Айнымалылар типтері

PHP 8 қарапайым айнымалылар типін қабылдайды.

төрт скалярлы типі:

integer – бүтін (мысалы 1000),

boolean – логикалық (true, false; 1, 0),

float - қалқымалы нүтелі сан (3,14)

string - тіркестік ("Крокодил"),

Екі құрамдас типі:

Array - жиым

Object – объектілі айнымалы,

Екі арнайы типі:

Resource - ресурс

NULL.

Әдетте программист типін орнатпайды;

РНР –де айнымалының пайдаланатын контекстіне байланысты орындалу сатысында типі анықталады. Айнымалыны өзіңіздің программаңызда қолдану үшін оған қандай да бір мән беріп меншіктеу керек, сондай – ақ PHP айнымалының алдын ала хабарлауын қажет етпейді, яғни әр бір айнымалы қандай да бір мәнге меншіктелген сәттен бастап ешқанжай қатесіз программада пайда болады.

Мәнге меншіктелуі келесі түрде болады:

$variable=“мағына";

Немесе

$variable=“мән";

Немесе

$variable=$var;

Комментарийлер түрлері

PHP 'C', 'C++' комментарийлерін және Unix мүмкіндіктерін қабылдайды. PHP комментарийлердің үш түрі бар: біреуі көп жолдық және екіншісі бір жолдық комментарийлер.

<?php

echo "Бұл мәтін"; // С++-тегідей комментарий?>

- хэш символымен жазылатын комментарий (# – тор перне), бұндай комментарийлерді біртіндеп циклдер мен массивтердің ішіне пайдалануға болады.

Көпжолдық – слэш және жұлдызшаның қатарласып келуімен басталып (/*), олардың кері реттілікте орналасуымен (*/) аяқталады.

/* Бұл көпжолдық комментарий Си тіліндегідей,

Бұл оның тағы бір жолы */

// бұл комментарий жол соңына жазылады

Көпжолдық комментарийлерді жиі пайдалануға ұсыныс берілмейді, өйткені ол кейбір жағдайларда программаға қате беруі мүмкін.Енді біз PHP тілінде алғашқы программаны жазып көсетін болсақ,баузерге "Салем әлем!" деген мәтінді шығаратын программа құрайық. Келесі кодты example1.php файлына жазып қоямыз:

<?php
print "Сәлем әлем!";
?>

Дәл осы программаны қысқаша түрдегі тәгтерді пайдалана отырып былай жазуға да болады:

<?="Сәлем әлем!";?>


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: