double arrow

С И Л Л А Б У С

Педагогика пәні бойынша

«Кәсіптік білім», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В011700-Қазақ тілі және әдебиет, 5В011900-Шет тілі: 2 Шет тілі,5В011400 Тарих, 5В011500-Экономика және құқық негіздері,5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиет, 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 Педагогика және психология, 5В010500 Дефектология мамандықтары үшін

оқыту түрі: күндізгі

курс: 2

семестр: 3 (4)

кредит саны: 3

барлық аудиториялық сағат саны: 135, соның ішінде:

дәрістер: 30

іс – тәжірибелік сабақтар: 15

ӨСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 3 семестр (4семестр)

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәлімет

Мамекова Асем Танирбергенқызы Педагогика және психология кафедрасының магистр, аға оқытушысы.

Сабақ уақыты: кесте бойынша

Консультация уақыты: сәрсенбі,сағ 15-00, ПжП кафедрасында, 104 ауд

Қатынас телефны: 87714623219, эл.адрес asem_mamekova1979 @mail.ru

Пәннің пререквизиттері: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер Қазақстан тарихы, психология және адамның дамуы, әлеметтану, сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеру қажет.

Пәннің постреквезиттері: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, оқыту әдістемесі (мамандықтар бойынша).

Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Педагогика болашақ мамандарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу мен білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әртүрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.

Педагогика курсы төрт модульден тұрады:

1-модуль «Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы»

Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы бөлімінде педагогика тарихы ғылым ретінде, оның даму жолдары және оған үлес қосқан ұлы педагогтар туралы қарастырылады.

Оқу-пәнің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері мазмұндалады. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бергі: алғашқы қауымдағы, Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі, Орта ғасыр дәуіріндегі, Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру, Еуропа мен Америка елдері тарихындағы мектеп және педагогикалық ой-пікірлер, Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы, Кеңестің кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы, Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы, Қазақстандағы XIX- XXғ. білім беру мен педагогика ғылымы, ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі толық қарастырылады.

2-модуль «Педагогиканың теориялық –әдіснамалық негіздері»

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері бөлімінде педагогика –қазіргі адамтану саласы, ғылым ретінде танылуы, сонымен қатар педагогика пәнінің негізгі категорялары, олардың өзара байланысы мазмұндалады. Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, басқару теориясы, әлеуметтендіру теориясы туралы баяндалады. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларғы сипаттама және білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама беріледі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, зерттеушілік іс-әрекет әдістері қарастырылады

3-модуль «Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы»

Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы бөлімінде педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері өзара байланысы мен бірлігі қарастырылып, тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы ретінде мазмұндалады.

Дүниетанымның құрылымы, әдіснамалық негіздері, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы туралы айтылады. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы, тәрбиенің дәстүрлі түрлері, ұлттық тәрбиелік әлеует, ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыттары туралы, тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі туралы баяндалады. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен атқаратын қызметтері мен құралдары туралы айтылады.

Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым, сынып жетекшінің іс-әрекеті, сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау қарастырылады. Сонымен қатар, дидактиканың негізгі категориялары, оқытудың әдіснамалық негізі, мектептегі оқытудағы интерактивті тәсілдері, қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі, қазіргі мектептегі білім мазмұны туралы қарастырылады. Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары, оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу, тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеттін белсендіру және білім берудегі инновациялық үдерістер туралы баяндалады.

4-модуль «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару»

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару бөлімінде басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері, басқару қағидалары, мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау туралы толық қарастырылып, мектепшілік бақылаудың формалары және әдістері, мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуы, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы баяндалады. ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері туралы толық қарастырылады.

Мақсаты: Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

-Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

-Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

-Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

-Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік,педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды,педагогикалық әдеп,толеранттылық және т.б.)дамыту.

-Түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.)қалыптастыру.

-Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзыреттілігіне қойылатын талаптатарына сәйкес, студент

- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;

- әлем білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;

- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б. түсінуге;

-педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

-педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

-мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;

-педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;

- Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның әрі қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;

- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрелерін, формалары мен әдістерін таңдау;

- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б. біліктіліктерін игеруге;

- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;

- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;

- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субьект-субьектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

-білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;

-мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;

- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қлдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобиьлі (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;

- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;

- қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;

- білім беру жүйесін басқару мәселелерінде;

- кәсіб біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өтежақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

Баға қоюдын критерилері (мысалы),

Бақылау түрі Максималь дық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы, практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....)ОСӨЖ тапсырмасының орындалуы   Әр сабақта
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     4 апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     11 апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     14 апта
Аралық бақылау 1: Жазбаша бақылау 1-теориялық сұрақ 2-теориялық сұрақ 3-практикалық тапсырма   8 апта  
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3     15 апта

PED 2204 ПЕДАГОГИКА ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тақырып атаулары Сағат саны Апта
1-модуль. «Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы»
  1-Лекция. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық – әдіснамалық негіздері   1-апта
1-Практикалық сабақ. Тарихи –педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы  
1-ОСӨЖ. 1.Вавилонның ежелгі жазбаларындағы тәрбиелік құндылықтар. 2.«Кестелер Үйі»- Ежелгі Месопотамиядағы алғашқы оқу мекемелері 3.Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие.  
  2-Лекция. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы   2-апта
2-Практикалық сабақ. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар  
2-ОСӨЖ.Тақырыптарға баяндама жазу 1.Израиль-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие 2.Сақ және ғұн тайпаларындағы отбас тәрбиесінің негіздері 3.Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық  
  3-ЛекцияКеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы   3-апта
3-Практикалық сабақ. Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары  
3- ОСӨЖ.Кесте құру: 1.Кавказ халықтарының сауаттылығын дамытуға Византиялықтардың ықпалы. 2.Ежелгі түрік энциклопедистер ілімдеріндегі жетілген тұлға. 3.Үндістандағы Акбар патшаның білім беру реформалары  
  4-ЛекцияҚазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы   4-апта
4-Практикалық сабақ. Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер  
4- ОСӨЖ. Презентация дайындау: 1.Шыңғысханның Ұлы «Жасақ»-қоғамның заңдар жинтығы мен тәрбиесінің негізі. 2.Еуропадағы классикалық педагогика:Я.А.Коменский,И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дитервег және т.б. 3.Л.Н.Толстойдың педагогикалық іс-әрекеттері 4.Кеңестік педагогтардың іс-әрекеті: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,П.П. Блонский,А.С.Макаренко және т.б.  
1-СӨЖ. 1.Ислам дәуіріндегі қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру(кесте) 2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы (презентация) 3.Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті (баяндама)    
Модуль 2. «Педагогиканың теориялық –әдіснамалық негіздері»
  5-Лекция. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде.   5-апта  
5-Практикалық сабақ. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері  
5-ОСӨЖ.Кесте құру: 1.Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері-В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов,Т.И.Гончарова,Е.Н.Ильин және т.б. 2.Жәңгір хан (1841) мен«Мамания»(1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері 3.Р.Г.Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері  
  6-Лекция.Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама   6-апта    
6-Практикалық сабақ. Педагогикалық білім-адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі  
  6-ОСӨЖ 1.«Әлеуметтендіру», «дамыту», «тәрбиелеу», «оқыту», «қалыптастыру» ұғымдарының арақатынасы 2.Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі. 3.Дүниетаным-қалыптастырушы тұлғаның өзегі.  
  7-Лекция.Жеке тұлғаның жас еркешелігі туралы түсінік     7-апта
7-Практикалық сабақ. Тұлғаның іс-әрекеті-оның өзін-өзі дамытуының негізі  
7-ОСӨЖ. 1.Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны. 2.Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. 3.Қазіргі оқушыларда денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру.  
2-СӨЖ. 1.Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. 2.Тұлғаны дамыту,қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарға талдау жасау 3.Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау  
Модуль 3. «Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы»
  8-Лекция.Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары   8-апта    
8-Практикалық сабақ. Тұтас педагогикалық үдеріс –педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі  
8-ОСӨЖ. 1.Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы 2.Балалар ұжымы –тәрбиенің субьектісі және оьектісі. 3.Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті.  
1.Аралық бақылау (тест)    
  9-Лекция.Тәрбиенің мақсаты,оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі   9-апта
9-Практикалық сабақ.Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі  
9-ОСӨЖ 1.Мұғалім жұмысындағы пелагогикалық қолдау. 2.Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі. 3.Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні мен оны жетілдіру.  
  10-Лекция.Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамуның негізі       10-апта
10-Практикалық сабақ. Оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамыту  
10-ОСӨЖ.1.Қосымша білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны. 2.Оқыту құралдарына сипаттама. 3.Оқытудың инновациялық формаларын қолдану-педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі.  
  11-Лекция.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны     11-апта
11-Практикалық сабақ. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық  
11-ОСӨЖ.Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі. 2.Құзыреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бағалау және бағалаудың формалары. 3.Бақылаудың дидактикалық және тәрбиелік қызметі.  
3-СӨЖ 1.Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастыру 2. «Педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстару (әртүрлі авторлар жұмысынан) 3.Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері,құралдарының жүйесі  
4-Модуль. «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару»
  12-Лекция. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық – әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау.       12-апта
12-Практикалық сабақ.Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері  
12-ОСӨЖ. 1.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары. 2.Оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекеті. 3.Оқушылардың жоба –зерттеушілік іс-әрекетінің оның тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамытуға әсері.  
  13-Лекция.Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау       13-апта
13-Практикалық сабақ. Тұлғаның функционалды сауаттылығы  
13-ОСӨЖ. 1.Тұлғалық-бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы. 2.Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті-тұас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы.  
  14-Лекция.Мектептегі тұтас педагогикалық процесті басқару       14-апта
14-Практикалық сабақ. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл.Оқушылардың түйінді құзыреттілігі-оқытудың нәтижесі.  
14-ОСӨЖ. 1.Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы. 2.Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан дамыту технологиясы.Диалогтық технологиялар. 3.Оқу мекемелеріндегі инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары.  
4-СӨЖ 1.Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиясына салыстырмалы сипаттама беру(кесте) 3.Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру. 3.Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау.  
  15-Лекция. ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері     15-апта  
15-Практикалық сабақ.12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту  
15-ОСӨЖ. 1.Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. 2.Мектептегі әдістемелік қызмет. 3.Педагогикалық практикада мектепішілік бақарудың жағдайын диагностикалау.  
2-Аралық бақылау (Коллоквиум)    
  Экзамен    
  Барлығы лекция-30 прак.саб-15 ОСӨЖ-45 СӨЖ-45  
         

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: