. Сурет көрсетілмейтін браузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі

Е. Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді

12. Гиперсілтеме жасағанда <A HREF = …>тәгінде HREF трибутының атқаратын қызметі:

А. Гиперсілтемеде шақырылатын ресурстың URL адресін көрсетеді

Б. Суреттің URL адресін көрсетеді

В. Суретттің енін өзгертеді

Г. Суреттің биіктігін өзгертеді

Д. Мәтіннің түсін өзгертеді

13. <UL>… <UL>тәгтерінің көмегімен...

А. Маркерленген (белгіленген) тізімді жасай аламыз

Б. Нөмірленген тізімдер жасауға болады

В. Жаңа абзацқа көшеміз

Г. Горизонталь сызықты жүргізе аламыз

Д. Бүкіл мәтінді бір жолға жаза аламыз

14. <UL>... </UL>ортасында орналасқан әрбір тізім элементтері қандай тәгтен соң жазылады?

А. <LI>

Б. <UL>

В. <HL>

Г. <DL>

Д. <DD>

15. HTML тілінде <TABLE>тәгінің кестенің жақтау сызығы мен мәтін аралығындағы бос кеңістік көлемін беретін атрибуты:

А. CELLPADDING

Б. CELLSPACING

В. WIDTH

Г. HEIGHT

Д. VSPACE

16. HTML тілінде <TABLE>тәгінің кестенің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылған бос кеңістік көлемін өзгерту мүмкіндігін беретін атрибуты:

А. VSPACE

Б. CELLSPACING

В. CELLPADDING

Г. WIDTH

Д. HEIGHT

17. HTML тілінде <TABLE>тәгі арқылы кесте жасауда WIDTH атрибуты қандай қызмет атқарады?

А. Кестенің жалпы енін өзгерту мүмкіндігін береді

Б. Кестенің жақтау сызықтарының қалындығын анықтайды

В. Кестенің жалпы биіктігін өзгертуге мүмкіндігін береді

Г. Кестенің жақтау сызығы мен мәтін арасындағы бос кеңістік көлемін өзгертуге мүмкіндік береді

Д. Кесте ұяшығының жақтау сызықтары аралығында бос кеңістікті өзгертуге мүмкіндігін береді

18. HTML тілінде <TABLE>тәгі арқылы кесте жасауда HEIGHT атрибуты қандай қызмет атқарады?

А. Кестенің жалпы биіктігін өзгерту мүмкіндігін береді

Б. Кестенің жақтау сызықтарының қалындығын анықтайды

В. Кестенің жалпы енін өзгертуге мүмкіндігін береді

Г. Кестенің жақтау сызығы мен мәтін арасындағы бос кеңістік көлемін өзгертуге мүмкіндік береді

Д. Кесте ұяшығының жақтау сызықтары аралығында бос кеңістікті өзгертуге мүмкіндігін береді

19. HTML тілінде <TABLE>тәгі арқылы кесте жасауда CELLSPACING атрибуты қандай қызмет атқарады?

А. Кесте ұяшығының жақтау сызықтары аралығында бос кеңістікті өзгерту мүмкіндігін береді

Б. Кестенің жақтау сызықтарының қалындығын анықтайды

В. Кестенің жалпы енін өзгертуге мүмкіндігін береді

Г. Кестенің жалпы биіктігін өзгертуге мүмкіндігін береді

Д. Кестенің жақтау сызығы мен мәтін арасындағы бос кеңістік көлемін өзгертуге мүмкіндік береді

20. HTML тілінде кестелерде ROWSPAN атрибуты қандай қызмет атқарады?

А. Бір бағананың екі жолында қатар тұрған екі ұяны біріктіру үшін қолданылады

Б. Бір жолдың бағанасында қатар тұрған екі ұяны біріктіру үшін қолданылады

В. Мәтіннің фон түсін анықтайды

Г. Кестені жақтай сызығы мен мәтін арасындағы бос кеңістікті көрсетеді

Д. Екі сырғудың арасындағы интервалынды миллисекундамен көрсететін бүтін сан

21. HTML сөзінің толық мағынасы...

А. HyperText Markup Language

Б. Historial Tehnical Markup Language

В. HyperTehnical Markup Language

Г. Historial Tutorial Markup Language

Д. Дұрыс жауап жоқ

22. Гипермәтіндік құжат құрамында мынадай символдық ақпарат болады:

А. мәліметтік мәтіндер мен тәгтер

Б. командалар мен арнайы белгілер

В. дескрипторлар мен операторлар

Г. функциялар мен операциялар

Д. процедуралар мен контейнерлер

23. HTML-құжаттарды сақтайтын файлдардың типтері келесідей болады:

А..htm немесе.html

Б..doc немесе.rtf

В..gif немесе.jpg

Г..txt немесе.text

Д..xml немесе.exl

24. HTML тіліндегі тәгтер арқылы мынадай әрекеттерді орындауға болады:

А. Қалған төрт жауап дұрыс

Б. Құжат тақырыбын ерекшелеуге, гиперсілтемелер жасауға болады

В. Символдардың түсін, мөлшерін және сызылымын өзгертуге болады

Г. Фреймдер, формалар құруға болады

Д. Құжат ішіне суреттер орналастырылады

25. <BODY>тәгінің ALINK атрибутының атқаратын қызметі:

А. Курсор көрсетіп тұрған гиперсілтеме сөз түсін береді

Б. Мәтін түсін анықтайды

В. Әлі қаралмаған гиерсілтеме сөз түсін береді

Г. Алдында қаралған гиперсілтеме сөз түсін береді

Д. Фон түсін анықтайды

26. <BODY>тәгінің TEXT атрибутының атқаратын қызметі:

А. Құжат мәтінінің жалпы түсін анықтайды

Б. Курсор көрсететін гиперсілтеме сөз түсін береді

В. Әлі қаралмаған гиерсілтеме сөз түсін береді

Г. Алдында қаралған гиперсілтеме сөз түсін береді

Д. Құжаттың фон түсін анықтайды

27. <Frameset>тәгінің қандай атрибуты терезені горизонталь – көлденең бағыт бойынша (жолдарға) бөледі?

А. ROWS

Б. COLS

В. WIDTH

Г. HEIGHT

Д. LOOP

28. <FRAME> тәгінде SRC атрибутының атқаратын қызметі:

А. Фреймде шығарылатын құжаттың URL-адресін анықтайды

Б. Суреттің URL- адресін көрсетеді

В. Текст түсін өзгертеді

Г. Терезені горизонталь бағыт бойынша бөледі

Д. Терезені тігінен бөледі

29. <FRAME>тәгінің MARGINWIDTH атрибутының атқаратын қызметі:

А. Фреймнің оң және сол жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды

Б. Фрейм өлшемін береді

В. Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді

Г. Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайды

Д. Фрейм бойынша жылжыту жолақтары бар не жоқ болуын көрсетеді

30. Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсететін атрибут:

А. NORESIZE

Б. MARGINHEIGHT

В. MARGINWIDTH

Г. SCROLLING

Д. BORDERCOLOR

31. Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайтын атрибут:

А. MARGINHEIGHT

Б. MARGINWIDTH

В. SCROLLING

Г. NORESIZE

Д. BORDERCOLOR

32. Фреймдерді пайдалану кезіндегі <A TARGET=frame1> деген сілтеме нені білдіреді?

А. Осындай аты бар фреймге гипермәтіндік сілтеме жасау

Б. Фреймге frame1 деген ат берілді

В. Берілген фреймді frame1 фреймімен ауыстыру

Г. Frame1 фреймін жою

Д. Frame1 фрейміне жасаған сілтеменің түсін өзгерту

33. HTML. Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…> TARGET атрибутының _blank тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

А. Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді

Б. Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

В. Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

Г. Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

Д. Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді

34. Фреймдерге сілтеме сілтеме жасайтын <A TARGET=…>TARGET атрибутының _self тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

А. Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

Б. Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

В. Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

Г. Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді

Д. Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді

35. Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…>тәгінің TARGET атрибутының _parent тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

А. Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

Б. Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

В. Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

Г. Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді; егер ол анықталмаса, онда ол негізге фреймге әсер етеді

Д. Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді

36. <FORM> тәгінің METHOD атрибутының атқаратын қызметі қандай?

А. Форманы өңдейтін программаға қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді

Б. Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL анықтайды

В. Бірнеше жолдан тұрған мәтіндік ақпарат енгізуге мүмкіндік береді

Г. Ақпарат атын анықтайды

Д. Таңдай операциялары үшін терезе биіктігін анықтайды

37. HTML формаларын құрудағы <TEXTAREA> тәгінің атқаратын қызметі қандай?

А. Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды

Б. Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды.

В. Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және мәліметтерді жөнелту сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді

Г. Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді

Д. Кез келген тұтынушы бірнеше жалаушадан тұратын форма жасағанда, соның алғашқысын таңдау мүмкіндігін береді

38. HTML формаларын құрудағы <FORM>тәгінің ACTION атрибутының атқаратын қызметі қандай?

А. Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі

Б. Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушалар қою және мәліметтерді жөнелту сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді

В. Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды

Г. Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді

Д. Кез келген тұтынушы бірнеше жалаушадан тұратын форма жасап, соның бірін таңдау мүмкіндігін береді

39. HTML формаларын құрудағы <INPUT>тәгінің атқаратын қызметі қандай?

А. Мәлімет енгізудің кейбір түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушалар қою (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау және мәліметтер жөнелту сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді

Б. Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі

В. Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды

Г. Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді

Д. Кез келген тұтынушы бірнеше жалаушадан тұратын форма жасағанда, соның алғашқысына мәлімет енгізу мүмкіндігін береді

40. HTML тілі – қандай тіл

А. гипермәтінді белгілеу тілі

Б. тек дайын браузерлермен ғана жұмыс істеу тілі

В. сілтеме жасау тілі

Г. программа құрастыру тілі

Д. ақпаратты қорғау тілі

41. “Сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын атрибут...

А. LOOP

Б. SCROLLAMOUNT

В. SCROLLDELAY

Г. WІDTH

Д. SCROL

42. Сырғымалы жолдардағы жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын атрибут...

А. SCROLLAMOUNT

Б. LOOP

В. SCROLLDELAY

Г. WІDTH

Д. SCROLL

43. Сырғымалы жолдың екі қадамы арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін атрибут...

А. SCROLLDELAY

Б. SCROLLAMOUNT

В. LOOP

Г. WІDTH

Д. SCROLL

44. HTML тіліндегі “сырғымалы жолдың” енін анықтайтын атрибут, оның мәнін пиксельмен (бүтін сан) де, пайызбен де (%) көрсетуге болады:

А. WІDTH

Б. SCROLLAMOUNT

В. LOOP

Г. SCROLLDELAY

Д. SCROLL

45. Сырғымалы жолдың жылжу бағытын көрсететін атрибут...

А. DIRECTION

Б. SCROLLAMOUNT

В. LOOP

Г. SCROLLDELAY

Д. SCROLL

46. GIF және JPEG сөздері нені көрсетеді?

А. графикалық форматтар типтерін көрсетеді

Б. мәтін типтерін көрсетеді

В. хабарлама түрін көрсетеді

Г. жіберілген қателіктерді көрсетеді

Д. суреттік файлдар көлемін көрсетеді

47. <OL TYPE=I...</OL>тізбегі элементтерді қалай нөмірлейді?

А. үлкен рим цифрларымен

Б. араб цифрларымен

В. кіші рим цифрларымен

Г. латынның бас әріптерімен

Д. латынның кіші әріптерімен

48. <OL... > тізбегі элементтерді 15-тен бастап нөмірлеу үшін нүктелер орнына қандай атрибут беріледі?

А. START=15

Б. BEGIN=15

В. HEAD=15

Г. TITLE=15

Д. STARTAMOUNT=15

49. HTML тілінде мынадай сан #FFFFFF қандай түсті білдіреді?

А. ақ

Б. сары

В. жасыл

Г. ақшыл

Д. көгілдір

50. HTML тілінде мынадай сан #00FF00 қандай түсті білдіреді?

А. жасыл

Б. сары

В. қара

Г. көгілдір

Д. ақ

51. HTML тілінде мынадай сан #0000FF қандай түсті білдіреді?

А. көк

Б. сары

В. қара

Г. қызыл

Д. ақ

52. HTML тілінде мынадай сан #000000 қандай түсті білдіреді?

А. қара

Б. жасыл

В. сары

Г. көгілдір

Д. ақ

53. Браузер дегеніміз не?

А. Гипермәтінді экранға шығарып бейнелейтін арнайы көрсету программалары

Б. Тәгтер жиынтығы

В. Қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код орналасқан мәтін

Г. Құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл

Д. HTML тілінде жазылған арнаулы файлдар

54. Гипермәтіндерді түрлендіре алатын арнайы программалау тілінде жазылған программалық кодтар былай аталады:

А. скриптер

Б. жазбалар

В. тәгтер

Г. айнымалылар

Д. функциялар

55. CSS-те жеке бір тәг үшін берілген стильді қай атрибут арқылы жазамыз?

А. STYLE

Б. CSS

В. SHEETS

Г. LINK

Д. CASCAD

56. Стильдерді (CSS) беру тәсілдерін араластыра пайдаланғанда қайсысы басым болады?

А. Жеке тәг үшін жазылған стиль

Б. Жеке HTML-файлға арналған стиль

В. Басқа CSS файлында анықталған стиль

Г. Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль

Д. Бірнеше тәгтерге арналған стиль

57. Символдар мөлшерін беретін 1 пункт неше миллиметрге тең?

А. 0,375

Б. 1/12

В. 12

Г. 1/72

Д. 2,54

58. CSS-те sans-serif қандай қаріп түрін көрсетеді?

А. жұмыр қаріп түрін (шрифт без засечек – рубленый)

Б. шығыңқы қаріп түрі (шрифт с засечками – серифный)

В. символдарының ені бірдей қаріп түрі (моноширинный шрифт)

Г. альбомдық қаріп түрі (альбомный шрифт)

Д. кітаптық қаріп түрі (книжный шрифт)

59. CSS-те serif қандай қаріп түрін көрсетеді?

А. шығыңқы қаріп түрі (шрифт с засечками – серифный)

Б. жұмыр қаріп түрін (шрифт без засечек – рубленый)

В. символдарының ені бірдей қаріп түрі (моноширинный шрифт)

Г. альбомдық қаріп түрі (альбомный шрифт)

Д. кітаптық қаріп түрі (книжный шрифт)

60. CSS-те стильдердің font-family сипаттамасы арқылы:

А. қаріп типін өзгертеміз

Б. қаріп түсін өзгертеміз

В. фонның түсін өзгертеміз

Г. сілтеме жасай аламыз

Д. тізімдер құрамыз

61. CSS-те text-align: right; тіркесі нені білдіреді?

А. мәтінді оң жақ шетке туралайды

Б. мәтінді кез келген орынға қояды

В. мәтінді екі шетке қарай туралайды

Г. мәтінді сол жақ шетке туралайды

Д. ешнәрсе жасамайды

62. CSS-те font-family: &quotArial Cyr&quot,Geneva, sans-serif; тіркесі қандай әрекет орындауды талап етеді немесе қай қаріп түрін пайдалануды көрсетеді?

А. Мәтін бірінші кезекте Arial Cyr қарпімен берілуі тиіс, егер ол компью­терде болмаса, сәйкесінше Geneva, sans-serif қаріп түрлерін қолдану керек.

Б. Алғашқы абзац Arial Cyr қарпімен, келесісі – Geneva, ал соңғысы – sans-serif қарпімен берілуі тиіс.

В. Тарау тақырыптары Arial Cyr қарпімен, параграф тақырыптары – Geneva қарпімен, ал негізгі мәтін sans-serif қарпімен берілуі тиіс.

Г. Программа көрсетілген қаріп түрлерінің кез келгенін пайдалана алады.

Д. Қаріп түрінің тек біреуі көрсетілуі тиіс болатын.

63. CSS-те стильдік нұсқауларда пайдаланылатын өлшем бірліктерінің берілу ретіне қарай дұрыс жазылуын көрсету керек:

Пика, Пункт, Пиксель, Миллиметр, Сантиметр, Дюйм:

А. рс, pt, рх, mm, cm, in

Б. pic, pt, рiх, mm, cm, duim

В. pa, pn, pc, mm, sm, dm

Г. рk, pu, рх, mm, sm, “

Д. pica, punkt, mm, cm, dum

64. CSS-те 1 типографиялық пункт қанша дюймге тең?

А. 1/72

Б. 1/12

В. 1/7

Г. 1/24

Д. 1/2

65. CSS-те жұмыр қаріптер (рубленый шрифт) көбінесе нені жазу үшін пайдаланылады?

А. тақырыптарды

Б. майда ескертпелерді

В. индекстер мен дәрежелерді

Г. негізгі мәтінді

Д. программалар мәтіндерін

66. CSS-те шығыңқы қаріптер (шрифт с засечками) көбінесе нені жазу үшін пайдаланылады?

А. негізгі мәтінді

Б. майда ескертпелерді

В. индекстер мен дәрежелерді

Г. программалар мәтіндерін

Д. тақырыптарды

67. CSS-те ендері бірдей қаріптер (моноширинный шрифт) көбінесе нені жазу үшін пайдаланылады?

А. программалар мәтіндерін

Б. майда ескертпелерді

В. индекстер мен дәрежелерді

Г. негізгі мәтінді

Д. тақырыптарды

68. CSS-те стильдердегі вorder-style сипаттамасы нені анықтайды:

А. элементті қоршаған жақтау сызықтардың стилін

Б. элементтің өзара орналасу стилін

В. құжат ішіндегі барлық сызықтар стилін

Г. құжат ішіндегі барлық мәтін стилін

Д. құжат ішіндегі барлық тақырыптар стилін

69. CSS-те стильдердегі вorder-width сипаттамасы нені анықтайды:

А. жақтау сызықтарының қалыңдығын

Б. элементті қоршап тұратын түзу сызықтар типін

В. жақтау сызықтарының енін

Г. жақтау сызықтарының биіктігін

Д. жолдағы мәтіндер енін

70. CSS-те стильдердегі margin сипаттамасы нені анықтайды:

А. элементтердегі блок шеттерінде бос қалатын өріс енін

Б. элементтер алдында қалатын бос өріс енін

В. элементтер артында қалатын бос өріс енін

Г. элементтердің астыңғы жағындағы бос өріс енін

Д. элементтердің үстіңгі жақтағы бос өріс енін

71. CSS-те гарнитура дегеніміз:

А. Бір қаріп символдарының сызылымдары жиыны

Б. Кестені жақтау сызығының түсін өзгертуге мүмкіндік беретін атрибут

В. CCS файлдарын сақтайтын арнайы бума

Г. Мультимедиалық файлдарды оқуға мүмкіндік беретін программа

Д. Кестелерді құруға мүмкіндік беретін атрибут

72. CSS-тегі қаріп стильдері:

А. Font-family, font-size

Б. Size, color

В. Courier, background

Г. Font-size, color

Д. Font-size, background

73. CSS-тегі түс стильдері:

А. Color, background-color

Б. Font-family, font-size

В. Size, color

Г. Font-size, color

Д. Font-size, background

74. CSS-тегі мәтін стильдері:

А. Letter-spacing, line-height, text-align

Б. Font-family, font-size

В. Size, color, line-height

Г. Color, background-color

Д. Font-size, color

75. CSS-тегі жақтаулар мен өрістер стильдері:

А. Border-style, border-color, border-width, margin, padding

Б. Font-family, font-size

В. Size, border-style, color

Г. Font-size, color, border-width, margin, padding

Д. Font-size, background

76. CSS-те Font-size стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Қаріптің абсолюттік немесе салыстырмалы мөлшерін береді

Б. Қаріп түрін өзгертуге мүмкіндік береді

В. Фонның түсін өзгертуге мүмкіндік береді

Г. Сілтеме жасауға мүмкіндік береді

Д. Тізімдерді құруға мүмкіндік береді

77. CSS-те әріптер арасындағы қашықтықты анықтау үшін қандай стиль қолданылады?

А. Letter-spacing

Б. Font-family

В. Background

Г. Line-height

Д. Border-style

78. CSS-те жолдар аралығын (интервалын) тағайындау үшін қандай стиль қолданылады?

А. Line-height

Б. Font-family

В. Background

Г. Letter-spacing

Д. Border-style

79. CSS-те мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсететін стиль:

А. Text-align

Б. Background

В. Letter-spacing

Г. Line-height

Д. Border-style

80. CSS-те элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың типін анықтайтын стиль:

А. Border-style

Б. Font-family

В. Background

Г. Letter-spacing

Д. Line-height

81. CSS-те Letter-spacing стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Әріптер арасындағы аралықты анықтау

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

Г. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Д. Қаріп түрін өзгерту

82. CSS-те Border-style стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

Г. Әріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау

Д. Қаріп түрін өзгерту

83. CSS-те line-height стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Жолдар аралығын (интервал) тағайындау

Б. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

В. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Г. Әріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау

Д. Қаріп түрін өзгерту

84. CSS-те Text-align стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Г. Әріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау

Д. Қаріп түрін өзгерту

85. CSS-те Border-style: none тіркесі нені білдіреді?

А. Элементті қоршаған жақтау сызығы жоқ

Б. Элементті қоршаған жақтау сызығының түсі қара

В. Элементті қоршаған жақтау сызығының қалыңдығы жуан

Г. Элементті жақтау сызығының қалыңдығы орташа

Д. Элементті жақтау сызығының қалыңдығы жіңішке

86. CSS-те Border-style: solid; тіркесі нені білдіреді:

А. Элементті жақтау сызығының кәдімгі түрі (обычная)

Б. Элементті жақтау сызығының түсі қара

В. Элементті жақтау сызығының қалыңдығы жуан

Г. Элементті жақтау сызығының қалыңдығы орташа

Д. Элементті жақтау сызығының қалыңдығы жіңішке

87. CSS. Жақтау сызығының қалыңдығын беретін стиль:

А. Border-width

Б. Font-family

В. Background

Г. Line-height

Д. Border-style

88. CSS-те Border-width стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

Г. Жақтау сызығының қалындығын өзгерту

Д. Қаріп түрін өзгерту

89. CSS-те Border-width: thick; жазуы нені білдіреді:

А. Элементті жақтау сызығының қалындығы жуан

Б. Элементті жақтау сызығының түсі қара

В. Элементті жақтау сызығының жалпы түрі (обычная)

Г. Элементті жақтау сызығының қалындығы орташа

Д. Элементті жақтау сызығының қалындығы жіңішке

90. CSS-те margin стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Элементтегі блок шеттерінде бос қалатын өріс енін анықтау

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетету

Г. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Д. Әріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау

91. CSS-те padding стилі бізге қандай мүмкіндік береді?

А. Элемент пен жақтау арасындағы қашықтықты анықтау

Б. Жолдар аралығын тағайындау

В. Элементті қоршап тұрған жақтау сызықтардың түрін анықтау

Г. Әріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау

Д. Қаріп түрін өзгерту

92. CSS-те<DIV> тәгі құжаттың жеке бөліктерін ерекшелеп,...

А. оларды жаңа жолға көшіреді

Б. олар бұрынғы жолда қала береді

В. оларды бояуға мүмкіндік береді

Г. олардың өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді

Д. оларды сырғымалы жолдар түрінде қолдануға мүмкіндіктер береді

93. CSS-те <SPAN> тәгтері құжаттың жеке бөліктерін ерекшелеп,...

А. Олар бұрынғы жолда қала береді

Б. Оларды жаңа жолға көшіреді

В. Оларды бояуға мүмкіндік береді

Г. Олардың өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді

Д. Оларды сығырмалы жолдар түрінде қолдануға мүмкіндіктер береді

94.?CSS.Экрандағы элементтің қай деңгейде орналасуы керек екендігін анықтайтын стильдік қасиет:

А. Z-index

Б. Font-family

В. Background

Г. Line-height

Д. Border -style

95. CSS-те салыстырмалы түрде орналастыру дегеніміз:

А. Координата басы ретінде элементтің позицияланбаған кездегі орналасатын нүктесі қабылданады

Б. Элементтің бастапқы координатасы тікелей сыртқы элемент аймағының жоғарғы сол жақ бұрышы болады.

В. Элемент мәтіннің не басқа элементтің үстіне орналасады

Г. Элемент фон ретінде қолданылады

Д. Элементке сілтеме жасалынады

96. CSS-те салыстырмалы орналастыру нұсқауы:

А. Position: relative

Б. Position: absolute

В. Position {abs}

Г. Position {rel}

Д. Position [absolute]

97. CSS-те абсолютті орналастыру нұсқауы:

А. Position: absolute

Б. Position: relative

В. Position {abs}

Г. Position {rel}

Д. Position [absolute]

98. CSS-те Absolute [relative] жазуы нені білдіреді?

А. Абсолюттік орналастыру ішіндегі салыстырмалы орналастыру

Б. Салыстырмалы орналастыру ішіндегі абсолютті орналастыру

В. Абсолюттік орналастыру ішіндегі абсолют орналастыру

Г. Салыстырмалы орналасу ішіндегі салыстырмалы орналастыру

Д. Осылай жазуға болмайды

99. CSS-те Absolute [аbsolute] жазуы нені білдіреді?

А. Абсолюттік орналастыру ішіндегі абсолют орналастыру

Б. Абсолюттік орналастыру ішіндегі салыстырмалы орналастыру

В. Салыстырмалы орналастыру ішіндегі абсолютті орналасытру

Г. Салыстырмалы орналасу ішіндегі салыстырмалы орналастыру

Д. Бұлай жазуға болмайды

100. CSS-те Relative [relative] жазуы нені білдіреді?

А. Салыстырмалы орналасу ішіндегі салыстырмалы орналастыру

Б. Абсолюттік орналастыру ішіндегі салыстырмалы орналастыру

В. Салыстырмалы орналастыру ішіндегі абсолютті орналасытру

Г. Абсолюттік орналастыру ішіндегі абсолют орналастыру

Д. Бұлай жазуға болмайды

101. CSS-те Relative [absolute] жазуы нені білдіреді?

А. Абсолюттік орналастыру ішіндегі абсолют орналастыру

Б. Абсолюттік орналастыру ішіндегі салыстырмалы орналастыру

В. Салыстырмалы орналастыру ішіндегі абсолютті орналасытру

Г. Салыстырмалы орналасу ішіндегі салыстырмалы орналастыру

Д. Бұлай жазуға болмайды

102. JavaScript. <script>…</script>тәгтері не үшін қажет:

А. Скриптер енгізу үшін

Б. Коментарий енгізу үшін

В. Формалар жасау үшін

Г. Сығырмалы жолдарды жасау үшін

Д. HTML-да осындай скриптер қолданылмайды

103. JavaScript тілінде alert(‘It\’s Ok!’); жолы қандай нәтиже береді?

А. It’s Ok

Б. It is OK

В. ‘It’s OK’

Г. “It’s OK”

Д. i\s OK

104. JavaScript тілінде шығарылатын жазбаны жаңа жолға көшіру үшін мынадай таңбалар қолданылады:

А. \n

Б. \’

В. n.

Г. &quot+&quot

Д. &quot*&quot

113. JavaScript тілінде айнымалыларды сипаттау үшін қандай түйінді сөз қолданылады?

А. var

Б. alert

В. prompt

Г. concat

Д. slice

105. JavaScript. Төмендегі программалық кодтың нәтижесі қандай?

<script language=&quotJavaScript&quot&gt

<!--

var x =&quot60&quot;

var y=20;

alert(x+y);

//--&gt

</script>

А. &quot60&quot+20

Б. 6020

В. 60

Г. 20

Д. 80

106. JavaScript тілінде х % 3 деген жазу нені білдіреді?

А. х-ті 3-ке бөлгендегі қалдықты табу

Б. х-тің 3 пайызын табу

В. х-ті 3-ке бөлу

Г. х-тің өсу қадамы 3-ке тең

Д. х-тің кему қадамы 3-ке тең

107. Java Script тілінде коментарий енгізу үшін қандай символдар қолданылады?

А. /* … */

Б. // … //

В. (* *)

Г. {... }

Д. [... ]

108. JavaScript тілінде var x=2; var y= x + +; тіркесі берілген.

Осылардың нәтижесінде х және у мәндері нешеге тең болады?

А. y = 2, x = 3

Б. y = 3, x = 3

В. y = 2, x = 2

Г. y = 1, x = 2

Д. y = 3, x = 2

109. JavaScript.Төмендегілердің нәтижесінде х және у мәндері нешеге тең болады?

var x=2;

var y= + + x;

А. y = 3, x = 3

Б. y = 2, x = 2

В. y = 2, x = 3

Г. y = 1, x = 2

Д. y = 3, x = 2

110. Төмендегілердің нәтижесінде х және у мәндері нешеге тең болады?

var x=2;

var y= x - -;

А. y = 2, x = 1

Б. y = 3, x = 3

В. y = 2, x = 2

Г. y = 1, x = 2

Д. y = 3, x = 2

111. JavaScript.Төмендегілердің нәтижесінде х және у мәндері нешеге тең болады?

var x=2;

var y= - -x;

А. y = 1, x = 1

Б. y = 3, x = 3

В. y = 2, x = 2

Г. y = 2, x = 3

Д. y = 3, x = 2

112. JavaScript. Мына жазу нені білдіреді: х + = 11;

х-тің өсу қадамы 11-ге тең;

А. х = x + 11;

Б. х = x + 1;

В. х = x + 1 + 2 + 3 +…+11;

Г. x = 11 + 10 + 9 +…+x;

113. JavaScript. Мынадай фрагмент берілген:

var x=1;

var y;

y = (x + = 2) +1;

Сонда х пен у айнымалылардың мәндері неге тең?

А. x = 3, y = 4

Б. x = 2, y = 3

В. x = 3, y = 3

Г. x = 4, y = 4

Д. x = 4, y = 3

114. JavaScript тілінде программаға мәлімет енгізетін функция:

А. prompt()

Б. alert()

В. concat()

Г. slice()

Д. var()

115. JavaScript тілінде prompt() функциясының неше аргументі бар?

А. 2

Б. 1

В. 3

Г. 4

Д. 5

116. Төменде көрсетілген таңбалардың қайсысы JavaScript тілінде логикалық ЖӘНЕ операциясын белгілейді?

А. &&

Б. ||

В.??

Г. //

Д.!

117. Төменде көрсетілген таңбалардың қайсысы JavaScript тілінде логикалық НЕМЕСЕ операциясын белгілейді?

А. ||

Б.??

В. //

Г. &&

Д.!

118. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы JavaScript тілінде логикалық ТЕРІСТЕУ операциясын белгілейді?

А.!

Б. ||

В.??

Г. //

Д. &&

JavaScript тілінде жүйелі жақшаға {} алынған командалар тізбегі қалай аталады?

А. блок

Б. тізбег

В. функция

Г. тәсіл

Д. шарт

119. JavaScript тілінде экранға екі батырмасы (ОК және ОТМЕНА) бар терезе шығаратын функция:

А. confirm()

Б. alert()

В. prompt()

Г. slice()

Д. var()

120. JavaScript тілінде сonfirm() функциясы не үшін қолданылады?

А. ОК және ОТМЕНА батырмалары бар терезе шығарылады

Б. Бір ғана ОК батырмасы бар терезе шығарады

В. Ол ақпаратты енгізу үшін қолданылатын функция

Г. Көлемді мәтінді экранға шығаратын функция

Д. Айнымалыларды сипаттау үшін қолданылады

121. JavaScript тіліндегі prompt() функциясы қандай қызмет атқарады?

А. Ол ақпаратты енгізу үшін қолданылатын функция

Б. Бір ғана ОК батырмасы бар терезе шығарады

В. ОК және ОТМЕНА батырмалары бар терезе шығарылады

Г. Көлемді мәтінді экранға шығаратын функция

Д. Айнымалыларды сипаттау &#


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: