Асырылады

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5)

тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін

елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы

елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға

сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының

өтiнiшi бойынша бередi.

5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер

жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның

ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың,

сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу

және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру

құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.

Ескерту. 173-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және

(немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн

әкелудiң, әкетудiң тәртiбi

1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген

денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін,

қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына

әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі Қазақстан Республикасы

ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттарда және

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия

негізінде жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған

лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның

ағзаларын әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді бір

жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Ескерту. 174-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

29-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика

кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы

білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру

саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары

оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және

фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және

фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың - медициналық білім

беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелерінің, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарт

бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар жасайтын денсаулық

сақтау ұйымдарының болуы медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: