Біліктілік емтихандары

1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары орта (техникалық және

кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық

қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткізіледі.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары:

1) медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкестігін айқындау және оларға тиісті

маман сертификатын беріп, клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу үшін - міндетті

біліктілік емтихандары;

2) тиісті біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіптік деңгейін айқындау үшін - ерікті

біліктілік емтихандары болып бөлінеді.

3. Тиісті маман сертификаты болмаған, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда,

жеке тұлғаға клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.

4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізудің тәртібі

мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім мен біліктілік

санаттарын алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілік

емтихандарына жіберудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ

«Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу

құқығын беретін немесе кәсiптік медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың

шетелде алған бiлiктiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында

қолданылатын санат берілмей-ақ маман сертификатына теңестіріледі.

Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектер мынадай

мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды: "Дәрігердің құрметті атағын ала

отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға бар

болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант

етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің

мүдделерін ғана басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне,

әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей ынта-жігермен

және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны

ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы

жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас

тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін.

Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені дәрігерлік өнерге баулыған

адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.".

30-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: