Бекітемін

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор

Л.Қ.Еркінбаева__________

«_____» _________ 2015 ж.

Педагогика пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу»

Оқыту формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарына аға оқытушы Р.М.Рысбекова құрастырған

(оқытушының қолы)

Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ пс.ғ.к. Абишева Э.Д.

Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Әдістемелік бюроның төрайымы__________ К.Н. Ахмедиева

Педагогика және психология факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу-жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-27
27.05.2015.

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор

Еркінбаева Л.Қ. __________

«_____» __________2015 ж.

Педагогика пәнінің

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

3 кредит (135 сағат)

Мамандықтар: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу»

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-жұмыс бағдарламасын 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарына п.ғ.к., аға оқытушы Р.М.Рысбекова құрастырған.

___________________________

(оқытушының қолы)

Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ пс.ғ.к. Абишева Э.Д.

Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Әдістемелік бюроның төрайымы__________ К.Н. Ахмедиева

Түсінік хат

Курстың объектісі – 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білім мазмұны.

Курстың пәні – 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес педагогикалық білімнің нақты міндеттері және мазмұны болып табылады.

Курсты оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын, кәсіби –педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

- болашақ мұғалімдерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері мен білімді меңгіру мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті біліктерді игеруге көмектесу;

- тәрбие мен оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес студенттің тиімді шешім қабылдау қабілетін дамыту;

- студенттерді жаңа педагогикалық технологиялармен таныстыру.

Курс соңында студент білуге тиіс:

-педагогиканың әдіснамалық негіздерін;

-оқыту мен тәрбие процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылақтарын, тұжырымдамаларын және принциптерін;

-педагогиканың негізгі ұғымдарын және түсініктерін;

-тәрбие мен оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерінмазмұнын, формалары мен әдістерін;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;

-курс бойынша алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдануды;

-мектептегі педагогикалық процесті жобалау мен жүзеге асыруды;

- мектеп жасындағы оқушыларды тәрбмелеу мен оқыту мақсатын, міндеттерін анықтауды;

- мектеп жасындағы оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.

Игеруге тиіс:

- ғылыми-зерттеу мәдениетін.

Іске асыра алатыны:

- ертедегі ғалымдардың педагогикалық пікірлерін қазіргі жағдайда пайдалану.

- өзін -өзі тәрбиелеумен, өз білімін жетілдірумен шұғылдану.

- оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.

-“адам-адам” жүйесінде қарым-қатынас орнату.

- педагогикада алған ілімдік білімді тәжірибеде қолдану.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1-тақырып. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық – әдіснамалық негіздері

Педагогика тарихы ғылым ретінде.Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану ғылымдарының контексінде, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденцияларв (бағыттары).

2-тақырып. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеті.

3-тақырып. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Таяу жіне Қиыр Шығыс (IV-III мың. б.э.д)ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп. Месопотамия – адамзат мәдениетінің негізін салушы. Адамзат тарихындағы шумерлер.

Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. Израил-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Иран, Сирия мен Палестинадағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Қытайда педагогикалық ойлардың туындауы. Конфуцийдің педагогикалық ілімі.

Көшпенді өркениетінің ежелгі кезеңдегі тәрбие мен оқыту (ІІІ мың б.э.д. Көшпелі тайпаларды Қара теңізден Алтай тауларына дейінгі үлкен кеңістікке орналастыру есебінен этникалық атлас пен Евразияның мемлекеттік үлгісін өзгерту ерекшеліктері.

көзқарастары.

Антикалық әлемдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір (ІІІ-І ғ. б.э.д.). Ежелгі Грециядағы тәрбие мен педагогикалық ой-пікір. Спарта мен Афинадағы тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағарту (ІІІ-І ғ. б.э.д). Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі негізгі педагогикалық идеялар. Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлардың көрнекті өкілдері Цицерон (109-43 жж. б.э.д), Сенека (ок.4ж.-65ж.б.э.д), Квинтиллиан және т.б.

4-тақырып. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядағы педагогикалық ойлар: В.Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур және т.б. Кавказ және славян халықтарының ағартуға Византиялық ықпал ету.

Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі. Индиядағы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

5-тақырып. Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XV ғ.ғ)

Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің және педагогикалық ойдың дамуы. Ғалым-энциклопедистер еңбектеріндегі тұлғаны үйлесімді дамыту бағдарламасы: әл-Киндидің (801-873) жоғары интеллект тұжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн-Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, әл-Газали (1056-59) іліміндегі баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) педагогикалық тұжырымдамасы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары.

Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы Ренессанс

Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт Атаның (ІХ ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (ХІ ғ.) педагогикалық көзқарастарының жүйесі. Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» алғашқы филологиялық еңбегіндегі «Жеті Ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік-сопылық ілімінің негізі.

Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус және т.б. ойшылдар шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар.

Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы.

Алтын Ордадағы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңғысханның ағартушылық іс-әрекеті. Ойшылдар Сайф Сарай мен Ахмед Иугнекидің педагогикалық идеялары.

6-тақырып. Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер

Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар. Ирландия мен Британиядағы шіркеу мектептері. Ортағасырдың (ХІ-ХІІІ ғғ.) даму кезеңіндегі тәрбие мен білім беру. Схоластика-жаңа философиялық ілім. Ортағасырдың дамуындағы әр түрлі деңгейдегі оқу мекемелерінің өзіндік жүйесі. Еуропалық университеттердің білім беру жүйесі. Қайта өрлеу (XIV-XVI) дәуіріндегі педагогикалық ойлар.

XVII - XVIII ғғ. Еуропалық елдердегі ағартушылық. В.Раткенің педагогикалық идеялары. Я.А.Коменскийдің педагогикалық ілімі. XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлар. Англиядағы мектептік білім беру.ХІХ жүзжылдықтағы классикалық педагогика: И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б. шетелдегі білім берудің қазіргі тенденциялары.

7-тақырып. Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

Ежелгі Русьтегі мәдениет пен білім беру. Ежелгі славян халықтарының тәрбие мен білім беруі. Киевтік Русьтегі (Х-ХІІІ ғғ.) тәрбие мен оқыту. Орыс мемлекетіндегі білім беру. XVII ғасырдың соңында Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер. XVIII ғғ. Ресейдегі жетекші педагогтар – И.И.Бецкой, Ф.И.Янкович де Мириево, Н.И.Новиков, А.Н.Радишев т.б.

Тарихы кезеңдегі халықтық білім беру және оны қайтадан құру мәселелері. Білім беру мекемелері мен педагогикалық теориялар. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық іс-әрекеттері. К.Д.Ушинский-ғылыми педагогиканың негізін салушы.

8-тақырып. Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы

1917-1980 ж.ж. Кеңестік мектеп және педагогика. Мектептерді революциялық жолмен қайта құру. Ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің ұлттық саясаты. Кеңес педагогтарының іс-әрекеттері: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко және т.б.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945жж.) кеңестік мектеп. Әскери уақыт жағдайында мектеп оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Білім берудің жетекші тұжырымдамалары:

- В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың дамыта оқыту;

- Жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин)

Ғалымдар (П.РАтутов, Ю.К Бабанский, В.Е.Гмурман, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, В.В.Сухомлинский, М.НСкаткин, Г.И.Щукина және т.б.) ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.

1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.

Съездің бағдарламалық құжаттарындағы халықтық білім беру мәселелері (1981ж.). Жалпы орта білім берудің бірдеңгей мәселесі. Жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін мектептер реформасының негізгі бағыттары (1984ж.). Үздіксіз білім беру жүйесі (1986ж.). Жаңашыл-мұғалімдер – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, В.Н.Ильин және т.б.

9-тақырып. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі)

Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері. Педагогикалық мәдениет көздері. Алтын Орда дәуірінің күйреуі. Хазақ хандығы кезіндегі білім беру. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылығына ықпалы. Жазба және ауыз әдебиетінің дамуы. Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары. Жыраулардың ағартушылық қызметтері. Билер институты және оның жастардың прогрессивті тәрбиесіне ықпалы. Медресе мен діни мектептердің ағартушылық іс-әрекеттері.

10-тақырып. Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі

Қазақстанның Ресейгеқосылуы. Қазақ халқын ағарту саласындағы патша саясаты. 1768 ж. орыстан басқа халықтарға қатысты білім беру реформаларының жобасы. Әскер бай-шонжарлардың кадет корпусы (1741). Алғашқы ұлттық мектептер: Орынбордағы татар мектебі (1744), Омбыдағы азиат мектебі (1786), Омбыдағы әскери училище (1813). Мұсылман мектептері(1836), Орынбордағы Неплюев кадет корпусы (1844). Омбыдағы кадет корпусы (1847), Жәңгір хан мектебі (1841). «Мамания» мектебі (1889). Орыс-түземдік мектебі және аралас мектептер. Ы.Алтынсариннің педогогикалық көзқарастары мен іс-әрекеті. Ағартушы – демократтар Ш.Уалиханов, А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

Ахмет Байтурсыновтың прогрессивті көзқарастары мен қоғамдық іс-әрекеті. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектеріндегі ізгілікті педагогика идеялары. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті мен жалпыадамзаттық тәрбие идеялары. С.Көбеевтің отбасы тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары. Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие берутеориясы мен әдістемесі.

Білім мазмұны және мұғалім кадрлерін даярлау. Мектеп құрылысы мәселесі. Ә.И.Сембаев еңбектеріндегі кеңестік кезеңдегі Қазақстан педагогикасына сипаттама. Р.Г.Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері. Т.Тәжібаевтің балалардың еңбек және отбасы тәрбиесі мәселесіне психологиялық-педагогикалық көзқарастары. Қ.Бержановтың педагогикалық мұраларындағы республикада ұлттық мектепті дамыту және мұғалім кадрлерін даярлау мәселелері.

11-тақырып. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде.

Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Тәрбие – тұлғаны әлеуметтік мәдени модель үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық теория мен практиканың диалектикалық өзара әрекеттестігі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік.

12-тақырып. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі

Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға құрылымының көр күрделілігі, көрқырлылығы жіне барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) қалыптастырудың негізгі тұжырымдары. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие) олардың өзара байланысы. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде. Тұлға – тәрбиенің, өзіндік дамуының объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың жіне қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу-тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.

13-тақырып. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық негіздері. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу үдерісі.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулің мәні мен мазмұны. Ғылыми – педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы.

Мұғалімнің инновациялық зерттеушілік іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті мен біліктілігін дамытудың мазмұны, шарттары мен механизмдері.

14-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары

«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Үдерәс ғылыми категория ретінде. Жүйенің топтары: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-адам» және т.б. «Педагог – оқушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Оқушы-педагогикалық үдерістің субъектісі.

Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты.

Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің өозғаушы күші.

Оқу-тәрбие үдерісінің қағидалары- оның заңдылықтарының нақты көрінуі. Қағидалардың мәні, олрға сипаттама. Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен қағидаларды есепке алуының маңызы.

15-тақырып. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі.

Мақсат – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.

Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру

Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мендайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.

16-тақырып. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.

Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.

Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы – оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПҮ жобалау және т.б.

17-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тәрбие тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Тәрбие мазмұнының әлеуметтік-экономикалық негізделуі. Тәрбие мазмұнының көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көрмодельдік, экологиялық, денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынысты қалыптастыру және т.б. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.

Ұлттық тәрбиелік әлеует. Ұлттық мәдениетке ұлттық сана мен құндылық қатынасты қалыптастыру, этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті-ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыты.

ТПҮ тәрбие түрлерінің өзара байланысы. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі.

18-тақырып. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару және өзін-өзі басқару формалары; танымдық формалары; қызықтырушылық формалары және т.б. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.

Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Оң тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары. Педагогикалық шығармашылықты көрсету ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы. Тұлғаның тәрбиелігінің өлшемдері.

19-тақырып. Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі

Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы. Балалар ұжымы-әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Балалар ұжымдарының әртүрлі типтері, олардың ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабақтастығы. Ұжым – тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні. Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренконың рөлі.

Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері.

Педагогикалық үдерісті реттеудегі тәрбиелік механизмдер (тетіктер): әртүрлі ұжымдық іс-әрекетте педагогтар және оқушылардың өзара әрекеттестігі. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау. Тұлға және ұжым. Тұлға мен ұжымның қарым-қатынас моделі.

Ұжым және тұлғаның даралық дамуы. Дербестік, топтық, ұжымдық тапсырмалар. Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы. Өзін-өзі басқарудың сыныпта, мектепте тәрбие үдерісін ізгілендіру мен демократияландырудағы маңызы.

20-тақырып. Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекші жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сынып жетекшісінің қызметін анықтаудың қазіргі жаңа тұлғалары. Оқушыларды педагогикалық қолдауының жетекшісі іс-әрекетінің негізі. Сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау.

Сынып жетекшісінің қосымша білім беру ұйымдарымен, ата-анаға қамқорлық кеңестерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен іс-әрекетінің интеграциясы. Тәрбие үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету. АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологияны) тәрбиелік іс-әрекетті онтайландыру үшін пайдалану. Сынып жетекшісінің кәсіби құзіреттілігі.

21-тақырып. Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасы бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік – құқықтық негіздері. Отбасы тәрбиесінің ізгіліктік және этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.

Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы. Ата – ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардың білім беруді басқаруға қатысуы. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формалары.

Отбасын мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.

22-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту

Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары. Дидактика – жеке әдістеменің негізі. Оқыту – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың әдіснамалық негізі. Таным теориясы. Оқытудағы интерактивті тәсілдер. Оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру – білімділік, тәрбиелілік, дамушылық. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік – рефлекторлық, ақыл – ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. 12 – жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылардың танымдық іс – әрекетінің ерекшеліктері. Бағдарлы оқытудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі электронды (E – learning) оқыту жүйесі. Өздігінен білім алу – қазіргі кезеңде оқытудың маңызды шарты. Дидактикалық құзіретілік – мұғалімнің кәсіби – педагогикалық құзіреттілігінің құрылымдық компоненті.

23 – тақырып. Қазіргі мектептегі білім мазмұны

«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны – педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми – педагогикалық негіздері. Жалпыадамзаттық мідениет. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қағидалары. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұны – бәләм алушылардың интеллектуалды дамуының факторы Бағдарлы оқыту мазмұнының ерекшеліктері. 12 – жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау. Білім мазмұнын анықтайтын нормотивті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендер (ОӘҚ).

24 – тақырып. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары

Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік, олардың өзара байланысы. Мектеп тарихындағы оқытудың сыныптық – сабақ жүйесі. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары. Сабақта оқушылардың оқу іс – әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары.

Сабақ тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құрылымы. Сабақтың педагогикалық – психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері. Қазіргі мектептегі оқытудың инновациялық әдістері. Оқытудың интербелсенді әдістеріне сипаттама – «ойға шабуыл», рөлдік, іскерлік ойындар, тренинг, кейс әдісі, жоба әдісі және т.б. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін өнімді басқаруындағы әдістемелік және технологиялық құзіреттілігі.

25 – тақырып. Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.

Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың іс – әрекетінің нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.

Оқу іс – әрекет нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: ынталадыру, дамыту, білімдік, үйретүшілік, бақылаушылық, тәрбиелік. Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі. Бақылаудың теориялық негіздері және жұмысының нәтижелігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқужұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тестік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін – бірі бағалау, өзін – өзі бағалау, бағалау пікірі. Ұлттық біріңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру және бақылаудың соңғы кезеңі. 12 – жылдық мектепте білім алашылардың түйінді құзіреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту.

26 – тақырып. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс – әрекетін белсендендіру

Оқу, үйрену – оқушылардың танымдық іс – әрекеті. Белсенді танымдық іс – әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс – әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл – ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушыларды үйрету (оқыту) мотивтері. Оқушылардың белсенді танымдық іс – әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мативациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс – әрекеті. Мұғалімнің, оқушылардың белсенді танымдық іс – әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог – новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс – әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс – әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.

27– тақырып. Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс – әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

Білім берудегі инновация туралы түсінік. «Жаңарту, новация», «инновациялық үдеріс», «инновациялық іс – әрекет», «жаңашылдық» ұғымдарының мәні. Білім берудегі инновациялық үдерістің мәні, олардың жіктемесі. Педагогикалық инновацияның объектісі мен пәні. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны ендірудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдері.

Инновациялық мектептер. Педагогтың жаңашылдығының негізгі сипаты. Мұғалімнің жаңашылдық құзіреттілігі.

«Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық үлгілердің технологиялығының өлшемдері. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу. Педагогикалықтехнологиялардың түрлері. Тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы. Тұлғалық – бағдарлық білім беру технологиясы. Ұжымдық – танымдық іс – әрекет технологиясы. Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзіреттілігі.

28 – тақырып. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық – әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау.

«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарға анықтама. Мектептегі педагогикалық үдеріс – әкімшілік басқарудың объектісі. Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегііс – әрекеттері директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектілеріндегі директорының орынбасары менеджер.

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін артырудың негізі. Мектептегі әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми – зерттеу, инновациялық іс – әрекетке дайындау.

Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

29 – тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдегі қолданылуы жайлы ақпараттар. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік

Мектепшілік бақылаудың формалары және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс – әрекетін бағалау өлшемдері – педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс – әрекетінің көрсеткіштері мен өлшемдері. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару мониторингінің сапасы.

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып жұрналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. Мектептік құжаттарды жүргізүдің электрондық формасы.

30 – тақырып. ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері

Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары. Білім беруді басқарудың әртүрлі үлгілері: орталықтындырылған, орталықтындырылмаған, аралас.

Білім беруді мемлекеттік қоғамдық басқару (БМҚБ) – білім беру жүйесін басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық құрастырушылардың шығармашылық өзара әрекеттестігі, басқарудың ерекше типі.

Білім берудегі басқарудың мемлекеттік – қоғамдық қызметтері мен қағидалары. Қазақстанда білім беру басқарудың мемлекеттік – қоғамдық типін қалыптастыру. 2011 – 2020 жылдарға арналған ҚР – да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы БМҚБ.

ҚР – да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.

Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары

1 – тақырып. Тарихи педагогикалық зеттеулердің әдістері, әдіснамасы

2 – тақырып. Элинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар.

3 – тақырып. Кеңестік кезеңіндегі білім берудің жетекші концепциялары.

4 – тақырып. Қазақстандағы (XVIII – XIXғғ.) алғашқы ұлттық мектептер.

5 – тақырып. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым – педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері.

6 – тақырып. Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі.

7 – тақырып. Тұлғаның іс – әрекеті – оның өзін – өзі дамытуының негізі.
8 – тақырып. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс – әрекетінің объектісі.

9 – тақырып. Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі.

10 – тақырып. Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту.

11 – тақырып. Педагогиканың кңсіптік іс – әрекетіндегі мақсаттылық.

12 – тақырып. Қазіргі мектепте рухани – адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері.

13 – тақырып. Тұлғаның функционалды сауаттылығы.

14 – тақырып. Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзіреттілігі – оқытудың нәтижесі.

15 – тақырып. 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту.

СОӨЖ – ның үлгі тақырыптары

1 – тақырып. Вавилонның ежелгі жазбаларындағы тәрбиелік құндылықтар.

2 – тақырып. «Кестелер үйі» - Ежелгі Месопотамиядағы алғашқы оқу мекемелері.

3 – тақырып. Ежелгі Египеттегі мектеп және тәрбие. Израиль – Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие.

4 – тақырып. Сақ және ғұн тайпаларындағы отбасы тәрбиесінің негіздері.

5 – тақырып. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық.

6 – тақырып. Кавказ халықтарының сауаттылығын дамытуға Византиялықтардың ықпалы.

7 – тақырып. Ежепгі түрік энциклопедистер ілімдеріндегі жетілген тұлға.

8 – тақырып. Үндістандағы Акбар патшаның білім беру реформалары.

9 – тақырып. Шыңғысханның Ұлы «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі.

10 – тақырып. Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.А. Дистервег және т.б.

11- тақырып. Л.Н. Толстойдың педагогикалық іс – әрекеттері.

12 – тақырып. Кеңестік педагогтардың іс – әрекеті: Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, И.П. Блонский, А. С. Макаренко және т.б.

13 – тақырып. Жаңашыл мүғалімдердің педагогикалық іс – әрекеттері В.Ф. Шаталов, Ш.А. Аманашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Иванов, Т.И. Гончарова, Е.Н. Ильин және т.б.

14 – тақырып. Жәңгір хан (1841) мен «Мамания» (1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері.

15 – тақырып. Р.Г. Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері.

16 - тақырып. «Әлеуметтендіру», «дамыту», «тәрбиелеу», «оқыту», «қалыптастыру» ұғымдарының ара қатынасы.

17 – тақырып. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі.

18 – тақырып. Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі.

19 – тақырып. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі жәнемазмұны.

20– тақырып. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

21 – тақырып. Қазіргі оқушыларда денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру.

22– тақырып. Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы.

23– тақырып. Балалар ұжымы – тәрбиенің субъектісі және объектісі.

24– тақырып. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс – әрекеті.

25 – тақырып. Мұғалім жұмысындағы педагогикалық қолдау.

26 – тақырып. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі.

27 – тақырып. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру.

28– тақырып. Қосымша білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны.

29 – тақырып. Оқыту құралдарына сипаттама.

30 – тақырып. Оқытудың инновациялық формаларын қолдану – педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі.

31 – тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

32– тақырып. Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары.

33 – тақырып. Бақылаудың дидактикалық және тәрбиелік қызметі.

34– тақырып. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары.

35 – тақырып. Оқушылардың шығармашылық танымдық іс – әрекеті.

36 – тақырып. Оқушылардың жоба – зерттеушілік іс – әрекетінің оның тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамытуға әсері.

37 – тақырып. Тұлғалық – бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы.

38 – тақырып. Оқушылардың ұжымдық – танымдық іс – әрекеті – тұтас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы.

39– тақырып. Проблемалық оқыту технологиясы.

40 – тақырып. Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы.

41– тақырып. Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан дамыту технологиясы. Диологтық технологиялар.

42 – тақырып. Оқу мекемелеріндегі инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары.

43 – тақырып. Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетінің мазмұны мен құрылымы.

44– тақырып. Мектептегі әдістемелік қызмет.

45 – тақырып. Педагогикалылық практикада мектепшілік басқарудың жағдайын диагностикалау.

1 – бөлім бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар үлгілері.

1. Шумерлер мен екітілді басқа өркениеттің жазба әдебиеттеріндегі білім берудің даму ерекшеліктерін қадағалау.

2. «Конфуцидің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

3. Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау.

4. «Византидағы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау.

5. Ислам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеИслам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру.

6. Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу.

7. Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтерін сипаттай отырып, жіктеу.

8. Еуропадағы (XVI – XVII ғғ.) университеттердің даму жүйесін сипаттау.

9. II Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негізгі бағыттарын сипаттау және сызбанұсқа түрінде көрсету.

10. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педогогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар – конспекті құрастыру.

11. Дамыта оқыту педагогикалық тұжырымдамасының негізгі бағыттарын сипаттау.

12. «Ы. Алтысариннің педагогикалық іс – әрекеті» тақырыбына баяндама дайындау.

13. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспекті жазу.

14. Ә.И.Сембаевтың педагогикалық еңбектерінен библиография құрастыру.

15. ҚР –дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

2,3,4 – бөлімдері бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар үлгілері

1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.

2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.

3. Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер мәселесі туралы материалдарды таңдау.

4. Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: