Болып табылады

3. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары медициналық білім

беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган

Бекітеді.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі

және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім

туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық

ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз болып табылады.

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім резидентураны,

магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

6. Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын

медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының

біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті орган, сондай-ақ

денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары саланың қажеттіліктерін ескере

отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: