Берілмейді

6. Адамның әкелуге және әкетуге арналған тiндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының

бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау және тасымалдау тәртiбiн

уәкiлеттi орган айқындайды.

Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін,

жасушаларының, тіндерінің, биологиялық

сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу,

әкету үшін негіздер

Ескерту. 172-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:

1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған

кезде;

3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына

медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi

жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;

4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;

6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін

(келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге

асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан

препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген

кезде жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның

компоненттерін әкелу және әкету айырбастау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай айырбастау

қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана жүзеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: