Бекітемін

Ұйымдастыру жұмысы,әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор п.ғ.д. профессор

___________ М.Ж.Мальтекбасов

«_____» ___________ 2015 ж.

Педагогика пәнінің

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

3 кредит (135 сағат)

Мамандықтар: 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 Педагогика және психология, 5В010500 Дефектология, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, 5В010400 Бастапқы әскери дайындық, 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу, 5В010600 Музыкалық білім, 5В011500 Экономика және құқық негіздері, 5В012000 Кәсіптік білім, 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет, 5В011400 Тарих

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-жұмыс бағдарламсын Мамандықтар: 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 Педагогика және психология, 5В010500 Дефектология, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, 5В010400 Бастапқы әскери дайындық, 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу, 5В010600 Музыкалық білім, 5В011500 Экономика және құқық негіздері, 5В012000 Кәсіптік білім, 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет, 5В011400 Тарих

мамандықтарына магистр, аға оқытушы Мамекова А.Т құрастырған

___________________________

(оқытушының қолы)

Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ Абишева Э.Д.

Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

«_____» ___________ 2015 ж. № _____ хаттама

Әдістемелік бюроның төрайымы__________ К.Н. Ахмедиева

Түсінік хат

Курстың объектісі – Мамандықтар: 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 Педагогика және психология, 5В010500 Дефектология, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, 5В010400 Бастапқы әскери дайындық, 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу, 5В010600 Музыкалық білім, 5В011500 Экономика және құқық негіздері, 5В012000 Кәсіптік білім, 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет, 5В011400 Тарих

мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білім мазмұны.

Курстың пәні – Мамандықтар: 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 Педагогика және психология, 5В010500 Дефектология, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт, 5В010400 Бастапқы әскери дайындық, 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу, 5В010600 Музыкалық білім, 5В011500 Экономика және құқық негіздері, 5В012000 Кәсіптік білім, 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет, 5В011400 Тарих

мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес педагогикалық білімнің нақты міндеттері және мазмұны болып табылады.

Курсты оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын, кәсіби –педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

- болашақ мұғалімдерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері мен білімді меңгіру мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті біліктерді игеруге көмектесу;

- тәрбие мен оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес студенттің тиімді шешім қабылдау қабілетін дамыту;

- студенттерді жаңа педагогикалық технологиялармен таныстыру.

Курс соңында студент білуге тиіс:

-педагогиканың әдіснамалық негіздерін;

-оқыту мен тәрбие процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылақтарын, тұжырымдамаларын және принциптерін;

-педагогиканың негізгі ұғымдарын және түсініктерін;

-тәрбие мен оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерінмазмұнын, формалары мен әдістерін;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;

-курс бойынша алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдануды;

-мектептегі педагогикалық процесті жобалау мен жүзеге асыруды;

- мектеп жасындағы оқушыларды тәрбмелеу мен оқыту мақсатын, міндеттерін анықтауды;

- мектеп жасындағы оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.

Игеруге тиіс:

- ғылыми-зерттеу мәдениетін.

Іске асыра алатыны:

- ертедегі ғалымдардың педагогикалық пікірлерін қазіргі жағдайда пайдалану.

- өзін -өзі тәрбиелеумен, өз білімін жетілдірумен шұғылдану.

- оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.

-“адам-адам” жүйесінде қарым-қатынас орнату.

- педагогикада алған ілімдік білімді тәжірибеде қолдану.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

PED 2204 ПЕДАГОГИКА ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

I-МОДУЛЬ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ, МЕКТЕПТІҢ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУЫ

1-тақырып. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық – әдіснамалық негіздері

Педагогика тарихы ғылым ретінде.Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану ғылымдарының контексінде, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденцияларв (бағыттары).

2-тақырып. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы.Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктеріОрта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XV ғ.ғ)Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер.Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

3-тақырып. Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы

1917-1980 ж.ж. Кеңестік мектеп және педагогика. Мектептерді революциялық жолмен қайта құру. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі).Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі

4-тақырып. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі)

Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері. Педагогикалық мәдениет көздері. Алтын Орда дәуірінің күйреуі. Хазақ хандығы кезіндегі білім беру. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылығына ықпалы. Жазба және ауыз әдебиетінің дамуы. Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары. Жыраулардың ағартушылық қызметтері. Билер институты және оның жастардың прогрессивті тәрбиесіне ықпалы. Медресе мен діни мектептердің ағартушылық іс-әрекеттері.

II-МОДУЛЬ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ –ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5-тақырып. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде.

Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде.Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Тәрбие – тұлғаны әлеуметтік мәдени модель үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі.

6-тақырып. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама

Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға құрылымының көр күрделілігі, көрқырлылығы жіне барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы.

7-тақырып: Жеке тұлғаның жас ерекшелігі туралы түсінік

Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде. Тұлға – тәрбиенің, өзіндік дамуының объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың жіне қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу-тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.

III-МОДУЛЬ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

8-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары

«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Оқу-тәрбие үдерісінің қағидалары- оның заңдылықтарының нақты көрінуі.

9-тақырыпТәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі.

Мақсат – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.

Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру

Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мендайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.

9-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі.Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісіСынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы. Отбасы бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

10-тақырып. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.

Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.

Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы – оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПҮ жобалау және т.б.

11-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тәрбие тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Тәрбие мазмұнының әлеуметтік-экономикалық негізделуі. Тәрбие мазмұнының көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көрмодельдік, экологиялық, денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынысты қалыптастыру және т.б. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.

IV-МОДУЛЬ МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ

12 – тақырып. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық – әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау.

«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарға анықтама. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін артырудың негізі

13– тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін артырудың негізі. Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы

14-тақырып. Мектептегі тұтас педагогикалық процесті басқару

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін артырудың негізі. Мектептегі әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми – зерттеу, инновациялық іс – әрекетке дайындау.

Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

15– тақырып. ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері

Білім берудегі басқарудың мемлекеттік – қоғамдық қызметтері мен қағидалары. Қазақстанда білім беру басқарудың мемлекеттік – қоғамдық типін қалыптастыру. 2011 – 2020 жылдарға арналған ҚР – да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы БМҚБ. ҚР – да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.

Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары

1 – тақырып. Тарихи педагогикалық зеттеулердің әдістері, әдіснамасы

2 – тақырып. Элинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар.

3 – тақырып. Кеңестік кезеңіндегі білім берудің жетекші концепциялары.

4 – тақырып. Қазақстандағы (XVIII – XIXғғ.) алғашқы ұлттық мектептер.

5 – тақырып. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым – педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері.

6 – тақырып. Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі.

7 – тақырып. Тұлғаның іс – әрекеті – оның өзін – өзі дамытуының негізі.
8 – тақырып. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс – әрекетінің объектісі.

9 – тақырып. Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі.

10 – тақырып. Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту.

11 – тақырып. Педагогиканың кңсіптік іс – әрекетіндегі мақсаттылық.

12 – тақырып. Қазіргі мектепте рухани – адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері.

13 – тақырып. Тұлғаның функционалды сауаттылығы.

14 – тақырып. Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзіреттілігі – оқытудың нәтижесі.

15 – тақырып. 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту.

СОӨЖ – ның үлгі тақырыптары

1 – тақырып. Вавилонның ежелгі жазбаларындағы тәрбиелік құндылықтар.

2 – тақырып. «Кестелер үйі» - Ежелгі Месопотамиядағы алғашқы оқу мекемелері.

3 – тақырып. Ежелгі Египеттегі мектеп және тәрбие. Израиль – Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие.

4 – тақырып. Сақ және ғұн тайпаларындағы отбасы тәрбиесінің негіздері.

5 – тақырып. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық.

6 – тақырып. Кавказ халықтарының сауаттылығын дамытуға Византиялықтардың ықпалы.

7 – тақырып. Ежепгі түрік энциклопедистер ілімдеріндегі жетілген тұлға.

8 – тақырып. Үндістандағы Акбар патшаның білім беру реформалары.

9 – тақырып. Шыңғысханның Ұлы «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі.

10 – тақырып. Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.А. Дистервег және т.б.

11- тақырып. Л.Н. Толстойдың педагогикалық іс – әрекеттері.

12 – тақырып. Кеңестік педагогтардың іс – әрекеті: Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, И.П. Блонский, А. С. Макаренко және т.б.

13 – тақырып. Жаңашыл мүғалімдердің педагогикалық іс – әрекеттері В.Ф. Шаталов, Ш.А. Аманашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Иванов, Т.И. Гончарова, Е.Н. Ильин және т.б.

14 – тақырып. Жәңгір хан (1841) мен «Мамания» (1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері.

15 – тақырып. Р.Г. Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері.

16 - тақырып. «Әлеуметтендіру», «дамыту», «тәрбиелеу», «оқыту», «қалыптастыру» ұғымдарының ара қатынасы.

17 – тақырып. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі.

18 – тақырып. Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі.

19 – тақырып. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі жәнемазмұны.

20– тақырып. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

21 – тақырып. Қазіргі оқушыларда денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру.

22– тақырып. Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы.

23– тақырып. Балалар ұжымы – тәрбиенің субъектісі және объектісі.

24– тақырып. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс – әрекеті.

25 – тақырып. Мұғалім жұмысындағы педагогикалық қолдау.

26 – тақырып. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі.

27 – тақырып. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру.

28– тақырып. Қосымша білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны.

29 – тақырып. Оқыту құралдарына сипаттама.

30 – тақырып. Оқытудың инновациялық формаларын қолдану – педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі.

31 – тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

32– тақырып. Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары.

33 – тақырып. Бақылаудың дидактикалық және тәрбиелік қызметі.

34– тақырып. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары.

35 – тақырып. Оқушылардың шығармашылық танымдық іс – әрекеті.

36 – тақырып. Оқушылардың жоба – зерттеушілік іс – әрекетінің оның тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамытуға әсері.

37 – тақырып. Тұлғалық – бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы.

38 – тақырып. Оқушылардың ұжымдық – танымдық іс – әрекеті – тұтас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы.

39– тақырып. Проблемалық оқыту технологиясы.

40 – тақырып. Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы.

41– тақырып. Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан дамыту технологиясы. Диологтық технологиялар.

42 – тақырып. Оқу мекемелеріндегі инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары.

43 – тақырып. Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетінің мазмұны мен құрылымы.

44– тақырып. Мектептегі әдістемелік қызмет.

45 – тақырып. Педагогикалылық практикада мектепшілік басқарудың жағдайын диагностикалау.

1 – бөлім бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар үлгілері.

1. Шумерлер мен екітілді басқа өркениеттің жазба әдебиеттеріндегі білім берудің даму ерекшеліктерін қадағалау.

2. «Конфуцидің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

3. Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау.

4. «Византидағы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау.

5. Ислам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеИслам дәстүрінде қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру.

6. Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу.

7. Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтерін сипаттай отырып, жіктеу.

8. Еуропадағы (XVI – XVII ғғ.) университеттердің даму жүйесін сипаттау.

9. II Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негізгі бағыттарын сипаттау және сызбанұсқа түрінде көрсету.

10. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педогогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар – конспекті құрастыру.

11. Дамыта оқыту педагогикалық тұжырымдамасының негізгі бағыттарын сипаттау.

12. «Ы. Алтысариннің педагогикалық іс – әрекеті» тақырыбына баяндама дайындау.

13. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспекті жазу.

14. Ә.И.Сембаевтың педагогикалық еңбектерінен библиография құрастыру.

15. ҚР –дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

2,3,4 – бөлімдері бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар үлгілері

1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.

2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.

3. Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер мәселесі туралы материалдарды таңдау.

4. Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық туралы баяндама дайындау.

5. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау.

6. Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастыру.

7. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарастарыңызды дәлелдеңіз.

8. ТПҮ – тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру.

9. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі.

10. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыцныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айқындау.

11. Оқушыларды (кіші, орта, жоғары мектеп жасындағы) әлеуметтендіру мазмұны мен механизмін анықтау.

12. Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба – нүсқасын құру.

13. Өздігінен білім алу бағдарламасын дайындау.

14. Сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тақырыптарының үлгісін құру (сыныпты таңдау бойынша).

15. Сынып оқушыларының ата – анасын педагогикалық ағарту ба.дарламасын даярлау (таңдау бойынша).

16. Білім беру саласында нормативті құжаттарды талдауға дайындық (таңдау бойынша).

17. Жаңашыл педагог тәжірибесіндегі идеялар мен технологияларды ашып көрсету.

18. Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиясына салыстырмалы сипаттама беру.

19. Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру.

20. Өз пәні бойынша сабақта оқушыларды танымдық белсендіру мәселесін ашып көрсету.

21. Әр түрлі әдебиеттер бойынша (5 әдебиеттен кем болмау) мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі анықтамасына талдау жасау.

22. Мұғалімнің коммуникативтік құзіреттілігін анықтау үшін диагностикалық құралдар дайындау.

23. Болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзіреттіліктің құрамды бөліктерін анықтау.

24. Педагогикалық мәселелерді шешудегі мұғалімнің құзыреттілігінің жөнің Интернет – ресурстар бойынша материалдарға таңдау жасау.

25. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау.

26. Педагогтың жаңашылдығының негізгі сипаттамасын ашып көрсету.

27. Мектепті мемлекеттік – қоғамдық басқарудың моделін құрастыру.

28. Нақты тақырып бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау жүйесін дайындау.

29. Мектептегі әдістемелік қызметтің қысқаша сипаттамасын құрастыру.

30. Қазіргі мектептерде мұғалімді аттестациялау механизмін және ерекшелігін ашып көрсету.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер

1. Школьная педагогика: Учебник /Под ред. Г.Т. Хайрулина – Алматы: изд, «МИР», 2012 – 640 с

2. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К, Жалпы педагогика оқулық – Алматы: «Nurpress» 2011 – 228 с

3. Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б.,Құдиярова А.М. «Педагогика» - Электронды оқулық., Алматы, 2013 жыл

4. Джуринский А.Н, История педагогики и образование: учебник для бакалавра. Юрайт. 2011 – 675 с

5. Балгабаева К.С. «Организация и управления дошкольным воспитанием» Электрон. учебное пособие., Караганда 2010г.

6. Әбенбаев С, Әбиев Ж, Педагогика Оқу құралы, - Астана: 2009 ж

7. Жексенбаева У. Б. Компетентностно ореинтированно образование в современной школе. Учебное пособие – Алматы, 2009 - 190 с

8. Загадинский В.И. Методология и методы психолого – педагогического исследования: М. Индат центр «Академия», 2001

9. Загадинский В. И. Общая педагогика Гриф УМО МО РФ: Учебное пособие, 2008 - 391 с

10. История педагогики и образования: Учебное пособие для пед. уч. Нискунова – ТЦ «СФЕРА», 2001 – 512с

11. Коджаспирова Г.М. учебник – М: КНОРУС. 2010 – 744с

12. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 –

13. Мыңбаева А.К. Садвакасова З.М. Инновационные методы обучение или как интересно переподавать. – Алматы, 2009 – 341 с

14. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы, - Алматы: 2005

15. Педагогика тарихы. Оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2009 – 398

16. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы. Оқулық, - Алматы: Білім, 2008

17. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М: Народные образование, 1998 – 255 с

18. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы, - Алматы: Print – S, 2005

Қосымша әдебиеттер

1. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. Оқулық – Алматы, 2010ж

2. Аубакирова Р.Ж. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008 – 128 б

3. Ахметова Г.К. Педагогика: Оқулық, - Алматы университеті, 2006

4. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2008ж

5. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: оқу құралы, - Алматы. 2006 – 476 б

6. Әлемдік педагогикалық ой – сана – 10 томдық, 1 – 2 том –Алматы, 2010

7. Бабаев С.Б, Жұмадиллаева А.А. Көрнекі педагогика, - Алматы, 2008 – 68 б

8. Баймолдаев Т.М. Мектеп басқару: даму тарихы, ғылыми және әдіснамалық негіздегі, тәжірибесі – Алматы, 2009 – 257 б

9. Ғаббасов С Педагогика мен психология негіздері: оқу құралы – А: 2008

10. Дайрабаев Е.Б. Педагогика пәнінің негіздері: оқу құралы, -Алматы, 2005

11. Джуринский А.Н. Зарубежная педагогика: Учебное пособие – М: Фардарики, 2008 – 383 с

12. Жолтабаева Қ.Ж. Тұлғаның дамуындағы жалпы заңдылықтар: Дәрістік Курс, - Алматы: Қазақ университеті, 2003 – 22 б

13. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік, Педагогика және Психология, - Алматы: Рауан, 2002 – 288 б

14. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі оқу құралы. – Алматы: 2005 – 80 б

15. Құсайынов А.Қ. Салыстырмалы педагогика: әдіснамасы мен әдістері – Алматы, 2008

16. Казанцев Е. Вараксин В.Н. Психология – педагогический практикум – Издано, Феникс, 2012 – 288 с

17. Калиева С.И. Медетбекова А.Т. Формирование гражданского самосознания старшекласников Метод пособие, - Алматы, 2008 ж

18. Коркина В.А. Дидактика в схемах и таблицах: Уч. Пособие. – Караганда 2004 – 221 с

19. Кошербаева А.Н. История педагогической мысли в эпоху ЦентральноАзиатского Ренессанса (X – XIY) – Алматы, 2010 ж

20. Красиский В.В. Общая основа педагогики. Гриф МО РФ. Учебное пособие – «Академия» 2008 – 256 с

21. Кусаинов А.К. Сравнительная педагогика: методология и методы иследования. Учебное пособие – Алматы: 2008 – 98 с

22. Нихачев Б.Т. Философия воспитания: спецкурс, - М: 2010 – 335

23. Мусаева С.А. др. Возрастная педагогика. Учебник. – Астана: Фолиант, 2000

24. Мынбаева А.К. Садвакасова З.М. Искусство преподавания: концепции и инновационнык методы обучения: Учебное пособие. – Алматы, 2012

25. Мұсаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы: оқулық, - Астана: Фолиант, 2006

26. Өстеміров К. Шәметов Р. Кәсіптік педагогика: оқулық, - Алматы, 2006

27. Педагогический энциклопедический словарь. Золотой фонд. Энциклопедия - __ «Дрофа», 2009 – 528 с

28. Нискунова А.И. Баркова Н.Н. и др. Хрестоматия по истории педагогики.Сфера, 2006 – 512 с

29. Прежников Н.С. Профориентация в школе: игры, упражнения, опросники. М, «ВАКО», 2005 – 287 с

30. Самыгин С.И. Столяренко Л.Д Психология и педагогика. Адаптированный курс бакалавров, - Изд: КНОРУС, 2012 – 480 с

31. Стастенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. Пособие для студ. Выфсш. Пед. учеб.М, 2002 – 576 с

32. Таубаева Т.Ш. Методология и методика педагогического исследования. В помошь начинающему исследователю, - Астана: РНПЦ «Дарын», 2009

33. Хан Н.Н. Научно – практические основы сотрудничества и его реализация в педагогическом процессе школы. – Алматы, 2000 ж

34. Хуторской А.В. Педагогическая инноватика: Учебное пособие – М, Академия. 2010 – 254 с

35. Щуркова Н.Е. Классное руководство: теория, методика, технология, - М. Педагогическое общество России, 1999 – 222 с

36. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие – Оренбург: ОГУ, 2005 – 230 с

37. Этнопедагогика.,Оқу-әдістемелік құрал.,Электронды рес, Қарағанды 2007ж

38. Карманова Ж.А. Психолого-педагогическая диагностика личности. Электронды оқулық- Қарағанды 2012ж

39. К.Г.Ельшибаева., Сезім. Отбасы. Энергетика., Электронды оқулық- Алматы 2013ж

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2015 ж.

Педагогика және психология факультеті

Педагогика және психология кафедрасы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow